7. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы ұсынысына жауап ретінде қоғамның өзіне тиесілі акцияларын сату туралы жазбаша келісім берген қоғамның акционері осы ұсынысты жариялаған тұлғаның қоғамның акцияларын сатып алудан бас тартуына сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.
8. Осы Заңның 25-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайға осы баптың талаптары қолданылмайды.»;
13-тармақтың 15) тармақшасының бірінші - он екінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 6-тарау мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
«25-1-бап. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алуы
1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызын не жиынтығында қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде он пайызын құрайтын дауыс беретін акциялардың өзге санын дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта сатып алған, сатып алу нәтижесінде тұлғаға дербес немесе өзінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі болға осы тұлға, сатып алу күнінен кейін алпыс жұмыс күні ішінде қоғамның қалған акционерлерінен осы қоғамның оларға тиесілі дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы.
Қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын сату туралы акционерлерге талапта атын (атауын), тұрғылықты жерін (орналасқан жерін), қоғамның оған (оларға) тиесілі дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алудың ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс.
2. Қоғам осы баптың 1-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қалған акционерлер қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап жарияланған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті.
Акционерлердің осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қоғамның дауыс беретін акцияларымен өзге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауына тыйым салынады.
4. Акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату бағасы талап қойылған күні:
1) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында қалыптасқан (егер қоғам акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болса);
2) бағалаушы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындаған (егер қоғам акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болмаса) нарықтық құн ретінде айқындалады.
5. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларына осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалып ұсынылған сатып алу бағасы бойынша ақы төлеуге міндетті.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде жаңартылған деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады.
13-тармақтың 15) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның сатып алынған дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады.
13-тармақтың 15) тармақшасының он төртінші - он тоғызыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. Акционерлердің қоғамның өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларын осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша сату жөніндегі мәмілені тіркеу бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде осы тұлғаның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның ауыртпалық салынған дауыс беретін акцияларын акционердің номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде ашылған жеке шотынан есептен шығару, сондай-ақ олардың ақысын төлеу ауыртпалық алынған күннен кейін бір айдың ішінде жүзеге асырылады.
Мәмілелерді тіркеуге және олардың ақысын төлеуге байланысты шығыстарды қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алатын тұлға көтереді.
7. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның қоғамның дауыс беретін акцияларын сатып алу жөніндегі мәмілелерді тіркеу күні қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша төленбеген дивидендтерді алу құқығы осы тұлғаның талап етуі бойынша қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерде сақталады.
Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның талап етуіне сәйкес қоғамның дауыс беретін акцияларын сатқан акционерлерге қоғамның дауыс беретін акциялары бойынша дивидендтерді төлеу осы Заңның 22 және 23-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
8. Осы баптың ережелері «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық басқарушы холдинг тобына кіретін заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;
13-тармақтың 16) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 28-баптың 1-тармағының бірінші абзацындағы «Қоғам сатып алатын орналастырылған акциялардың саны» деген сөздер «Қоғам сатып алған және сатып алатын орналастырылған акциялардың жалпы саны» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 18) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 30-1-бапта:
1-тармақтағы «және акцияларды шығару проспектісінде» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақтағы «шарттары, мерзімдері және тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және акцияларды шығару проспектісінде белгіленеді» деген сөздер «шарттарын, мерзімдерін және тәртібін қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы айқындайды» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 19) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
19) 36-баптың 1-тармағында:
3-3) тармақшадағы «шарттары» деген сөз «шарттарын, мерзімдері» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшадағы «және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында беру туралы шешім қабылдау» деген сөздер алып тасталсын;
16) тармақшадағы «қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін белгілеу, оның ішінде, егер мұндай тәртіп қоғам жарғысында белгіленбесе, бұқаралық ақпарат құралын анықтау» деген сөздер «, егер мұндай тәртіп қоғамның жарғысында айқындалмаса, қоғам қызметі туралы ақпарат беру тәртібін айқындау» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 20) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
20) 37-баптың 3-тармағының 2) тармақшасында:
«қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзімен» деген сөз «қоғаммен» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтың 21) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
21) 39-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 22) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
22) 40-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі «Акционерлердің жалпы жиналысы» деген сөздерден кейін «, шешімдері сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қоғам акционерлері акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының отырысына қоғамның ішкі құжаттарында айқындалған байланыс құралдарын пайдалана отырып қашықтықтан қатысуға құқылы.»;
13-тармақтың 23) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
23) 41-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«жалпы жиналыс» деген сөздер «акционерлердің жалпы жиналысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«күнтізбелік отыз күн бұрын, ал» деген сөздерден кейін «өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«алда жалпы жиналыс» деген сөздер «акционерлердің алдағы жалпы жиналысының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«он жұмыс күнінен бұрын, ал» деген сөздерден кейін «өткізу кезінде бір немесе одан көп акционерлерді хабардар ету үшін пошта байланысы құралдары пайдаланылатын» деген сөздермен толықтырылсын;
«жиналыс өткізілетін күннен» деген сөздер «акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күнге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «компания» деген сөз «қоғам» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама акционерлерге қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда жіберіледі.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шешімі қатысу немесе аралас дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:»;
2) тармақшадағы «жиналысты» деген сөз «қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «акционерлердің» деген сөз «қоғам акционерлерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі;»;
8) тармақшадағы «жиналысты» деген сөз «сырттай дауыс беруді» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақшадағы «жиналыс» деген сөз «қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Аралас дауыс беру кезінде қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада Заңның осы бабының 3-тармағында көзделген ақпаратқа қосымша ретінде бюллетеньдерді берудің соңғы күні көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Шешімі сырттай дауыс беру арқылы қабылданатын қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламада:
1) қоғамның атқарушы органының толық атауы және орналасқан жері;
2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын шақыру бастамашысы туралы мәліметтер;
3) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі жасалған күн;
4) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу үшін бюллетеньдерді берудің басталған және аяқталған күні;
5) сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні;
6) қоғам акционерлері жалпы жиналысының күн тәртібі;
7) қоғам акционерлерін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен таныстыру тәртібі;
8) дауыс беруді өткізу тәртібі;
9) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы соған сәйкес өткізілетін Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормалары қамтылуға тиіс.
6. Миноритарлық акционер акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқа акционерлермен бірігу мақсатында орталық депозитарийге өтініш жасауға құқылы.
Миноритарлық акционердің өтініш жасау және орталық депозитарийдің басқа акционерлерге ақпарат тарату тәртібі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.»;
13-тармақтың 24) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
24) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі
1. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін директорлар кеңесі қалыптастырады және онда талқылауға шығарылатын мәселелердің нақты тұжырымдалған түбегейлі тізбесі қамтылуға тиіс.
2. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысын ашу кезінде директорлар кеңесі күн тәртібін өзгерту бойынша алған ұсыныстары туралы баяндауға міндетті.
3. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту қоғамның жиналыста өкілдік еткен дауыс беретін акцияларының жалпы санының көпшілік дауысымен жүзеге асырылады.
4. Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысының күн тәртібіне:
1) қоғам акционерлері жалпы жиналыс өткізілетін күнге дейін он бес күннен кешіктірілмей толықтырулар туралы хабардар етілген жағдайда, қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жиынтықта иеленетін акционерлер немесе директорлар кеңесі ұсынған осындай толықтырулар;
2) егер акционерлердің жалпы жиналысына қатысатын және қоғамның дауыс беретін акцияларының кемінде тоқсан бес пайызын жиынтығында иеленетін акционерлердің (немесе олардың өкілдерінің) көпшілігі енгізілуіне дауыс берсе, өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілуі мүмкін.
5. Қатысу тәртібімен өткізілетін акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібі, егер орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі енгізілуіне дауыс берсе, мәселені шешу артықшылықты акцияларды иеленетін акционерлердің құқықтарын шектеуі мүмкін мәселемен толықтырылуы мүмкін.
6. Акционерлердің жалпы жиналысы сырттай және (немесе) аралас дауыс беру арқылы шешім қабылдаған жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін өзгертуге және (немесе) толықтыруға болмайды.
7. Акционерлердің жалпы жиналысы оның күн тәртібіне енгізілмеген мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер қабылдауға құқылы емес.
8. Күн тәртібінде «әр түрлі», «өзге», «басқалары» деген сөздерді қоса алғанда, кең түсінік беретін тұжырымдамаларды және осыларға ұқсас тұжырымдамаларды пайдалануға тыйым салынады.»;
25) 44-баптың 3-тармағының 3-2) тармақшасы алып тасталсын;
13-тармақтың 26) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
26) 45-баптың 1-тармағында:
«тіркеу аяқталған кезде» деген сөздерден кейін «(акционерлердің жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу кезінде барлық бюллетеньді ұсыну күні не бюллетеньдерді ұсыну мерзімі аяқталған күні)» деген сөздермен толықтырылсын;
«немесе олардың өкілдері» деген сөздер «(акционерлердің өкілдері)» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 27) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
27) 46-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктегі «қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «қоғамның тіркеушісіне» деген сөздер «орталық депозитарийге» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 28) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 48-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Акционерлердің жалпы жиналысын қатысу тәртібімен өткізу тәртібі»;
1-тармақ «жалпы жиналысын» деген сөздерден кейін «қатысу тәртібімен» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
«(олардың өкілдерін)» деген сөздер «(акционерлердің өкілдерін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырсын:
«Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау кезінде сырттай дауыс берген акционерлердің (акционерлер өкілдерінің) бюллетеньдері ескеріледі.
Акционерлердің қатысу тәртібімен өткізілетін жалпы жиналысына келген акционер (акционердің өкілі) тіркелуге міндетті.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егер дауыс беру үшін бұрын бюллетень жіберген акционер аралас дауыс беру пайдаланылатын акционерлердің жалпы жиналысына қатысу және дауыс беру үшін келген болса, оның бұрын жіберген бюллетені акционерлердің жалпы жиналысының кворумын айқындау және күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыстарды есептеу кезінде есепке алынбайды.»;
29) 49-бапта:
2-тармақтағы «Жария компанияларды қоспағанда, қоғамның» деген сөздер «Қоғамның» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтың 29) тармақшасының үшінші - он жетінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Дауыс беруге арналған бюллетень акционерлердің тізіміне енгізілген адамдарға:
1) пошта байланысының құралдары қолданылған кезде - акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік қырық бес күннен кешіктірілмей;
2) хабарлама электрондық тәсілмен жіберілген немесе ол қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған кезде - акционерлердің жалпы жиналысы өткізілген күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс.
Акционерлерінің саны жүз және одан көп қоғамда сырттай дауыс беру кезінде осы қоғам қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы хабарламамен бірге акционерлердің жалпы жиналысында сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньді жариялауға міндетті.»;
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) акционердің жалпы жиналысы жабылатын күн;»;
6-тармақта:
бірінші бөліктегі «жеке адам - акционер» деген сөздер «жеке тұлға - акционер (жеке тұлға - акционердің өкілі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «қол қоюға және жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғаның мөрімен куәландырылуға» деген сөздер «(заңды тұлға - акционердің өкілі) қол қоюға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «қолы қойылмаған, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғаның мөрі жоқ» деген сөздер «немесе жеке тұлға - акционер өкілінің не заңды тұлға - акционер өкілінің қолы қойылмаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Акционердің өкілі сырттай дауыс беру үшін бюллетеньге қол қойған жағдайда, сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньге акционер өкілінің өкілеттілігін растайтын сенімхаттың немесе өзге құжаттың көшірмесі қоса беріледі.»;
төртінші бөлік «акционер» деген сөзден кейін «(акционердің өкілі)» деген сөздермен толықтырылсын;
8-тармақ алып тасталсын;
13-тармақтың 30) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
30) 51-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктегі «акционерлерге акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау немесе әрбір акционерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарланады» деген сөздер «акционерлердің назарына акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында оларды қазақ және орыс тілдерінде жариялау арқылы және қоғамның жарғысында айқындалған тәртіппен (осындай тәртіп болған кезде) жеткізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
13-тармақтың 31) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
31) 52-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзац «Акционерлердің» деген сөзден кейін «қатысу тәртібімен өткізілетін» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы «мүшелері;» деген сөз «мүшелері (болған кезде) қол қоюға тиіс.» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша алып тасталсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Акционерлердің сырттай дауыс беру арқылы өткізілетін жалпы жиналысының хаттамасына есеп комиссиясының мүшелері (егер есеп комиссиясын сайлау талап етілмесе - акционерлердің жалпы жиналысының хатшысы) қол қоюға тиіс.»;
4-тармақтағы «3-тармағында» деген сөздер «3 және 3-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 55-баптың 4-тармағының екінші бөлігі «өкілеттігі» деген сөзден кейін «, егер хабарламада директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату күні көрсетілмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
33) 58-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің екінші сөйлемі алып тасталсын;
34) 61-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
35) 64-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «бірлесіп» деген сөз «жиынтықта» деген сөзбен ауыстырылсын;
13-тармақтың 36) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
36) 67-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «қоғамның тіркеушісі» деген сөздер «орталық депозитарий» деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 69-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
13-тармақтың 38) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38) 70-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«шешім қабылданғаннан» деген сөздер «шешім қабылданған күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 71-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы «мемлекеттік сатып алу» деген сөздерден кейін «және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын сатып алу» деген сөздермен толықтырылсын;
40) 72-баптың 2) тармақшасындағы «бірлесіп» деген сөз «жиынтықта» деген сөзбен ауыстырылсын;
41) 73-баптың 4-тармағы алып тасталсын;
42) 74-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Ірі мәмілені және (немесе) жасалуында мүдделілік болған мәмілені жасау кезінде осы Заңда белгіленген тәртіпті және (немесе) шарттарды сақтамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.»;
13-тармақтың 43) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
43) 76-баптың 4-тармағында:
бірінші бөліктегі «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «осы Заңның 79-бабының талаптарына» деген сөздер «осы Заңда және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақтың 44) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
44) 79-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«79-бап. Қоғамның ақпаратты жария етуі
Қоғам «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және уәкілетті органың нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында және қор биржасының интернет-ресурсында жария етуге міндетті.»;
45) 80-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары мен бюллетеньдер (оның ішінде жарамсыз деп танылған бюллетеньдер), директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі осы Заңға, қоғамның жарғысына және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес акционерлердің құқықтарын қозғайтын мәселелер бойынша материалдар;»;
13-тармақтың 46) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
46) 82-баптың 7-тармағындағы «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 83-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес ұйымының орналастырылған акцияларының жүз пайызы тиесілі негізгі ұйым акционерлерінің (жалғыз акционері) жалпы жиналысы жарғылық капиталын ұлғайтпай өзіне еншілес ұйымды біріктіру туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
13-тармақтың 47) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5-тармақта:
бірінші бөліктегі «бұқаралық ақпарат құралдарында» деген сөздер «қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;