2) дауларды шешу барысында алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің алдында өзінің қызметі туралы жыл сайын есеп беруге міндетті.
90-бап. Сақтандыру омбудсманының шешімдер қабылдау тәртібі
1. Сақтандыру омбудсманы шешімді жеке-дара қабылдайды және оны дауға қатысушы тараптардың назарына жазбаша нысанда жеткізеді.
2. Сақтандыру омбудсманы шешімдер қабылдаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын және жасалған шарттардың талаптарын басшылыққа алады.
3. Сақтандыру ұйымдарының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі сақтандыру ұйымдары үшін міндетті болып табылады.
Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандыру ұйымының арасындағы келіспеушіліктер бойынша сақтандыру омбудсманының шешімі оны сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) қабылдаған жағдайда сақтандыру ұйымы үшін міндетті болады.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру омбудсманының шешімін ол белгілеген мерзімде орындамаған жағдайда, сақтандыру омбудсманы осы Заңның және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын бұзушылық фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы уәкілетті органға үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.
5. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) сақтандырушы сақтандыру омбудсманының шешімімен келіспеген жағдайда, өз құқығын қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы. Бұл ретте сақтандыру омбудсманының шешімін орындау сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) үшін міндетті болып табылмайды.
91-бап. Сақтандыру омбудсманының қызметі
1. Сақтандыру омбудсманының қызметі, оның ішінде келіспеушіліктерді реттеу бойынша өтініштерді қарау және шешімдер қабылдау тәртібі мен мерзімдері сақтандыру омбудсманының ішкі қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Жүктелген функцияларды тиісінше орындау мақсатында сақтандыру омбудсманының қызметі сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі мүшелерінің жарналары есебінен қаржыландырылады. Жарналарды төлеу шарттары мен тәртібі сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларында айқындалады.
3. Осы Заңның 86-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда келіспеушіліктерді реттеуді сақтандыру омбудсманы өтеусіз жүзеге асырады.
92-бап. Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері
Міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын дауларды реттеу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленеді.».
11. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-І, 110-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 23-І, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2018 жылғы 15 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
17-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Дербес білім беру ұйымдары, дербес кластерлік қор, нотариаттық палаталар, адвокаттар алқалары, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан Республикасының Сот сарапшылары палатасы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, Қазақстанның төрелік палатасы, кәсіби аудиторлық ұйымдар, пәтерлердің меншік иелері кооперативтері, актуарийлер бірлестігі және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкін.».
12-тармақ 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; №11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сақтандыру сертификаты - сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың бар екенін куәландыратын және сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптары туралы ақпаратты қамтитын, сақтандырушы жасалған сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) растау үшін ресімдеген құжат;»;
2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Туристік қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттары
1. Шығу туризмі саласындағы туроператорда шетелге шығатын әрбір туриске қатысты жасалған туристі міндетті сақтандыру шарттары болған кезде туроператорлық қызметті жүзеге асыруға жол беріледі.
2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес:
туроператорлық қызмет лицензияланатын қызмет түрі болып табылады;
турагенттік қызмет, сондай-ақ гидтердің (аудармашы гидтердің), экскурсоводтардың және туризм нұсқаушыларының қызметі хабардар ету тәртібімен жүзеге асырылады.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, бұрын жасалған шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, туристік қызмет көрсетуге тыйым салуға алып келеді.
Туроператорлық қызметке арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, туроператорлық қызметке арналған лицензиядан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Туроператор туристерге туристік өнімге кіретін барлық қызметті өзі дербес немесе туроператор туристер алдындағы өз міндеттемелерінің бір бөлігін немесе барлығын орындауды жүктейтін үшінші тұлғаларды тарта отырып көрсетуді қамтамасыз етеді.
Шығу туризмі саласындағы туроператор туристік өнімді ұсынуды және өткізуді тек қана турагенттер арқылы жүзеге асырады. Турагент шығу туризмі саласындағы туроператор қалыптастырған туристік өнімді өткізу кезінде туристік жолдаманы және туристік ваучерді беруге міндетті.
Қазақстан Республикасының бейрезиденті қалыптастырған туристік өнім шығу туризмі саласындағы туроператордың туристік өніміне енгізу арқылы ұсынылады және осы Заңға сәйкес өткізіледі.
3. Турагент туристерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туроператор қалыптастырған туристік өнімді ғана ұсынады және өткізеді.
Турагенттің туристік өнімді ұсынуы және өткізуі туроператормен жазбаша нысанда жасалған туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Туроператор мен турагенттің арасындағы туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шартта туристік өнімді қалыптастырған туроператор туралы мәліметтер, турагенттің туристермен туроператордың атынан мәмілелер жасауға өкілеттіктері, турист не туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсететін үшінші тұлғалар наразылық білдірген жағдайда туроператор мен турагенттің өзара іс-қимыл жасау тәртібі, туристік маршруттың сипаттамасы, туристік өнім туралы анық ақпарат және әрбір тараптың туристік өнім туралы ақпаратты бермегені немесе анық емес ақпаратты бергені үшін туристің алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.
Туроператор туристік қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін (оның ішінде осы қызметтерді кімнің көрсетуі тиіс болғанына немесе көрсетілді ме, жоқ па қарамастан, туристік өнімге кіретін туристік қызметтерді көрсетпегені немесе тиісінше көрсетпегені үшін) туристің алдында Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
4. Діни туризм саласындағы туроператорлық қызмет уәкілетті органмен келісу бойынша діни қызмет саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.»;
3) 15-3-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
4) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«27-бап. Туристік қызметті жүзеге асыру кезінде сақтандыру
1. Турагент туристік өнімді өткізу кезінде:
шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының атауын сұратуға;
шетелге шығатын туриске сақтандыру сертификатын және қажет болған кезде, сақтандыру полисін беруге міндетті.
2. Туристі міндетті сақтандыру шартында туристерге медициналық көмектің ақысын төлеу және уақытша болатын елде (жерде) тікелей сақтандыру жағдайы басталған кезде олардың шығыстарын өтеу көзделуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының аумағына келетін туристерге өмірі мен денсаулығын сақтандыру туралы куәліктің болуы туралы талапты белгілеуге құқылы.
4. Шығу туризмі саласындағы туроператор шетелге шығатын туристі «Туристі міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәуекелдерден сақтандыруға міндетті.».
13. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196 құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; 2018 жылғы 28 мамырда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) корпоративтік интернет-ресурс - қоғамға тиесілі интернет-ресурс;»;
13-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-1) тармақша алып тасталсын;
2) 4-1-бап алып тасталсын;
3) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жарияланған акциялар шығарылымы туралы шешім қабылдайды;»;
13-тармақтың 4) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-бапта:
2-тармақтың 7) тармақшасындағы «қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсымен қатар қоғамның қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін қосымша пайдаланылуы мүмкін бұқаралық ақпарат құралдары қоғамның жарғысында айқындалады.»;
13-тармақтың 5) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 14-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы «қоғамның тіркеушісінен» деген сөздер «орталық депозитарийден» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 6) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 15-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында:
«он күн» деген сөздер «он жұмыс күні» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қоғамның тіркеушісіне және» деген сөздер «орталық депозитарийге және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «мен қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «, орталық депозитарий және (немесе) номиналды ұстаушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 7) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 16-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «күнінен бастап» деген сөздер «күнінен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бастаған күннен бастап» деген сөздер «бастаған күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлікте:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 18-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі алып тасталсын;
13-тармақтың 9) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 19-бапта:
1-тармақтағы «тіркеуші» деген сөз «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «қоғамның тіркеушісімен» деген сөздер «орталық депозитариймен» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 10) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп және қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есеп
1. Қоғам уәкілетті органға қоғамның акцияларын толық орналастырғанға дейін акцияларды орналастырудың әрбір есепті кезеңінің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді қоғамның акцияларын орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күннен кейін немесе оларды толық орналастырған күннен кейін күнтізбелік қырық бес күн ішінде ұсынуға міндетті.
Қатарынан күнтізбелік он екі ай акцияларды орналастырудың есепті кезеңі болып табылады.
2. Егер есепті кезеңде қоғамның акцияларын орналастыру жүзеге асырылмаған жағдайда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп уәкілетті органға ұсынылмайды.
3. Қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастаған жағдайда, қоғам уәкілетті органға қоғамның орналастырылған акцияларының бір түрін осы қоғам акцияларының басқа түріне айырбастау туралы есепті осындай айырбастау күнінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.»;
13-тармақтың 11) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 22-баптың 1-тармағында:
үшінші бөлік «акцияларымен және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
бесінші бөлік «егер» деген сөзден кейін «осы Заңда және (немесе)» деген сөздермен толықтырылсын;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
12) 23-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «немесе жартыжылдық» деген сөздер «, жартыжылдық немесе жыл» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде:
«Жалпы жиналыстың» деген сөздер «Акционерлердің жалпы жиналысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша» деген сөздер алынып тасталсын;
13-тармақтың 12) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөліктегі «қабылдап, оны қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялауға» деген сөздер «қабылдауға» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтың 5) тармақшасындағы «нысаны болуға тиіс.» деген сөздер «нысаны;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) төлем агентінің атауы (төлем агенті болған кезде) қамтылуға тиіс.»;
13-тармақтың 12) тармақшасының он екінші - он төртінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дивидендтерді төлеу акционерлердің жалпы жиналысы қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдаған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылуға тиіс.
Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.»;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
13) 24-бапта:
1-тармақта:
үшінші бөлікте:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 13) тармақшасының бесінші - жетінші абзацтары 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
«қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болған кезде» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.»;
13-тармақтың 13) тармақшасының сегізінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақтағы «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Тұлғаның бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алуға ниетті, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болатын осы тұлға бұл туралы қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың болжамды күніне дейін отыз жұмыс күні бұрын қоғамға хабарлама жіберуге міндетті. Хабарламада қоғамның сатып алынатын дауыс беретін акцияларының саны және олардың болжамды сатып алу бағасы туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
2. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе оның үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы тиесілі болған осы тұлға қоғамға сатып алған күннен кейін он бес жұмыс күні ішінде қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сатуға ұсыныс жіберуге міндетті.
Қалған акционерлерге қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсыныста атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызы жиынтығында тиесілі болған тұлға және оның үлестес тұлғалары туралы және осы Заңның 69-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалатын, акцияларды сатып алудың ұсынылатын бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
3. Қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген акцияларды сату туралы ұсынысты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Қалған акционерлер осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өздеріне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысын акцияларды сату туралы ұсыныс жарияланған күннен кейін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдауға құқылы.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның ұсынысын қабылдаған акционер қоғамның өзіне тиесілі акцияларын осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруды қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде жүргізуге міндетті.
Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға акционердің қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісімін алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде осы акцияларды төлеуге міндетті.
5. Қоғам акционерлердің осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға қоғамның акцияларын сатуына кедергі келтіруге құқылы емес. Қоғамның акцияларын сатқысы келетін тұлғаға, осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаға акцияларды қоғамның өзінің немесе үшінші тұлғалардың осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға ұсынған бағадан асатын баға бойынша сатып алуы туралы ұсыныс жасауға қоғамның құқығы бар. Қоғамның акцияларын сатып алу туралы қоғамның ұсынысында акциялардың саны, бағасы және акцияларды үшінші тұлғалар сатып алған жағдайда сатып алушылардың деректемелері туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
6. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызын не қоғамның дауыс беретін акцияларының өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға қоғамның дауыс беретін акцияларының отыз немесе одан көп пайызы дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта тиесілі болған осы тұлға осы бапта белгіленген міндеттерді сақтамаған жағдайда, аталған тұлға (тұлғалар):
1) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізуге міндетті;
2) өзімен (өздерімен) үлестес емес тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының жиырма тоғыз пайызынан асатын, қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі акцияларының бір бөлігін иеліктен шығаруды жүргізгенше қоғамның басшылығына немесе саясатына ықпал етуге бағытталған ешбір әрекетті жасауға және (немесе) қоғамның өзіне (өздеріне) тиесілі дауыс беретін акциялары бойынша дауыс беруге құқылы емес.