бастапқы қайта өңдеу өнімін кейінгі қайта өңдеуде одан әрі пайдалану мақсатында өндіруге пайдаланылған шикізат ескеріледі.
Бұл ретте акциялары немесе қатысу үлестері өткізілетін заңды тұлға немесе консорциум активтерінің құнындағы жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалар (тұлға) мүлкінің үлесі осы Кодекстің 650-бабына сәйкес айқындалады;
9) өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзуден туындайтын залалдарға азайтылған, өткiзу күнiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн кірістер;
10) тармақша 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
10) дауыс беретін акцияларының 100 пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі орнықтылық ұйымы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алған, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым берген банктік салым шарты бойынша сыйақы;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
11) осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізуден туындаған залалдарға азайтылған, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғалар шығарған акцияларды, осы Кодекстің 293-бабы 1-тармағының 6) тармақшасында аталған заңды тұлғаларға қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
289-бап. Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
1. Акционерлiк қоғамдарды, мекемелердi және пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерiнің кооперативтерiнен басқа тұтыну кооперативтерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында коммерциялық емес ұйым үшін белгіленген нысанда тіркелген, қызметiн қоғамдық мүдденi көздеп жүзеге асыратын және мынадай шарттарға сай келетiн:
1) кіріс ретінде кіріс алу мақсаты жоқ;
2) алынған таза кірісті немесе мүлiктi қатысушылар арасында бөлмейтiн ұйым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн коммерциялық емес ұйым болып танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталған кезде коммерциялық емес ұйымның мына кірістері жылдық жиынтық кірістен алып тасталуға жатады:
мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша кіріс;
депозиттер бойынша сыйақы;
кiру жарналары және мүшелiк жарналар;
кондоминиумға қатысушылардың жарналары;
депозитке салынған ақшалар бойынша, оның ішінде олар жөніндегі сыйақы бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының терiс бағамдық айырма сомасынан асып кетуi;
өтеусiз алынған мүлiк, оның ішінде қайырымдылық көмек, осы Кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілгенді қоса алғанда, грант, демеушілік көмек, өтеусiз негiзде алынған ақша және басқа мүлік.
Осы тармақтың мақсаттары үшін мыналар кондоминиумға қатысушылардың жарналары болып танылады:
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлікті күтіп-ұстау және пайдалану бойынша ортақ шығыстарды жабуға бағытталған міндетті төлемдері;
үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің міндетті және тұтас үйдің қажетті пайдаланылуын қамтамасыз ететін шығыстар қатарына жатпайтын, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне олардың келісуімен жүктелген, қосымша шығыстарды жабуға бағытталған төлемдері;
үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері ортақ шығыстарды жабуға бағытталған міндетті төлемдер мерзімін өткізіп алған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған мөлшерде есепке жазылған өсімпұл.
Кондоминиумға қатысушылар жарналарының мөлшері және оларды енгізу тәртібі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативі мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, осы тармақта көзделген жылдық жиынтық кірістен алып тастау жүргізілмейді.
3. Коммерциялық емес ұйымның осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістері жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға жатады.
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы мына тәсілдердің бірімен:
осы баптың 2-тармағында көрсетілмеген кірістердің коммерциялық емес ұйым кірістерінің жалпы сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып;
осы баптың 2-тармағында көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың және басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың бөлек есепке алынуын көздейтін салықтық есепке алу деректері негізінде айқындалады.
4. Осы баптың ережелері:
1) осы Кодекстің 291-бабына сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдары;
2) осы Кодекстің 290-бабына сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып танылатын коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
290-бап. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
1. Осы бапқа сәйкес әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын салық төлеушілер бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде, осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын, олардан алынған, өтеусіз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылар, сондай-ақ осындай кірістер бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түріндегі кірістері ескерілген кірістері осындай ұйымдардың жылдық жиынтық кірісінің кемінде 90 пайызын құрайтын ұйымдар жатады.
Әлеуметтік саладағы қызметке мынадай қызмет түрлері жатады:
1) медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектісінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес (оның ішінде лицензиялауға жатпайтын медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде) медициналық көмек нысанында қызметтер көрсетуі;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асырылатын бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, сондай-ақ қосымша білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтер көрсету.
Осы тармақшада көрсетілген кірістерге қоғамдық қор нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымның:
құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымнан алынған дивидендтер;
құрылтайшысы қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақшада көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын осындай коммерциялық емес ұйым болып табылатын әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда акцияларды және (немесе) қатысу үлестерін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер түріндегі кірістері де жатады.
3) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүзеге асыратын ғылым (ғылыми зерттеулер жүргізуді, автордың ғылыми зияткерлік меншікті пайдалануын, оның ішінде өткізуін қоса алғанда), спорт (коммерциялық сипаттағы спорттық ойын-сауық іс-шараларынан басқа), мәдениет (кәсіпкерлік қызметтен басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілері мен мәдени құндылықтарды сақтау (ақпарат таратуды және насихатты қоспағанда) бойынша қызметтер көрсету салаларындағы, сондай-ақ балаларды, қарттар мен мүгедектердi әлеуметтік қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы қызмет;
4) кiтапхананың қызмет көрсетуі.
Осы тармақта көзделген ұйымдардың кірістері көрсетілген қызмет түрлерiн жүзеге асыруға бағытталған кезде салық салынуға жатпайды.
Қоғамдық қор нысанында құрылған, осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымның кірістері де мұндай кірістерді әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымды құруға бағыттаған және оған қайтарымды пайызсыз қаржылық көмек (қарыз) көрсеткен кезде салық салынуға жатпайды.
3. Осы Кодекстің мақсаттары үшін әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға:
1) салықтық кезеңде мүгедектердің орташа саны жұмыскерлердiң жалпы санының кемiнде 51 пайызын құрайды;
2) салықтық кезеңде мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемiнде 51 пайызын (есту, сөйлеу, сондай-ақ көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдарда - кемiнде 35 пайызын) құрайды деген шарттардың біріне сай келетiн ұйымдар да жатады.
4. Әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға акцизделетiн тауарларды өндiру және өткiзу жөнiндегi қызметтен кірістер алатын ұйымдар жатпайды.
5. Осы бапта көзделген шарттар бұзылған кезде, алынған кірістер осы Кодексте айқындалған тәртiппен салық салынуға жатады.
6. Осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 291-бабына сәйкес дербес білім беру ұйымдары болып танылатын ұйымдарға қолданылмайды.
291-бап. Дербес бiлiм беру ұйымдарына салық салу
1. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:
1) осы тармақтың 2) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес бiлiм беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының бастамасы бойынша құрылған, жоғары басқару органы Жоғары қамқоршылық кеңес болып табылатын коммерциялық емес ұйым;
2) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде:
Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған Жоғары қамқоршылық кеңес жоғары басқару органы болып табылатын;
мынадай:
қосымша білім беру;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметінің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыратын коммерциялық емес білім беру ұйымы;
3) бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам болып табылатын;
осындай қоғамның дауыс беретін акцияларының 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға тиесiлi болатын;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай шарттарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не ол осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
жылдық жиынтық кірісінде алынған кірістерінің кемiнде 90 пайызын осындай ұйымның өтеусiз алынған мүлік, депозиттер бойынша сыйақылары түріндегі кірістері, сондай-ақ мынадай қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық,
санаторийлік-курорттық көрсетілетін қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін жүзеге асырудан алынған кірістері құраса;
ғылым саласындағы қызметті, атап айтқанда:
iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi қоса алғанда,
ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;
осы тармақшада көрсетiлген қызмет түрлерi бойынша консультациялық қызметтер көрсетудi жүзеге асырса, осы ұйым дербес білім беру ұйымы деп танылады.
Осы тармақшада көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруға алынған және бағытталған, құрылтайшыдан (қатысушыдан) түскен түсімдер де осы тармақшаның мақсаттары үшін жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістер болып танылады;
5) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген ұйымды қоспағанда, егер ұйым бір мезгiлде мынадай шарттарға сай келсе:
осындай ұйымның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп пайызы осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға тиесiлi болса не ол осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
ғылым саласындағы мынадай:
ғылыми-техникалық;
инновациялық қызмет;
іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда,
ғылыми-зерттеу қызметі түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырса, осы ұйым дербес білім беру ұйымы болып танылады.
Жүзеге асырылатын қызмет түрлерін осы тармақшада көрсетілген ғылым саласындағы қызмет түрлеріне жатқызу ғылым саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен расталады.
Егер ұйымдар мына қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін:
медициналық қызметтер көрсетудi (косметологиялық,
санаторийлік-курорттық қызметтердi қоспағанда);
қосымша білім беруді;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген:
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қамтитын, бастауыш мектеп;
негізгі мектеп;
жоғары мектеп;
орта білімнен кейінгі білім беру;
жоғары білім беру;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша білім беру қызметін;
осы қызмет түрлері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді жүзеге асырса, оларға осы тармақша қолданылмайды;
6) егер ұйым бір мезгілде мынадай шарттарға сай келсе:
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ғана құрған коммерциялық емес ұйым болып табылса;
тек қана мынадай жұмыстар мен қызметтерді орындаса және көрсетсе:
кітапханалық қорды, оның ішінде электрондық нысанда уақытша пайдалануға берсе;
ақпаратты өңдеу үшін компьютерлерді, бағдарламалық қамтылым мен жабдықтарды уақытша пайдалануға берсе;
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тек мынадай ұйымдарға:
осы тармақтың 1) - 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымдарына;
өзіне әкімшілік-шаруашылық қызметті қамтамасыз ету мен оған қызмет етілуін ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің көрсетілуі мақсатында осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлға 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін құрған коммерциялық емес ұйымға ғана көрсетсе, осы ұйым дербес білім беру ұйымы болып танылады.
2. Дербес бiлiм беру ұйымы бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындаған кезде осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген дербес бiлiм беру ұйымы алған таза кіріс немесе мүлік қатысушылар арасында бөлінген салықтық кезеңдер бойынша осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
292-бап 2027 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
292-бап. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйымға салық салу
1. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бюджетке төленге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде мына қызмет түрлерінен түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәкес есптелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады:
1) жарғылық капиталды қалыптастыру үшін акцияларды, сондай-ақ осы тармақта көрсетілген қызметті қаржыландыру үшін облигацияларды шығару;
2) орналастырылған меншікті акциялар мен облигацияларды сатып алу;
3) сатып алу туралы шешім қабылдау мақсатында банктердің және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардың активтерінің сапасын, талап қою құқықтарын бағалау;
4) банктерден күмәнді және үмітсіз активтерді, өзге де талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу;
5) банктер шығарған және (немесе) банктер, бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалар орналастырған акциялардың және (немесе) облигациялардың сапасын бағалау;
6) заңды тұлғалардың, оның ішінде талап ету құқықтары банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу;
7) банктер шығарған және орналастырған акцияларды және (немесе) облигацияларды сатып алу, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару, иелену және (немесе) өткізу;
8) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған және (немесе) алынған мүлікті мүліктік жалдауға (жалға беруге) ұсыну немесе осындай мүлікті өзге уақытша өтеулі пайдалану нысанын пайдалану, оны сенімгерлік басқаруға беру;
9) банктерден және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан сатып алынған талап ету құқықтары мен басқа да активтерді секьюритилендіру жөніндеі операциялар жүргізу;
10) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғалардан заңды тұлғалардың акцияларын және (немесе) жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоса алғанда, талап ету құқықтары мен активтерді сатып алу, иелену, күтіп-ұстау, сақталуын қамтамасыз ету, оларды, оның ішінде сенімгерлік басқаруға беру жолымен басқару және (немесе) өткізу;
11) ақшаны бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына, сондай-ақ банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне банктік шот пен банктік салым шарттары талаптарымен орналастыру;
12) банктерді және (немесе) бұрын банктер болып табылған заңды тұлғаларды төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен қаржыландыруды жүзеге асыру.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан түсетін кірістер жалпыға бірдей айқындалған тәртіппен салық салынуға жатады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым осы бапқа сәйкес салық салынудан босатылатын кірістер бойынша және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын кірістер бойынша бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салынуға жататын кірістер алынған кезде екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым шығыстарының шегерімге жатқызуға жататын сомасы осындай ұйымның таңдауы бойынша пропорционалды немесе бөлек әдіс бойынша айқындалады.
4. Шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызуға жататын шығыстар сомасы пропорционалды әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістердің жалпы кіріс сомасындағы үлес салмағы негiзге алына отырып айқындалады.
5. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі жалғыз акционері болып табылатын ұйым бөлек әдiс бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған кірістерге жататын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салынуға жататын кірістерге жататын шығыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргiзедi.
293-бап. Салық төлеушілердің басқа санаттарына салық салу
1. Осы баптың ережелерін мынадай:
1) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын;
2) тармақша 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілер;
3) тармақша 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды
4) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын;
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмнің құқық иеленушілері болып табылатын;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады)
6) «Астана Хаб» халықаралық технологиялық паркіне қатысушылар болып табылатын салық төлеушілер қолданады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау жөніндегі қызмет бойынша және басқа қызмет түрлері бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есепке алынуын жүргізеді.
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау жөніндегі қызмет бойынша осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.
3-тармақ 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
3. Тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеуші осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Егер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін, осындай қызмет жөніндегі операциялар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі ескерілген кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90 пайызын құраған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады. Осы шарт сақталмаған кезде, салық төлеуші осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.
4-тармақ 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
4. Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым осы Кодекстiң 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтады.
Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, негізгі қызмет нысанасы Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ халықаралық мамандандырылған көрменің аумағын көрмеден кейін пайдалану болып табылатын заңды тұлға осы Кодекстің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрме ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып танылады.
2019.03.01. № 213-VІ ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеуші корпоративтік табыс салығын есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер мен өзге де кірістер бойынша салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізеді.
Қазақстан Республикасының кинематография туралы заңнамасына сәйкес ұлттық фильм деп танылған фильмді Қазақстан Республикасының аумағындағы кинозалдарда көрсетуді жүзеге асырудан түсетін кірістер бойынша осы Кодекстің 302-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығы 100 пайызға азайтылуға жатады.