Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 352 Қаулысы
(2013.26.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Уәкілетті ұйымның әлеуметтік жеке код беру тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 41, 388-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 және 1997 жылғы 16 қыркүйектегі № 1342 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 376 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 210-құжат);
3) «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік Кәсіпорындар мен ұйымдардың ортақ жіктегішін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 шілдедегі № 1130 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 31, 382-құжат).
ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.26.02 № 220 қаулысымен (бұр. ред. қара) (2009.01.01 қолданысқа енгізілді); 2010.18.06. № 613 қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Осы қаулы 2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3, 4-тармақтарын, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 2-тармағын, өзгерістер мен толықтырулардың 1, 2, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17, 19, 20, 21, 23, 24, 25, 26 -тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 30 сәуірдегі
№ 352 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2013.24.04. № 391 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 наурыздағы № 245 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 9, 69-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың (қоса есептеудің) және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесінде:
3-тармақтың сегізінші абзацында:
«әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, онда әлеуметтік жеке код беру үшін тіркеу карточкасына енгізілген» деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақтың үшінші абзацында «тіркелген әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармақтың үшінші абзацында:
«әлеуметтік дербес кодын» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«, онда жеке тұлғаның әлеуметтік дербес код беру үшін тіркеу кәртішкесінде толтырған» деген сөздер алынып тасталсын;
10-тармақтың бірінші абзацында:
«қызметкерлерге тағайындалған әлеуметтік дербес кодтарды» деген сөздер «қызметкерлердің жеке сәйкестендіру нөмірлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«әлеуметтік дербес кодты беру үшін тіркеу кәртішкесіне енгізілген» деген сөздер алынып тасталсын;
15-тармақтың бірінші абзацында «немесе салымшының (алушының) деректемелерінде болған өзгерістерді растайтын әлеуметтік жеке код беру туралы куәліктің көшірмесі» деген сөздер алынып тасталсын;
16-тармақта «салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) (жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақта:
«салық төлеушінің атауы мен тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)»;
19-2-тармақта «салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер «бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1-2-қосымшада:
«Қызметкерде (-лерде) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың болуы (болмауы) туралы растау анықтамасы» деген кестенің 6-бағанында «Әлеуметтік жеке коды» деген сөздер «Жеке сәйкестендіру нөмірі» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
жинақтаушы зейнетақы қорларына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы туралы хабарламада «СТН-і» деген аббревиатура «БСН-і (ЖСН-і)» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2012.19.04. № 498 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 852 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде:
«ӘЖК _______________________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН _______________________».
6. ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 572-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу ережесінде:
4-тармақтың екінші абзацында «жеке басының куәлігі мен әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгендігі туралы куәлігін» деген сөздер «жеке басын куәландыратын құжатты» деген сөздермен ауыстырылсын;
Ережеге 1-қосымшада:
«жеке куәлігінің №» деген сөздер «жеке басын куәландыратын құжаттың №» деген сөздермен ауыстырылсын;
«ӘЖК №» деген сөздер» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1332 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
9. ҚР Үкіметінің 2007.27.12. № 1301 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
10. ҚР Үкіметінің 2008.06.05. № 425 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
11. «Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 247-құжат):
тақырыпта және 1-тармақта «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне) көшу бағдарламасында:
тақырыбында «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
бүкіл мәтін бойынша «СН» деген аббревиатура»«ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Атауы» деген бөлімшеде «Жеке (заңды) тұлғаның бірыңғай нөміріне (« деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «Қысқаша мазмұны» деген бөлімшеде «жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер үшін» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Мәселенің қазіргі жай-күйін талдау» деген 3-бөлімнің сегізінші абзацында «жүйесін» деген сөзден «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері» деген 4-бөлімде:
екінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөздің алдынан»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
сегізінші абзацта «Қазақстан Республикасында» деген сөздерден кейін»«жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» деген 5-бөлімде:
1-бөлімшеде:
үшінші абзацта «сәйкестендіру» деген сөз»«жеке сәйкестендіру» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзацта «СН құрылымына енетін мәліметтер өзгерген кезде» деген сөздерден кейін «жеке» деген сөзбен толықтырылсын;
5-бөлімше мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бақылау разрядының мәнін есептеу алгоритмі
ЖСН (БСН) құрамына бақылауды жүзеге асыру және онда клавиатуралық енгізу қателіктерін азайту мақсатында 12-бақылау разрядының болуы көзделеді, оны есептегенде екі циклда мынадай алгоритм пайдаланылады:
a12=(а1*b1+а2*b2+а3*b3+а4*b4+а5*b5+а6*b6+а7*b7+а8*b8+а9*b9+а10* b10+а11*b11)mod 11,
мұнда: аі - і-разрядтың мәні;
bі - і-разрядтың салмағы.
ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
разрядтың салмағы: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11.
1. Егер алынған сан 10-ға тең болса, онда бақылау разрядын есептеу салмақтың басқа кезегімен жүргізіледі:
ЖСН разряды: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
разрядтың салмағы: 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2.
2. Егер алынған сан тағы 10-ға тең болса, онда бұл ЖСН пайдаланылмайды.
3. Егер алынған санның мәні 0-ден 9-ға дейін болса, онда бұл сан бақылау разряды ретінде алынады.».
12.«Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесін және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 661 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 272-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетін зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ережесінде:
көрсетілген Ережеге қосымшада:
«Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) №
»
деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«СТН» деген жол алынып тасталсын;
«банктің СТН-і» деген сөздер»«банктің БСН-і» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
14. ҚР Үкіметінің 2013.21.01. № 20 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
15 ҚР Үкіметінің 2007.07.25. № 628 қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) алынып тасталды (бұр.ред.қара)
16. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу ережесінде:
11-тармақта:
бірінші абзацта «әлеуметтік жеке кодын (бұдан әрі - ӘЖК)» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта «жеке тұлғаның ӘЖК алу үшін тіркеу карточкасына толтырған» деген сөздер алынып тасталсын;
12-тармақта «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
25-тармақтың он екінші абзацында «салық төлеушілердің тіркеу нөмірлері» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 1 және 2-қосымшаларда «ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
17. ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1307 қаулысымен күші жойылды (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18.«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жүргізуді»;
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасауды және жүргізуді, сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруды, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«өз құзыретінің шегінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін құру, жүргізу және пайдалану жөнінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді;
сәйкестендіру нөмірін қалыптастыруды орталықтандырып жүзеге асыруды әрі тіркеуші және басқа да мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік мекемелерге ақпарат ұсынуды;
сәйкестендіру нөмірі бар құжаттардың дайындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыруды;
сәйкестендіру деректерінің, олардың құрылымдарының, құрамы мен форматының жіктемелері мен анықтамаларын жүргізу тәртібін белгілеуді;».
19.«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 39, 556-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген бала туғанда берілетін жәрдемақы және (немесе) бір жасқа толғанға дейін бала күтімі жөніндегі жәрдемақы тағайындау үшін өтініштің нысанында:
«ӘЖҚ___________» деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін өтініштің нысанында:
«ӘЖК №__________» деген жол алынып тасталсын;
«СТН» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
20. «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 6, 49-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу ережесінде:
1-тармақтың 7) тармақшасында «салық төлеушінің куәлігін, әлеуметтік жеке код берілгені туралы уақытша куәлікті,» деген сөздер алынып тасталсын.
21. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 848 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
22. ҚР Үкіметінің 2010.18.06. № 613 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
23. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру ережесінде:
6-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
24. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
3-тармақтың 3), 4) тармақшалары алынып тасталсын:
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:
«Менің (СТН)____________ӘЖК_____________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖСН________________»;
көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
«Салымшының табельдік нөмірі__________________ӘЖК №________
СТН______________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Салымшының табельдік нөмірі________________________ ЖСН_________________________»;
«Төлеуші ұйымның СТН мен орналасқан жері» деген сөздер «Төлеуші ұйымның БСН-і мен орналасқан жері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 18-қосымшада 7-нысан кестесінің 4-бағанында «СТН» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 20-қосымшада:
«ӘЖК» деген аббревиатура «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
________
«СТН» деген жол алынып тасталсын.
25. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 777 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 329-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген әскери қызмет өткеру туралы келісім-шарттың үлгі нысанында:
«(әлеуметтік жеке кодының нөмірі, салық төлеушінің тіркеу нөмірі)» деген сөздер «(жеке сәйкестендіру нөмірі)» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
5-тармақтың 4) және 5) тармақшалары алынып тасталсын;
35-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 1-қосымшада «СТН» деген аббревиатура «ЖСН»
деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«ӘЖК
»;
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген Ережеге 2, 3-қосымшаларда:
«Әлеуметтік жеке коды (ӘЖК) №_____» деген жол алынып тасталсын;
«Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН)» деген сөздер «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Банктің СТН-і» деген сөздер «Банктің БСН-і» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
«СТН-і», «СТН» деген аббревиатуралар тиісінше «ЖСН-і», «ЖСН» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 8 және 9-қосымшаларда:
7 және 7д нысандарының кестелерінде «СТН» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 10, 11-қосымшаларда:
«Алушының СТН-і» деген сөздер «Алушының ЖСН-і» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Банктің СТН-і» деген сөздер «Банктің БСН-і» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген Ережеге 12-қосымшада «ӘЖК» деген аббревиатура» «ЖСН» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
__________
«СТН» деген жол алынып тасталсын.
27 ҚР Үкіметінің 2009.26.02 № 220 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізілді)