Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы № 1551 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 160 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 99-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшадағы:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
2) Ә.Қ.Ахметов, А.П.Гаркавец, Н.С.Бектұрғанов, А.П.Горбунов,
У.Қалижанов, К.С.Матыжанов, В.Ф.Михайлов көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі