2) бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде - аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бөлігіне тура келетін қосылған құн салығының мөлшерінде есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
ҚҚС ақер = ҚҚСже х Sақб / Sақ, мұнда:
ҚҚС ақер - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;
ҚҚСже - құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 402-бабының 3-тармағына сәйкес өткізу күніне жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы;
Sақб - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңы;
Sақ - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.
2. Тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған салықтық кезеңде, бірақ тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес осындай тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жайдың құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:
ҚҚСер = (ҚҚСеж - ҚҚСақер) х Sтеү / Sтғ, мұнда:
ҚҚСер - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын емес үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСеж - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) құрылысына пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, есепке жатқызылатын, жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы тұрғын ғимараттың тек қана тұрғын емес үй-жайлардан тұратын бөлігін өткізу немесе жалға беру жағдайы басталған күнге айқындалады, бірақ тұрғын ғимаратты Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес пайдалануға қабылдау күнінен бұрын емес;
ҚҚСақер - бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;
Sтеү - тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ - тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) жалпы алаңы.
Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 243-бабының 9-тармағында айқындалған тәртіппен есепке алынады және мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСере = ҚҚСеж - ҚҚСақер - ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСере - тұрғын емес үй-жайы да бар тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) бөлігі болып табылатын тұрғын үй-жай бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.
411-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы
1. Мынадай тұлғалар қосылған құн салығының қосымша сомасын есепке жатқызуға құқылы:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша - шаруа немесе фермер қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өндірушілер;
2) ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуді жүзеге асырудың нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу жөніндегі айналымдар бойынша - заңды тұлғалар. Қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімін, балық өсіру шаруашылығының өнімін қайта өңдеуге мынадай қызмет түрлері жатады:
ет пен ет өнімдерін өндіру;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу;
өсімдіктер мен жануарлардың майларын және тоңмайларды өндіру;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіру;
ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіру;
нан өндіру;
балалар тағамын және диеталық тамақ өнімдерін өндіру;
крахмал-cірне өнеркәсібінің өнімдерін өндіру;
ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеу;
мақтаны тұқымдарынан тазарту;
тірі балықты қайта өңдеу;
3) мыналар:
өз өндірісінің, сондай-ақ осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін өткізу;
өз өндірісінің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығының) өнімін қайта өңдеу нәтижесінде алынған, осындай өнімді отандық өндірушіден сатып алынған және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өнімді өткізу;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша осындай кооператив мүшелеріне осы тармақшада көрсетілген айналымдарды олардың жүзеге асыруы мақсатында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жөніндегі айналымдар бойынша ауыл шаруашылығы кооперативтері.
Осы тармақтың ережелері акцизделетін тауарларды және оларды қайта өңдеу өнімдерін өткізу бойынша айналымдарға қолданылмайды.
Осы тармақты қолдану мақсатында қызмет түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеушілер:
осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша өткізу жөніндегі айналымдарды;
осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бөлек есепке алуды жүргізген жағдайда осы баптың ережелерін қолдануға құқылы.
Осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомаларына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер 1 = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСер 2 = ҚҚСеж - ҚҚСер 1, мұнда:
ҚҚСер 1 - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж - осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте және өзге де қызметте бір мезгілде пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзетулер ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
А сс - осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын салықтық кезең үшін салық салынатын айналым сомасы;
А жал - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет және өзге де қызмет бойынша айналымдар сомасы ретінде айқындалатын айналымның жалпы сомасы;
ҚҚСер 2 - өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
Салық салынбайтын айналымдар болған кезде өзге де қызмет бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының масы осы Кодекстің 408 және 409-баптары ескеріле отырып айқындалады.
Өзге де айналым бойынша осындай қосылған құн салығын төлеуші есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын осы Кодекстің 408-бабына сәйкес пропорционалды әдіспен айқындауға құқылы.
3. Егер заңды тұлға шетелдік, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлға болып табылса, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген салық төлеушілер, осы баптың ережелерін қолдануға құқылы емес.
4. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
ҚҚСеқ = (ҚҚСсс - ҚҚСер - ҚҚСак) х 70 %, мұнда:
ҚҚСеқ - есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы;
ҚҚСсс - осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымнан есептелген қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСер - есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының осы Кодекстің 408, 409 және 410-баптарына сәйкес айқындалған сомасы. Мұндай сома осы баптың 1-тармағында көзделген қызметте пайдаланылып жатқан немесе пайдаланылатын алуға жататын (алынған) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша айқындалады;
ҚҚСак - есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет бойынша есепті салықтық кезеңнің басында өспелі қорытындысымен қалыптасқан есепке жазылған салық сомасынан асып кету сомасы.
Алынған нөлдік немесе теріс мән салықтық кезең үшін қосылған құн салығын есептеу кезінде есепке алынбайды.
47-тарау. ШОТ-ФАКТУРА
412-бап. Жалпы ережелер
1-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 37-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым жасалған кезде мыналар шот-фактура жазып беруге міндетті:
1) осы Кодекстің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер;
2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда салық төлеушілер;
3) осы Кодекстің 416-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын комиссионер;
4) осы Кодекстің 415-бабында белгіленген жағдайларда, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын экспедитор;
5) импортталған тауарларды өткізген жағдайда салық төлеушілер.
2-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 37-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
2. Салық төлеуші шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы болатын мынадай жағдайларды:
1) салық төлеушінің тұрған жері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері шекарасында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі болмаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады;
2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайды қоспағанда, шот-фактура электрондық нысанда жазып беріледі.
Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде тіркеуге жатады.
3-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 37-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
3. Электрондық нысандағы шот-фактура уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде жазып беріледі.
4-тармақтың қолданысы 2019 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ 2017.25.12. № 121-VI ҚР Заңының 37-бабының редакциясында қолданылды (бұр.ред.қара)
4. Шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып беру осы баптың 5 - 12-тармақтарында айқындалған тәртіппен, салық төлеуші дербес айқындайтын нысан бойынша жүргізіледі.
5. Шот-фактурада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) шот-фактураның реттiк нөмiрi;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің және алушының сәйкестендіру нөмірі;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты - тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты - салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға (заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне) қатысты - атауы. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанды көрсету бөлігінде дағдыларға, оның ішінде іскерлік айналымның дағдыларына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;
4) шот-фактура жазып берiлген күн;
5) осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларда, өнім берушінің мәртебесі - комитент немесе комиссионер;
6) акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі;
7) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы;
8) салық салынатын (салық салынбайтын) айналымның мөлшерi;
9) қосылған құн салығының мөлшерлемесі;
10) қосылған құн салығының сомасы;
11) қосылған құн салығы ескеріле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны;
12) тармақша 2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тауарларға қатысты - сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының коды.
6. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің әрбір атауы бойынша жеке көрсетіледі.
Шот-фактуралар қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 7) - 11) тармақшаларында көрсетілген деректерді қамтитын құжат қоса берілсе, айналымның жалпы мөлшерін көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмірі мен күнін көрсету, сондай-ақ оның атауы қамтылуға тиіс.
7. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Мынадай:
1) өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жасалған (орындалған) мәмілелер (операциялар) бойынша;
2) осы Кодекстің 386, 447 және 449-баптарына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, тауарларды экспортқа өткізу жөніндегі мәмілелер (операциялар) бойынша;
3) осы Кодекстің 387-бабына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын, халықаралық тасымалдар бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі айналымдар бойынша;
4) осы Кодекстің 393-бабының 3-тармағына сәйкес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі бойынша салық салынатын өткізу жөніндегі айналымдар бойынша шетел валютасымен көрсету мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурадағы құндық және сомалық мәндер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетіледі.
8. Егер заңды тұлғаның атынан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруші ретінде оның құрылымдық бөлімшесі әрекет еткен және заңды тұлғаның шешімі бойынша шот-фактуралар жазып беруді осындай құрылымдық бөлімше жүргізген жағдайда, сондай-ақ, егер заңды тұлғаның атынан құрылымдық бөлімше тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы болған жағдайда, мыналарды:
1) осы баптың 5-тармағының 3) және 5) тармақшаларында белгіленген талаптарды орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің деректемелерін көрсетуге жол беріледі;
2) осы баптың 5-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талапты орындау мақсатында шот-фактурада заңды тұлғаның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Бұл ретте осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлға құрылымдық бөлімшесінің деректемелері көрсетілген жағдайда осындай құрылымдық бөлімшенің сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
9. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 400-бабының 1-тармағында көзделген өзге де құжатта:
1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша - қосылған құн салығының сомасын;
2) салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша - «ҚҚС-сыз» деген белгіні көрсетеді.
10. Салық төлеушілер қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада осы бапта көзделмеген қосымша мәліметтерді көрсетуге құқылы.
11. Қағаз жеткізгіштегі шот-фактура екі данада жазып беріледі, олардың біреуі тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушыға беріледі.
12. Қағаз жеткізгіште жазып берілген шот-фактура:
заңды тұлғалар үшiн - басшысы мен бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрмен;
дара кәсiпкерлер үшiн - тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы қамтылған мөрмен (ол болған жағдайда), сондай-ақ дара кәсiпкердiң қолтаңбасымен куәландырылады.
Шот-фактура салық төлеушiнiң бұйрығымен осыған уәкiлеттiк берiлген жұмыскердiң қолтаңбасымен куәландырылуы мүмкiн. Бұл ретте бұйрықтың көшiрмесi тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылардың көрiп-танысуы үшiн қолжетiмдi болуға тиiс.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы
шот-фактураға қол қоюға уәкiлеттi адамды тағайындау туралы бұйрықтың осыған уәкiлеттiк берілген адам куәландырған көшiрмесiн ұсыну талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушiге жүгiнуге құқылы, ал өнiм берушi бұл талапты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушы жүгiнген күнi орындауға мiндеттi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берушi болып табылатын заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тұлғада мөр болуға тиіс болса, салық төлеушi жазып берген шот-фактураларды оның шешiмi бойынша осындай құрылымдық бөлiмшенiң заңды тұлғаның атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен куәландыруға құқылы.
Жай серiктестiкке (консорциумға) қатысушылардың уәкiлеттi өкiлi осы Кодекстiң 200-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда жазып берген шот-фактура уәкiлеттi өкiлдiң атауы және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету қамтылған мөрiмен, сондай-ақ осындай уәкiлеттi өкiл басшысының және бас бухгалтерiнiң қолтаңбаларымен куәландырылады.
Егер Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына және есептік саясатқа сәйкес басшы немесе дара кәсiпкер бухгалтерлiк есептi жеке өзi жүргiзген жағдайда, бас бухгалтер қолтаңбасының орнына «көзделмеген» деп көрсетiледi.
Электрондық нысанда жазып берiлген шот-фактура электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
13. Шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда:
1) есеп айырысулары:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) осы Кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген жағдайларда талап етілмейді.
Тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға өткізілген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері қолданылмайды.
14. Осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы шот-фактураны жазып беру талабымен осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу сенім білдірілген тұлғасы арқылы жүзеге асырылатын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi. Бұл ретте осы баптың 13-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда шот-фактураны жазып беру тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілетін жері бойынша жүзеге асырылады.
Осы баптың 13-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайда, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны жазып беру талабымен осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.
15. Жекелеген жағдайларда шот-фактураларды жазып беру ерекшеліктері осы Кодекстің 414 - 418-баптарында белгіленеді.
413-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері
1. Шот-фактура:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде - тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;