«4. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның, жәбірленушінің, олардың заңды өкілдерінің, қорғаушылардың, заңды тұлғалар өкілдерінің, сондай-ақ өздерінің орталық мемлекеттік, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арқылы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) ұсынуды енгізу және кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхат беруге құқығы бар.»;
112) 883-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстің 744 және 745-баптарында көзделген, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның және жәбірленушінің жазбаша өтінішхаты бойынша дереу;»;
113) 888-баптағы «(әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндіріп алуды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
114) 893-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке жеке тұлға енгізеді немесе заңды тұлға аударады.»;
115) 897-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (табыс еткен), мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабардар ету негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабарлама немесе хабардар ету алынған (табыс етілген) күннен кейінгі күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Әкімшілік айыппұл мөлшерін қысқарту бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережесі осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 92-1, 266, 275 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 278 (екінші және үшінші бөліктерінде), 279 (бірінші бөлігінде), 280, 282 (бесінші бөлігінде), 537, 551-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.»;
116) 909-баптың бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) шығарады және шешім заңды күшіне енгеннен кейін заңды тұлға құрылтайшысының немесе дара кәсіпкердің дереу орындауына жатады.»;
«3. Заңды тұлғаның құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсіпкер қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі судья, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) қолданған әкімшілік жазаны өз еркімен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкілетті орган атқарушылық іс жүргізу тәртібімен орындайды.»;
117) 910-1-баптың бірінші бөлігіндегі «, 604 (екінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
118) 920-баптың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2020 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін 1-баптың 2-1-бөлігін;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мыналар:
мұнай өнімдерін өндірушілер үшін - 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап;
мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер, импорттаушылар, мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер, мұнай берушілер үшін:
астананың, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аумақтарында орналасқан жанармай құю станциялары үшін - 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап;
осы тармақшаның төртінші абзацында көрсетілмеген жанармай құю станциялары үшін - 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 281-баптың бесінші бөлігінің 4) және 8) тармақшаларын;».
2-бап.
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Осы Заңның 1-бабының 81) тармақшасы 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 30 желтоқсан
№ 300-VІ ҚРЗ