өндіру басталған айы мен жылы көрсетіле отырып, уəкілетті органға хабарлама жіберілді.
Осы тармақшада белгіленген пайдалы қатты қазбалар бойынша табылғаннан кейін өндірудің басталу күні жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша айқындалады;
9) топтың құндық балансы - өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ бойынша жəне салықтық кезеңнің басында жəне соңында айқындалатын, ауыстырылатын активтер тобы бойынша қорытынды сома.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) жəне 5) тармақшаларында айқындалған ұғымдар осы Кодекстің басқа баптарында осы бапта айқындалған мағыналарында пайдаланылады.
305-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстардың шегерімі жөніндегі жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша шеккен өндіру басталғанға дейінгі шығыстар өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша жеке топты қалыптастырады.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізу кезінде өндіру басталғанға дейінгі шығыстардың мөлшері осы Кодекстің 258 - 272, 286 жəне 287-баптарында белгіленген шегерімдерге осындай шығыстарды жатқызу үшін нормадан аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар:
өндіру табылғаннан кейін жүзеге асырылатын, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт немесе
келісімшарттан тыс қызмет бойынша
осы параграфта белгіленген тəртіппен жəне шарттармен амортизациялық аударымдар түрінде немесе осы Кодекстің 310-бабының 3-тармағына сəйкес жылдық жиынтық кірістен шегеріледі.
4. Осы баптың 1-тармағына сəйкес құрылған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ салықтық есепке алу мақсаттары үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан:
осы Кодекстің 308-бабында көзделген тəртіппен - жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа; немесе
осы Кодекстің 311 немесе 312-бабында көзделген тəртіппен - жер қойнауын пайдалануға немесе келісімшарттан тыс қызметке арналған басқа келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстырылуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қатысты өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізу үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар мөлшері осындай шығыстарға мынадай шартты коэффициентті қолдану жолымен айқындалады:
құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 1,5;
күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша - 2,0.
6. Егер осы Кодекстің 309-бабында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 257 - 282, 286 - 288-баптарында белгіленген тəртіппен өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт шеңберінде табылғаннан кейін өндіру басталған күннен кейін туындайтын шығыстарды салықтық есепке алуды жүргізеді.
306-бап. Амортизациялық аударымдарды есептеу тəртібі
1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ бойынша амортизациялық аударымдар өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды есепке алу жөніндегі салықтық тіркелімде жер қойнауын пайдаланушы белгілеген шығыстар бойынша топтың құндық балансына амортизация нормаларын қолдану жолымен салықтық кезеңнің соңында өндіру басталғанға дейін айқындалады.
Жер қойнауын пайдаланушы белгілеген мұндай амортизация нормалары амортизацияның мынадай шекті нормаларынан:
1) күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша жылдық жиынтық кірістен осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген мерзімге шегеру үшін амортизациялық аударымдардың сомасын айқындау үшін - 37,5 пайыздан;
2) мыналар:
осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген мерзім аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге де келісімшарттар, оның ішінде күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт;
осы Кодекстің 312-бабының 1-тармағына сəйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы ауыстырылған жағдайда келісімшарттан тыс қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістен шегеру үшін амортизациялық аударымдардың сомасын айқындау үшін - 25 пайыздан аспауға тиіс.
2. Осы бапқа сəйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау мақсаттары үшін амортизациялық аударымдарды есептеу:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша - өндірудің басталу күні табылғаннан кейін басталған салықтық кезеңнен;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша немесе жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша - өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы немесе ауыстырылатын активтер тобының құндық балансы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан ауыстырылған жəне:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты ұлғайтқан;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ болмаған кезде осындай топты қалыптастырған салықтық кезеңнен;
3) келісімшарттан тыс қызмет бойынша - өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылған жəне:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты ұлғайтқан;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ болмаған кезде осындай топты қалыптастырған салықтық кезеңнен басталады.
307-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық баланстарын айқындау
1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансын салық төлеуші былайша айқындайды:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың алдыңғы салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансы
алу
алдыңғы салықтық кезеңде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің соңындағы құндық балансын салық төлеуші былайша айқындайды:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың салықтық кезеңнің басындағы құндық балансы
қосу
жер қойнауын пайдаланушының өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейінгі салықтық кезең ішінде шеккен жəне өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізілуге жататын шығыстарының немесе шығындарының сомасы,
қосу
негізгі құралдар жəне осы Кодекстің 273-бабының 4-тармағында көрсетілген материалдық емес активтердің баланстық құнын бухгалтерлік есепке алуда ұлғайтуға жатқызылуға тиіс, жер қойнауын пайдаланушы табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін пайдалануға енгізген осындай активтер бойынша табылғаннан кейін өндіру басталған күннен кейін шеккен кейінгі шығыстардың сомасы
қосу
жер қойнауын пайдаланушының ауыстырылатын активтер тобының құндық балансынан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа ауыстырылған шығыстарының сомасы
қосу
осы Кодекстің 308 немесе 312-бабына сəйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан ауыстырылған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы немесе оның бір бөлігі
қосу
осы Кодекстің 309-бабында көрсетілген тіркеп-белгіленген активтер топтарының жəне кəсіпкерлік қызметтен болған залалдардың құндық баланстарының мөлшері
алу
осы Кодекстің 310-бабына сəйкес түзетулер
алу
жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансынан ауыстырылатын активтер тобының құндық балансына ауыстырған шығыстар сомасы
алу
осы Кодекстің 312-бабына сəйкес жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстырған өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы.
308-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасалған жағдайда, осы Кодекстің 305-бабының 1-тармағына сəйкес қалыптастырылған өндіруге дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы жалғастырушы келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылады.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру бір мезгілде:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен; жəне
2) мынадай:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту;
жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша толық немесе бір бөлігінде жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше жалғастырушы келісімшарт жасасқан жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың ауыстырылатын құндық балансының шамасы бөлінеді жəне тиісті бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай жалғастырушы келісімшарттар бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылады. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарттар арасында мұндай бөлу осындай жағдай үшін салықтық есепке алу саясатында қабылданған бөлек салықтық есепке алуды жүргізу əдісі негізінде немесе ол салықтық есепке алу саясатында болмаған кезде жер қойнауын пайдалануға арналған барлық жалғастырушы келісімшарттар бойынша бекітілген запастардың жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған əрбір жалғастырушы келісімшарт бойынша бекітілген запастар көлемдерінің үлес салмағы бойынша жүргізіледі, оларды салықтық есепке алуға аталған шығыстарды ауыстыру жүргізіледі.
4. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасалған салықтық кезеңде жүзеге асырады.
5. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың ауыстырылатын құндық балансының мөлшері осы Кодекстің 307-бабында белгіленген тəртіппен ауыстыру күніне айқындалады.
6. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт (жалғастырушы келісімшарттар) бойынша шегерім мақсаттары үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыруды жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізеді.
7. Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған жəне (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы шегеруге жатқызу мақсатында осы Кодекстің 312-бабында белгіленген тəртіппен шығыстарды ауыстыруды жүргізеді.
309-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша қалыптасқан тіркеп-белгіленген активтер топтарының құндық баланстарын, кəсіпкерлік қызметтен болған залалдарды жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартта ауыстыру жəне шегерімдерге жатқызу тəртібі
Табылғаннан кейін басталған өндіруді бастау күні өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызмет аяқталған кезде, тіркеп-белгіленген активтер топтарының қалыптасқан құндық баланстары жəне кəсіпкерлік қызметтен болған залалдар:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге;
2) осы Кодекстің 308-бабында белгіленген тəртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылуға;
3) осы Кодекстің 306-бабында белгіленген тəртіппен осындай жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартта шегерімдерге жатқызылуға тиіс.
310-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын түзету
1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы (Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа) мынадай сомаға азайтылады:
1) пайдалы қазбаларды өткізуден түскен кірісті қоса алғанда, табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін жер қойнауын пайдаланушы алған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшартқа байланысты кірістер, сондай-ақ өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізілген активтердің шығып қалуынан түскен кірістер;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын немесе оның бір бөлігін өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар осы келісімшарт бойынша өткізуден алынған кірістер;
3) өзге заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде берілген кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топта ескерілген активтердің құны. Бұл ретте мұндай құн заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген салымның құны негізінде айқындалады;
4) беру күніндегі жер қойнауын пайдаланушының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша осындай активтердің баланстық құнынан кем емес мөлшерде аталған активтерді өзге тұлғаға қабылдау-беру актісінде көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топта ескерілген өтеусіз берілген активтердің құны.
2. Күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға жəне өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарттар бойынша (құрлықтағы газ жобаларынан басқа) осы баптың 1-тармағының 3) жəне 4) тармақшаларында көзделген активтер құны түріндегі шығыстар сомасы осы Кодекстің 305-бабының 5-тармағында белгіленген бұрын қолданылған шартты коэффициент ескеріле отырып айқындалады.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызмет аяқталған жағдайда, жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеуге байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған жағдайды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының шамасын жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша салықтық есепке алудағы шегерімдерге жатқызуға құқығы бар. Салықтық кезеңнің соңындағы осы топтың мөлшері нөлге тең болады.
311-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың шегерімі
Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша салық төлеушінің қызметі аяқталған жағдайда, салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы аяқталған соңғы салықтық кезеңнің соңында қалыптасқан өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының сомасын жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарт бойынша салықтық есепке алудағы шегерімдерге жатқызуға құқығы бар.
312-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған кезде өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша шегерімді айқындау үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру
1. Жер қойнауын пайдаланушыда өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданылуы тоқтатылатын күні жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт болмаған жəне (немесе) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт жасасу құқығын пайдалануы үшін пайдалы қазбаларды табу болмаған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдаланушының таңдауы бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша жүзеге асырылатын қызмет немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыруға құқылы.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстыру бір мезгілде:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда - мыналар:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар;
осындай келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау болып табылатын осындай келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейінгі шығыстар; жəне
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансының түзетулері ескеріле отырып, салықтық кезеңнің басында осындай келісімшарт бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын азайту жолымен;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша немесе келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуда - мыналар:
- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту;
- өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша жəне (немесе) келісімшарттан тыс қызмет бойынша біреуден көп салықтық есепке алуға ауыстырылған жағдайда, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың берілетін құндық балансы осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағында ортақ шығыстарды бөлу үшін белгіленген жəне жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында көрсетілген бөлу əдістерінің бірі негізінде осындай салықтық есепке алу арасында бөлінеді жəне ауыстырылады.
4. Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі.
313-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарттар бойынша өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды шегерудің ерекшеліктері
1. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топты құрған шығыстар бойынша жер қойнауын пайдаланушы кез келген салықтық кезеңде осы жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарты (келісімшарттары) бойынша шегерімдерге ауыстыру жəне жатқызу мақсатында ауыстырылатын активтер тобын қалыптастыруға құқылы.
2. Ауыстырылатын активтер тобын қалыптастыруды жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде ауыстырылатын активтер тобының шамасын азайту сомасына бір мезгілде ұлғайта отырып, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың шамасын азайту жолымен жер қойнауын пайдаланушы жүргізеді.
Осы баптың 8-тармағында белгіленген жағдайлар басталған кезде ауыстырылатын активтер тобының құндық балансының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылмаған бір бөлігі өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге жатады.
3. Ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа ауыстыру бір мезгілде:
1) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда - осындай келісімшарт бойынша ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын азайту жолымен;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда - мынадай:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ұлғайту;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансы болмаған кезде осындай топты қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
4. Осы бапта белгіленген ауыстыру жер қойнауын пайдаланушының салықтық тіркелімі негізінде жүргізіледі.
Ауыстырылатын активтер тобының жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылатын құндық балансының шамасы салық төлеушінің таңдауы бойынша ауыстыру күніне толық немесе бір бөлігінде айқындалады.
5. Жер қойнауын пайдаланушыда жер қойнауын пайдалануға арналған екі жəне одан көп басқа келісімшарт болған жағдайда, ауыстырылатын активтер тобының берілетін құндық балансы жер қойнауын пайдалануға арналған осындай басқа келісімшарттар бойынша бөлінеді жəне тиісті бөлігінде салықтық есепке алуға ауыстырылады. Ауыстырылатын активтер тобының құндық балансын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарттар арасында бөлу осындай жағдай үшін салықтық есепке алу саясатында қабылданған бөлек салықтық есепке алуды жүргізу əдісінің негізінде немесе ол салықтық есепке алу саясатында болмаған кезде - жер қойнауын пайдалануға арналған əрбір басқа келісімшартқа жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңдегі осындай келісімшарттар бойынша алған тікелей кірістердің жалпы сомасында келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша жүргізіледі.
6. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартта (келісімшарттарда) шегерімдерге жатқызу осы Кодекстің 306-бабында белгіленген тəртіппен жүргізіледі.
7. Жер қойнауын пайдаланушы ауыстырылатын активтер тобының жəне өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың бөлек салықтық есепке алынуын жүргізуге міндетті.
8. Бұрын жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшартқа (келісімшарттарға) ауыстырылмаған ауыстырылатын активтер тобының құндық балансының шамасы өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансына енгізілуге жəне өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ үшін осы параграфта белгіленген тəртіппен:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша өндіру кезеңі басталған немесе өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша кен орнын табу жəне бағалау негізінде өндіруге келісімшарт жасалған салықтық кезеңде;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың қолданысы тоқтатылған күнге жылдық жиынтық кірістен шегерілуге жатады.
314-бап. Өнімсіз ұңғымалар бойынша шығыстарды шегеру
Егер ұңғыма Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес оны сынау кезінде көмірсутек шикізатының өнеркəсіптік ағынының алынбауына байланысты жойылған болса (бұдан əрі осы тармақтың мақсатында - өнімсіз ұңғыма), онда мұндай ұңғыманы салуға жəне жоюға іс жүзінде шеккен шығыстар мынадай тəртіппен шегерімге жатқызылады:
1) өнімсіз ұңғыманы салуға жəне (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе табылған соң өндіру басталған күнге дейін шеккен осындай шығыстардың бір бөлігі осы Кодекстің 305-бабында белгіленген тəртіппен шегерілуге тиіс;
2) өнімсіз ұңғыманы салуға жəне (немесе) жоюға арналған шығыстар немесе табылған соң өндіру басталған күннен кейін шеккен осындай шығыстардың бір бөлігі осындай ұңғыма жойылған салықтық кезеңде шегерімге жатқызылады.
315-бап. Шығыстарды келісімшарттан тыс қызметке жатқызудың ерекшеліктері
Келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алу үшін салық төлеушінің шығыстарына жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа байланысты шығыстардың мынадай түрлері жатады:
1) төленген қол қою бонусының сомаларын қоспағанда, салық төлеушінің келісімшарт жасалған күнге дейін жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт жасасуға жəне жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға байланысты шығыстары;
2) осы Кодекстің 312-бабының 1-тармағына сəйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуға ауыстырылған шығыстар.
316-бап. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу əдісімен уран өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдер
1. Коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезден кейінгі кезеңде пайдалану блоктарын (полигондарын) жерасты ұңғымалық сілтілеу əдісімен уран өндіруге дайындау кезінде жер қойнауын пайдаланушы іс жүзінде шеккен, амортизацияланатын активтерді сатып алуға жəне (немесе) құруға арналған шығындар (шығыстар) жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде амортизацияланатын активтердің жеке тобын түзеді.