1. Кірісі осы Кодекстің 291-бабына сəйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша кіріс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсатында мұндай кіріс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтары немесе міндеттемелері орындалған, мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күні, сондай-ақ талаптары туынды қаржы құралымен бұрын жасалған мəміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мəміле жасасу күні танылады.
2. Туынды қаржы құралы бойынша мəміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Туынды қаржы құралы бойынша мəміле мерзімі ішінде аралық есеп айырысу кезінде, сондай-ақ орындау немесе мерзімінен бұрын тоқтату күні төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
291-бап. Орындалу мерзімі ұзақ туынды қаржы құралы бойынша кіріс
1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі жасалған күнінен бастап он екі айдан асатын жəне орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлемелер көрсеткіштерінің, индекстердің жəне осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы бапта белгіленген ережелер ескеріле отырып, түсімдердің шығыстардан асып кетуі ретінде айқындалады.
Салықтық есепке алу мақсатында осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша кіріс осы тармақта көрсетілген асып кету пайда болатын əрбір салықтық кезеңде танылады.
2. Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.
3. Есепті салықтық кезең ішінде осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер осы туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.
292-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нəтижесіндегі ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын жəне халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар хеджирлеу болып табылады. Активтер жəне (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге жəне (немесе) міндеттемелерге немесе күтілетін мəмілелерге байланысты ақша ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.
2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мəмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін төмендетуге алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.
3. Хеджирлеу объектісі ол бойынша нақты мəміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал салықтық есепке алуда хеджирлеу мəмілесінің нəтижесі танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сəйкес есепке алынады.
4. Хеджирлеу объектісі ол бойынша нақты мəміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша кіріс немесе залал мұндай кіріс немесе залал тиісінше осы Кодекстің 290 жəне 291-баптарына сəйкес танылған салықтық кезеңде тиісінше жылдық жиынтық кіріске қосылады немесе шегерімге жатады.
293-бап. Базалық активті беру жолымен орындау кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсаттарында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активті сатып алу немесе өткізу нəтижесінде төленуге жататын (жұмсалған) шығыстар жəне алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға жəне түсімдерге жатпайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан болатын түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсаттарында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сəйкес есепке алынады.
28-тарау. ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ КЕЛІСІМШАРТТАР БОЙЫНША КІРІСТЕР
МЕН ШЕГЕРІМДЕРДІ АЙҚЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
294-бап. Жалпы ережелер
1. Қолданылу мерзімі күнтізбелік 12 айдан асатын құрылыс мердігерлік шарты ұзақ мерзімді келісімшарт болып табылады.
Осы параграфтың мақсаттары үшін мынадай күндердің неғұрлым кеші ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталу күні болып табылады:
1) осындай келісімшарт бойынша соңғы кезең немесе жұмыстардың барлық көлемі үшін орындалған жұмыстар актісіне қол қойылған күн;
2) объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылған күн.
2. Салықтық есепке алу əрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша бөлек жүргізіледі.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша мердігер болып табылатын салық төлеушінің осындай келісімшарт бойынша кірісі оның таңдауы бойынша əрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша іс жүзіндегі əдіс немесе аяқтау əдісі бойынша бөлек айқындалады.
Кірістерді айқындаудың таңдап алынған əдісі əрбір ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша қолданылатын əдістерді көрсетуге арналған салықтық тіркелімде көрсетіледі жəне оны ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде өзгертуге болмайды.
Осындай салықтық тіркелім немесе онда таңдап алынған əдіс туралы ақпарат болмаған кезде іс жүзіндегі əдіс осындай əдіс болып танылады.
4. Ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмсалған шығыстар сомасы осы бөлімнің 29, 30 жəне 31-тарауларында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, 26-тарауға сəйкес шегерімге жатқызылуға жатады.
5. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданысы аяқталған күннен кейін келтірілген осындай келісімшарт бойынша шығыстар сомасы осы параграфтың мақсаттары үшін есепке алынбайды.
6. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде кірістер мен шығыстардың сомалары өзгерген кезде осы параграфтың мақсаттары үшін мұндай өзгерістер осындай өзгерістер болған салықтық кезеңнен бастап есепке алынады.
295-бап. Іс жүзіндегі əдісті қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тəртібі
1. Есепті салықтық кезеңде алынуға жататын (алынған), бірақ ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша осындай кезеңде шегерімге жатқызылған шығыстар сомасынан кем емес кіріс іс жүзіндегі əдіс бойынша есепті салықтық кезеңдегі ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
2. Егер ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде осындай келісімшарт бойынша осы баптың 1-тармағына сəйкес айқындалған кіріс ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасынан асып кетсе:
1) осындай асып кету болған салықтық кезеңде - ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша айқындалатын жалпы кіріс сомасы мен ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылған алдыңғы салықтық кезеңдерде жылдық жиынтық кіріске қосылған осындай келісімшарт бойынша кіріс сомасы арасындағы оң айырма мөлшеріндегі кіріс;
2) ұзақ мерзімді келісімшарт қолданылатын келесі салықтық кезеңдерде - нөлге тең сома ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс болып танылады.
296-бап. Аяқтау əдісін қолданған кезде ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кірісті айқындау тəртібі
1. Аяқтау əдісін қолданған кезде есепті салықтық кезеңде салық салу мақсаттары үшін ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша кіріс мынадай тəртіппен айқындалады:
ұзақ мерзімді келісімшартты қолдану бүкіл кезеңінде ол бойынша алынуға жататын осы келісімшарт бойынша жалпы кіріс сомасы мен ағымдағы салықтық кезеңнің соңындағы осындай келісімшартты орындау үлесінің көбейтіндісі
алу
алдыңғы салықтық кезеңдерде салық салу мақсаттарында осындай келісімшарт бойынша кіріс.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ұзақ мерзімді келісімшартты орындау үлесі мынадай формула бойынша есептеледі:
А / (А+Б), мұнда:
А - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жəне (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сəйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының алдыңғы жəне есепті салықтық кезеңдерінде осындай деп танылған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша шығыстар сомасы;
Б - ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша жұмыстарды аяқтау үшін ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс осындай келісімшарт бойынша шығыстар сомасы.
Б көрсеткішіне енгізілетін шығыстар сомасы жобалау-сметалық құжаттамаға (немесе жұмыстардың осындай түрлері мен көлемдері туралы мəліметтер қамтылатын жəне тапсырыс берушімен келісілген өзге де құжаттарға) сəйкес ұзақ мерзімді келісімшарт қолданысының келесі салықтық кезеңдерінде жүргізілуге тиіс жұмыстардың түрлері мен көлемдері негізінде айқындалады.
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталатын салықтық кезеңде осындай келісімшарттың орындалу үлесі бірге тең.
29-тарау. ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ КІРІСТЕР МЕН
ШЕГЕРІМДЕРДІ АЙҚЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1-параграф. Кірістер
297-бап. Пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге жəне өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін кіріс
Егер осы Кодекстің 310-бабына сəйкес өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын түзететін сомалардың мөлшері соңғының салықтық кезеңнің басындағы салықтық кезеңде жүргізілген шығыстар ескерілген мөлшерінен асып кетсе, асып кету шамасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады. Бұл топтың мөлшері салықтық кезеңнің соңында нөлге тең болады.
298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін кіріс
Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде, кен орындарын игеру салдарын жою қоры есебінен жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде қалыптастырылған кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтайтын салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
Бұл ретте жылдық жиынтық кіріске қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 301-бабына сəйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде жүргізген жылдық жиынтық кірісті түзету сомасына азайтылады.
299-бап. Салықтық міндеттеме заттай нысанда орындалған жағдайда, көмірсутектерді беру кезінде корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен шегерімдердің мөлшерін айқындау ерекшеліктері
Жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындаған жағдайда, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беру күнінде:
1) заттай нысанда орындалған, салықтарды төлеу бойынша орындалған салықтық міндеттеме сомасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады;
2) салықтарды төлеу есебіне заттай нысанда берілген пайдалы қазбалардың өзіндік құны шегерімге жатқызылады; 3) салықтарды төлеу бойынша заттай нысанда орындалған салықтық міндеттеменің сомасы осы Кодекстің 272-бабында айқындалған тəртіппен шегерімге жатқызылады.
2-параграф. Шегерімдер
300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері
Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылса жəне қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау жəне ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағына сəйкес операторға жүктелсе, осы Кодекстің 259-бабының 3-тармағында көзделген қосылған құн салығы оператордың қосылған құн салығы бойынша декларациясының деректері бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тура келетін мөлшерде шегерімге жатады.
Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 314-бабына сəйкес шегерімге жатқызылуға тиіс тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
301-бап. Кен орындарын игеру салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер жəне жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жою қорына аударымдар сомасын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызады. Көрсетілген шегерім жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдар мөлшерінде жүргізіледі.
Жою қорына аударымдардың мөлшері мен тəртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында белгіленеді.
Талап қоюдың ескіру мерзімі ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңде өтетін, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы салықтық кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық кірісіне қосуға жататын, талап қоюдың ескіру мерзімінен асып кететін салықтық кезеңде анықталған мақсатсыз пайдалану фактісін қоспағанда, көмірсутектер саласындағы немесе пайдалы қатты қазбалар саласындағы уəкілетті орган жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы мақсатсыз пайдалануға жол берілген салықтық кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты беру кезінде басқа жер қойнауын пайдаланушыдан жою қорының қаражатын алған жағдайда, оны алған жер қойнауын пайдаланушыдағы осындай қаражат:
1) алынған жылы немесе алынған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жою қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жағдайда, жылдық жиынтық кіріске қосылмайды;
2) шегеруге жатқызылмауға тиіс.
2. Жою қорының арнаулы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезең ішінде кен орындарын игеру салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, осы шығыстар шегілген сол салықтық кезеңде шегерімге жатады.
302-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жер қойнауын пайдаланушының шығыстарын шегеру
1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша:
1) ғылым саласындағы уəкілетті орган аккредиттеген, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының;
2) «Астана Хаб» қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға (ақша аударуға) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай тəртіппен айқындалған оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс:
есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сома
алу
осы Кодекстің 269-бабына сəйкес есепті салықтық кезеңдегі шегерімге жатқызылған шығыстар.
3-параграф. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға жəне өндіруге
дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды шегеру
303-бап. Осы параграфтың ережелерін қолдану тəртібі
1. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелері осы Кодекстің 304-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды салықтық есепке алу тəртібінің жəне жер қойнауын пайдаланушының осындай шығыстарды шегеруге жатқызу мөлшерін айқындаудың жекелеген мəселелерін белгілейді.
2. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) барлауға;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге;
3) жер қойнауын геологиялық зерттеуге;
4) бірлескен барлау мен өндіруге;
5) өндіруге дайындық жұмыстарын көздейтін өндіруге;
6) барлаумен жəне (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылысжайларын салуға жəне (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылады.
3. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы тармақшада көрсетілген келісімшарттар бойынша операциялар көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 781-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 13-жолында көрсетілген кең таралған пайдалы қазбаларды, кендік емес пайдалы қатты қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға жəне (немесе) өндіруге арналған;
2) барлаумен жəне (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға жəне (немесе) пайдалануға арналған;
3) осы Кодекстің 755-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылмайды.
304-бап. Осы параграфта пайдалану үшін айқындалатын негізгі ұғымдар
1. Осы параграфта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыстырылатын активтер тобы - осы Кодекстің 312-бабында белгіленген тəртіппен жəне шарттармен өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды (шығыстардың бір бөлігін) есепке алу үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшартта жер қойнауын пайдаланушы қалыптастыратын амортизацияланатын активтер тобы;
2) бекітілген запастар - бекітілуі (қабылдануы) Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес мынадай тəртіппен жүргізілген запастар:
көмірсутектер бойынша - жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органның геологиялық запастарды есептеу жөніндегі есепке қатысты жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысымен запастарды бекітуі, онымен бекітілген запастар (баланстық запастар) көлемі белгіленеді. Бұл ретте алдын ала бағаланған запастардың көлемі белгіленетін көмірсутектердің геологиялық запастарын жедел есептеу жөніндегі есепке қатысты жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың қорытындысы көмірсутектер бойынша запастарды бекіту болып табылмайды;
пайдалы қатты қазбалар бойынша:
жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органның сыныптамасы бойынша бекітілген запастардың (баланстық запастардың) көлемі белгіленетін геологиялық запастарды есептеу жөніндегі есепке қатысты жер қойнауын мемлекеттік сараптаудың оң қорытындысымен запастарды бекіту;
жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті органның Қазақстан кодексіне сəйкес құзыретті адам дайындаған пайдалы қатты қазбалардың ресурстарын жəне (немесе) запастарын бағалау туралы есепті геологиялық барлау жұмыстарының нəтижелері, минералдық ресурстар мен минералдық запастар туралы жария есептілікпен қабылдауы (бұдан əрі - Кодекс KAZRC);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған басқа келісімшарт - өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған:
өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың құндық балансын ауыстыру жүргізілетін, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан;
жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарттан айырмашылығы бар келісімшарт;
4) жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшарт - өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың келісімшарт аумағындағы (жер қойнауы учаскесіндегі) қызмет нəтижелері бойынша жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт.
Жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа:
өндіруге арналған, оның ішінде жер қойнауы учаскесін бөлу жəне осындай учаске бойынша өндіруге жеке келісімшарт жасасу нəтижесінде жасалған;
өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттың келісімшарт аумағындағы (жер қойнауы учаскесіндегі) қызмет нəтижесінде, оның ішінде жер қойнауы учаскесінің қайта құрылуына байланысты жасалған барлауға арналған;
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жатады;
5) өндіру басталғанға дейінгі шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін жүргізілген, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша шығыстары мыналарды қоса алғанда:
геологиялық зерттеуге, барлауға (пайдалану барлауын қоспағанда), оның ішінде бағалауға арналған шығыстар; пайдалы қазбаларды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар;
кен орнын жайластыру бойынша шығыстар;
жалпы əкімшілік шығыстар;
төленген қол қою бонусының сомалары;
төленген коммерциялық анықтау бонусының сомалары;
осы Кодекстің 275-бабы 2-тармағының 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген активтерді қоспағанда, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу жəне (немесе) құру жөніндегі шығыстар (шығындар). Мұндай шығындарға (шығыстарға) осы Кодекстің 277-бабының 3-тармағына сəйкес негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің бастапқы құнына енгізуге жататын шығыстар (шығындар), сондай-ақ осы Кодекстің 273-бабына сəйкес жүргізілген осындай активтер бойынша кейінгі шығыстар жатады;
жер қойнауын пайдалану құқығының (құқығының бір бөлігінің) жəне (немесе) басқа жер қойнауын пайдаланушы бұрын қалыптастырған өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топтың, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметті одан əрі жүзеге асыру үшін тұлғаның жарғылық капиталына табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін осындай басқа жер қойнауын пайдаланушы енгізген негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің құны;
басқа жер қойнауын пайдаланушының өндіру басталғанға дейінгі шығыстары жəне (немесе) бас тарту төлемін беру, қарсы біртектес талапты есепке жатқызу жəне (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сəйкес бір тұлғаның екінші тұлға алдындағы міндеттемесін тоқтатудың өзге де негіздері есебіне алынған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша басқа жер қойнауын пайдаланушының негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің құны;
басқа жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша шеккен жəне жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуға немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім жасауға (пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензия алуға) байланысты осындай тұлғадан сатып алынған материалдық емес активтердің құнына енгізілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстар;
өзге де шығыстар.
Осы параграфтың мақсаттары үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстарға осы Кодекстің 273-бабының 4-тармағында көрсетілген, бухгалтерлік есепке алуда осындай активтердің баланстық құнын ұлғайту үшін жатқызылуға тиіс, табылғаннан кейін өндіру басталған күнге дейін жер қойнауын пайдаланушы пайдалануға енгізген негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша табылғаннан кейін өндіру басталған күннен кейін шеккен шығыстар да жатады;
6) өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ - осы Кодекстің 305-бабында белгіленген тəртіппен жəне шарттармен жер қойнауын пайдаланушы қалыптастыратын, осы баптың 5) тармақшасында көрсетілген шығыстардан тұратын амортизацияланатын активтер тобы;
7) өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт - осы параграфтың ережелері қолданылатын жəне жер қойнауын пайдаланушы осы тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды жүргізетін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
8) табылғаннан кейін өндірудің басталу күні - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызмет шеңберінде күнтізбелік күн:
көмірсутектер бойынша бірінші мынадай оқиға болады:
жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган запастарды бекітті жəне көмірсутектерді өндіру жүзеге асырылады; немесе
жер қойнауын зерттеу жөніндегі уəкілетті орган көмірсутектер запастарын бекіткеннен кейін не бекітілген запастар болған кезде көмірсутектерді өндіру жүзеге асырылды;
пайдалы қатты қазбалар бойынша:
өндіруге тау-кен дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін минералды шикізатты өндіру жүзеге асырылды; немесе