67) 698-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 297, 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қоспағанда), 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (өнеркәсіптік тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307 (өнеркәсіптік тұтынушылар бөлігінде), 308, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы мен оның орынбасары;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторы.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.»;
68) мынадай мазмұндағы 699-1-баппен толықтырылсын:
«699-1-бап. Ғарыш қызметі саласындағы орган
1. Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 310, 311-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
69) 700 және 701-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«700-бап. Денсаулық сақтау органдары
1. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 424 (бірінші бөлігінде), 426 (бірінші бөлігінде), 432, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 80 (үшінші бөлігінде), 81 (бірінші бөлігінде), 82 (бірінші бөлігінде), 424 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 428, 429, 432, 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
701-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
70) 709-бапта:
бірінші бөліктегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшадағы «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2,) 3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдары;
4) осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметтерінің басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.»;
71) 713-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстің 159 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 163-1, 201-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
72) 714-баптың бірінші бөлігіндегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
73) 715-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Техникалық реттеу, өлшемдердің ортақтығын қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бірінші бөлігінде), 415-1 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418 (бірінші және екінші бөліктерінде), 419 (бірінші бөлігінде), 464, 638 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
74) 718-баптың бірінші бөлігіндегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
75) 719-баптың бірінші бөлігіндегі «500,» және «502,» деген цифрлар алып тасталсын;
76) 720-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстің 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөлік терінде), 92-1, 151 (бірінші бөлігінде), 153, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (бұл бұзушылықтарға салықтар бойынша аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2 және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, 2-1, 2-2, бесінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1, 460-2, 464, 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 532 (бірінші бөлігінде), 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (бірінші және екінші бөліктерінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551, 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558, 571 (бірінші, екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 571-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль, теңіздегі өткізу пункттерінде және тауарларды өткізудің өзге де орындарында жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 334, 377 (бірінші бөлігінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөлік терінде), 571-1, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 612 (бірінші бөлігінде), 621 (төртінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді де қарайды.»;
77) 721-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 274, 475-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
78) 722-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің органдары осы Кодекстің 184, 185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, бағалаушылар жасаған кезде), 207, 209, 216, 219, 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші және үшінші бөліктерінде), 234, 235, 236, 237, 238, 239 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 239-1, 240, 241, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілген кезде), 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
79) мынадай мазмұндағы 722-1-баппен толықтырылсын:
«722-1-бап. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары
1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссиялары осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші бөлігінде), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлігі) - баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының мемлекеттік аудиторлары құқылы.»;
80) 724-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Кодекстің 206, 210, 210-1, 212, 213 (бесінші бөлігінде), 217, 218, 220 (жетінші және сегізінші (төлем ұйымдарына қатысты) бөліктерінде), 227 (бірінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты) және үшінші (төлем жүйелерінің операторларына, төлем жүйелерінің операциялық орталықтарына және көрсетілетін төлем қызметтерін берушілерге қатысты) бөліктерінде), 239 (үшінші және төртінші (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қатысты) бөліктерінде), 243, 244, 252, 253, 464, 497 (жинау өз құзыретіне кіретін алғашқы статистикалық деректер бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
81) тармақша 2020 жылғы 16 желтоқсанға дейін қолданылды
81) 724-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстің 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 185, 186, 208, 211, 211-1, 211-2, 213 (төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 220 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде (банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), 222, 223, 224, 225, 226, 227 (бірінші (банктерге, банктердің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне, банк конгломератының құрамына кіретін ұйымдарға, Қазақстан Даму Банкіне, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), екінші, үшінші (эмитенттерге, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты), төртінші және бесінші бөліктерінде), 228 (бесінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он алтыншы, он жетінші және он тоғызыншы бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші (қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты) бөліктерінде), 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 255, 256, 257, 259, 260, 261, 262, 264, 265, 286, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
82) 726-баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздік органдары осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Осы Кодекстің 192, 464, 504, 518, 519-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және белгіленген әкімшілік жазаларды қолдануға департамент бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған), 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.»;
83) 727-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 434-2, 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
84) 728-баптың бірінші бөлігіндегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
85) мынадай мазмұндағы 728-1-баппен толықтырылсын:
«728-1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдар осы Кодекстің 464-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың басшылары, олардың орынбасарлары, аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.»;
86) 729-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«729-бап. Жергілікті атқарушы органдар
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 75, 156, 172 (бірінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясы бөлігінде), 193 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 199, 202, 204, 250 (астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін реттеу бөлігінде), 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 300 (барлық қуаттағы қазандықтар, жылу желілері және жылу энергиясын тұтынушылар бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу энергиясы бөлігінде), 304, 305 (жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 307 (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 338, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, 4-1, бесінші, жетінші, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405, 408-1, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 455 (бірінші бөлігінде, екінші бөліктің 1), 2), 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, үшінші және бесінші бөліктерінде), 464, 488-1, 491-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 418 (1-1-бөлігінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.»;
87) 730-баптың бірінші бөлігіндегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
88) 731-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 187, 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
89) мынадай мазмұндағы 731-1 және 731-2-баптармен толықтырылсын:
«731-1-бап. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган
1. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 509-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
731-2-бап. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган
1. Тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде) - бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.»;
90) 732-баптың бірінші бөлігіндегі «(бірінші бөлігінде)» деген сөздер алып тасталсын;
91) 733-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық диллерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлері жасаған кезде), 268, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
92) мынадай мазмұндағы 737-1 және 737-2-баптармен толықтырылсын:
«737-1-бап. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу нысаны
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі пайдаланыла отырып, қағаз және (немесе) электрондық нысандарда жүзеге асырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайды.
737-2-бап. Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар
Электрондық нысанда жасалған процестік құжаттар судьяның, уәкілетті органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және іс жүргізуге қатысушыларға өздері көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы не Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге де тәсілдермен ұсынылады.
Процестік құжаттарды электрондық нысанда ұсынумен қатар іс жүргізуге қатысушыларға оларды қағаз жеткізгіште ұсынуға жол беріледі.»;
93) 739-баптың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Әкімшілік қамаққа алу мерзімін есептеу кезінде оған жұмыстан тыс уақытта кіреді.»;
94) 741-баптың бірінші бөлігінде:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) мыналар:
салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган растаған, салық төлеушінің салықтық есептілік нысандарын электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі салықтық міндеттемені орындамауына әкеп соққан;
мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;
темекі өнімдерін өндіру және олардың айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, темекі өнімдерінің қалдықтары және (немесе) айналымы туралы декларацияларды, мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, сондай-ақ темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан;