32) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ұлттық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру, сақтанушылардың және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізеді;
2) сақтандыру нарығын реттеу қағидаттары мен әдістерін, сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат береді;
4) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісім беру және оны кері қайтарып алу тәртібін айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе сақтандыру холдингіне ірі қатысушы мәртебесін иеленуге рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру холдингінің дауыс беретін (артықшылықты акцияларды шегергенде) акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға келісім береді;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымын құруға, сақтандыру холдингіне заңды тұлғалардың жарғылық капиталына елеулі қатысуға рұқсат береді;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру топтары үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру тәртібін айқындайды;
8) осы Заңның талаптарын ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін, сақтандыру брокерінің қызметін, сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беру тәртібін айқындайды және оны береді;
9) сақтандыру портфелін беру тәртібін айқындайды;
10) жарғылық капиталдың, кепілдік беру қорының, төлем қабілеттілігі маржасының ең төмен мөлшерлерін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру тобы үшін пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
11) сақтандыру брокерінің жарғылық және меншікті капиталының ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды белгілейді, олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
12) сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды;
13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
14) осы Заңның 54-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған жағдайда, шығыстардың, оның ішінде әкімшілік шығыстардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шығыстарының ұлғаюын шектеуге құқылы;
15) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру холдингтерінің және сақтандыру брокерлерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді;
16) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдауды, бағалауды және бақылауды жүзеге асырады;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (сақтандыру полистерін) және қайта сақтандыру шарттарын есепке алу тәртібін белгілейді;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына талаптар қояды;
19) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылығын сипаттайтын коэффициенттерді (шығындылық коэффициентін, шығындар коэффициентін, аралас коэффициентті) есептеу тәртібін айқындайды;
20) сатып алу сомасын есептеу тәртібін белгілейді;
21) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің филиалдары мен өкілдіктерінің, актуарийлердің тізілімін жүргізеді;
22) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді;
23) мыналарға:
ақпараттық процеске;
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға және электрондық жабдыққа ең төмен талаптарды белгілеуге;
дерекқордың сақталуына;
үй-жайларға қойылатын талаптарды қоса алғанда, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілейді;
25) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды белгілейді;
26) қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін жүзеге асыру тәртібі мен ерекшеліктерін айқындайды;
27) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру нарығына басқа да қатысушылар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
28) сақтандыру қызметі субъектілерін, сақтандыру брокерлерін, сақтандыру қызметі субъектілері мен сақтандыру брокерлерінің оқшауланған бөлімшелерін, сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, сондай-ақ сақтандыру холдингтері мен сақтандыру топтарын тексеруді жүргізеді;
29) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
30) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға және оның лауазымды адамдарына санкциялар қолданады;
31) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға берілген лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру және лицензиялардан айыру туралы шешімдер қабылдайды;
32) уақытша әкімшіліктің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін беру туралы шешімін келіседі;
33) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негіздер бойынша тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгіну туралы шешім қабылдайды;
34) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесі мен қаржылық жай-күйі, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты еншілес ұйымдар немесе оқшауланған бөлімшелер болып табылатын тұлғалар және оның құрылтайшылары туралы мәліметтер алуға құқылы;
35) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардан және олардың бірлестіктерінен, сақтандыру агенттерінен осы Заңға сәйкес өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді алуға құқылы;
36) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өздерінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді алуға құқылы;
37) сақтандыру полистерінің мазмұнына және ресімделу тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді;
38) ертерек ден қою шараларын қолданады;
39) сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібін белгілейді;
40) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушыларға, сақтандыру холдингіне, сақтандыру тобының құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушыларға және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға орындалуы міндетті шектеулі ықпал ету шараларын қолдануға құқылы;
41) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөніндегі шараларды қабылдайды;
42) Қазақстан Республикасы қаржы нарығының субъектілерін қадағалайтын басқа да уәкілетті органдармен ынтымақтастықты және қажетті ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
43) сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
44) сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсында ақпарат орналастыру тәртібін белгілейді;
45) тәуелсіз актуарийлердің актуарлық есеп-қисаптарды тағайындау шарттарын және оларды жүргізу тәртібін белгілейді;
46) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері анық емес (толық емес) есептілік ұсынған жағдайда, олардың қаржылық және өзге есептілікті түзетуін талап етуге құқылы;
47) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
33) 46-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдары үшін қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы бапта келтірілген шаралар, егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына ірі қатысушылардың үлестес тұлғаларының, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерінің заң бұзушылықтары, құқыққа сыйымсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы мүмкін.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10-2-тармақпен толықтырылсын:
«10-2. Пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде ескерілетін активтердің құнын айқындау мақсатында уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, сақтандыру холдингінен олардың құнын бағалаушыдан не бағалаушылар палатасы арқылы бағалауды жүргізуді талап етуге құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру холдингі уәкілетті органның осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарын орындамаған жағдайда, тиісті актив пруденциялық нормативтердің келесі есебінен алынады.»;
34) 46-1-бап алып тасталсын;
35) 47-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«47-бап. Сақтандыру резервтері
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий есептеген көлемде қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің болуы міндетті.
2. Сақтандыру резервтерінің қаражаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындауына байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға ғана арналған.
3. Сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне және олардың құрылымына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.»;
36) 48-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен және 4) тармақшасындағы «қарыз беруге тыйым салынады.» деген сөздер «қарыз беруге;» деген сөздермен ауыстырылып, 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етусіз қарыздарды тартуды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардан қарыз қаражатын тартуға;»;
«5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, сақтанушыларға, оның ішінде үшінші тұлғалар арқылы сыйақылардың кез келген түрін төлеуге;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметкерлері мен үлестес тұлғаларына бастапқы есепке алу құжаттарынсыз ақша беруге тыйым салынады.»;
10-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы баптың талаптары сақтанушының инвестицияларға қатысу шарты көзделетін сақтандыру шарттары бойынша инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кіріс (залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді инвестициялауға қолданылмайды.»;
37) 49 және 52-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«49-бап. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау
1. Егер жасалған жекелеген сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы (қабылданатын міндеттемелер көлемі) не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жекелеген қайта сақтандыру шарты бойынша қабылданатын міндеттемелерінің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нормативтен асатын болса, сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша мәміле ірі мәміле деп танылады.
2. Ірі мәміле жасау туралы шешім сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің қорытындысы негізінде «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданады.»;
«52-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірлескен қызметке қатысуы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы Заңның 13-бабында белгіленген талаптарға сәйкес консорциум немесе жай серіктестік құруға қатысуға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, онымен және оның құрылтайшыларымен үлестес тұлғалардың және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қатысатын консорциумдар мен жай серіктестіктерге қатысушы ұйымдардың қызметін қадағалау шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Шоғырландырылған қадағалау қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.»;
38) 52-1-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері уәкілетті органның осы тармақта көзделген нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Активтерді инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіп пен тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.»;
39) 54-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 2-4), 2-5), 2-6), 2-7) және 10-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-4) осы Заңның 17-бабының 4-тармағында белгіленген тыйым салуды бұзғанда;
2-5) сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген меншікті капиталдың ең төмен мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамағанда;
2-6) сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік сатып алуға сақтандыру брокерінің қатысу фактісі анықталғанда;
2-7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін сақтамағанда;»;
«10-1) сақтандыру брокері сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті сақтандыру брокерінің кәсіби жауапкершілігіне байланысты тәуекелдер объектісі болып табылатын үшінші тұлғалар алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шартынсыз жүзеге асырғанда;»;
14) тармақша алып тасталсын;
40) 54-1-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уақытша әкімшілік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы консервацияланған немесе лицензиясынан айырылған кезде сақтандыру портфелін беру жөнінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар етеді.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уақытша әкімшілік сақтандыру портфелін беру жөнінде қабылданған шешім туралы уәкілетті органды хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.
Консервациялау сатысында сақтандыру портфелін беру кезінде хабарландыруда сақтанушылар сақтандыру шартын берумен келіспеген жағдайда, олардың қарсылықтарды ұсыну тәртібі, мерзімдері және қарсылықтар қабылданатын мекен-жайлар көрсетіледі.»;
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Консервациялау сатысында уақытша әкімшілік сақтанушының сақтандыру шартын беру туралы келісімі болған кезде сақтандыру портфелін ішінара (бір немесе бірнеше сақтандыру сыныбы бойынша) немесе толық беру туралы шешім қабылдайды.»;
41) 55-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«55-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау»;
42) 55-3 және 55-5-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«55-3-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешім
1. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды жүргізу туралы шешімі:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын және оның орналасқан жерін;
2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы шешімнің негіздемесін;
3) консервациялау әрекетінің басталуы мен мерзімін;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын шектеулердің тізбесін;
5) уақытша әкімшіліктің дербес құрамын;
6) консервациялау режиміндегі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлеріне өз жұмысы туралы есепті, кірістері туралы декларацияны, меншігінің бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді дайындау және осы құжаттарды уақытша әкімшілікке ұсыну туралы нұсқаманы;
7) уақытша әкімшіліктің ұсынымдарын қамтуға тиіс.
2. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына консервациялауды жүргізу туралы шешімді қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялайды.»;
«55-5-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылау
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау мерзімі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушысының) қызметін бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады, ол:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау кезеңінде қызметтің негізгі бағыттары туралы ұсынымдар беруге (негізгі іс-шаралар жоспарын ұсынуға);
2) орындалуы міндетті жазбаша нұсқаулар беруге;
3) оның қызметі және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметі туралы ақпарат беруді талап етуге;
4) істелген жұмыс туралы есепті тыңдауға;
5) консервациялау мерзімін ұзартуға;
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялауды аяқтау туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уақытша әкімшілігі (уақытша басқарушысы) қызметінің ерекшеліктері және оның үшінші тұлғалармен өзара қарым-қатынас жасау қағидаттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.»;
43) 56-бапта:
3-1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі «жалпы сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Заңның 54-1-бабында және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылдайды.»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымын лицензиясынан айырған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның дерекқорынан таратылатын сақтандыру ұйымының және «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес кепілдіктер берілетін сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша таратылатын сақтандыру ұйымының аннуитетті сақтандыру шарттарының тізілімдерін қалыптастырады және сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға береді;
сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыруы туралы хабарландыруды жариялайды. Сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру туралы хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында жариялайды.»;
44) 59-баптың 1-тармағында:
1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2) осы Заңның 40-бабы 4-тармағының талаптарын орындамаған;»;
4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) егер актуарий уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде бекітілген актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша емтихан тапсырмаған жағдайда, алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұра алады.»;
45) 61-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«61-бап. Акцияларды мәжбүрлеп сатып алу
1. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында активтердің сапасы мен өтімділігі бойынша оларды сыныптау ескеріле отырып есептелген құны мен міндеттемелер арасында теріс айырма барын анықтаған кезде уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның акционерінен (акционерлерінен) мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылдауға және сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттары бойынша барлық міндеттемені орындауына кепілдік беру жағдайында оларды сатып алуға ниет білдірген жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізуге құқылы.
2. Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алуы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерінің акцияларын оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) өткізу мақсатында мәжбүрлеп сатып алу туралы өзі шешім қабылдаған күнгі оның нақты төлем қабілеттілігі маржасының мөлшері негізге алынып айқындалатын баға бойынша жүзеге асырылады.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сатып алынған акцияларын өткізуді уәкілетті орган оларды сатып алу бағасы бойынша жүргізеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәжбүрлеп сатып алынатын барлық акциясы иелерінің құқықтары мен міндеттері жаңа инвесторға (инвесторларға) өтеді.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды кейіннен жаңа инвесторға (инвесторларға) сату тәртібін уәкілетті орган белгілейді.»;
46) 62-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органның қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсатын алған күннен бастап екі апта ішінде өздерінің барлық сақтанушысына алдағы өзгерістер туралы тікелей хабардар ету және тиісті хабарландыруды қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын кемінде екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында жариялау арқылы хабар беруге міндетті.»;