биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган растаған, биоотын айналымы жөніндегі декларацияларды, сондай-ақ ілеспе жүкқұжаттарды электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсыну жөніндегі міндеттемелердің орындалмауына әкеп соққан, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган растаған, электрондық нысанда кедендік декларациялауға байланысты кедендік операцияларды жасау жөніндегі міндеттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде және тәртіппен орындалмауына әкеп соққан, электрондық нысанда декларациялау бойынша ақпараттық жүйенің жұмысында қателер туындаған жағдайда;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
9) «Қазақстан Республикасының салық, кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;»;
95) 743-баптың 4-1-бөлігінің 3) тармақшасындағы «табыс еткен жағдайда, тиісінше жеткізілген деп танылады.» деген сөздер «табыс еткен;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) айыппұл төлеу қажеттігі туралы өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламаларды алу үшін «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көлік құралының меншік иесі (иесі) көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне мәтіндік хабар жеткізілген жағдайда, тиісінше жеткізілді деп танылады.»;
96) 744-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға хаттамамен және істің басқа да материалдарымен танысуға, түсініктемелер беруге, хаттаманың мазмұны мен ресімделуі жөнінде ескертулер жасауға, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлімдеуге, қорғаушының заң көмегін пайдалануға, істі қарау кезінде ана тілінде немесе өзі білетін тілде сөйлеуге және егер іс жүргізіліп отырған тілді білмесе, аудармашы көрсеткен қызметтерді өтеусіз пайдалануға; іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларының қолданылуы бойынша, нақты деректерге және мән-жайларға сәйкес келмейтін мәліметтер көрсетілген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде заңның бұзылуына, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға және іс бойынша қаулыға шағыммен жүгінуге; істегі құжаттардан үзінді көшірме жасауға және олардың көшірмелерін түсіріп алуға, сондай-ақ өзіне осы Кодексте берілген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның қатысуымен қаралады. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Көрсетілген тұлға болмаған кезде, егер әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптарымен тіркелген немесе істің қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс қаралуы мүмкін.»;
97) 745-баптың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәбірленуші істің барлық материалымен танысуға, түсініктемелер беруге, дәлелдемелер ұсынуға, өтінішхаттар, оның ішінде істі сотта кешіктірмей қарау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыны тез арада заңды күшіне енгізу туралы өтінішхаттар мен қарсылықтарды мәлімдеуге, өкіл ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға және әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағым жасауға, өзіне осы Кодексте берілген өзге де процестік құқықтарды пайдалануға құқылы.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жәбірленушінің қатысуымен қаралады. Жәбірленушінің сотқа қатысуы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып жүзеге асырылуы мүмкін. Істің қаралатын орны мен уақыты туралы оған тиісінше хабарланғаны туралы деректер болған және егер одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішхат келіп түспеген жағдайларда ғана, іс өзі болмаған кезде қаралуы мүмкін.»;
98) 773-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қорытындыны зерттеулер жүргізгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жасайды, оны өзінің (өздерінің) қолымен және жеке мөрімен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргізген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрімен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) электрондық нысанда ұсынылатын қорытындысы оның (олардың), сондай-ақ сараптаманы сараптама органы жүргізген кезде көрсетілген органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.»;
99) 795-баптың тақырыбындағы «заттары» деген сөз «заттарын, тауарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
100) 796-баптың төртінші бөлігі алып тасталсын;
101) 797-бапта:
бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 400, 403 (екінші бөлігінде), 406 (жетінші және сегізінші бөліктерін қоспағанда), 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 571-1, 572, 573, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 597 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 608, 612, 613 (3-1, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көліктік бақылау бекетіне іргелес жатқан алаңдарға жеткізу, оның ішінде басқа да көлік құралын (эвакуаторды), кемені немесе шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы, кідірту себептері жойылғанға дейін кідіртуге, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;»;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «балық қорғау» деген сөздер «жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің екінші абзацы алып тасталсын;
102) 801-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкілеттік берілген лауазымды адам қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруды не оған тыйым салуды жүзеге асырады. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұруға не оған тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды сотқа, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберуге міндетті.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы акт іс бойынша шешім шығарылғанға дейін қолданылады.»;
103) 803-баптың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге ол жасалғаннан кейін қолхат алынып дереу табыс етіледі.
Хаттама электрондық нысанда жасалған кезде уәкілетті адам іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның «электрондық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарлайды. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғаның (тұлға өкілінің) өтінуі бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште табыс ету не өзі көрсеткен пошталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібінде көзделген өзге тәсілмен беріледі.»;
104) 804-бапта:
бірінші бөлікте:
1), 2), 4), 5), 6), 10), 12), 13), 22), 23), 26), 27), 29), 31), 32), 34), 40), 43), 46), 47) және 48) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ішкі істер органдарының (73, 73-1, 73-2, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 149, 150, 154, 156-1 (екінші және үшінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 395 (екінші бөлігі), 398, 416 (азаматтық және қызметтік қарулар мен олардың патрондарына, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 423, 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (үшінші бөлігі), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450 (екінші бөлігі), 453, 461, 462, 463, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігі), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 490 (бірінші және үшінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші және үшінші бөліктері), 506, 510 (төртінші бөлігі), 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 608, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 662, 663, 665, 667, 669, 674, 675-баптар);
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның (299 (екінші бөлігі) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312 (екінші бөлігі), 314, 416 (өрт және жарылу қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
«4) осы бөліктің 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери міндеттілер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 154, 434, 436, 440 (үшінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 488, 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651 (әскери қызметшілерге, жергілікті әскери басқару органдарының, әскери бөлімдер мен мекемелердің медициналық, шақыру, іріктеу комиссияларының төрағаларына, орынбасарларына, мүшелеріне қатысты), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының - арнаулы мемлекеттік органдардың көлік құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі) - баптарында көзделген, 73-1 (бірінші бөлігі), 73-2 (бірінші бөлігі), 434, 652, 667-баптары бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506-бабы бойынша өзге де адамдарға қатысты, 676, 677, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының - әскери қызметшілер мен жиынға шақырылған әскери міндеттілер жасаған, осы Кодекстің 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші бөлігі), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 612 (үшінші және 4-1-бөліктері), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652, 667, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;»;
«10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның (139 (екінші бөлігі), 397 (төртінші бөлігі), 416 (химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
«12) мәдениет саласындағы уәкілетті органның (145-бап);
13) туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның (462, 463, 465-баптар);»;
«22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (193 (екінші және үшінші бөліктері), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлігі), 314, 416 (тағам өніміне, ойыншықтарға, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екінші бөлігі), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлігі), 462, 463, 476-баптар);
23) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның (134, 416 (байланыс құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктері), 638 (екінші бөлігі) - баптар);»;
«26) көліктік бақылау органдарының (462, 463, 613 (үшінші бөлігі), 618-баптар);
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі органдарының (214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктері), 462-баптар);»;
«29) акцизделетін өнім өндіруді және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі органдардың (281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 463-баптар);»;
«31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 283-1, 357, 398, 462, 463, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (1-1-бөлігі), 532 (екінші бөлігі), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 679-баптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 425 (екінші бөлігі) - бапта көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның (416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);»;
«34) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиарлар болып табылатын немесе екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілеттік берілген органдардың (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 465, 621 (үшінші бөлігі) - баптар);»;
«40) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның (214, 462-баптар);»;
«43) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органның (416 (ядролық және радиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттерде белгіленген, машиналар мен жабдыққа қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463-баптар);»;
«46) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (149, 425 (екінші бөлігі), 436, 477, 479, 482, 488, 506, 606 (екінші бөлігі), 652 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші және алтыншы бөліктері) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 667-баптар);
47) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ревизиялық комиссияларының (234-1 және 462-баптар);
48) мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (462-бап);»;
50) тармақшадағы «199 (екінші бөлігі),», «408-1,» және «464 (екінші бөлігі),» деген сөздер алып тасталсын;
51) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«51) монополияға қарсы органның (159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктері), 160 (екінші бөлігі) - баптар);»;
54) тармақша алып тасталсын;
62) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (134 (эротикалық мазмұндағы заттарды қоспағанда), 156-1 (бірінші және үшінші бөліктері), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 452 (үшінші және төртінші бөліктері), 462, 463-баптар);»;
екінші және 2-1-бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларға, төлем ұйымдарына қатысты), 251, 462, 463-баптар).
2-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері (Ұлттық пошта операторына, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және қаржы ұйымдарына қатысты (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды, төлем ұйымдарын қоспағанда), 245, 462, 463-баптар).»;
үшінші бөліктің 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің лауазымды адамдарының (297, 485, 504, 614, 675-баптар);
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші және екінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485-баптары) құқығы бар.»;
105) 808-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) істі қарау үшін жіберу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалған кезінен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталмаған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға анықталғаннан кейін үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жіберіледі.
Жасалғаны үшін жауаптылық әкімшілік қамаққа алуды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберуді қолдануға әкеп соғуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, ал осы Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі (прокурордың қаулысы) жасалғанынан кейін судьяға дереу жіберіледі.
Осы Кодекстің 811-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) осы Кодекстің 811-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап үш тәулік ішінде сотқа, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) судьяға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберілуі мүмкін.»;
106) 811-баптың бірінші бөлігінде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған тұлға белгілі болған кезде осы Кодекстің 804 немесе 805-баптарында аталған уәкілетті адам әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, тұлғаға айыппұлды осы Кодекстің Ерекше бөлігі бабының санкциясында көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде жеті тәулік ішінде төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті табыс етеді.»;
екінші абзац алып тасталсын;
107) 812-баптың екінші бөлігіндегі «604, 605,» және «629,» деген цифрлар алып тасталсын;
108) 829-1-баптың екінші бөлігіндегі «604, 605,» және «629,» деген цифрлар алып тасталсын;
109) 829-5-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға, шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына шағым, наразылық істі қарауға құқылы сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, шағымды, наразылықты және істің басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қаралады.
2. Өзіне қатысты іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлғадан және жәбірленушіден тиісті өтінішхаттар келіп түскен жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс дереу қаралуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушылардан өтініш хаттар келіп түскен жағдайда не істің мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде сот істі, шағымды, наразылықты қарау мерзімін ұзартуы, бірақ он бес тәуліктен асырмай ұзартуы мүмкін.»;
110) 829-14-бап мынадай мазмұндағы 6-1-бөлікпен толықтырылсын:
«6-1. Қаулыда осы Кодекстің 54-бабының негіздерінде құқық бұзушының жүріс-тұрысына қойылатын ерекше талаптар белгіленуі мүмкін.»;
111) 851-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: