10. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, уәкілетті органның лицензиясы негізінде қызметін жүзеге асыратын сақтандыру брокері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденттері - қайта сақтандыру ұйымдарына осы тәуекелдерді қайта сақтандыруға Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің орналастыру талаптары туралы есепті уәкілетті органға ұсынады.
10-тармақтың 5) тармақшасының он тоғызыншы абзацы 2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
11. Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокері филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы Қазақстан Республикасының бейрезиденті - қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға бере алады. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезиденті - сақтандыру брокерінің еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезиденті - осы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.
12. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің айрықша түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.»;
6) 10-бап мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтану шыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым;
11-2) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым;»;
7) 10-1 және 10-2-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктері
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің өкілеттіктеріне:
1) сақтандыру нарығында қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
2) ішкі құжаттарды әзірлеу;
3) сақтандыру нарығына қатысушыларға оқытуды өткізу;
4) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
5) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
6) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды ықтимал бұзушылықтары туралы мәліметтерді уәкілетті органға жіберу;
7) құрылтай құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру жатады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері уәкілетті орган беретін, өз мүшелерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі ақпаратты өз мүшелерінің назарына жеткізуге міндетті.
10-2-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің ішкі құжаттары
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлерінің бірлестіктері мынадай ішкі құжаттарды:
1) сақтандыру нарығындағы қызмет стандарттарын;
2) кәсіби әдеп кодексін;
3) дауларды шешу тәртібін;
4) жарғыда көзделген өзге де құжаттарды қабылдайды.
Ішкі құжаттарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлері бірлестігінің жоғары басқару органы бекітеді және олардың мүшелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.»;
8) 3-тарау мынадай мазмұндағы 10-3-баппен толықтырылсын:
«10-3-бап. Актуарийлер бірлестігі
1. Актуарийлер бірлестігі коммерциялық емес ұйым нысанында құрылады, оның қызметі осы Заңмен, «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, актуарийлер бірлестігінің құрылтай құжаттарымен реттеледі.
2. Актуарийлер бірлестігіне мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату шарттары мен тәртібі актуарийлер бірлестігінің жарғысында белгіленеді.
Актуарийлер бірлестігі өз мүшелерінің тізбесін жүргізеді және оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
3. Актуарийлер бірлестігі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сақтандыру және сақтандыру қызметі саласында актуарлық зерттеулер, оның ішінде актуарлық бағалауды және мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру тарифтеріне сараптама жүргізу;
2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдары шеңберінде жасалған аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша талдау жүргізу және өмір сүру көрсеткіштерін жаңартып отыру;
3) актуарийлерді оқытудың міндетті ең төмен бағдарламасы бойынша оқытуды және емтихандарды өткізу;
4) ішкі құжаттарды әзірлеу;
5) өз қызметін жүзеге асыру кезінде өз мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету;
6) мүшелерінің арасында туындайтын дауларды қарау;
7) өз мүшелерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
8) Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына қайшы келмейтін өзге де функцияларды жүзеге асыру.
4. Актуарийлер бірлестігінің жұмыскерлері мен мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапты болады.
5. Ықпал ету шараларын, оларды қолдану тәртібі мен негіздерін, актуарийлер бірлестігі мүшелерінің кәсіби әдеп кодексі мен кәсіби практика стандарттарын, мүшелікке қойылатын біліктілік талаптары мен өзге де талаптарды бұзуы туралы істерді қарау тәртібін әзірлеу және бекіту актуарийлер бірлестігі басқармасының жоғары органының құзыретіне жатады.»;
9) 11-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізінде, инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерге қатысты инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті;»;
3-1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «мазмұны мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыру түрлерін» деген сөздер «түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде айқындалатын міндетті сақтандыруды» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы осы Заңда және Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде көзделеді.»;
10) 11-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензия алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сақтандыру омбудсманы өкілдер кеңесінің құрамына кіруге міндетті.»;
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі бекітеді.
Сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидаларын сақтандырушының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
Ерікті сақтандыру шарттарын тиісті келісім негізінде сақтандыру ұйымының әріптестері болып табылатын басқа ұйымдардың интернет-ресурстарын пайдалана отырып электрондық нысанда жасасқан жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру қағидаларын олардың интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етуге міндетті.»;
«4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз штатында сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес.
Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар актуарий, тәуелсіз актуарий ретінде тартылатын жағдайларды қоспағанда, өз қызметін басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында қоса атқаруға құқылы емес.»;
«6. Тәуелсіз актуарий мынадай талаптарға сай келуге:
1) тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жұмыскері болмауға;
2) актуарлық қызметте кемінде үш жыл және тексерілетін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметін жүзеге асыратын сақтандыру саласында кемінде екі жыл тәжірибесі болуға және актуарийлер бірлестігінің мүшесі болуға;
3) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайда, актуарлық қызметке арналған уәкілетті органның лицензиясы болуға немесе тізбесі мен талаптарын уәкілетті орган белгілейтін актуарийлердің халықаралық қауымдастығының мүшесі болуға тиіс.»;
11) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.
Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді меншікті қаражаттары және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұсынады.
Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.»;
12) 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Ортақ сақтандыру және бірлескен қайта сақтандыру жөніндегі қызмет
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру арқылы тәуекелдерді сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру кезінде ортақ сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктерін өзіне қабылдайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының талаптарымен жасалуы мүмкін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шартта мынадай ақпарат:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы;
2) сақтандыру сыныптары (түрлері) және сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру тәуекелдерінің тізбесі;
3) ортақ сақтандырудың (бірлескен қайта сақтандырудың) жекелеген шарты бойынша міндеттемелердің ең жоғары мөлшерін, қабылданатын тәуекелдер бойынша пулға әрбір қатысушы жауапкершілігінің ең жоғары үлесін қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы мен оның қатысушыларының жиынтық міндеттемелерінің ең жоғары мөлшері;
4) ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарттарын жасасу және орындау талаптары, тәртібі;
5) шарттың қолданылу мерзімі;
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
7) дауларды шешу тәртібі;
8) тараптардың қолтаңбалары қамтылуға тиіс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы) уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қатысуымен бірлескен қызмет туралы шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы шарттың көшірмесін қоса бере отырып, оның жасалғаны туралы хабардар етеді.
3. Ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына қойылатын талаптарға сай келуге тиіс.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің шеңберінде жасалған ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шартында бірлескен қызмет туралы шарттың нөмірі мен жасалған күні, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті тұлғасының не сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін тартылған сақтандыру брокерінің қолтаңбасы қамтылуға тиіс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының әрбір қатысушысы сақтандыру резервтерін қабылданған міндеттемелердің көлеміне сәйкес қалыптастырады.
6. Лицензиясында сақтандырудың тиісті сыныбы көрсетілмеген сақтандыру ұйымының сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
7. Сақтандырудың тиісті саласы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта сақтандыру пулына қатысуына тыйым салынады.
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар басқа қатысушылардың пул қызметінің шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар мен сақтандыру брокерінің арасында келісім болған кезде уәкілетті органның тиісті лицензиясы бар сақтандыру брокерлері тартылуы мүмкін.
Бұл ретте сақтандыру брокеріне жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары жүктеледі.
14-бап. Лицензиясыз қызметке тыйым салу
1. Уәкілетті органның тиісті лицензиясы жоқ бірде-бір тұлғаның:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті өз атынан жүзеге асыруға, осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда, негізгі немесе қосымша қызмет түрі ретінде сақтандыру брокері, актуарий қызметтерін көрсетуге;
2) өзінің атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамада «сақтандыру», «қайта сақтандыру», «сақтандыру ұйымы», «қайта сақтандыру ұйымы», «сақтандыру брокері» деген сөздерді немесе оның өз атынан сақтандыру немесе қайта сақтандыру операцияларын жүзеге асыратынын не осы Заңның 11-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларда сақтандыру брокері, актуарий ретінде әрекет ететінін білдіретін туынды сөздерді (сөз тіркестерін) кез келген тілде пайдалануға құқығы жоқ.
2. Өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін қоспағанда, уәкілетті органның лицензиясынсыз сақтандыру қызметін жүзеге асыруға тыйым салынады.»;
13) 15-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
10-тармақтың 14) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 3-тарау мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасқан кезде сақтандыру ұйымына және интернет-ресурстарға қойылатын талаптар
1. Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде немесе сақтандыру қағидаларында көзделген жағдайларда, сақтандыру шарттары сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу арқылы электрондық нысанда жасалуы мүмкін.
2. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсы сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу үшін пайдаланылады.
Ерікті сақтандыру шарттары тиісті келісімнің негізінде сақтандырушының әріптестері болып табылатын басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып электрондық нысанда да жасалуы мүмкін.
Сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасу үшін пайдаланылатын сақтандыру ұйымдары интернет-ресурстарының тізбесі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
3. Сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
4. Сақтандыру шартын осы баптың 1-тармағына және 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде сақтандыру ұйымы:
1) сақтанушыға сақтандыру шартын жасасу не оны жасасудан бас тарту (бас тарту себептерін көрсете отырып) туралы хабарламаның электрондық хабар түрінде дереу жөнелтілуін;
2) сақтанушының сақтандыру шарты жөніндегі ақпаратты ұйымның ақпараттық жүйесі арқылы тексеру мүмкіндігін;
3) сақтанушы үшін сақтандыру ұйымының интернет-ресурсына тәулік бойы қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, сақтандыру шартының электрондық нысанда сақталуын;
4) сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға):
мәліметтерді өзгерту, сақтандыру шартын қайта ресімдеу;
сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету;
келтірілген зиян мөлшерін айқындау;
сақтандыру төлемін алу үшін қажетті ақпаратты (өтінішті, хабарламаны және (немесе) өзге құжаттарды, мәліметтерді) электрондық нысанда жасау және сақтандыру ұйымына жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті.
Сақтандыру шартын жасасу туралы хабарлама дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан жіберіледі.
Сақтандыру шартын жасасу туралы хабардар ету тәртібі және хабарламаның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
5. Сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде, егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы осы сақтандыру шартын сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) төлеген күннен бастап сақтандырушы ұсынған талаптарда жасасты деп есептеледі.
6. Сақтандыру шарты сақтандырушының интернет-ресурсы және (немесе) басқа да ұйымдардың интернет-ресурстары пайдаланыла отырып жасалған кезде, сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақысы бөліп төленген жағдайда, бірінші сақтандыру жарнасын) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген сақтандырудың үлгілік талаптарымен не сақтандырушының сақтандыру қағидаларымен танысқаннан кейін төлейді, сол арқылы ол осы қосылу шартын өзіне ұсынылған талаптарда жасасуға өзінің келісетінін растайды.
7. Сақтандыру агенттерінің сақтанушы мен сақтандыру ұйымы арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау арқылы сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасасуға арналған сақтандыру ұйымдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланып сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі қызметіне жол берілмейді.»;
10-тармақтың 15) тармақшасы 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
15) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Сақтанушыларға ақпарат беру бойынша сақтандыру ұйымына, сақтандыру брокеріне, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымға, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға, сақтандыру омбудсманына қойылатын талаптар
1. Сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың), сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген адамдардың назарына өз қызметі туралы ақпаратты жеткізу мақсатында сақтандыру ұйымының, сақтандыру брокерінің, сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның, дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымның, сақтандыру омбудсманының интернет-ресурсы болуға тиіс.
2. Сақтандыру ұйымының интернет-ресурсында мынадай ақпарат:
1) осы ұйымның, оның ішінде филиалдары мен өкілдіктерінің толық атауы, мекенжайы (тұрған жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;
2) акционерлер туралы мәліметтер;
3) басшы қызметкерлер туралы мәліметтер;
4) мемлекеттік тіркеу нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
5) лицензияның нөмірі, берілген күні туралы мәліметтер;
6) жүзеге асырылатын қызмет түрлері туралы мәліметтер;
7) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық қаржылық есептілік (болған кезде);
8) аудиторлық ұйым растаған, алдыңғы есептік үш жылға жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік (болған кезде);
9) алдыңғы есептік үш жылдағы қызмет қорытындылары туралы есептер (болған кезде);
10) қауымдастықтарға (одақтарға), оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің бірлестігіне қатысу туралы мәліметтер (болған кезде);
11) сақтандыру ұйымына рейтингтік агенттіктер берген рейтингтер (берген жағдайда);
12) құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдары туралы мәліметтер (сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметінде жетекші болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшін);
13) олар бойынша олардың алдыңғы редакцияларын, енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды көру мүмкіндігімен сақтандыру шартын электрондық нысанда жасасу мүмкіндігі көзделетін, ерікті нысандағы сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қағидалары;
14) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру тарифтерінің (сақтандыру сыйлықақыларының, жарналарының) мөлшерлері туралы ақпарат орналастырылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру сыныптары (түрлері) бойынша сақтандыру тарифтерін бағалау әдістеріне және есептеу қағидаттарына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
3. Сақтандыру брокерінің интернет-ресурсында мынадай ақпарат:
1) осы баптың 2-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;
2) акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтер;
3) шарттың нөмірі мен жасалған күнін, сақтандырушының атауын, сақтандыру объектісін және шартты жасасу нысанасы болып табылатын тәуекелдер тізбесін, оның қолданылу кезеңін және шарт бойынша сақтандыру сомасын қоса алғанда, сақтандыру брокерінің үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың қолданыстағы шарты туралы мәліметтер орналастырылады.
4. Сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның интернет-ресурсында мынадай ақпарат:
1) осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген ақпарат;
2) қатысушы - сақтандыру ұйымдары туралы мәліметтер орналастырылады;