осы Кодекстің 264-бабының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларына сәйкес шегерімге жатқызуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);
амортизациялық аударымдардан;
бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және осы Кодекстің 242-бабының 5-тармағына сәйкес салық салу мақсаттарындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын ұлғайтатын басқа да шығындар жатады.
3. Концессия шарты шеңберінде концеденттер концессионерге (құқық мирасқорына немесе концессия шартын іске асыру үшін тек қана концессионер арнайы құрған заңды тұлғаға) иеленуге немесе пайдалануға берген, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын активтердің бастапқы құны осы Кодекстің 268-бабының 10-тармағына сәйкес айқындалады.
4. Өздері бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға енгізілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында айқындалған тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 272-бабының 2-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады.
6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға енгізілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең өткен соң осы Кодекстің 266-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 267 және 268-баптарында айқындалған тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.
5-параграф. Туынды қаржы құралдары
277-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсаттарында туынды қаржы құралдары:
1) хеджирлеу мақсаттарында;
2) базалық активті беру мақсаттарында;
3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.
2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 278, 279-баптарына және 299-бабының 3-тармағына сәйкес кіріс немесе залал айқындалады.
3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда, туынды қаржы құралының салықтық есепке алынуы осы Кодекстің 280 және 281-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Туынды қаржы құралдары бойынша кіріс хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер бойынша түзіледі және ол мынадай тәртіппен айқындалады:
хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын, осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша кірістердің жалпы сомасы,
алу
хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарынан өзге мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салықтық кезеңдегі залалдардың жалпы сомасы
алу
туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салықтық кезеңдерден ауыстырылған залалдар.
278-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс
1. Өзі бойынша кіріс осы Кодекстің 279-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаттары үшін мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары немесе міндеттемелері орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күні, сондай-ақ өзі бойынша талаптар туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күні танылады.
2. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысулар кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша мәміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысулар кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
279-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралы бойынша кіріс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсаттарында осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы тармақта көрсетілген асып кету пайда болатын әрбір салықтық кезеңде танылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салықтық кезең ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салықтық кезең ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.
280-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесіндегі ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар хеджирлеу болып табылады. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мәмілелерге байланысты ақша ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін төмендетуге алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.
3. Өзі бойынша хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал салықтық есепке алуда хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
4. Өзі бойынша хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал мұндай кіріс немесе залал тиісінше осы Кодекстің 278 және 279-баптарына сәйкес танылған салықтық кезеңде тиісінше жылдық жиынтық кіріске қосылады немесе шегерімге жатады.
281-бап. Базалық активті беру жолымен орындау кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шегілген) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан болатын түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсаттарында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.
6-параграф. Ұзақ мерзімді келісімшарттар
282-бап. Жалпы ережелер
1. Келісімшарт бойынша көзделген өндіру, орнату, салу басталған салықтық кезең шегінде аяқталмаған өндіруге, орнатуға, салуға арналған келісімшарт (шарт) ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
2. Салықтық есепке алу әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеке жүргізіледі.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс салық төлеушінің таңдауы бойынша іс жүзіндегі әдіс немесе аяқтау әдісі бойынша әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жеке айқындалады.
Кірістерді айқындаудың таңдап алынған әдісі әрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша қолданылатын әдістерді көрсетуге арналған салықтық тіркелімде көрсетіледі және оны ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану мерзімі ішінде өзгертуге болмайды.
Осындай салықтық тіркелім немесе онда таңдап алынған әдіс туралы ақпарат болмаған кезде іс жүзіндегі әдіс осындай әдіс болып танылады.
4. Салықтық кезеңде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шегілген шығыстар сомасы осы бөлімнің 2, 3 және 4-параграфтарына сәйкес шегерімге жатқызуға жатады.
283-бап. Іс жүзіндегі әдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі
1. Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегілген шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі әдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданыс мерзімі ішінде осындай келісімшарт бойынша, осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған кіріс ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасынан асып кеткен жағдайда:
1) осындай асып кету болған салықтық кезеңде - ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған алдыңғы салықтық кезеңдерде жылдық жиынтық кіріске қосылған осындай келісімшарт бойынша кіріс сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі кіріс;
2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған кейінгі салықтық кезеңдерде - нөлге тең сома ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
284-бап. Аяқтау әдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тәртібі
1. Аяқтау әдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тәртіппен айқындалады:
ұзақ мерзімді келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңде осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі
алу
алдыңғы салықтық кезеңдерде салық салу мақсаттарында осындай ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А/(А+Б), мұнда:
А - ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша алдыңғы және есепті салықтық кезеңдер үшін осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылған шығыстар;
Б - ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін кейінгі салықтық кезеңдерде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүргізілуге тиіс, ұзақ мерзімді келісімшартты қолданудың кейінгі салықтық кезеңдерінде шегерімге жатқызуға жататын, ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салықтық кезеңде осындай ұзақ мерзімді келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
285-бап. Салықтық міндеттеме заттай нысанда орындалған жағдайда, көмірсутектерді беру кезінде корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен шегерімдердің мөлшерін айқындау ерекшеліктері
Жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындаған жағдайда, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беру күнінде:
1) заттай нысанда орындалған, салықтарды төлеу бойынша орындалған салықтық міндеттеме сомасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады;
2) салықтарды төлеу есебіне заттай нысанда берілген пайдалы қазбалардың өзіндік құны шегерімге жатқызылады;
3) салықтарды төлеу бойынша заттай нысанда орындалған салықтық міндеттеменің сомасы осы Кодекстің 263-бабында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.
7-параграф. Кірістер мен шегерімдерді түзету
286-бап. Жалпы ережелер
Осы Кодекстің 287-бабында белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі кірістің немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған кірістің немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту түзету болып танылады.
287-бап. Кірістер мен шегерімдерді түзету
Бірінші абзацтың қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 32-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
1. Егер осы Кодекстің 232-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, кірістер немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылғанда;
2) мәміле шарттары өзгертілгенде;
3) өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілгенде түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі өткізілген немесе сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге жататын құнының сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;
4) бағадан шегерістер, сатудан шегерістер жасалғанда;
5) өзі бойынша кірісті түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетілуге жатады.
2. Кірісті түзетуді салық төлеуші - кредитор:
заңды тұлғадан;
дара кәсіпкерден;
Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.
Осы тармақта көзделген кірісті түзету:
1) дебитор-салық төлеуші таратылған кезде оның тарату балансын бекіту күні кредитор-салық төлеуші талапты талап етпеген;
2) талап заңды күшіне енген сот шешімі бойынша есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырады.
Түзету бір мезгілде мынадай шарттар сақталған:
1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған;
2) талап бухгалтерлік есепке алуда кірісті түзету күнінде көрсетілген не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепке алуда шығысқа жатқызылған (есептен шығарылған) кезде жүргізіледі. Кірісті түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған кірістің сомасы шегінде жүргізіледі.
Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.
3. Талаптардың кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатып алу-сату шарты бойынша берілуіне байланысты олардың мөлшерін азайту кезінде кірісті түзету жүргізілмейді.
4. Кірістер мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргiзiледi.
29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН КІРІСТІ АЗАЙТУ НЕМЕСЕ ҰЛҒАЙТУ (ЗАЛАЛДЫ АЗАЙТУ) ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ
288-бап. Салық салынатын кірісті азайту
1. Салық төлеушінің салық салынатын кірісті мынадай шығыстар түрлеріне:
1) салықтық кезеңде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілердің - мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусіз берілген мүліктің құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 3 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, салық төлеушілердің - мынадай:
осы Кодекстің 239-бабында көзделген әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде іс жүзінде шегілген шығыстардың алынуға жататын (алынған) кірістерден асып кеткен сомасын;
алушысы:
коммерциялық емес ұйым;
әлеуметтiк саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
көмекті алатын тұлғаның тарапынан өтініш жасалу негізінде салық төлеушінің шешімі болған кезде қайырымдылық көмекті салық салынатын кірістің 4 пайызынан аспайтын жалпы сомасы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережесі жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша салық салынатын кірісіне қатысты да қолданылады;
3) мүгедектердің еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығыстардың 2 еселенген мөлшерін және мүгедектерге төленетін жалақыға және басқа да төлемдерге есептелген әлеуметтік салық сомасының 50 пайызын;
4) жеке тұлға салық төлеушіде кемінде үш жыл жұмыспен өтеу міндеттемесі туралы шарт жасасқан жағдайда, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаны оқытуға арналған шығыстарды азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның мақсаттарында оқытуға арналған шығыстар:
оқытуға ақы төлеуге іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
тұруға уәкілетті орган белгілеген нормалар шегінде іс жүзінде жұмсалған шығыстарды;
білім алатын адамға салық төлеуші айқындаған, бірақ уәкілетті орган белгілеген нормалардан аспайтын мөлшерлерде ақша сомасын төлеуге арналған шығыстарды;
оқуға түскен кезде оқу орнына баруы және оқу аяқталғаннан кейін қайтуына іс жүзінде жұмсалған шығыстарды қамтиды.
Осы тармақшаның ережелері:
жеке тұлға оқыту шығыстарын жеке тұлғаның оқуы аяқталған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты жеке тұлғаның оқуы аяқталған күннен бастап үш ай ішінде жасалмаған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жеке тұлға оқыту шығыстарын еңбек шарты бұзылған салықтық кезеңді, сондай-ақ кейінгі салықтық кезеңді қамтитын уақыт кезеңі ішінде толық немесе ішінара өтеген жағдайды қоспағанда, өзін оқыту шығыстары бойынша осы тармақшаның ережелері қолданылған жеке тұлғамен еңбек шарты мұндай тұлғамен еңбек шарты жасалған күннен бастап үш жыл өткенге дейін бұзылған жағдайда қолданылмайды. Мұндай өтеу жағдайында осы тармақшаның ережелері оқыту шығыстарының жеке тұлға өтемеген сомасының мөлшерінде қолданылмайды;
жер қойнауын пайдаланушы мұндай оқыту шығыстарына қатысты осы Кодекстің 261-бабының ережелерін қолданған жағдайда қолданылмайды.
5) алушысы осы Кодекстің 291-бабының 1-тармағында айқындалған дербес білім беру ұйымы болып табылатын, өтеусiз берiлген мүлiктiң құнын;
6) тармақша 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2018.20.06. № 161-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) берілген қорғау құжаты бар өнеркәсіптік меншік объектісін құруға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарына және ғылыми-техникалық жұмыстарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарынан, ғылыми ұйымдардан және стартап-компаниялардан ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында лицензиялық шарт немесе айрықша құқықты басқаға беру шарты бойынша зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды сатып алуға арналған шығыстардың (шығындардың) осы Кодекстің 254-бабына сәйкес шегерімге жатқызылған сомасының 50 пайызы мөлшерінде азайтуға құқығы бар.
Осы тармақшаның ережелері көрсетiлген жұмыстардың нәтижесi және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері Қазақстан Республикасының аумағында енгiзiлген жағдайда қолданылады.
Көрсетілген жұмыстардың нәтижесін және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізуді растау тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша ғылыми-техникалық даму саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша жасалған және тәртіппен келісілген енгізу актісі болып табылады.
Осы тармақтың мақсаттарында, өтеусіз берілген мүліктің құны:
ақша беру кезінде - берілген ақшаның мөлшерімен;
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде - осындай жұмыстарды орындауға, осындай қызметтерді көрсетуге шегілген шығыстардың мөлшерімен;
өзге мүлік бойынша аталған мүліктің қабылдап алу-беру актісінде көрсетілген, берілген мүліктің баланстық құнының мөлшерімен айқындалады.
2. Салық төлеушінің мынадай кіріс түрлеріне салық салынатын кірісті азайтуға құқығы бар:
1) тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) қоспағанда, лизинг шарты бойынша сыйақы;
2) осындай сыйақы есепке жазылған күні Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізімінде болған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы;
3) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақы;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды өткiзуден шеккен залалдарға азайтылған кірістер;
5) агенттік облигацияларды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін, агенттік облигацияларды өткізуден туындаған залалдарға азайтылған кірістер;
6) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда гуманитарлық көмек түрінде алынған және мақсаты бойынша пайдаланылған мүліктің құны;
7) республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік органнан немесе республикалық мемлекеттік кәсіпорыннан өтеусіз негізде алған негізгі құралдардың құны;
2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді, 2029 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
8) егер осы тармақтың 9) және 11) тармақшаларында өзгеше белгіленбесе, бір мезгілде мынадай:
акцияларды немесе қатысу үлестерін өткізу күніне салық төлеуші осы акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан астам иеленеді;
осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға немесе осындай консорциумға қатысу үлесін өткізетін осындай консорциумға қатысушы жер қойнауын пайдаланушы болып табылмайды;
жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкi осындай эмитент-заңды тұлға немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай заңды тұлға активтерінің құнында немесе қатысу үлесі өткізілетін осындай консорциум қатысушылары активтерінің жалпы құнында осындай өткiзу күнiне 50 пайыздан аз болады деген шарттар орындалған кезде резидент-заңды тұлға шығарған акцияларды немесе резидент-заңды тұлғаға немесе Қазақстан Республикасында құрылған консорциумға қатысу үлестерiн өткiзу кезінде құн өсімінен түсетін кірістер.
Салық төлеушінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иеленуінің осы тармақшада көрсетілген мерзімі, егер мұндай акцияларды немесе қатысу үлестерін салық төлеуші бұрынғы меншік иелерінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде алса, бұрынғы меншік иелерінің акцияларды немесе қатысу үлестерін иелену мерзімдері ескеріле отырып, жиынтық түрде айқындалады.
8) тармақшасының үшінші бөлігінің қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 34-бабының редакциясында қолданылады (болашақ редакцияны қараңыз)
Жерасты суларын және (немесе) кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшін өндіру құқығына ие болғандықтан ғана жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын осындай пайдаланушы, сондай-ақ акциялар немесе қатысу үлестері өткізілген айдың бірінші күнінің алдындағы он екі айлық кезең ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан өзінің және (немесе) өзара байланысты тарап болып табылатын резидент-заңды тұлғаға тиесілі өндірістік қуаттарда көрсетілген кезеңде көмірді қоса алғанда, өндірілген минералды шикізаттың кемінде 35 пайызын кейінгі қайта өңдеуді (бастапқы қайта өңдеуден кейін) жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осы тармақшаның мақсатында жер қойнауын пайдаланушы деп танылмайды.
Көмірді қоса алғанда, кейінгі қайта өңдеуге жіберілген минералды шикізаттың көлемін айқындаған кезде:
бастапқы қайта өңдеуден кейінгі кез келген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өндіруге тікелей жіберілген;