8. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері аяқталған соңғы қаржы жылының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдік ашуға құқылы.
9. Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері әділет органдарында есептік қайта тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Филиал, өкілдік туралы ережеге әділет органдарында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдар мен өкілдіктер ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға мемлекеттің тиісті органында тіркелгенін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
11. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері уәкілетті органның келісімін алмастан өз өкілдігін ашуға құқылы.
12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде:
1) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі қойылған, өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметіне арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
3) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған қолданыстағы лицензиясы бар екені туралы жазбаша растамасын немесе егер тиісті мемлекеттегі сақтандыру брокерінің қызметі лицензияланатын қызмет түрі болмаса, тіркеу нөмірін көрсете отырып, электрондық растаманы не сақтандыруды қадағалау органының жазбаша растаманы беру Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері шыққан елдің заңнамасында көзделмегені туралы мәлімдемесін;
4) тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін ашуға қарсы еместігі туралы жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің сақтандыруды қадағалау органының немесе беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы мәлімдемесін;
5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі басшысының атына нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, ашылуы туралы уәкілетті органға жазбаша хабар беруге тиіс.
13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын Қазақстан Республикасында ашуға тыйым салынады.
14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгені туралы, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін қоса бере отырып, хабар беруге міндетті.
Өкілдік туралы ережеге қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігі енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы хабарламаны қабылдауға уәкілеттік берілген орган Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері өкілдігінің құжаттарын қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға олардың қабылданғанын растайтын құжатты, филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.
15. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері өзінің филиалын және (немесе) өкілдігін әділет органдарында (Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде филиалдың немесе өкілдіктің қызметі тоқтатылған кезде мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, өздерінің қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабар беруге тиіс.
16. Уәкілетті орган осы баптың 7, 8, 12 және 14-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының резиденті-сақтандыру брокерінің филиалын және (немесе) өкілдігін және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің өкілдігін жабуды талап етеді.
Уәкілетті орган осы баптың 2, 9, 10 және 15-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, сақтандыру брокеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулі ықпал ету шараларының және (немесе) санкциялардың бірін қолданады.»;
27) 36-1-баптың 2) тармақшасы «1)» деген цифрдан кейін «, 1-1)» деген цифрлармен толықтырылсын;
28) 37-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінде:
8) тармақша алып тасталсын;
9), 11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«9) өтініш берушінің штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарийдің бар екені туралы мәліметтерді;»;
«11) егер сақтандыру ұйымы мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;
12) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;»;
2-тармақта:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий қол қойған, сақтандыру сыныбы (сыныптары) бойынша бизнес-жоспарды;
3) егер сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген болса, осындай ұйымға қатысу шартының нотариат куәландырған көшірмесін;»;
4) тармақша «лицензиялық» деген сөздің алдынан «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы Заңның және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінің талаптарына сәйкес дерекқорға қатысуын растайтын құжаттарды;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып алып тасталған кезде, сондай-ақ лицензиаттың тұрған жерінің өзгеруін қоспағанда, Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, лицензия қайта ресімделуге жатады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін олардың өзгерісін қоса алғанда, лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау, сақтандырудың осы сыныптары бойынша жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға тыйым салуға алып келеді.
Сақтандырудың осы сыныптары бойынша бұрын жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға не сақтанушының келісімі болған кезде сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға және (немесе) сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.»;
6-тармақта:
2) тармақша «лицензиялық» деген сөздің алдынан «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сақтандыру шарттары мерзімінен бұрын бұзылған және (немесе) сақтандыру портфелі берілген жағдайларда, сақтандыру шарттарының мерзімінен бұрын бұзылғанын және (немесе) осы Заңның 37-1-бабында көзделген тәртіппен сақтандыру портфелінің берілгенін растайтын құжаттарды ұсынады.»;
7-тармақтың 4) тармақшасы «лицензиялық» деген сөздің алдынан «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-2 және 7-3-тармақтармен толықтырылсын:
«7-2. Уәкілетті орган бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымына ғана береді.
7-3. Сақтандыру ұйымы бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасауды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжатты;
3) бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру жөніндегі функциялар жүктелетін құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді;
4) инвестициялық комитеттің құрамы туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы комитет туралы ережені;
5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуін айқындайтын ішкі қағидаларды;
6) өтініш берушіде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың немесе өзге де жабдықтың болуын растайтын құжатты ұсынады.»;
8-тармақта:
1) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) брокерлік қызмет түрлерінің шегінде лицензия беру туралы өтінішті;»;
«6) сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін ішкі жұмыс регламентін;»;
8) тармақша «лицензиялық» деген сөздің алдынан «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1, 8-2 және 8-3-тармақтармен толықтырылсын:
«8-1. Сақтандыру брокері брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) жарғылық және (немесе) меншікті капитал мөлшерлерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төмен мөлшерлерге сәйкестігін растайтын құжаттарды;
3) брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша қызметті жүзеге асыру тәртібі көзделетін ішкі жұмыс регламентін;
4) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.
8-2. Лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрі алып тасталған жағдайда, лицензия брокерлік қызметтің осы түрі алып тастала отырып, қайта ресімделуге жатады.
8-3. Сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан брокерлік қызметтің жекелеген түрін алып тастау үшін сақтандыру брокері уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін ұсынады.»;
10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
29) 37-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның 37-бабына сәйкес лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушының келісімі болған жағдайда сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтандыру портфелін беруді жүзеге асыруға не сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша сақтанушылармен сақтандыру шарттарын бұзуға міндетті.
Қайта сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны ерікті түрде қайтарған кезде қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы бар басқа қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру портфелін беруді қайта сақтанушының (цеденттің) келісімі болған кезде жүзеге асыруға міндетті.
Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия ерікті түрде қайтарылған кезде сақтандыру ұйымы сақтандырудың осы сыныбы (сыныптары, түрлері) бойынша шарттар жасасуға және оларды орындауға байланысты қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қатарынан соңғы алты ай ішінде төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативін бұзған жағдайда, уәкілетті орган сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті шарты бойынша және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін мәжбүрлеп беру туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтанушының келісімін алу жөніндегі осы баптың 1-тармағының талабы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61-4-бабында көзделген операцияны жүзеге асырған бас банктің еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының арасында сақтандыру портфелін беруге қолданылмайды.
Сақтандыру ұйымы сақтанушыларды (пайда алушыларды) хабардар ету мақсатында сақтандыру портфелін алдағы беру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын екі мерзімді баспасөз басылымында және сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында сақтандыру портфелін беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.»;
30) 38 және 40-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден (қайта ресімдеуден) бас тарту мынадай негіздер бойынша:
1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптар сақталмаса;
2) құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы кіретін сақтандыру тобы өтініш берілгенге дейін алты ай ішіндегі кезеңде белгіленген пруденциялық нормативтерді және сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамаса;
3) егер өтініш беруші мемлекеттік тіркелген күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбесе;
4) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмесе;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері үшін) жүргізіледі.
2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны немесе қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына не брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны беруден бас тарту, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтердің сақталмауын болжау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);
2) пруденциялық нормативтерді өтініш берілген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақтамау (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін);
3) өтініш берілген күні сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына немесе сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі қолданыстағы санкцияның болуы (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері үшін) негіздері бойынша жүргізіледі.»;
«40-бап. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялау
1. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығында актуарлық қызметті лицензиялауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Өтініш беруші сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияны алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия беру туралы өтінішті;
2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініш беруші туралы мәліметті;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесін;
5) «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы төлем жасау жағдайларын қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін;
6) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, актуарийлерді оқытудың ең қысқа міндетті бағдарламасы бойынша оқытудан өткенін және тиісті емтихандарды сәтті тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін және (немесе) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін магистр дипломының көшірмесін;
7) Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - жеке тұлғалар үшін - актуарийдің мәртебесін және тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастықтарына мүшелікті растайтын құжаттардың көшірмелерін;
8) лицензия алуға өтініш берушінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін халықаралық емтихандарды тапсырғанын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін (болған кезде);
9) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес келетін жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап бір ай ішінде қарайды.
Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тарту береді.
3. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия өтініш берушіге ол Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі. Тестілеуді өткізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
4. Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес өзінің біліктілігін әрбір үш жыл сайын растайды.
5. Мынадай:
1) ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
2) осы Заңның 60-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болған;
3) уәкілетті орган өткізген тестілеудің нәтижесі теріс болған жағдайлар лицензия беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
6. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
31) 41-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «міндетті сақтандыру түрлері бойынша тиісті заң актілерінде» деген сөздер «Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін тиісті жекелеген заңнамалық актілерінде» деген сөздермен ауыстырылсын;