«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 1685 Қаулысы
(2014.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 676 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығын қараңыз
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келісім бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1685 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектi тағайындау және төлеу
ережесi
Осы Ереже «Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар.
2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi.
3. Атаулы әлеуметтiк көмектi алу құқығы тоқсан сайын табысы туралы құжаттар ұсыну арқылы расталады.
2. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.04. № 322 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтініш иесі өз атынан немесе отбасының атынан тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға немесе ол болмаса кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді. Жүгінген кезде өтініш иесі осы Ережеге 1, 2, 3, 4-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша өтініш, өтініш иесінің отбасы құрамы, өтініш иесінің отбасы мүшелерінің табысы, жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтердің бланкілерін (бұдан әрі - құжаттар) тегін алады.
Құжаттарды өтініш иесінің өзі толтырады және жеке басын куәландыратын құжатты, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда - еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелеріне әлеуметтік келісімшарт көшірмелерін көрсете отырып, оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне тапсырады.
Әлеуметтік келісімшарттың көшірмесін тапсыру өтініш иесінің және еңбекке жарамды жастағы отбасы мүшелерінің жүмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқаннан алған табыстарына қарамай, оларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын береді.
Өтініш иесі келесі тоқсанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қайта өтініш берген жағдайда, осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшаларда қамтылған мәліметтерде өзгерістер болмаған кезде осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бланкісі ғана толтырылады.
Осы Ережеде көзделмеген басқа құжаттарды ұсынуды талап етуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иесінен құжаттарды алғаннан кейін оларды бірден тіркейді және осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы растау қағазын береді.
Өтініш уәкілетті органда немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның мөрімен бекітілген журналға тіркеледі.
Уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қорытынды дайындау үшін оларды учаскелік комиссияларға береді.
Учаскелік комиссиялардың қызметі жергілікті өкілді органдармен келісілген және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ететін орталық атқарушы органның актісімен бекітілетін Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережеге сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітетін Учаскелік комиссиялар туралы ережелермен реттеледі.
Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш иесінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру (бұдан әрі - тексеру) нәтижелері негізінде қорытынды (6-қосымша) дайындайды және қорытынды дайындаған күні оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне береді.
5-1. Тексеру өтініш иесінің қатысуымен, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүргізіледі.
5-2. Тексерудің мақсаты өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын және өтініш иесінің атаулы әлеуметтік көмек үшін өтініш беруіне байланысты мән-жайларды зерделеу болып табылады.
5-3. Жүргізілген тексерудің нәтижелері бойынша учаскелік комиссия 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі - тексеру актісі) жасайды оған комиссия мүшелері қол қояды.
5-4. Учаскелік комиссия өтініш берушіні, ал ол болмаған жағдайда - отбасының тексеру жүргізуге қатысқан, кәмелетке толған іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің біріне актіні қол қойғызып таныстырады.
ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 5-5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-5. Өтініш иесінің, ал ол болмаған жағдайда - отбасының кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы учаскелік комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамаға тіркеледі.
ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 5-6-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5-6. Өтініш иесі бір күнтізбелік жылдың ішінде қайта өтініш берген кезде тексеру жүргізу өтініш иесінің тұратын жері (бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде), оның (отбасының) құрамы мен табысы өзгерген жағдайда ғана және өтініш иесі ұсынған мәліметтерді нақтылау қажет болған кезде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1440 қаулысымен; ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтініш иелерінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш иелерінің құжаттарын учаскелік комиссиялардың қорытындыларын қоса бере отырып, уәкілетті органға тапсырады.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі қабылданған құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган оларды бірден тіркейді.
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.04. № 322 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Уәкілетті орган құжаттарды өтініш иесінен немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдап алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен учаскелік комиссия қорытындысын қарайды және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бекітетін нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтініш иесіне қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды, бас тартылған жағдайда - тағайындаудан бас тартудың себебін көрсетеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімге уәкілетті органның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындатуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан ішіндегі жиынтық табысын уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен есептейді.
8. Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау оны алуға өтiнiш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңына дейiнгi мерзiмге жүзеге асырылады. Өтiнiш берген ай деп құжаттарын қосып өтiнiш берген ай есептеледi.
Қаражат жетiспеген кезде атаулы әлеуметтiк көмек өтiнiш тiркелген хронологиялық тәртiппен берiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді
9. Атаулы әлеуметтiк көмектің айлық мөлшерiн уәкiлеттi орган отбасының әрбiр мүшесi бойынша немесе адамға жан басына шаққанда орташа табысы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада белгiленген кедейлiк шегi арасындағы айырма түрiнде есептейдi.
3. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу тәртібі
10. Атаулы әлеуметтiк көмектi төлеу алушының таңдауы бойынша екiншi деңгейдегi банк арқылы, өзi таңдаған екiншi деңгейдегі банктегi немесе банк операцияларының тиiстi түрiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдағы жеке шотының деректерiн көрсете отырып берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
11. Тағайындалған соманы алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуiне қарай жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен (2007 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.03. № 335 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Ережеге 1-қосымша
______________________________________
(тұрғылықты жерi, облыстық, аудандық)
уәкiлетті органға
______________________________________
(тұрғылықты жері, ауданы)
______________________________________
(көшесi, үй және пәтер №, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
______________________________________
(Өтінiш иесiнiң аты, әкесінiң аты, тегi)
жеке басын куәландыратын құжаттың № ________________
_________________ берген
берiлген күнi ________________________
ЖСН ________________________
жеке шотының № _______________
Қызмет түрі __________________
ӨТIНIШ
Менiң отбасыма атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауыңызды өтiнемiн.
Менiң отбасым _____________ адамнан тұрады.
Өтінішке белгіленген үлгідегi құжаттарды ұсынамын - 3 данада 2-4 қосымшалар.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдім.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
20 __ ж. «___» _____________ _____________________
(өтiнiш иесінiң қолы)
Құжаттар қабылданды
20 __ ж. «___» _____________ _____________________
(құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т. және қолы)
_________ Отбасының тiркелу нөмiрi
___________________________________________________________________________
(қию сызығы)
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттенемiн.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескертiлдiм
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
өтiнiш иесiнің қолы ___________________
Азамат _______________ қоса берiлiп отырған құжаттармен _____ дана,
отбасының тiркелу нөмiрi _________ өтiніші 200 __ жылғы «___»_____________ қабылданды
Өтініш қоса беріліп отырған құжаттармен учаскелік комиссияға
20_ ж. «__» _________ берілді.
20_ж. «___»________ қабылданды
__________________________құжатты қабылдап алған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә және қолы;
уәкілетті органның құжаттардың ауылдың, ауылдық округтің әкімінен қабылданған күні туралы белгісі
20____ж. «_____» ____________________________________________ құжатты қабылдаған адамның
Т.А.Ә., лауазымы, қолы
Құжаттарды қабылдаған адамның А.Ә.Т., лауазымы, қолы _________________
Ережеге 2-қосымша
1-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы құрамы туралы мәліметтер
_________________________ _________________________
(Өтініш иесінің А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
№ | Отбасы мүшелерінің А.Ә.Т. | Өтініш иесіне туыстық жақындығы | Туған жылы |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Отбасының құрамы туралы М.О.
мәліметті растауға уәкілетті
органның лауазымды адамының А.Ә.Т. _____________________
(қолы)
ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 3-қосымша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ережеге 3-қосымша
2-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Өтініш иесінің отбасы мүшелерінің 20__ жылғы
___ тоқсанда тапқан табысы туралы мәліметтер
____________________________ _______________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, телефон)
№ | Отбасы мүшелерінің Т.Ә.А. | Жұмыс орны, оқу орны (жұмыссыздар жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның анықтамасымен тіркелген фактісін растайды) | Құжаттармен расталған табыстар сомасы | Басқа да мәлімделген табыстар | |
кәсіпкерлік қызметтен | шәкіртақы | алименттер | табыстың өзге түрлері | |
еңбек қызметінен | зейнетақы, жәрдем-ақы | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
Өтініш иесінің қолы ____________________________
Күні ________________________________
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 4-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге 4-қосымша
3-нысан
Отбасының тіркелу нөмірі ____________
Жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы мәліметтер
| Саны/ өлшем бірлігі | Үй жануарлары | Жасы | Мал басының саны |
Саяжай | | Ірі қара малы: сиыр бұқа | | |
Бақша | | Жылқы: бие айғыр | | |
Жер учаскесі, соның ішінде үй іргесіндегі учаске | | Түйе Іңген | | |
Шартты жер үлесі | | Қой, ешкі | | |
Мүліктік үлестік жарна (берілген жылы) | | Тауық, үйрек, қаздар | | |
| | Шошқа | | |
____________________________ ____________________________
(А.Ә.Т.) (мекен-жайы, тел.)
Өтініш иесінің қолы _____________________________
Күні ______________________
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 5-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.04.04. № 322 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-қосымша өзгертілді
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті
тағайындау және төлеу ережесіне
5-қосымша
___________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
уәкілетті органына
___________________________________________
(елді мекен, аудан)
___________________________________________
(көшесі, үй және пәтер №, телефоны)
мекен-жайы бойынша тұратын
___________________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәлігінің № ______________
______________________________берген
берілген күні ______________________
ЖСН________________
жеке шотының № __________
қызмет түрі_________________________
Өтініш
(Ереженің 4-тармағының 3 абзацында көзделген жағдайларда)
Менің отбасыма атаулы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды өтінемін.
Менің отбасым____________ адамнан тұрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер пайда болған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
Менің (менің отбасымның) табысымды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының дерекқорымен салыстырып тексеруге келісемін.
20___ ж. «____» _____________ ________________________________________________________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттар қабылданды
20___ ж. «___» ____________ ________________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
_________________________________________________________________________________Отбасының тіркелу нөмірі
Өтініш учаскелік комиссияға
20___ж. «___»_________ берілді.
20____ж. «___»___________ қабылданды
________________________________________________________құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы;
уәкілетті органның ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күні туралы 20_ «__» _______ белгі, құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, қолы _______________________;
______________________________________________________________________________________________________________________
(қию сызығы)
Мен бұрын Ережеге 2-4-қосымшаларда көрсеткен мәліметтерде өткен тоқсанда өзгерістер болған жоқ.
Өзгерістер туындаған жағдайда олар туралы он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат және расталмаған (жасанды) құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту жасалды.
Өтініш берушінің қолы______________________
Отбасының тіркелу нөмірі_________ азамат____________ өтініші 200__ жылғы «___» _____________ қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы_________
ҚР Үкіметінің 2009.16.03. № 335 Қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.30.09. № 1123 Қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмекті тағайындау және төлеу
ережесіне 6-қосымша
Учаскелік комиссияның №__қорытындысы
___ ______20__ж.
Учаскелік комиссия «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес отбасының (өтініш берушінің)_________________________________________________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарап,
_____________________________________________________________________ (ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің
материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің)
негізінде отбасына (тұлғаға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің_____________________________________________________ туралы
(қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)
қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелері: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________