47) 63-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;»;
48) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату түрлері және негіздері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, оның ішінде банкроттық негізі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы:
1) уәкілетті органның рұқсаты болған кезде өз акционерлерінің шешімі бойынша (ерікті таратылуы);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша (мәжбүрлеп таратылуы) таратылуы мүмкін.»;
49) 67-бапта:
4, 5 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға рұқсат алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ерікті таратылуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін тарату комиссиясын құрады, оған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтеді.»;
«7. Тарату комиссиясы акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының таратылуы туралы есепті және тарату балансын бекіткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оларды әділет органдары мен уәкілетті органға ұсынуға міндетті.»;
50) 68-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті органның ескертулері ол белгілеген мерзімде жойылмаған;»;
51) 69-баптың 2-тармағының 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кредиторлардың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына талаптары, осы Заңның 55-бабының 3-тармағында көзделген шығыстарға байланысты, сондай-ақ «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша кепілдікті төлемдерді жүзеге асыру кезеңіндегі талаптарды қоспағанда, тарату ісін жүргізуге қойылуы мүмкін;
4) кредиторлардың, мемлекеттік кіріс органдарының, оның ішінде даусыз (акцептісіз) тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акционерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өздеріне тиесілі акцияларын иеліктен шығаруға тыйым салынады;»;
52) 69-1-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың нормалары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандырудың аннуитетті сыныптары бойынша сақтандыру портфелін беруі жағдайларына қолданылмайды.»;
5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтандыру портфелін беру туралы хабарландыруды мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жариялайды.»;
53) 70-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілені мынадай негіздер:
1) басқа тараптың:
егер мәміленің бағасы және (немесе) оның өзге талаптары салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалатын бағадан және (немесе) өзге де талаптардан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін нашар жағына қарай елеулі түрде ерекшеленетін болса;
егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы берген мүліктің немесе ол жүзеге асырған міндеттемелерді өзге де орындаудың нарықтық құны алынған міндеттемелерді қарсы орындаудың міндеттемелерді осындай қарсы орындаудың шарттары мен мән-жайлары ескеріле отырып айқындалған құнынан елеулі түрде асатын болса;
егер мәміле өтеусіз немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалса, міндеттемелерді теңдей емес қарсы орындауы;
2) егер мәміле басқа кредиторлар алдында белгіленген мерзімде орындалмаған міндеттемелері болған кезде мәмілені жасаған кезде орындалу мерзімі басталмаған, кредиторлардың бірінің талаптарын қанағаттандыруға әкелген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарды қанағаттандыру кезінде кредиторлардың біріне басқа кредиторлардың алдында басымдық беруге алып келген, жекелеген кредиторға немесе өзге де тұлғаға қатысты есеп айырысуды жасауы бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде жасасқан мәмілелердің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі олар анықталған күннен бастап бес жылды құрайды.
Мәміле жарамсыз деп танылған кезде мәміле жарамсыздығының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) белгіленген салдары қолданылады.»;
4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері алып тасталсын;
54) 72-бапта:
1-тармақта:
1) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) бірінші кезекте, кредиторлардың сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;»;
«5) алтыншы кезекте, кредиторлардың осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгеннен өзге жасалған сақтандыру шарттары бойынша талаптары, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтану шыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның сақтандыру шарттары бойынша, жүзеге асырылған кепілдікті төлемдер, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда басқа сақтандыру ұйымына берілетін, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтандыру портфелін төлеуге байланысты шығыстар және оларды жүзеге асыруға байланысты өзге де шығыстар бойынша талаптары қанағаттандырылады;»;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
«6. Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі соттың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күні белгілеген бағам бойынша теңгемен қанағаттандырылады.»;
55) 79-бапта:
1-тармақта:
10-тармақтың 55) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ұйым осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің негізінде міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша дерекқорды қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.»;
10-тармақтың 55) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ұйым сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.»;
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ұйым өз қызметінде:
1) ақпараттық жүйелерді, дерекқорды қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін онда техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;
2) дерекқорды және ақпараттық жүйелерді қорғау құралдарын орналастыру үшін көрсетілген ақпараттық жүйелерді қалыптастыру және пайдалану кезінде сертификатталған жабдық пен бағдарламалық қамтылымды қолдануға;
3) ұйым өз қызметінде пайдаланатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоса алғанда, ұйымның бағдарламалық-техникалық қамтылымына жыл сайынғы аудитті жүргізуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес дерекқор субъектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдарға осы Заңның 80-бабының 2-тармағында санамаланған ақпаратқа «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
10-тармақтың 55) тармақшасының он үшінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу туралы хабарламаны дереу жіберуді қамтамасыз етуге;
6) сақтандыру шарттары жөніндегі ақпараттың электрондық нысанда сақталуын қамтамасыз етуге;
10-тармақтың 55) тармақшасының он бесінші абзацы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) осы сақтанушымен жасасқан электрондық нысандағы сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты көру үшін ұйымның ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұйымның интернет-ресурсында пайдаланушының жеке кабинеті арқылы нақты уақыт режимінде тәулік бойы қолжетімділік беруге;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат ұсыну және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
7. Ұйымның негізгі функциялары:
1) осы Заңның 81-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген ақпаратты жинау;
2) мазмұнына қойылатын талаптар осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандыру есептерін қалыптастыру және беру;
3) сақтандыру статистикасын, оның ішінде сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер жүргізу үшін қажетті статистиканы қалыптастыру;
4) сақтандыру нарығы жөніндегі деректерді статистикалық есепке алу, талдау және қорыту үшін және оларды уәкілетті орган мен өнім берушілердің сұратуы бойынша ұйымның интернет-ресурсы арқылы оларға беру үшін ақпараттық-талдамалық жүйені құру және жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлық-ақыларын автоматты түрде есептеу;
10-тармақтың 55) тармақшасының жиырма үшінші және жиырма төртінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) әрбір сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) бойынша сақтандыру шарттары жөніндегі ақпаратты электрондық нысанда сақтау үшін сақтандыру шарттары бойынша электрондық дерекқорды жүргізу;
7) өзінің интернет-ресурсында сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесін орналастыру болып табылады.
8. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және осы Заңда көзделген талаптарды іске асыру жөніндегі функциялардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпаратты, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпаратты алуға құқылы.
Сақтандыру ұйымдары үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұйым мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері мен дерекқорына «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес қолжетімділік алуға құқылы.
Ұйым қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыруы барысында алынған, қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
56) 80-бапта:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қолжетімділігі стандартты сақтандыру есебі - сақтандыру жағдайлары, сақтандыру объектісі, сақтандыру агенттері, сақтандыру құпиясына жатпайтын өзге де мәліметтер туралы ақпаратты қамтитын сақтандыру есебі.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мыналар:
1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар;
2) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
3) уәкілетті орган;
4) ақпарат беру туралы шарттар негізінде өзге де тұлғалар дерекқорды қалыптастыру үшін ақпарат берушілер болып табылады.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарына қатысты ақпарат беру мақсатында құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
6) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен өзге де тұлғалар;»;
«8) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлім) 830-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4) және 4-4) тармақшаларында аталған тұлғалар;»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісінің келісімі негізінде банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржы ұйымдары сақтандыру есебін алушылар болып табылады.»;
5-тармақта:
бірінші бөлік мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ұйыммен ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасқан кезде, сондай-ақ дерекқор субъектісінің келісімі болған кезде дерекқор субъектілері туралы қолжетімділігі шектеулі және стандартты сақтандыру есептерін алуға құқылы.»;
екінші бөліктегі «1), 2), 3), 6) және 7)» деген сөздер «1), 2), 2-1), 3), 6), 7) және 9)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың сұрау салуы сақтандыру есебін ұсыну үшін негіз болып табылады.
Дерекқорға сұрау салуды беруге жауапты уәкілетті тұлға осы баптың 4-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылардың атынан сұрау салу береді, ол туралы ақпарат дерекқор алушылардың тізілімінде болады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 1), 2), 2-1) және 5) тармақшаларында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы олардың сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Дерекқор субъектісіне сақтандыру есебі оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат түрінде ұсынылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген алушыларға сақтандыру есебін ұсынуы ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есебін алу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ұйымның осы баптың 4-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген алушыға сақтандыру есебін ұсынуы оның сұрау салуы негізінде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жүзеге асырылады.
Осы баптың 4-тармағының 2), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарында көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұйымның интернет-ресурсы арқылы сақтандыру есебін алуға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқор субъектілерін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында санамаланған ақпаратты «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес тиісті бағдарламалық қамтылыммен біріктірілген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, нақты уақыт режимінде тәулік бойы алуға құқылы.»;
57) 81-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заңның 80-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемдері, сақтандыру жағдайлары, сақтандыру агенттері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары туралы (мүлік және денсаулық бойынша төлемдер бөлінісінде) ақпаратты осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген талаптарды ескере отырып, ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шартта көзделген тәртіппен, мерзімде және көлемде береді.»;
58) 82-бапта:
1-тармақта:
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13) дерекқор субъектісі өтініш жасаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтанушы сақтандыру шарты бойынша дерекқорға мәліметтер енгізу міндетіне кіретін сақтандырушымен (ақпарат берушімен) жасасқан сақтандыру шарты туралы мәліметтердің дерекқорда бар екендігі туралы ақпаратты оған беруге;»;
10-тармақтың 58) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтары 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) тармақшадағы «сақтауға міндетті.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) сақтандыру агенттерінің бірыңғай тізілімін жүргізуге, оның ішінде:
сақтандырушыға сақтандыру агентінің бірыңғай тізілімде бар екендігі туралы ақпаратты ұсынуға және сақтандыру шарттарын жасасқан кезде делдалдық қызметтер көрсетуге сақтандыру агенттерінің өкілеттіктерін растауға;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша сақтандыру агенттерін бірыңғай тізілімнен алып тастауға міндетті.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) кәсіпкерлік қызметке байланысты ақпараттық материалдарды өзін-өзі реттейтін ұйымнан сатып алуды жүзеге асыруға;
3-2) дерекқорды қалыптастыру және пайдалану үшін ақпаратты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінен алуға;
3-3) сақтандыру есептерін алушыларға сақтандырылған көлік құралының тарихы жөнінде ақпаратты беруге;»;
59) мынадай мазмұндағы 15-тараумен толықтырылсын:
«15-тарау. Сақтандыру омбудсманы
86-бап. Сақтандыру омбудсманы, оның мәртебесі, қызмет қағидаттары, оны сайлау тәртібі және оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату
1. Мынадай:
1) сақтандыру ұйымдары арасында міндетті және ерікті сақтандыру мәселелері бойынша туындайтын;
2) сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) мен сақтандыру ұйымдары арасында сақтандыру шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға сақтандыру омбудсманы болып табылады.
Сақтандыру омбудсманы сақтанушылар (сақтандырылушылар, пайда алушылар) ретінде жеке тұлғалар және (немесе) шағын кәсіпкерлік субъектілері әрекет ететін келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асырады. Өзге заңды тұлғалар сақтандыру омбудсманына көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша ғана жүгіне алады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғалардың келіспеушіліктері бойынша талаптар сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
2. Сақтандыру омбудсманы өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
1) тараптардың теңқұқықтылығы;
2) сақтандыру омбудсманы шешім қабылдаған кезде объективтілік және бейтараптық;
3) сақтандыру құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;
4) тараптардың құқықтарын сақтау және заңмен қорғалатын мүдделерін құрметтеу;
5) шешім қабылдау рәсімінің ашықтығы және негізділігі.
3. Сақтандыру омбудсманын сайлауды және оның өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтатуды сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі жүзеге асырады.
4. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің көпшілік дауысымен сайланады. Сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің әрбір мүшесінің дауыс беру кезінде бір дауысы болады. Дауыстар тең болған кезде уәкілетті орган өкілінің дауысы шешуші болып табылады.
5. Егер сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің отырысына қатысатын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесінің мүшелері жиынтығында дауыстардың жалпы санының кемінде үштен екісін иеленсе, осы отырыс - заңды, ал кворум талаптары сақталды деп танылады.
6. Сақтандыру омбудсманы үш жыл мерзімге сайланады.
7. Сол бір адам қатарынан екі реттен астам сақтандыру омбудсманы болып сайлана алмайды.
8. Сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін өзінің бастамасы бойынша мерзімнен бұрын тоқтату өкілеттіктер тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесін жазбаша хабардар ету негізінде жүзеге асырылады.
87-бап. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі және оның құзыреті
1. Сақтандыру омбудсманының өкілдер кеңесі:
1) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар әрбір сақтандыру ұйымынан;
2) уәкілетті органнан бір-бір өкілден қалыптастырылады.
2. Өкілдер кеңесінің құзыреті:
1) осы Заңның 88-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттар арасынан сақтандыру омбудсманы лауазымына сайлау;
2) құрылымы мен штатын (сақтандыру омбудсманының офисін) бекіту;
3) сақтандыру омбудсманының қызметін (бюджетін) қаржыландыру тәртібін айқындау;
4) уәкілетті органмен келісу бойынша сақтандыру омбудсманының ішкі қағидаларын бекіту;
5) сақтандыру омбудсманының осы Заңның 88-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған немесе ол осы Заңның 91-бабының 3-тармағында көзделген талапты орындамаған жағдайларда, сақтандыру омбудсманының өкілеттіктерін мерзімнен бұрын тоқтату;
6) осы Заңға сәйкес сақтандыру омбудсманының қызметін жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.
88-бап. Сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
1. Сақтандыру омбудсманы ретінде сайлау үшін:
1) жоғары заң білімі және (немесе) жоғары экономикалық білімі бар;
2) мінсіз іскерлік беделі бар;
3) сақтандыру саласында бес жылдан астам жұмыс өтілі бар;
4) уәкілетті орган сақтандыру ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру, сондай-ақ сақтандыру ұйымын немесе басқа заңды тұлғаны мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын сақтандыру ұйымының немесе басқа заңды тұлғаның басшы қызметкері болып табылмаған адам ұсынылуы мүмкін.
Сот Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам, сондай-ақ өзіне қатысты қылмыстық қудалау жүзеге асырылатын адам сақтандыру омбудсманы болуға ұсынылмайды.
2. Сақтандыру омбудсманы сақтандыру ұйымдарында кез келген лауазымды атқаруға және (немесе) сақтандыру ұйымдарының үлестес тұлғасы болуға құқылы емес.
89-бап. Сақтандыру омбудсманының құқықтары мен міндеттері
1. Сақтандыру омбудсманының:
1) өтініш берушінің өтінішін қарау үшін қажетті мәліметтерді сақтандыру ұйымдарынан сұратуға;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасының талаптарын сақтай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сақтандыру омбудсманының қызметі туралы материалдарды жариялауға;
3) штат (сақтандыру омбудсманының офисін) құруға құқығы бар.
2. Сақтандыру омбудсманы:
1) өз қызметінде осы Заңның 86-бабының 2-тармағында көзделген қағидаттарды басшылыққа алуға;