536-бап. Акцизделетін тауарлардың тізбесі
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, акцизделетін тауарлар мыналар болып табылады:
1) спирттің барлық түрлері;
2) алкоголь өнімі;
3) темекі бұйымдары;
4) қыздырылатын темекісі бар бұйымдар;
5) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспасы, экологиялық отын;
6) шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, 10 жəне одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары;
қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, адамдар тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер жəне өзге де моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға əдейі арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы жəне жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиіндегі моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға əдейі арналған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа);
7) шикі мұнай, газ конденсаты;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дəрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім;
9) энергетикалық сусындар;
10) сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер;
сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын кемелер;
сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын əуе кемелері.
Сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті орган шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тəртіппен айқындайды.
Осы баптың екінші бөлігіне сəйкес айқындалған импортталатын тауарлардың қосымша тізбесінде көрсетілген тауарларға акциздердің мөлшерлемелерін сауда қызметін реттеу саласындағы уəкілетті органның ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
537-бап. Акциздердің мөлшерлемелері
1. Акциздердің мөлшерлемелері заттай түрдегі өлшем бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.
2. Өздеріне қатысты аралас (бекіген (өзіндік ерекше) жəне адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемелерден тұратын) салықтық мөлшерлемелер белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша акциздің сомасы бекіген (өзіндік ерекше) салықтық мөлшерлеме мен заттай түрде өткізілген (берілген, əкелінетін) акцизделетін тауарлар көлемінің көбейтіндісі ретінде жəне осындай тауарлардың ең жоғары бөлшек саудадағы бағасының адвалорлық (пайызбен) салықтық мөлшерлемеге сəйкес келетін пайыздық үлесі ретінде есептелген акциз сомаларын қосу нəтижесінде алынған сома болып есептеледі.
3. Алкоголь өніміне акциздердің мөлшерлемелері осы баптың 1-тармағына сəйкес не оның құрамындағы сусыз (жүз пайыздық) спирттің көлемдік үлесіне қарай бекітіледі.
4. Спирттің барлық түріне жəне толысылған шарапқа (шарап материалына) акциз мөлшерлемелері спиртті жəне толысылған шарапты (шарап материалын) одан əрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.
5. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға акциздердің мөлшерлемелері олардың осы бапқа сəйкес айқындалатын құнына пайыздармен белгіленеді.
6. Акциз сомаларын есептеу мынадай мөлшерлемелер бойынша:
1) осы Кодекстің 536-бабының 1) - 4), 6) - 10) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
| Р/с № | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздердің мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | 2207-ден | 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті жəне кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа) | 600 теңге/литр |
| 2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 1,0 теңге/литр |
| 3. | 2208-ден | Денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары жəне 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын жəне белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті жəне кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық (түссіз емес, боялған) этил спиртінен (этанолдан) басқа | 2550 теңге/литр 100% спирт |
| 4. | 2207-ден | Емдік жəне фармацевтикалық препараттар үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын денатуратталмаған этил спирті | 600 теңге/литр 100% спирт |
| 5. | 2207-ден | Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 0 теңге/литр |
| 6. | 2208-ден | Денатуратталмаған этил спирті, алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, спирт тұнбалары жəне 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар өзге де спиртті ішімдіктер | 75 теңге/литр 100% спирт |
| 7. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дəрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім | 500 теңге/литр 100% спирт |
| 8. | 2205, 2206, 2208-ден | Алкоголь өнімі (шараптан, толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) | 2850 теңге/литр 100% спирт |
| 9. | 2204-тен | Шарап | 38 теңге/литр |
| 10. | 2204-тен | Толысылған шарап (шарап материалы) (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа) | 180 теңге/литр |
| 11. | 2204-тен | Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын толысылған шарап (шарап материалы) | 1 теңге/литр |
| 12 | 220 300 | Сыра жəне сыра сусыны | 99 теңге/литр |
| 13. | 2202 91 000 0 | Этил спиртінің көлемдік құрамы 0,5 пайыздан аспайтын сыра жəне сыра сусыны | 0 теңге/литр |
| 14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 18 051 теңге/1 000 дана |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 163 теңге/1 000 дана |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 880 теңге/1 000 дана |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 23 279 теңге/1 000 дана |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 25 607 теңге/1 000 дана |
| 15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 18 051 теңге/1 000 дана |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 163 теңге/1 000 дана |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 880 теңге/1 000 дана |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 23 279 теңге/1 000 дана |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 25 607 теңге/1 000 дана |
| 16. | 2402-ден | Сигариллалар: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 18 051 теңге/1 000 дана |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 163 теңге/1 000 дана |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 21 880 теңге/1 000 дана |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 23 279 теңге/1 000 дана |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 25 607 теңге/1 000 дана |
| 17. | 2402-ден | Сигаралар | 825 теңге/дана |
| 18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысымен қапталған жəне түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, қорқорлы жəне өзге де темекі: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 15 863 теңге/килограмм |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 18 835 теңге/килограмм |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 19 692 теңге/килограмм |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 20 719 теңге/килограмм |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 22 791 теңге/килограмм |
| 19. | 2403, 2404-тен | Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула жəне өзгелер): | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 11 230 теңге/1 000 дана |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 11 330 теңге/1 000 дана |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 11 430 теңге/1 000 дана |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 11 640 теңге/1 000 дана |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 12 803 теңге/1 000 дана |
| 20. | 2709 00-ден | Шикі мұнай, газ конденсаты | 0 теңге/тонна |
| 21. | 8702-ден | Шағын автобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, 10 жəне одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары | 100 теңге/текше см |
| | 8703-тен | Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын, негізінен адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер жəне өзге де моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға əдейі арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | |
| 8704-тен | Қозғалтқышының көлемі 3 000 текше сантиметрден асатын, жүкке арналған платформасы жəне жүк бөлігінен қатты стационарлық қабырғамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар жеңіл автомобиль шассиiндегi моторлы көлік құралдары (мүгедектігі бар адамдарға əдейі арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа) | |
| 22. | 2204, 2205, 2206 00 жəне 2208-ден | Құны кедендік құнынан 500,0 мың теңгеге асатын алкоголь өнімін импорттау (жеке тұтынудан басқа) | құнынан 10%, теңге/литр |
| 23. | 2402-ден | Құны кедендік құнынан 10,0 мың теңгеге асатын темекі бұйымдарын (сигараларды) импорттау (жеке тұтынудан басқа) | құнынан 10%, теңге/дана |
| 24. | 8703-тен | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 18 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын жеңіл автомобильдер | сатып алынған көлік құралының құнынан 10% |
| 25. | 8903-тен | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын кемелер | |
| 26. | 8802-ден | Сатып алу құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 24 000 еселенген жəне одан көп мөлшерін құрайтын əуе кемелері | |
| 27. | 2202-ден | Энергетикалық сусындар: | |
| 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 100 теңге/литр |
| 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 140 теңге/литр |
| 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 180 теңге/литр |
| 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап 2029 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда | 200 теңге/литр |
| 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап | 240 теңге/литр |
Ескертпе.
*Осы тармақша кестесінің 24, 25 жəне 26-жолдарында белгіленген мөлшерлемелерді қолдану мақсаттары үшін осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды сатып алу құны:
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелу кезінде кедендік төлемдер мен баждарды төлеу мақсатында кедендік құнды айқындау тəртібімен;
осы Кодекстің 518-бабының 1, 2, 4 - 8-тармақтарына сəйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына əкелу кезінде сатып алынған тауарлардың құнын айқындау тəртібімен;
осындай көлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу-сату шартына немесе келісімнің өзге түріне сəйкес сатып алынып, онда көрсетілген сатып алу құны бойынша белгіленеді;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға жүргізіледі.
Ескертпе.
Тауар номенклатурасы ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодымен жəне (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
54-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН,
ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
538-бап. Салық салу объектісі
1. Акциз салынатын объект мыналар болып табылады:
1) акциз төлеуші өзі шығарған жəне (немесе) өндірген жəне (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялар:
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сəйкес төлем жүргізілген акцизделетін тауарларды импорттауды қоспағанда, сондай-ақ өнеркəсіптік құрастыру туралы келісім болған кезде, акцизделетін тауарларды өткізу;
акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде қайта өңдеуге беру;
алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды қайта өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру;
жарғылық капиталға жарна;
акцизделетін тауарларды заттай нысанда пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларынан басқа, акцизделетін тауарларды заттай ақы төлеген кезде пайдалану;
өндіруші өзінің құрылымдық бөлімшелеріне жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту;
өндіруші шығарған жəне (немесе) өндірген жəне (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарларды өзінің өндірістік мұқтаждықтары үшін жəне акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын, лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан акцизделетін тауарлардың орнын ауыстыру;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды көтерме саудада өткізу;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын жəне экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу;
4) мүліктік массаны, тəркіленген жəне (немесе) иесіз қалған, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен жəне мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізу;
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттау;
7) осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында сатып алу.
2. Сəйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қаралады.
3. Мыналар акциз салудан босатылады:
1) егер осы Кодекстің 545-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарларды экспорттау;
2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді жəне оның айналымын бақылау жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын квоталар шегіндегі, өз қызметінің басталғаны туралы белгіленген тəртіппен хабардар еткен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спирті;
3) егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе, жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау маркаларымен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 175-бабының 2-тармағында көрсетілген акцизделетін тауарлар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дəрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа);
5) есептен шығару жəне жою туралы актінің негізінде салық органдары қабылдаған, ақаулық, жоғалу, бүліну себебі бойынша айналымнан шығарылған сəйкестендіру құралдары;
6) осы Кодекстің 536-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізаты мен материалдарын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, оның ішінде акцизделетін, экспортқа өткізілген акцизделетін тауарларды, егер ол осы Кодекстің 545-бабында белгіленген талаптарға сəйкес келсе беру.
539-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда алушыға акцизделетін тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелерінің желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (қайта өңдеушіге) беру күні операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 536-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сəйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасалған күн болып табылады. Тапсырыс берушіге меншік құқығындағы немесе қабылдау-алу актілерімен расталған өзге заңды негіздерде тиесілі мұнайды автомобиль жəне (немесе) теміржол цистерналарына құю не құбыржол бойымен өнім берушінің резервуарына немесе құю станциясына айдау арқылы заттай түрдегі акцизделетін тауарларды іс жүзінде тиеп-жөнелту дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына əкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан əкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сəйкес айқындалады жəне алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған жəне (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспайды.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сəйкес қайта өңдеу өнімінің болжамды көлемі акциз салынатын объект болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге əкелу (əкету) жүзеге асырылған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін əкету (əкелу), сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уəкілетті органмен келісу бойынша уəкілетті орган айқындаған тəртіппен, нысан бойынша жəне мерзімдерде оны орындау туралы міндеттемені ұсынады.
4. Акцизделетін тауарлар өзінің өндірістік мұқтаждықтары жəне акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланылған кезде көрсетілген тауарларды осындай пайдалануға беру күні операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан орнын ауыстыру кезінде акцизделетін тауарлардың лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орын ауыстыру күні операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін тауарлар, сəйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды есептен шығару туралы акт, сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару жəне жою туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан əрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетін тауарлар, сəйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, сəйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарлар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес кіріске алынған күн осындай тауарлар есепке қабылданған күн болып табылады.
8. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына əкелу күні операция жасалған күн болып табылады.
9. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған кезде тіркеуші органда көлік құралын тіркеу күні операция жасалған күн болып табылады.
540-бап. Салықтық база
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база осы Кодекстің 537-бабында белгіленген тəртіппен айқындалатын сатып алу құны болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары жəне экологиялық отын бойынша салықтық база берілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
541-бап. Əртүрлі мөлшерлемелер белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне жəне толысылған шарапқа (шарап материалына) салық салу ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 536-бабының 3-тармағына сəйкес спирттің барлық түріне жəне толысылған шарапқа (шарап материалына) əртүрлі акциз мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, салықтық база сол бір мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.
2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт бойынша акциз сомасы қайта есептелуге жəне алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді жəне төлеуді спиртті алушы жүргізеді.
3. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған толысылған шарапты (шарап материалын) спиртті жəне (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы толысылған шарап (шарап материалы) бойынша акциз сомасы қайта есептелуге жəне алкоголь өнімін өндірушілер болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін толысылған шарап (шарап материалы) үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша бюджетке төленуге жатады. Акцизді қайта есептеуді жəне төлеуді толысылған шарапты (шарап материалын) алушы жүргізеді.
4. Осы баптың 2-тармағының ережелері медициналық қызметтер көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.
542-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы
1. Төтенше ахуал салдарынан жəне (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жəне импортталатын, сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік аумағына əкелінетін акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.
Осы ереже одан əрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында нашарлауы акцизделетін өнімнің бүлінуі деп түсініледі;
2) салдарынан тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға акцизделетін тауардың шығыны деп түсініледі.
Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндірушінің нормативтік жəне техникалық құжаттамасында регламенттелетін нормалар шегіндегі ысыраптар шығын болып табылмайды.
543-бап. Сəйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, сəйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мəлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.
Осы Кодекстің 175-бабына сəйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сыйымдылықтың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізге алына отырып жүргізіледі.
2. Темекі бұйымдарын импорттау кезінде берілген сəйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары:
1) сəйкестендіру құралдарының, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы төтенше ахуал салдарынан жəне (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған;