Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 Қаулысы
(2022.25.03. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 13 қарашадағы
№ 1834 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. ҚР Үкіметінің 2022.09.03. № 114 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2022.25.03. № 160 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2016.23.08. № 476 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2015.10.08. № 621 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2016.19.07. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
7. ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы «Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі» акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
Төлебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы шығарылсын.