ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 19 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) мазмұнында:
96-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау»;
144 және 152-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
205-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу»;
мынадай мазмұндағы 234-1 және 434-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану»;
«434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау»;
459, 500, 502, 604 және 605-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
631 және 632-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«631-бап. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау
632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып орындамау»;
мынадай мазмұндағы 699-1, 722-1, 728-1, 731-1, 731-2, 737-1, 737-2-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган»;
«722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары»;
«728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар»;
«731-1-бап. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган»;
«737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны
737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар»;
795-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын, тауарлары мен құжаттарын алып қою»;
2) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекске өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздемейтін заңмен жүзеге асырылады.
Бұл ереже әкімшілік жауаптылықты алып тастау жағдайларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобаларына қолданылмайды.»;
3) 47-баптың 1-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Рұқсаттан айыруды не оның қолданысын тоқтата тұруды осы баптың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және 6-1-бөліктерінің ережелерін ескере отырып, судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қолданады.»;
4) 48-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, сот тәртібімен жүргізіледі немесе оны әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген орган (лауазымды адам) жүргізеді. Мұндай істерді қарау он тәулік ішінде жүзеге асырылады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру үш айға дейінгі мерзімге белгіленеді.
4. Іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға осы Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасы істі қарау кезінде қолданылатын болса, қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу мерзіміне қосылады.»;
5) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары
1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға осы тұлғаның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында осы Кодекске сәйкес мынадай әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары қолданылады:
1) жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру;
2) құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу;
3) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік жаза қолданумен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны осы Кодекстің 64, 64-1-баптарында көзделген негіздер бойынша әкімшілік жауаптылықтан босатқан кезде оның орнына да қолданылады.»;
6) 53-баптың бірінші бөлігіндегі «598 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «598 (екінші бөлігінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 54-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау кезінде сот өз бастамасы бойынша не полиция органдарының немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге басқа қатысушылардың өтінішхаты бойынша осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 127, 128, 131, 434, 435, 436, 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448, 461, 482, 485 (екінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жүріс-тұрысына үш айдан бір жылға дейінгі мерзімге:»;
8) 58-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер тұлға бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасап, оларды сол бір судья, уәкілетті орган (лауазымды адам) қараса, онда бұл тұлғаға сол бір түрдегі жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкілікті мөлшерін жазаның осы түрі үшін осы Кодексте белгіленген үш еселенген ең жоғары шектен асыруға болмайды, әкімшілік қамаққа алу үшін - осы Кодекстің 50-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен, ал арнайы құқықтан айыру үшін осы Кодекстің 46-бабының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген мерзімдерден асыруға болмайды.»;
9) 62-бапта:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану мерзімінің өтуі сараптама тағайындалған, өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамды күштеп әкелу туралы ұйғарым шығарылған, сондай-ақ іс сотқа немесе мемлекеттік органның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген лауазымды адамына жіберілген кезден бастап тоқтатыла тұрады.
Бұл мерзімдерді есептеу сараптама нәтижелері алынған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адам күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындайтын органға (лауазымды адамға) іс жүзінде жеткізілген кезден бастап қайта басталады.
Күштеп әкелудің жалпы мерзімі бір айдан аспауға тиіс.»;
сегізінші бөлік «бір жыл ішінде» деген сөздерден кейін «берілген Жоғарғы Сот Төрағасының, Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасы төрағасының ұсынуы,» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 83-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«83-бап. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасын:
1) мүгедектердің әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу;
2) мүгедектердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз етпеу;
3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық -
лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға - сексен, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік оңалту түрлерімен қамтамасыз етпеу -
лауазымды адамдарға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
11) 86-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лауазымды адамдарға - жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
12) 95-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
13) 96-баптың тақырыбы және бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«96-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау
1. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісі туралы хабарламау -»;
14) 144 және 152-баптар алып тасталсын;
15) 205-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы немесе толық төлемеу
1. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді уақтылы төлемеу -
ескерту жасауға алып келеді.
2. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық төлемеу -
жеке тұлғаларға - орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
жеке тұлғаларға - орындалмаған міндеттеме сомасының он пайызы, бірақ кемінде бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - орындалмаған міндеттеме сомасының отыз пайызы, бірақ кемінде он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - орындалмаған міндеттеме сомасының елу пайызы, бірақ кемінде отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне орындалмаған міндеттеме сомасының бір жүз пайызы, бірақ кемінде елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
16) 208-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат беру жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушінің кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) кредиттік тарих субъектісінің келісімінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпарат алу жағдайларын қоспағанда, кредиттік есепті алушының кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салуды кредиттік тарих субъектісінің келісі мінсіз беруі, сондай-ақ мұндай келісімді дұрыс ресімдемеу -
жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымды адамдарға - елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
17) мынадай мазмұндағы 234-1-баппен толықтырылсын:
«234-1-бап. Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану
Мыналардан:
бекітілген заттай нормалардан асырудан;
Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген құжаттардың (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржылық-экономикалық негіздеме, жобалау-сметалық құжаттама) және (немесе) олар бойынша мұндай шешімдерді (қорытындыларды) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасында уәкілеттік берілген органдар және (немесе) ұйымдар шешімдерінің (қорытындыларының) болмауынан көрінген, бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Ескертпе.
Осы баптың мақсаттары үшін лауазымды адамдар деп бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - орталық мемлекеттік органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - жергілікті атқарушы органның бірінші басшысын, бюджеттік бағдарламаның басшысын, квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысын түсінген жөн.»;
18) 256-баптың ескертпелерінің 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп облигацияларды ұстаушылардың өкілі ұсынатын есептілік, білікті инвесторлар туралы мәліметтерді қамтитын есептілік, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысының есептілігі түсініледі.»;
19) 257-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
20) 260-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
21) 262-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаға - екі жүз, лауазымды адамға - төрт жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
бесінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
22) 326-баптың төртінші бөлігі және ескертпесі алып тасталсын;
23) 342-1-баптың екінші абзацындағы «жиырма» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;
24) 385-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) бекітіліп берілген аңшылық алқаптарда жануарлар дүниесін қорғауды, молайтуды және пайдалануды ұйымдастыруды қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, -»;
25) 425-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған бұзушылық -»;
26) 430-баптың бірінші және екінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 434-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиісу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер -»;
28) мынадай мазмұндағы 434-2-баппен толықтырылсын:
«434-2-бап. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау
1. Ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
29) 437-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
екінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
30) 440-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
1. Жергілікті атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі -
ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.»;
31) 444-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «және рұқсат ету» деген сөздер «және (немесе) рұқсат ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
32) 459-бап алып тасталсын;
33) 464-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«лицензиядан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
34) 489-баптың төртінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -»;
35) 500 және 502-баптар алып тасталсын:
36) 519-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін, өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтамалары немесе еңбекші көшіп келушіге ішкі істер органдары беретін рұқсаттары жоқ шетелдіктердің және (немесе) азаматтығы жоқ адамдардың еңбегін пайдалануы -»;
37) 542-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тауарларды қайта өңдеу тәртібін бұзу, яғни егер кедендік рәсім, тауарларды қайта өңдеу тәртібі мен мерзімдері, қайта өңдеу өнімдерінің шығу мөлшері, мұндай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргізу шарттарына сәйкес мұндай құжат міндетті болса, Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатта қамтылған шарттарды сақтамау -»;
38) 543-бапта:
бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
үшінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және (немесе) көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;