5. Осы Кодекстің 54-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уəкілетті мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өздерінің тұрған жері бойынша (беру толық автоматтандырылғанға дейін) салық органына алымды төлеушілер жəне салық салу объектілері туралы мəліметтер ұсынады.
613-бап. Алым төлеушілер
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, уəкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асыру кезінде алымдар алу көзделген əрекеттерді олардың мүдделері үшін жасайтын тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері алым төлеушілер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында жəне Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын жағдайларда шетелдік жұмыс күшін тартатын тұлғалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым төлеушілер болып табылмайды.
614-бап. Алымдарды есептеу мен төлеу тəртібі
1. Алым сомалары белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі жəне уəкілетті мемлекеттік органға жəне жергілікті атқарушы органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша төленеді.
2. Тиісті рұқсат беру құжаттары ресімделмей, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган белгілеген автокөлік құралының жол берілетін өлшемдерін бұза отырып, автокөлік құралының жүріп өту фактісі анықталған жағдайда, автокөлік құралының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасы осындай факт анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
3. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомасын бюджетке төлеу банктік ұйымдар арқылы аудару жолымен не уəкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнайы жабдықталған орындарында уəкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақшаны енгізу жолымен жүргізіледі.
Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын автомобиль көлігі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті мемлекеттік орган ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей күн сайын банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке жатқызу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері алым төлеу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болса, ақшаны есепке жатқызу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
Жеке тұлғалар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым сомаларын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілерінде уəкілетті мемлекеттік органның бизнес-сəйкестендіру нөмірі қойылады.
4. Жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының əлеуметтік қорғау туралы заңнамасында жəне Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасында айқындалатын тəртіппен жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру не ұзарту туралы шешім қабылдағаны туралы хабарламасы алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде алынады.
5. АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым салық органына тиісті құжаттар берілгенге дейін АХҚО-ның тұрған жері бойынша төленеді.
615-бап. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері
1. Тіркеу алымдарының мөлшерлемелері осындай алымдарды төлеу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткішке (бұдан əрі осы тараудың мəтіні бойынша - АЕК) еселенген мөлшерде айқындалады.
2. Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тіркеу əрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 1.1. | заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 6,5 |
| 1.2. | саяси партияларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін | 14 |
| 2. | Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерді, қазыналық кəсіпорындарды, көппəтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестіктерін жəне пəтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерінің кооперативін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) мемлекеттік тіркегені, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 2.1. | мемлекеттік тіркегені, қызметтің тоқтатылуын тіркегені, есептік тіркегені, есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
| 2.2. | қайта тіркегені үшін | 0,5 |
| 3. | Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктерін, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерін жəне (немесе) олар құрған, осы Кодекстің 322-бабының талаптарына сəйкес келетін ұйымдарды мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені), олардың қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), олардың филиалдары мен өкілдіктерін, республикалық жəне өңірлік ұлттық-мəдени қоғамдық бірлестіктердің филиалдарын есептік тіркегені (қайта тіркегені), есептік тіркеуден шығарғаны үшін: | |
| 3.1. | тіркегені үшін (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде) | 2 |
| 3.2. | қайта тіркегені, қызметтің тоқтатылуын мемлекеттік тіркегені (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қайта ұйымдастыру кезінде), есептік тіркеуден шығарғаны үшін | 1 |
3. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым мөлшерлемелері:
| Р/с № | Тіркеу əрекеттерінің түрлері | Мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 1.1. | механикалық көлік құралын (оған қатысты бастапқы мемлекеттік тіркеу жүргізілетін көлік құралынан басқа) немесе тіркемені | 0,25 |
| 1.2. | теңіз кемелерін | 60 |
| 1.3. | өзен кемелерін | 15 |
| 1.4. | шағын көлемді флот кемелерін | |
| 1.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 3 |
| 1.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 2 |
| 1.4.3. | өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 1.5. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 1.6. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 2. | Қайта тіркегені үшін: | |
| 2.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 2.2. | теңіз кемелерін | 30 |
| 2.3. | өзен кемелерін | 7,5 |
| 2.4. | шағын көлемді флот кемелерін | |
| 2.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 1,5 |
| 2.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 1 |
| 2.4.3. | өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 2.5. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 2.6. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 3. | Мемлекеттік тіркелгенін куəландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін: | |
| 3.1. | механикалық көлік құралын немесе тіркемені | 0,25 |
| 3.2. | теңіз кемелерін | 15 |
| 3.3. | өзен кемелерін | 3,75 |
| 3.4. | шағын көлемді флот кемелерін | |
| 3.4.1. | қуаты 50 ат күшінен (37 кВт) жоғары өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 0,75 |
| 3.4.2. | қуаты 50 ат күшіне (37 кВт) дейінгі өздігінен жүзетін шағын көлемді кемелерді | 0,5 |
| 3.4.3. | өздігінен жүзбейтін шағын көлемді кемелерді | 0,38 |
| 3.5. | қалалық рельсті көлікті | 0,25 |
| 3.6. | теміржолдың тартқыш, сондай-ақ моторлы-вагонды жылжымалы құрамын | 0,25 |
| 4. | Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін: | |
| 4.1. | гибридті көлік құралдарын қоспағанда, электр қозғалтқыштары бар М1 санатындағы көлік құралдары: | |
| 4.1.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі | 0,25 |
| 4.1.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі | 25 |
| 4.1.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл жəне одан жоғары | 250 |
| 4.2. | электр қозғалтқыштары бар көлік құралдарын қоспағанда, М1 санатындағы көлік құралдары: | |
| 4.2.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі | 0,25 |
| 4.2.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі | 50 |
| 4.2.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жыл жəне одан жоғары | 500 |
| 4.3. | М2, М3, N1, N2, N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштарды қоспағанда): | |
| 4.3.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі | 0,25 |
| 4.3.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі | 240 |
| 4.3.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 5 жылға дейінгі | 350 |
| 4.3.4. | шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жыл жəне одан жоғары | 2500 |
| 4.4. | N3 санатындағы көлік құралдары (ершікті тартқыштар): | |
| 4.4.1. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылға дейінгі | 0,25 |
| 4.4.2. | шығарылған жылын қоса алғанда, 2 жылдан 3 жылға дейінгі | 240 |
| 4.4.3. | шығарылған жылын қоса алғанда, 3 жылдан 7 жылға дейінгі | 350 |
| 4.4.4. | шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жыл жəне одан жоғары | 2500 |
616-бап. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері
1. Рұқсат беру құжаттарын бергені үшін алым мөлшерлемелері осындай алымдар төлеу күніне қолданыста болатын АЕК-тің еселенген мөлшерінде айқындалады.
2. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:
1) мыналарды:
халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - АЕК-тің 1 еселенген мөлшерін;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сəйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсатты ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан шыққаны үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшерін;
2) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіргені (шыққаны), Қазақстан Республикасының аумағымен транзиттеу үшін - АЕК-тің 30 еселенген мөлшерін;
3) ірі габаритті жəне (немесе) салмағы ауыр отандық жəне шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін - осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерлерді құрайды.
3. Ірі габаритті жəне (немесе) салмағы ауыр отандық жəне шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүріп өткені үшін алым мөлшерлемелері:
1) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін - асып кеткен əрбір тонна (толық еместі қоса алғанда) үшін АЕК-тің 0,005 еселенген мөлшерін құрайды.
Автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) жалпы нақты массасының жол берілетін жалпы массадан асып кеткені үшін алым сомасы көрсетілген алым мөлшерлемесін осындай асып кету мөлшеріне жəне маршрут бойынша тасымалдаудың тиісті арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
2) автокөлік құралының (жүкпен немесе жүксіз) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін (əрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған жəне үш еселенген осьтер үшін):
| Р/с № | Жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кету, % | Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып кеткені үшін тариф (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 10%-ды қоса алғанға дейін | 0,011 |
| 2. | 10,0%-дан 20,0%-ды қоса алғанға дейін | 0,014 |
| 3. | 20,0%-дан 30,0%-ды қоса алғанға дейін | 0,190 |
| 4. | 30,0%-дан 40,0%-ды қоса алғанға дейін | 0,380 |
| 5. | 40,0%-дан 50,0%-ды қоса алғанға дейін | 0,500 |
| 6. | 50,0 %-дан жоғары | 1 |
Алым сомасы жол берілетін осьтік жүктемелерден нақты асып кеткен мөлшерге сəйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдаудың арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы айқындалады;
3) автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені жəне ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін:
| Р/с № | Автокөлік құралдарының габариттік өлшемдері, метрмен | Жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін мөлшерлемелер (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Биіктігі: | |
| 1.1. | 4-тен жоғары 4,5-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
| 1.2. | 4,5-тен жоғары 5-ті қоса алғанға дейін | 0,018 |
| 1.3. | 5-тен жоғары | 0,036 |
| 2. | Ені: | |
| 2.1. | 2,55-тен (изометриялық шанақтар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ті қоса алғанға дейін | 0,009 |
| 2.2. | 3-тен жоғары 3,75-ті қоса алғанға дейін | 0,019 |
| 2.3. | 3,75-тен жоғары | 0,038 |
| 3. | Ұзындығы: | |
| 3.1. | жол берілетін ұзындықтан асып кететін əрбір метр (толық еместі қоса алғанда) үшін | 0,004 |
Автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің автокөлік құралдарының биіктігі, ені жəне ұзындығы бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы мынадай тəртіппен айқындалады:
биіктік бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сəйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің биіктік бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ені бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сəйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің мөлшеріне ені бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы, қосу ұзындық бойынша автокөлік құралының нақты габариттік мөлшеріне сəйкес келетін мөлшерлемені маршрут бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту жолымен алынған, автокөлік құралы (жүкпен немесе жүксіз) габариттерінің ұзындық бойынша жол берілетін габариттік өлшемдерден асып кеткені үшін алым сомасы.
4. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензиялар бергені үшін алым) мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Лицензияланатын қызмет түрлері | Алым мөлшерлемелері (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері: | |
| 1.1. | Тау-кен жəне химия өндірістерін пайдалану | 10 |
| 1.2. | Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу | 10 |
| 1.3. | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердің өмірлік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау | 100 |
| 1.4. | Ядролық материалдармен жұмыс істеу | 50 |
| 1.5. | Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен жəне қондырғылармен жұмыс істеу | 10 |
| 1.6. | Иондандырушы сəулені генерациялайтын аспаптармен жəне қондырғылармен жұмыс істеу | 5 |
| 1.7. | Атом энергиясын пайдалану саласында көрсетілетін қызметтерді ұсыну | 5 |
| 1.8. | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу | 50 |
| 1.9. | Ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондандырушы сəулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегінде тасымалдау | 50 |
| 1.10. | Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарындағы жəне жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа да аумақтардағы қызмет | 10 |
| 1.11. | Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою | 10 |
| 1.12. | Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдық жəне фумигациялық тəсілдермен қолдану | 10 |
| 1.13. | Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облыс ішiндегі қалааралық) жəне халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақсыз тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау | 3 |
| 1.14. | Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызмет | 6 |
| 1.15. | Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет | 20 |
| 1.16. | Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын əзірлеу жəне өткізу (оның ішінде өзге де беру) | 9 |
| 1.17. | Жедел-iздестiру iс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарды əзiрлеу, өндiру, жөндеу жəне өткізу | 20 |
| 1.18. | Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды жəне жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды анықтау жөнінде қызметтер көрсету | 20 |
| 1.19. | Ақпаратты жасырын алуға арналған арнаулы техникалық құралдарды ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелуге жəне ЕАЭО-ның кедендік аумағынан əкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру | 0 |
| 1.20. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелуге жəне ЕАЭО-ның кедендік аумағынан əкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру | 0 |
| 1.21. | Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына жəне жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдарға жатқызу нысанасына техникалық зерттеу жүргізу | 0 |
| 1.22. | Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамалары туралы нотификацияларды тіркеу | 0 |
| 1.23. | Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді жəне сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дəрілерді, қару-жарақ пен əскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтауыш бұйымдар мен аспаптарды, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнаулы материалдар мен жабдықтарды əзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу жəне өткізу | 22 |
| 1.24. | Жарылғыш жəне пиротехникалық (азаматтықты қоспағанда) заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды əзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау | 22 |
| 1.25. | Босатылатын оқ-дəрілерді, қару-жарақты, əскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (құрту, кəдеге жарату, көму) жəне қайта өңдеу | 22 |
| 1.26. | Азаматтық жəне қызметтік қару мен оның патрондарын əзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекциялау, экспонаттау | 10 |
| 1.27. | Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды əзірлеу, өндіру, сату, пайдалану | 10 |
| 1.28. | Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызмет | 186 |
| 1.29. | Байланыс саласында қызметтер көрсету | 6 |
| 1.30. | Білім беру қызметі | 10 |
| 1.31. | Теле-, радиоарналарын тарату жөнiндегi қызмет | 6 |
| 1.32. | Медициналық қызмет | 10 |
| 1.33. | Фармацевтикалық қызмет | 10 |
| 1.34. | Адвокаттық қызмет | 6 |
| 1.35. | Нотариаттық қызмет | 6 |
| 1.36. | Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызмет | 6 |
| 1.37. | Аудиторлық қызмет | 10 |
| 1.38. | Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау жəне қызметтерді көрсету | 50 |
| 1.39. | Заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы | 6 |
| 1.40. | Туроператорлық қызмет | 10 |
| 1.41. | Ветеринария саласындағы қызмет | 6 |
| 1.42. | Сот-сараптама қызметі | 6 |
| 1.43. | Тарих жəне мəдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жəне (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру | 10 | |
| 1.44. | Мыналар жүзеге асыратын банк операциялары*: | | |
| 1.44.1. | екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары | 800 | |
| 1.44.2. | банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар | 400 | |
| 1.45. | банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бағалы қағаздар нарығында кəсіби қызметті жүзеге асыру жөніндегі операциялары | 800 | |
| 1.46. | банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары жүзеге асыратын өзге де операциялар | 800 | |
| 1.46.1. | Микроқаржылық қызмет | 30 | |
| 1.47. | Қызметін Ұлттық Банктің қолмақол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғалардың операциялары | 40 | |
| 1.48. | Өмірді сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 | |
| 1.49. | Жалпы сақтандыру саласындағы қызмет** | 500 | |
| 1.50. | Ерекше қызмет түрі ретінде қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 500 | |
| 1.51. | Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет | 200 | |
| 1.52. | Сақтандыру брокерінің қызметі | 300 | |
| 1.53. | Актуарийлік қызмет | 10 | |
| 1.54. | Брокерлік қызмет | 30 | |
| 1.55. | Дилерлік қызмет | 30 | |
| 1.56. | Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызмет | 30 | |
| 1.57. | Кастодиан қызметі | 30 | |
| 1.58. | Трансферагенттік қызмет | 10 | |
| 1.59. | Бағалы қағаздармен жəне өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 | |
| 1.60. | Қаржы құралдарымен жасалатын мəмілелер бойынша клиринг қызметі | 40 | |
| 1.61. | Іздестіру қызметі | 10 | |
| 1.62. | Құрылыс-монтаждау жұмыстары | 10 | |
| 1.63. | Жобалау қызметі | 10 | |
| 1.64. | Тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебінен ұйымдастыру жөніндегі қызмет | 10 | |
| 1.65. | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау | 10 | |
| 1.66. | Этил спиртін өндіру | 3 000 | |
| 1.67. | Сыра қайнату өнімінен басқа, алкоголь өнімін өндіру | 3 000 | |
| 1.68. | Сыра қайнату өнімін өндіру | 2 000 | |
| 1.69. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау жəне көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау жəне көтерме саудада өткізу, əрбір қызмет объектісі үшін | 200 | |
| 1.70. | Алкоголь өнімін өндіру аумағында сақтау жəне бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау жəне бөлшек саудада өткізу, қызметін мыналарда жүзеге асыратын субъектілерге əрбір қызмет объектісі үшін: | | |
| 1.70.1. | астанада, республикалық жəне облыстық маңызы бар қалаларда | 100 | |
| 1.70.2. | аудандық маңызы бар қалаларда жəне кенттерде | 70 | |
| 1.70.3. | ауылдық елді мекендерде | 30 | |
| 1.71. | Темекі бұйымдарын өндіру | 500 | |
| 1.72. | Тауарлардың экспорты мен импорты | 10 | |
| 1.73. | Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты | 10 | |
| 1.74. | Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету | 10 | |
| 1.75. | Ойын бизнесі саласындағы қызмет: | | |
| 1.75.1. | казино жəне ойын автоматтары залы үшін | 3845 | |
| 1.75.2. | тотализатор жəне букмекерлік кеңсе үшін | 640 | |
| 1.76. | Тауар биржалары саласындағы қызмет: | | |
| 1.76.1. | тауар биржасы үшін | 10 | |
| 1.77. | Денсаулық сақтау саласында дезинфекциялау, дезинсекциялау жəне дератизациялау бойынша қызметтер көрсету | 10 | |
| 1.78. | I кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы | 2 000 | |
| 1.79. | II кіші түр - меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ жəне цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналастырылған, өзіне меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыруы | 5 | |
| 2. | Лицензияның телнұсқасын бергені үшін алым мөлшерлемелері: | | |
| 2.1. | 1.45. - 1.47.1., 1.49. - 1.53., 1.67. - 1.74.-тармақтарда көрсетілгендерді қоспағанда, барлық қызмет түріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 100%-ы | |
| 2.2. | 1.45. - 1.47.1., 1.49. - 1.53.-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10%-ы | |
| 2.3. | 1.67 - 1.74-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлеріне | 1 | |
| 3. | Лицензияларды қайта ресімдегені үшін мөлшерлемелер: | | |
| 3.1. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдеуді қоспағанда, барлық лицензия түрлері үшін | осы кестенің 1-тармағында белгіленген тиісті мөлшерлеменің 10%-ы | |
| 3.2. | тауарлардың экспорты мен импортына, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына лицензияны қайта ресімдегені үшін | 1 | |
Ескертпе.
*Əрбір банктік операция үшін; ** əрбір сақтандыру сыныбы үшін.
5. Көмірсутектер саласындағы қызметтің жекелеген кіші түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензия беру үшін лицензиялық алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды: