2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;
3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде - қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;
4) қалған жағдайларда - өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
2. Осы Кодекстің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналымды жасау күні немесе одан кейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.
3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.
4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері осы Кодекстің 420-бабында белгіленеді.
Осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.
414-бап. Баспасөз басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізу кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспасөз басылымдарын немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өнімін өткізген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
Салық төлеуші жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны айналымды жасау күнінен бұрын жазып беруге құқылы. Бұл ретте шот-фактурада осындай күнтізбелік жылға кіретін әрбір салықтық кезеңге тура келетін өткізу бойынша айналымның мөлшері және қосылған құн салығының тиісті сомасы жеке көрсетіледі.
415-бап. Экспедиторлардың шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тарап үшін осындай шарт бойынша жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактураларды жазып беруді экспедитор жүзеге асырады.
Экспедитор шот-фактураны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын тасымалдаушылар және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басқа да берушілер жазып берген шот-фактуралар негізінде жазып береді.
Егер тасымалдаушы (өнім беруші) қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаған жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжат негізінде жазып береді.
2. Экспедитор жазып беретін шот-фактурада салық салынатын (салық салынбайтын) айналым:
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) өнім берушілер көлік экспедициясы шартының шеңберінде орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында экспедитор жазып беретін шот-фактурада:
өнім берушінің деректемелері ретінде экспедитордың деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын салық төлеушінің деректемелері көрсетіледі.
3. Көлік экспедициясы шарты бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде экспедитор осы Кодекстің 215-бабына сәйкес тасымалдаушылар және (немесе) осындай шарт шеңберінде көрсетілетін жұмыстарды, қызметтерді берушілер, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашатын салықтық тіркелімді жасайды.
4. Көрсетілген талаптарға сәйкес жазып берілген шот-фактура көлік экспедициясы шарты бойынша клиент болып табылатын тараптың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшін негіз болып табылады.
416-бап. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар бойынша шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде, егер комитент және (немесе) комиссионер қосылған құн салығын төлеушілер болып табылса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураларды жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссионер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға өткізуді жүзеге асыратын олардың құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын комитент комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комитент комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комитент жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер сатып алушыға жазып беретін
шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
Комитент комиссионерге жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері өткізу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
Комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы айналым мөлшері комиссионердің комиссиялық сыйақысының сомасы және бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша комиссионердің айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны негізге алынып көрсетіледі.
Комитент комиссионердің атына осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттармен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуге арналған шот-фактураны жазып берген кезде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға комиссионер шот-фактура жазып беру кезінде өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
Комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттарда комитент үшін сатып алынған тауарларды комиссионер комитентке берген кезде, сондай-ақ үшінші тұлға комиссионермен жасаған мәміле бойынша комитент үшін осындай үшінші тұлғаның жұмыстарды орындауы, қызметтерді көрсетуі кезінде комитент атына шот-фактуралар жазып беруді комиссионер жүзеге асырады.
Егер комиссионер және (немесе) комиссионер комитент үшін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алған адам қосылған құн салығын төлеушілер болып табылған жағдайда, осы тармақтың ережелері қолданылады.
Комиссионер жазып беретін шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым мөлшері комиссия шартының талаптарында комитент үшін комиссионер сатып алған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны ескеріле отырып көрсетіледі.
Комиссионер шот-фактураны:
қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактураның деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда үшінші тұлға комиссионерге жазып берген шот-фактурада көрсетілген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға енгізіледі;
қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын үшінші тұлға жазып берген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді. Бұл жағдайда комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардан, көрсетілетін қызметтерден басқа, мұндай құжатта көрсетілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комиссионер комитентке жазып беретін шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға енгізіледі;
комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құнын растайтын құжаттың деректерін ескере отырып жазып береді.
Комиссионердің комиссиялық сыйақы сомасы және комиссионердің бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналымы болып табылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны комитентке жазып берілген шот-фактурада жеке жолдармен көрсетіледі. Бұл ретте, егер комиссионер қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса, сыйақы сомасы «ҚҚС-сыз» деген белгімен көрсетіледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2) және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында комиссия шартының талаптарында комитент үшін сатып алынған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге шот-фактураны комиссионер комитентке жазып берген кезде:
өнім берушінің деректемелері ретінде «комиссионер» мәртебесі көрсетіле отырып, комиссионердің деректемелері көрсетіледі;
алушының деректемелері ретінде «комитент» мәртебесі көрсетіле отырып, комитенттің деректемелері көрсетіледі.
Осы Кодекстің 412-бабы 5-тармағы 2 және 3) тармақшаларының талаптарын орындау мақсатында тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші болып табылатын үшінші тұлға комиссионерге шот-фактураны жазып берген кезде алушының деректемелері ретінде комиссионердің деректемелері көрсетіледі.
417-бап. Бірлескен қызмет туралы шарттардың шеңберінде жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізу (сатып алу) кезінде шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өткізуді бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенім білдірілген өкіл жүзеге асыратын жағдайларда:
1) шот-фактура бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бірінің атынан немесе өнім беруші (сатушы) үшін бөлініп берілген жолда бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелері көрсетіле отырып, сенім білдірілген өкілдің атынан жазылады;
2) шот-фактураларды жазып беру кезінде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бірлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесілі айналым сомасы көрсетіледі.
2. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда,
шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға да, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазып беріледі.
3. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенім білдірілген өкіл тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді осындай қызмет шеңберінде сатып алған жағдайларда, өнім берушіден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда:
1) бірлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенім білдірілген өкілдің деректемелері;
2) сатып алу сомасы, оның ішінде бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесілі қосылған құн салығының сомасы бөлініп көрсетілуге тиіс.
4. Шот-фактура қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, жазып берілетін шот-фактуралар түпнұсқаларының саны тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер соны жүзеге асыру үшін сатып алынатын бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиіс.
5. Осы баптың ережелері осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде қолданылмайды.
418-бап. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері
1. Осы Кодекстің 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді оператор өткізген (сатып алған) кезде шот-фактура оператордың өнім беруші (сатып алушы) ретіндегі деректемелері көрсетіле отырып, осы тараудың талаптарына сәйкес жазып беріледі.
2. Тапсырма шартына сәйкес келетін талаптарда өткізілетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушыға шот-фактураны жазып беруді - сенім білдірілген өкіл, ал осы Кодекстің 374-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда, осы бөлімде айқындалған тәртіппен сенім білдіруші жүзеге асырады.
419-бап. Шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
1. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіні және (немесе) алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын қателерді түзету қажет болған жағдайда жазып беріледі.
Түзетілген шот-фактура жазып берілген кезде бұрын жазып берілген шот-фактураның күші жойылады.
2. Түзетілген шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мынадай ақпаратты:
шот-фактура түзетілген болып табылатыны туралы белгіні;
түзетілген шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
алғашқы шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
күші жойылатын шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауы;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген;
дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куаландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.
Осы баптың ережелері осы Кодекстің 420-бабында көзделген жағдайларда қолданылмайды.
420-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру
1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші:
1) осы Кодекстің 383-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген;
2) осы Кодекстің 197-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді.
2. Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мына ақпаратты:
шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні;
қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін;
айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын;
электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, «Салық кодексінің 197-бабын сақтамау» деген белгіні қамтуға тиіс.
3. Қосымша шот-фактура айналым жасалған күннен ерте емес және көрсетілген айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 412-бабының 12-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауының;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген;
дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куаландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
5. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуіне келіспейтінін көрсетуге құқылы.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
421-бап. Қосылған құн салығын есептеу
1. Салық салынатын импорт бойынша есептелген қосылған құн салығын қоспағанда, қосылған құн салығы салықтық кезең үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 411-бабына сәйкес айқындалған есепке жатқызылған қосылған құн салығының қосымша сомасы.
2. Салық салынатын айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген өткізу бойынша айналымдарды қоспағанда, осы Кодекстің 383 және 384-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған салық салынатын айналымды көбейту
қосу
осы Кодекстің 422-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені және осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген, осы Кодекстің 383 және 384-баптарында көзделген айналымдар сомасына азайтылған және (немесе) ұлғайтылған өткізу бойынша айналымдарды көбейту.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көзделген есеп айырысу нәтижесі:
1) оң мәнге ие болса, мұндай нәтиже осы Кодексте айқындалған тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс мәнге ие болса, мұндай нәтиже есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
4. Бейрезидент үшін қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 422-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені бейрезиденттен жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым мөлшеріне қолдану арқылы есептеледі.
422-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
1. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
2. Осы Кодекстің 44-тарауында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы Кодекстің 44-тарауына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша көрсетілген айналым осы баптың 1-тармағында көрсетілген мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
3. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 380-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болатын;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болатын мөлшерлемесі қолданылады.
423-бап. Салықтық кезең
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салықтық кезең болып табылады.
424-бап. Салық декларациясы
1. Осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қосылған құн салығын төлеуші, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салықтық кезең үшін ұсынуға міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстiң 426-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша келісімшарттық қызмет бойынша қосылған құн салығы декларациясын ұсынады.
2. Декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салықтық кезең ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімдері ұсынылады. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактуралардың нөмірлерін көрсетуге арналған ұяшықтардың саны:
1) есепті салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға арналған құжаттарды);
2) есепті салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімін электрондық нысанда ұсынған кезде шектелмейді.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште жазып берсе, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі;
салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда және қағаз жеткізгіште алса, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана жазып берген жағдайда, онда салықтық кезең ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды;
салықтық кезең ішінде шот-фактураларды электрондық нысанда ғана алған жағдайда, онда салықтық кезең ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына ұсынылмайды.
3. Осы Кодекстің 400-бабы 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.
4. Осы Кодекстiң 85-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда, салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші осындай есептен шығару жүргізілген есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын ұсынуға міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салықтық кезеңнің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
425-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімдері
Қосылған құн салығы бюджетке салық төлеушінің орналасқан жері бойынша мынадай мерзімдерде:
есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 25-і күнінен кешіктірмей - әрбір салықтық кезең үшін бюджетке төленуге тиіс қосылған құн салығының, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосылған құн салығын қоспағанда, бейрезидент үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы;
2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған мерзімдерде - импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы;