570-1-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«570-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет»;
мынадай мазмұндағы 570-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«570-2-бап. Мемлекеттік кіріс органдары»;
2) 35-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер осы Кодекстің 512-1 - 512-5-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, арнаулы мемлекеттік органдардың және экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
3) 216-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңнамасында көзделген мiндеттердi:
салық төлеушiлердiң — заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банктік шоттарын ашқаны туралы салық органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банктік шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оларды есепке қою фактiсiн растайтын құжатты ұсынбай, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлем тапсырмаларын жүзеге асыру;
банктік шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық төлеушiлердiң өздерiнiң банктік шотынан бюджетке төленетін салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын аударуға (төлеуге) төлем тапсырмаларын бiрiншi кезекте орындамау;
банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банктік шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күннен кешірек) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
банктік шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салықтар және басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алу жөнiндегi салық органдарының инкассолық тапсырмаларын (өкімдерін) бiрiншi кезекте орындамау;
салық органдарының қызметкерлерiн банктік шоттар бойынша жасалған (жасалатын) операцияларды, салық төлеушiлердiң — заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғын, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарында, салымдарында ақшасының бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруға өзге де кедергi жасау;
салық органдарының заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша олардың барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөніндегі өкiмдерiн орындамау, анықталған салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы талаптарды орындамау, салық органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептілікті, есеп-қисаптар мен салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеуге және төлеуге, бағаларды және тарифтерді белгiлеуге және қолдануға байланысты басқа да құжаттарды ұсынбау немесе ұсынудан бас тарту;
салық органдарының сұрау салулары бойынша белгiлi бір кезеңде банктік шоттар бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi ұсынбау;
банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық органдарының сұрау салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдыңғы жыл iшіндегі қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi ұсынбауы;
клиентте аталған банкте салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған ашылған банктік шоты болған кезде жаңа банктік шот ашу;
жұмыс істемейтін салық төлеушіге банктік шот ашу түрінде орындамауы -
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 217-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«өз клиентінде аталған банкте салық органдары инкассолық өкімдер немесе салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер шығарған ашылған банктік шоты болған кезде, оған жаңа банктік шот ашу;»;
5) 219-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«219-бап. Салық органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау»;
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Салық төлеушiнiң салық органдарының және олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
«3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салықтық тексеруді жүргiзетін салық органының лауазымды адамын жіберуге заңсыз кедергi келтiру -
дара кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
6) 355-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқамаларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау
1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның нұсқамаларын және (немесе) басқа да заңды талаптарын орындамау -
лауазымды тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бір жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу қызметі, әскери полиция, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметi, кеден органы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнің қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезiнде оның заңды өкiмiне немесе талабына қаскөйлікпен бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не оған қатысты зорлық әрекеттерін жасау қатерiн төндiру -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.»;
7) 358-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Салық органдарына ұсыну үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
8) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80 - 84-1, 85 (төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 85-1 (екiншi бөлiгiнде), 85-2 (екiншi бөлiгiнде), 85-3, 86, 86-1, 86-2, 87 (2-1 және 2-2-бөліктерінде), 87 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95 - 110-1, 122, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 135-1, 136 - 136-3, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-6 (2-1-бөлігінде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші бөліктерінде), 147-11 (жетiншi және тоғызыншы бөліктерінде), 147-12, 147-13, 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бiрiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 167-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 168-1, 168-3, 168-5, 168-8, 175 (екiншi бөлiгiнде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 176 (үшінші бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179 (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 187, 188 (екiншi бөлiгiнде), 190, 192, 200, 202, 203, 206-2, 208-1, 209, 213 (төртінші - алтыншы бөліктерінде), 214, 219-6, 219-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 222 - 226, 228 - 229, 230-1, 230-2, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 235-1 (төртінші бөлігінде), 237, 237-1, 240-2, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 306-3 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 308, 309-1 (жетiншi және сегiзiншi бөлiктерiнде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 309-5, 310-1 (1-1 және екінші бөліктерінде), 311-1 (жетiншi бөлiгiнде), 314, 315, 316, 317 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 317-1, 317-2, 317-4 (екінші және үшінші бөліктерінде), 318, 319, 319-1, 320 (бiрiншi және 1-1-бөлiктерiнде), 321, 322 (үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 324-1, 324-2, 326, 327 (бiрiншi бөлiгiнде), 328, 328-2 (екінші бөлігінде), 330, 330-1 (екiншi бөлiгiнде), 332 (бiрiншi, екiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 335, 336 (үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 341-1, 342 - 344, 346 - 357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-5, 357-6, 357-7 (екiншi бөлiгiнде), 362, 362-1, 363, 365, 366, 367, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372 - 376, 380 (екiншi бөлiгiнде), 380-2, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 388-1, 389-1, 390 (екiншi бөлiгiнде), 391 (екiншi бөлiгiнде), 391-1 (екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 393, 394 (екiншi, үшінші және төртінші бөлiктерiнде), 394-1, 396 (төртiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi - үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлiгiнде), 463-3 (үшінші бөлігінде), 464-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 464-2 (екінші бөлігінде), 464-3 (екінші - төртінші бөліктерінде), 465 (екiншi бөлiгiнде), 466 (екiншi бөлiгiнде), 467, 468 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 468-1, 468-2, 469 (екінші және үшінші бөліктерінде), 471 (бірінші, екінші, төртінші - он бірінші бөліктерінде), 473 (үшiншi бөлiгiнде), 474-1, 474-2, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513 - 518, 520 - 524, 528 - 537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
9) 555 және 570-баптар алып тасталсын;
10) 570-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«570-1-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстің 358-1, 359, 360 және 361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.»;
11) мынадай мазмұндағы 570-2-баппен толықтырылсын:
«570-2-бап. Мемлекеттік кіріс органдары
1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 88 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, 2-1 және үшінші бөліктерінде), 140 (бірінші бөлігінде), 141, 155-1, 155-3, 155-4, 155-5, 161-1, 161-2, 163 (бірінші, екінші, бесінші және он екінші бөліктерінде), 164, 166, 169-1, 176 (бірінші бөлігінде), 205, 205-1, 205-2, 206, 206-1, 207, 208, 210, 211, 213 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 215, 216, 217, 218, 218-1, 219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360, 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Мемлекеттік кіріс органдары, осы тармақта аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1 және сегізінші бөліктерінде), 463 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Мемлекеттік кіріс органының басшысы мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.»;
12) 584-баптың ескертуінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық органы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға электрондық тәсілмен жіберілген хабарлама (хабардар ету) да осы Кодексте тиісінше хабарлау (хабардар ету) деп танылады.»;
13) 619-баптың бірінші бөлігінде:
5-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі саласында құқық бұзушылықтар жасалғанда - экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерi;»;
мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:
«5-3) белгiленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалғанда - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерi;»;
14) 620-бапта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу, кеден ісі салаларында құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - мемлекеттік кіріс органдарының лауазымды адамдары;»;
9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-1) белгіленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылықтар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды адамдары;»;
11) тармақша алып тасталсын;
15) 634-баптың 2-1-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілген тексерудің нәтижесі осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.
Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде және салық органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.»;
16) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
отыз төртінші және отыз бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (143-1, 151, 151-1, 206-2, 275-1, 355, 356, 357-3, 514, 514-3, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529, 533, 533-1, 534, 535, 537-1-баптар);
мемлекеттік кіріс органдарының (136-3, 140 (екінші бөлігі), 143, 143-1, 143-2, 144-1, 145, 146-1, 151-1, 154, 154-1, 155, 155-2, 156, 157, 158-4, 159 (үшінші және төртінші бөліктері), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және он үшінші бөліктері), 179 (бірінші және екінші бөліктері) 179-1, 200, 203, 208-1, 209, 213 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 214, 275-1, 306-2, 355, 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі), 357-5, 374 (бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктері), 400-1, 400-2, 405 (бірінші бөлігі), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426 - 430, 433, 514, 515, 516, 516-1, 517, 518, 519, 521, 522, 529-баптар, сондай-ақ 323 (екінші бөлігінде), 357-1, 461 (3-1-бөлігінде)-баптарда көзделген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша);»;
отыз алтыншы абзац алып тасталсын;
17) 639-баптың 1-2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-2. Істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде, егер тұлға (заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын жеке тұлға, орган немесе тұлға) әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жаза қолдануға келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 710-1-бабына сәйкес айыппұл төлеген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.»;
18) 701-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Үкіметі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін өтеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, мұндай тұлғаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған мемлекеттік кіріс органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.»;
19) 708-баптың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;
20) 709-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік кіріс органдары орындайды.»;
21) 710-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органы жіберген (тапсырған) мемлекеттік кіріс органына келу туралы алынған хабарлама және (немесе) хабарлау негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен адам хабарлама және (немесе) хабарлау алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.».
6. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
115-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден органдары, шекаралық, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бекеттерін қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынан бөлінген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.».
7. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 37-баптың 1-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) мемлекеттік кіріс органына ұсынғанға дейін жерүсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша салық есептілігін растайды;»;
2) 66-баптың 10-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік кіріс органында есепке қойылғаны туралы куәліктің немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.».
8. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат, № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; 2014 жылғы 2 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы):