екінші бөліктегі «бұқаралық ақпарат құралдарында және қайта ұйымдастырылатын банктердің корпоративтік веб-сайтында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Біріктірілетін қоғам акцияларын сату бағасына және біріктірілу жүзеге асырылатын қоғам акцияларын орналастыру (сату) бағасына қатысты осы баптың ережелері (оның ішінде біріктірілетін қоғамның акцияларын сатып алу жөніндегі ережелер) еншілес ұйымның орналастырылған акцияларының жүз пайызын иеленетін негізгі ұйымға еншілес ұйымды біріктіру кезінде қолданылмайды.»;
13-тармақтың 48) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
48) 84-баптың 5-тармағында:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 49) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
49) 85-баптың 6-тармағында:
«күннен бастап» деген сөздер «күннен кейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 50) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
50) 86-баптың 5-тармағындағы «қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агент-банк - Cақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
2) жәбірленуші - көлік құралын өзге адамның пайдалануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына зиян келтірілген адам;
3) зиянды өтеу резерві - зиянды өтеу резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры бастапқы біржолғы жарналар мен қосымша жарналар, сондай-ақ комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастыратын, осы Заңда көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін ғана пайдаланылатын ақша сомасы;
4) консультативтік комитет - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;
5) кредитор - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;
6) қосымша жарна - осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін, сақтандыру ұйымы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;
7) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымы - өзіне қатысты соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген қатысушы-сақтандыру ұйымы;
8) меншікті капитал - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының өзінің міндеттемелеріне және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервіне азайтылған активтері;
9) міндетті жарналар - қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша төлейтін ақша сомасы;
10) өтініш беруші - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы;
11) сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлем - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) және (немесе) сақтандырылушының пайдасына төлейтін ақша сомасы;
12) сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісінде Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына міндетті қатысу көзделген міндетті сақтандыру түрлері;
13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем - «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі - сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;
15) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы;
16) Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдері - осы Заңда көзделген жағдайларда, өміріне, денсаулығына зиян келтірілген жәбірленушіге және осы Заңның 17-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген адамдарға төленетін ақша сомасы;
17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебінен қалыптастыратын ақша сомасы;
18) сақтандыру шарты - сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен жасасқан шарт;
19) таратылатын сақтандыру ұйымы - уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы - сақтандыру ұйымы;
20) төтенше жарналар - осы Заңда көзделген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қосымша төлейтін ақша сомасы;
21) үлгілік қатысу шарты (бұдан әрі - қатысу шарты) - осы Заңда белгіленген тәртіппен және талаптармен Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мен қатысушы-сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шарты;
22) шартты міндеттемелер - қатысушы-сақтандыру ұйымының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төтенше жарналарды төлеу үшін қалыптастыратын, қор алдындағы міндеттемелері.»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшін стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді;
3) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері және зиянды өтеу резерві есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;»;
«10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді;
10-2) корпоративтік стратегияны, тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатты, ішкі аудит жөніндегі саясатты, есепке алу саясатын, сондай-ақ енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі;
10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Қорды құру тәртібі және оның органдары
1. Қор акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңның және құрылтай құжаттарының негізінде жүзеге асырады.
Қор сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз ұйым болып табылады.
2. Сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қатысушы-сақтандыру ұйымы Қордың акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі де Қордың акционері бола алады.
Акционерлердің жалпы жиналысының құзыреті осы Заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.
3. Қордың акциялары тек қана ақшамен төленеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, Қордың әрбір акционері акцияларының саны кемінде бір мың акцияны құрайды және Қордың орналастырылған акцияларының жалпы санының он пайызынан аспайды.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қордың акцияларын иеленуіне қарамастан, Қордың директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері дауыс беру құқығымен тұрақты негізде кіреді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өкілдерінің саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде жиырма пайызын құрауға тиіс.
Қордың директорлар кеңесінің құрамына қатысушы-сақтандыру ұйымдарының өкілдері дауыс беру құқығымен тұрақты негізде кіреді. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің саны Қордың директорлар кеңесі құрамының кемінде елу пайызын құрауға тиіс. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдерінің қатарына «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын, қатысушы-сақтандыру ұйымдары өкілдері санының кемінде елу пайызын құрайтын қатысушы-сақтандыру ұйымдарының өкілдері кіруге тиіс.
5. Қор мыналарды:
«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын;
зиянды өтеу резервінің қаражатын;
Қордың қаржылық-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражатты есепке алу үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде бөлек банктік шоттар ашады.
Қордың сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің, зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған банктік шоттарда орналастырылған ақшаны осы Заңда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына тыйым салынады.»;
4) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кредиторларға өтем төлеу туралы шешім қабылдау;»;
5) 3-тарау мынадай мазмұндағы 6-1-баппен толықтырылсын:
«6-1-бап. Консультативтік комитет
1. Неғұрлым маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар дайындау үшін Қорда консультативтік комитет құрылуға тиіс.
2. Консультативтік комитет өзі туралы ереже негізінде әрекет етеді.
Консультативтік комитеттің негізгі міндеттері, өкілеттіктерінің мерзімі және мүшелерін сайлау тәртібі, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ консультативтік комитеттің қатысумен және сырттай өтетін отырыстарын шақыру, дайындау және оларды өткізу тәртібін қоса алғанда, оның қызметін ұйымдастыру тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі бекітетін консультативтік комитет туралы ережеде айқындалады.
3. Консультативтік комитеттің құзыретіне консультативтік комитет туралы ережеде айқындалған Қор қызметінің мәселелерін алдын ала қарау жатады.
4. Консультативтік комитеттің шешімдері жазбаша түрде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.»;
6) 7-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Соттың «жалпы сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап Қор:»;
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сақтандыру шарттары (сақтандыру полистері) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ресімделген және аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандырушының және (немесе) сақтандыру агентінің қолы болған жағдайда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарының тізіліміне және (немесе) сақтандыру жөніндегі бірыңғай дерекқорға енгізілмеген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру шарттары Қордың кепілдіктерімен жабылады.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне:
1) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
2) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
3) туристі міндетті сақтандыру;
4) «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын аннуитеттік сақтандыру жатады.
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үзіліссіздігі мен уақтылығын;
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеген не ұзартқан (қайта куәландырған) жағдайда жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдікті төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
7) 8-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;»;
2) тармақшадағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.»;
8) 10-баптың бірінші бөлігінің 6) және 8) тармақшалары алып тасталсын;
9) 12-баптың 2, 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізге алына отырып есептеледі.»;
«3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тартады.
Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналары есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор өзінің меншікті капиталын «жалпы сақтандыру» саласы не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша, сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, сақтандыру ұйымдарына тиесілі акциялардың саны шегінде пайдаланады. Бұл ретте Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарының есебінен қалыптастырылған сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінен асатын, осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру бойынша шығыстары қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен олардың шартты міндеттемелері шегінде өтелуге жатады.
Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде төтенше жарналар тартады.
4. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға қатысушы-барлық сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
10) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және есепке алуға міндетті.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін негізге ала отырып есептейді.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
2. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
11) 15-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кредитордың талабын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы не Қор Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру шартында көзделген тәртіппен сақтандыру жағдайын және келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмыс жүргізеді.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Кепілдік төлемінің, оның ішінде сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша ерекшеліктері, тәртібі және мөлшерлері осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.»;
12) 5-тарау мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
«15-1-бап. Сақтандырудың кепілдік берілетін аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығы кредиторда уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол тағайындаған уақытша әкімшілік Қорға «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдіктер берілетін аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін берген күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң туындайды.
2. Кредиторлардың:
1) осы Заңның 7-бабы 2-1-тармағының 4) тармақшасында көзделген, уәкілетті органның сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған кезде қолданыста болатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша;
2) уәкілетті орган уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап уақытша әкімшіліктің сақтандыру портфелін беруі мүмкін болмаған кезде және заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеуге немесе ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді алуға құқығы бар.
Кредиторлардың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді алу құқықтары «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қатысушы-таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелі «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына берілген күнге дейін қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап қою құқығының туындауына байланысты жеке тұлға Қорға өтініш жасаған жағдайда, Қор сақтандыру төлемін осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігінен алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.
3. Қор уақытша әкімшіліктен аннуитеттік сақтандыру шарттарының тізілімін алғаннан кейін екі жұмыс күні өткен соң осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген сақтандырудың аннуитеттік сыныптары бойынша кепілдік төлемдердің үзіліссіздігі мен уақтылылығын қамтамасыз етеді.
Кредитор осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдай басталған кезде «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру ұйымына аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді Қор уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен және шарттармен жүзеге асырады.
Осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша жасалған аннуитеттік сақтандыру шартының қолданысы өткен соң қызметкердің кәсіби еңбекке жарамдылығын жоғалту дәрежесін белгілеу немесе ұзарту (қайта куәландыру) салдарынан кейінгі аннуитеттік сақтандыру шарты қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру сыныбы бойынша сақтандыру портфелін қабылдаған сақтандыру ұйымымен жасалуға жатады.