мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
39) 571-баптың тоғызыншы бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, жол берілетін салмақтық параметрлерді бір тоннадан астам және (немесе) көлемдік параметрлерден асыруы -»;
40) 571-1-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жүкті, жолаушыларды және багажды автомобиль көлігімен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушының тауар-көлік жүкқұжатын (өлшеу немесе салмағын өлшеу актілерін, CMR), жол парағын ұсынбауы, сол сияқты оларды толтырмауы -»;
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер -»;
41) 583-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
42) 592-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын сағатына қырық және одан көп километрден астам шамаға арттыру -»;
43) 597-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе оның тоқтап тұруы -»;
44) 598-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«598-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлік құралының жүруіне басымдық бермеу
1. Бір мезгілде жарқылдауық маягі мен арнайы дыбыс сигналы іске қосылған жедел және арнайы қызметтердің, сол сияқты сыртқы жағында арнайы түсті-графикалық схемалары, жазулары мен белгілеулері бар көлік құралының жүруіне басымдық бермеу -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
45) 604 және 605-баптар алып тасталсын;
46) 611-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға алып келеді.»;
47) 612-бапта:
үшінші бөліктің екінші абзацындағы «он» деген сөз «елу» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-1-бөліктің екінші абзацындағы «жиырма» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
48) 613-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің (тек қана Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралын басқаратын адам), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау -»;
екінші бөлік алып тасталсын;
49) 614-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Көлік құралдарының жүрісіне қасақана кедергі келтіру -»;
50) 623-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«623-бап. Жолаушыларды билетсіз алып жүру
Жолаушыларды билетсіз алып жүру:
1) халықаралық қатынастағы поездарда -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
2) республикаішілік қатынастағы поездарда -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
3) трамвайда, троллейбуста, қалалық және қала маңындағы қатынастағы автобуста және маршруттық таксиде -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді;
4) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста -
жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
51) 631-баптың тақырыбы және бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«631-бап. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа да жол құрылысжайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды орындамау
1. Жолдарда жұмыстар жүргізу, жолдарды, темір жол өтпелерін және басқа да жол құрылыс-жайларын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарды, Қазақстан Республикасының жол жүрісі саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды орындамау -
жеке тұлғаларға - екі, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
52) 632-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«632-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып орындамау
1. Қазақстан Республикасы заңнамасының жолдардағы жерасты коммуникацияларының қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талаптарын орындамау, сол сияқты жолдың үстіне судың, техникалық сұйықтықтардың, будың шығып кетуіне және соның себебінен жол бетінің бұзылуына, жол үстіне мұздың қатуына, көрінудің шектелуіне және басқа да кедергілерге әкеп соғатын жерасты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қабылдамау -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, адамдардың денсаулығына жеңіл зиян келтіре отырып, көлік құралдарын, жүктерді және өзге де мүлікті бүлдіре отырып, жол-көлік оқиғасына әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.»;
53) 635-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ведомстволық статистикалық байқау немесе әкімшілік есепке алу үшін қажетті мұнай тасымалдау жөніндегі деректерді көмірсутектер саласындағы уәкілетті органға ұсынбау, сондай-ақ уақтылы ұсынбау -»;
54) 683-баптың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Әкімшілік жаза түрлерінің бірі ретінде әкімшілік қамаққа алу, шетелдіктерді не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге әкімшілік жолмен шығарып жіберу, әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған заттарды тәркілеу, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді (дивидендтерді), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркілеу, нақты адамға берілетін арнайы құқықтан айыру (оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығы), заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді судья қарайды.»;
55) 684 және 685-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«684-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестірілген әкімшілік соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 73, 73-1, 73-2, 74, 76, 77, 78, 79, 80 (төртінші бөлігінде), 81 (екінші бөлігінде), 82 (екінші бөлігінде), 82-1, 85, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 139 (екінші бөлігінде), 145, 149, 150, 151 (екінші бөлігінде), 154, 156-1, 158, 159 (бірінші, екінші, үшінші, 3-1 және төртінші бөліктерінде), 160 (екінші бөлігінде), 169 (екінші, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 170 (жетінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 171, 173, 174 (екінші бөлігінде), 175, 175-1, 176, 182, 189, 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 193 (екінші және үшінші бөліктерінде), 200, 214, 234-1, 245, 246, 247 (7-1, тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 251, 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, он бірінші және он үшінші бөліктерінде), 283, 283-1, 294 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (екінші бөлігінде), 312 (екінші бөлігінде), 313, 314, 316 (екінші бөлігінде), 317 (төртінші бөлігінде), 317-1 (екінші бөлігінде), 317-2 (екінші бөлігінде), 319, 320 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 356 (он төртінші бөлігінде), 357, 360 (бірінші бөлігінде), 381-1, 382 (екінші және үшінші бөліктерінде), 383 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 385 (екінші бөлігінде), 389, 392 (үшінші бөлігінде), 395 (екінші бөлігінде), 396 (екінші бөлігінде), 397 (төртінші бөлігінде), 398, 400 (екінші бөлігінде), 401 (алтыншы және жетінші бөліктерінде), 402 (төртінші бөлігінде), 404 (тоғызыншы бөлігінде), 407 (екінші және үшінші бөліктерінде), 409 (жетінші, 7-1 және 7-8-бөліктерінде), 415 (екінші бөлігінде), 415-1 (екінші бөлігінде), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктерінде), 419 (екінші бөлігінде), 423, 424 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 425 (екінші бөлігінде), 426 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 427, 433 (екінші бөлігінде), 434, 436, 439, 440 (үшінші бөлігінде), 443 (екінші бөлігінде), 444 (бірінші бөлігінде), 445, 445-1, 446, 449 (екінші және үшінші бөліктерінде), 450 (екінші бөлігінде), 451 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 452 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 453, 456-1, 461, 462, 463, 465, 476, 477, 478, 479, 480 (екінші бөлігінде), 481, 482, 483, 488, 489 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 489-1, 490, 495 (екінші бөлігінде), 496 (екінші және үшінші бөліктерінде), 498, 506, 507, 508, 510 (төртінші бөлігінде), 512 (екінші бөлігінде), 513 (екінші бөлігінде), 514 (екінші бөлігінде), 516, 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 528 (1-1-бөлігінде), 532 (екінші бөлігінде), 543 (1-1, үшінші және төртінші бөліктерінде), 544, 545, 548 (екінші бөлігінде), 549, 550, 552 (екінші бөлігінде), 563 (екінші бөлігінде), 564 (бесінші бөлігінде), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 590 (төртінші бөлігінде), 596 (үшінші бөлігінде), 603 (бірінші және екінші бөліктерінде), 606 (екінші бөлігінде), 607 (екінші бөлігінде), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктерінде), 612 (үшінші және 4-1-бөліктерінде), 613 (үшінші, төртінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 615 (төртінші бөлігінде), 618, 621 (үшінші бөлігінде), 637 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он үшінші бөліктерінде), 638 (екінші бөлігінде), 651, 652, 653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 664, 665, 666, 667, 668, 669, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары:
1) кәмелетке толмағандар жасаған, осы Кодекстің 435, 436 (үшінші бөлігінде), 438 (үшінші бөлігінде), 440 (үшінші бөлігінде), 442 (үшінші бөлігінде), 448-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы;
2) осы Кодекстің 127, 127-1, 128, 129, 130, 131, 133, 134, 135, 430 (екінші бөлігінде), 663-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық және оларға теңестірілген соттардың, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары осы Кодекстің 653-бабында көзделген, сот талқылауы барысында белгіленген, процеске қатысып отырған тұлғаның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
685-бап. Ішкі істер органдары (полиция)
1. Ішкі істер органдары осы Кодекстің 132, 146, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 191, 192, 196, 197, 198, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 359, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 408, 420, 421, 422, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 444 (екінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 450 (бірінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 485, 485-1, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505, 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (екінші бөлігінде), 573, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші, 3-1, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 619-1, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 622, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 626, 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
2. Ішкі істер органдарының атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің ішкі істер органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің бастықтары, аумақтық ішкі істер органдарының, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті полиция қызметінің бастықтары, олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 132, 147, 190 (бірінші бөлігінде), 192, 196, 197, 198, 359, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 420, 421, 432, 433 (бірінші бөлігінде), 434-1, 434-2, 437, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 444 (екінші бөлігінде), 458, 464, 469, 470, 480 (бірінші бөлігінде), 484, 486, 487, 489 (бірінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 492, 493, 494, 495 (бірінші бөлігінде), 496 (бірінші бөлігінде), 505 (екінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 562, 571 (үшінші бөлігінде), 590 (үшінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 591 (екінші бөлігінде), 592 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 593, 594 (төртінші бөлігінде), 595 (төртінші бөлігінде), 596 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 597 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 598 (екінші бөлігінде), 599 (екінші бөлігінде), 600 (екінші бөлігінде), 601 (екінші бөлігінде), 602 (екінші бөлігінде), 603 (үшінші бөлігінде), 612 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 613 (бірінші және он үшінші бөлігінде), 614, 615 (үшінші бөлігінде), 617, 619, 619-1, 621 (екінші бөлігінде), 630, 631, 632, 635 (бірінші және екінші бөліктерінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - полиция бөлімдерінің, бөлімшелерінің, әкімшілік, көші-қон полициясы бөлімшелерінің, ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
3) осы Кодекстің 196, 197, 420, 444 (екінші бөлігінде), 458, 484 (бірінші және екінші бөліктерінде), 492, 496 (бірінші бөлігінде), 510 (бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөліктерінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (үшінші бөлігінде), 518, 519 (бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 559 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 560, 562, 564 (төртінші бөлігінде), 566, 625 (теміржол көлігінде құқық бұзушылықтар жасағаны үшін), 630 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдары полициясының желілік бөлімдерінің, бөлімшелерінің, пункттерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
4) осы Кодекстің 146, 204, 230 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 334, 364, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 386, 408, 434-2, 437 (бірінші бөлігінде), 440 (бірінші және екінші бөліктерінде), 441, 442 (бірінші және екінші бөліктерінде), 443 (бірінші бөлігінде), 447, 449 (бірінші бөлігінде), 492, 493, 494, 505 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші бөлігінде), 572 (екінші бөлігінде), 573 (төртінші бөлігінде), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 591 (бірінші бөлігінде), 592 (бірінші және екінші бөліктерінде), 593, 594 (бірінші және екінші бөліктерінде), 595 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 596 (бірінші және екінші бөліктерінде), 597 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, 4-1 және 4-2-бөліктерінде), 598 (бірінші бөлігінде), 599 (бірінші бөлігінде), 600 (бірінші бөлігінде), 601 (бірінші бөлігінде), 602 (бірінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612 (бірінші және екінші бөліктерінде), 613 (он екінші бөлігінде), 615 (бірінші және екінші бөліктерінде), 620, 621 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 622, 630 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдарының (полицияның) арнаулы атақтары бар қызметкерлері;
5) осы Кодекстің 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін - ішкі істер органдарының балық қорларына қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған полиция бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.»;
56) 686-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Кодекстің 336, 359, 367, 410, 410-1, 411, 438 (бірінші және екінші бөліктерінде), 589-баптарында көзделген өрт қауіпсіздігі саласындағы;»;
57) 688-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 170 (бірінші, 1-1, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және сегізінші бөліктерінде), 281 (жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 345, 348, 349, 350, 353, 356 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 635 (үшінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
58) 690-баптың бірінші бөлігінде:
«144 (бірінші бөлігінде (жылу энергиясын қоспағанда),» деген сөздер алып тасталсын;
«300 (барлық қуаттағы қазандықтарды, жылу желілерін және жылу энергиясының тұтынушыларын қоспағанда),» деген сөздерден кейін «300-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
59) 690-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 413, 413-1, 414, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
60) 691-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«691-бап. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган
1. Көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде) (теміржол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464, 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583, 633, 634-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға көлік және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 464, 559 (екінші, үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде), 561, 571, 571-1, 572, 573, 575, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 590 (сегізінші бөлігінде), 613 (бірінші бөлігінде), 616, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 624-1, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627, 628-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Көліктік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің көліктік бақылау органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 464 (бірінші бөлігінде), 561, 571 (екінші, 2-1, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 571-1 (бірінші бөлігінде), 572, 573, 582, 583, 584, 585, 586, 587, 588, 616 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 623, 625 (автомобиль көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 627-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - көліктік бақылау органдарының осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.
Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерлері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 164, 166, 167, 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 250, 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 565-1, 565-2, 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бірінші бөлігінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде), 626-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның атынан әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған барлық бабы бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 564 (бірінші, үшінші, төртінші бөліктерінде (азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған) және бесінші бөлігінде көзделген бұзушылықтар туралы істерді қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589 (әуе көлігіндегі бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары.»;
61) 692-баптың бірінші бөлігіндегі «464 (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «464» деген цифрлармен ауыстырылсын;
62) 692-1-баптың бірінші бөлігіндегі «және 456-баптарында» деген сөздер «, 456 және 464-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
63) 693-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстің 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 86, 87, 88, 89, 90, 93 (бірінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 519-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
64) 694-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әділет органдары осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
65) 695-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 460, 464 және 466-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;
66) 697-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 139 (бірінші бөлігінде), 230 (шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екінші бөлігінде), 297 (бірінші бөлігінде), 324, 325, 326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333, 334, 335, 336, 337, 344, 344-1, 344-2, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екінші бөлігінде), 358, 377 (бірінші бөлігінде), 397 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 399, 464-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.»;