Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
3. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2-қосымшаға сәйкес кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 397 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық
ономастика комиссиясы туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі - жұмыс органы) болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
2. Негiзгi мiндеттерi
5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу;
2) Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқықтары
6. Комиссия жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:
1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;
2) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөнінде қорытындылар береді;
3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөнінде қорытындылар береді;
4) қаладағы аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөлiктерiне атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөнінде қорытындылар береді;
5) қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларына келісім береді;
6) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды қарайды.
7. Өз міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссия:
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ономастика мәселелері бойынша заңнамалық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;
3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының төрағаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарының өкілдерін (келісім бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
5) Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқылы.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.
10. Комиссия мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
12. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын, Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды.
14. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
15. Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет және Комиссияның төрағасы айқындайтын өзге де күндерде өткізіледі.
16. Комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 17-1-тармақпен толықтырылды
17-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
18. Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.
19. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
20. Қорытынды тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 17.10.00 ж. № 1551; 03.04.02 ж. № 397;13.04.04 ж. № 413; 2005.01.04 . № 295 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара) ; 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.13.11. № 1445 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.24.04. № 397 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының
құрамы
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Тіл комитетi төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму вице-министрі
Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры (келісім бойынша)
«География институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға ғылыми қызметкері (келісім бойынша)
«КГТИ-Лингва» Орталық Қазақстан университеті» жеке меншік мекемесінің профессоры (келісім бойынша)
геолог, түркітанушы, картограф (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері
«Айқын» республикалық газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
«Алаш айнасы» республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газетінің бас редакторы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Түркі академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір күшi жойылған шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанынан Мемлекеттік ономастика комиссиясын құру туралы» Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 20 сәуірдегі № 156 қаулысы (Қаз КСР ҚЖ, 1992 ж., № 12, 73-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 54-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 295-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 415-құжат).