Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 Қаулысы
(2012.14.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы және «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса берiлiп отырған Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнаулы атақтар берілген және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдары қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін тағайындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 шілдедегі № 634 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 265-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 662 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 27, 341-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.18.11. № 1068 Қаулысымен тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «қаржы полициясы мен» және «қаржы полициясы,» деген сөздерден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 23 ақпандағы
№ 138 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар мен сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау мен төлеудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы және «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және жоғарыда көрсетiлген адамдар санатына зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнет жасына жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер;
Орталықтың бөлімшелері - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемi - бұрынғы әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң қатарындағы адамдарға, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тағайындалатын ай сайынғы ақшалай төлем;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банктік операциялардың тиісті түрлеріне арналған лицензиялары бар ұйымдар, «Қазпочта» АҚ-тың аумақтық бөлімшелері;
Орталықтың филиалдары - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары.
2. Еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібi
ҚР Үкіметінің 2010.21.07. № 748 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн берiлетiн зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемiн (бұдан әрi - зейнетақылар) тағайындауды тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар:
1) Қарулы Күштерде, әскери прокуратура, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдарда және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi;
2) iшкi iстер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында және олардың бөлiмшелерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер мен қызметкерлерге - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi;
3) ұлттық қауiпсiздiк органдарында қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi;
4) Президенттiң Күзет қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi;
5) Республикалық ұлан қызметінде өткерген әскери қызметшілерге - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы;
6) қылмыстық-атқару жүйесінің органдары мен мекемелерінде қызмет атқарған арнайы атақтары бар адамдарға - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетi;
7) «Сырбар» Сыртқы барлау қызметiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге және қызметкерлерге - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметi;
8) прокуратура органдарында (әскери прокуратура органдарын қоспағанда) қызмет өткерген қызметкерлерге - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы тағайындауды осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар соңғы қызмет орны бойынша жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.09.06. № 648 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген уәкiлеттi мемлекеттiк органдар кеден органдарын қоспағанда, әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар мен сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнiң, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарының қызмет өткергенiн және оның босатылу күнiндегi ақшалай үлесiнiң мөлшерiн растайтын құжаттардың тiзбесiн айқындайды. Құжаттар қабылдауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi, оның iшiнде ведомстволар мен аумақтық органдар (бұдан әрi - бөлiмшелер) жүзеге асырады.
Көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар өз қызметінің ерекшелігін ескере отырып, осы Ережені нақтылау жөніндегі нұсқаулықты қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Зейнетақыларды тағайындауға өтініш берген адам тұрғылықты жеріндегі бөлімшеге мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, оралманның Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі куәлігі);
3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
4) ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) банк мекемесінде зейнетақы шотының (карт-шоттың) ашылғаны туралы құжаттың көшірмесі;
7) 3,5х4,5 фотосуреті (2 дана).
6. Бөлімше осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, және осы Ереженің 4-тармағына сәйкес айқындалатын тізбеге сәйкес құжаттарды талап ете отырып, келіп түскен күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жібереді.
7. Бөлімше осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған не толық емес немесе сенімсіз мәліметтері бар құжаттар ұсынылған жағдайда зейнетақы тағайындау туралы өтініштерді қабылдамайды.
8. Бөлімше өтініш берушіден зейнетақы тағайындау үшін қабылданған құжаттар жиынтығының толықтығы, сондай-ақ құжаттар көшірмелерінің сапасы үшін жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2009.14.03. № 322 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген уәкілетті мемлекеттік органдар барлық қажетті құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы тағайындауды жүргізеді, сондай-ақ алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын куәлік береді.
Куәлікке осы Ережеге 1-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша бет беріледі.
10. Өтініш берушінің зейнетақыға құқығы болмауына байланысты зейнетақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, құжаттар осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бас тарту себептері туралы хатымен бөлімшеге қайтарылады.
3. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін,
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жүзеге асыру тәртібi
11. Уәкілетті мемлекеттік органдар/бөлімшелер Орталықтың филиалдарына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес 1-В/Л нысанындағы хабарламаны қоса бере отырып, осы Ережеге 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес 1-BC, 1-ВС пос, 1-ИУ нысандары бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бір данадағы үзінді-көшірмені жібереді.
12. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақылар мен жәрдемақылардың мөлшері өзгерген жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар/бөлімшелер зейнетақылар мен жәрдемақылардың жаңа мөлшері туралы үзінді-көшірме дайындайды және Орталықтың филиалдарына бір данада жібереді.
Тегі, аты, әкесінің аты, жеке шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, алушы тиісті өзгерістерді растайтын құжаттармен бірге осы өзгерістер туралы өтініш береді. Деректемелердің өзгергені туралы белгі зейнетақы немесе жәрдемақы алушының іс-қағазының мұқабасына қойылады. Жаңа деректемелері бар үзінді-көшірмелер Орталықтың филиалдарына жіберіледі. Орталықтың бөлімшелері үзінді-көшірме келіп түскен кезде Орталықтандырылған дерекқорға (бұдан әрі - ОДҚ) тиісті өзгерістер енгізеді.
13. Келіп түскен үзінді-көшірмелер Орталықтың филиалдарында осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысандағы тіркеу журналында тіркеледі.
14. Орталықтың филиалдары зейнетақылар мен жәрдемақылардың тағайындалған/өзгерген мөлшері туралы келіп түскен үзінді-көшірмелерді Орталықтың бөлімшелеріне жібереді.
15. Орталықтың бөлімшелері үзінді-көшірмелер келіп түскен кезде оларды осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысандағы тіркеу журналдарына тіркейді және ОДҚ-да алушылардың карточкаларын қалыптастырады әрі карточкаға тиісті деректерді, не олар жөніндегі өзгерістерді енгізеді.
16. Алушылар бойынша енгізілген және қолдағы деректердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен күн сайынғы төлем кестесінің негізінде Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілікті қалыптастырады және оны төлем айының алдындағы айдың 25-і күніне қарай Министрлікке ұсынады.
17. Министрлік зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге арналған бюджет қаражатына қажеттілікке сәйкес төлем өтінімін ұсынылған зейнетақылар мен жәрдемақылар төлемдері кестесіне сәйкес қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады.
18. Орталық бюджет қаражатын алып, зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалуларға төлем тапсырмаларын қалыптастырады.
19. Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуді Орталықтың бөлімшелері басып шығаратын және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдарға беретін, осы Ережеге 8, 9-қосымшаларға сәйкес 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостардың негізінде шоттарға есептеу жолымен, алушылардың үйіне жеткізіп беру жолымен жүргізеді.
20. 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостар екі данада басылады және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымның және Орталықтың бөлімшесінің қолымен және мөрімен расталады әрі олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.
21. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдар Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, сексен жасқа толған зейнетақы алушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтімін қажет ететін және денсаулық жағдайы бойынша зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымға бара алмайтын адамдарға зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды үйге жеткізіп беруді жүргізеді.
22. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, зейнетақылар мен жәрдемақыларды алушылардың шотына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостар бойынша жүргізіледі.
23. Алатын төлемнің түріне қарай бұл мақсаттарға арналған шығыстар тиісті бюджеттік бағдарлама есебінен жүзеге асырылады.
4. Интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердегі
адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу
24. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылардың интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеге қабылданғаны туралы уәкілетті мемлекеттік органның/бөлімшенің хабарламасы негізінде (мұндай ақпаратты міндетті түрде көрсетілген мекемелер уәкілетті мемлекеттік органдарға/бөлімшелерге ұсынады) Орталықтың бөлімшелері алушының тұратын мекен-жайының өзгеруімен және жеке шотының ауысуымен ОДҚ-қа белгі соғады.
25. Интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын алушыларға зейнетақылар немесе жәрдемақылар төлеу интернаттық немесе мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеменің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж деп танылған, интернаттық және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымда қамқоршылары (қорғаншылары) ашатын жеке шоттарына есептеледі.
5. Түзеу мекемелерінде зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу
26. Зейнетақы немесе жәрдемақы алушылар бас бостандығынан айрылған жағдайда Орталық уәкілетті мемлекеттік органдар тағайындаған зейнетақыны немесе жәрдемақыны сотталушылар жазасын өтеп жүрген түзеу мекемесінің арнайы шоттарына аударады.
27. Сотталған зейнеткер немесе жәрдемақы алушы зейнетақы мен жәрдемақының қандай түрін алғанын және оған зейнетақы немесе жәрдемақы қай уақытқа дейін төленгенін көрсете отырып, түзеу мекемесінің әкімшілігіне жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Түзеу мекемесі өзінің орналасқан жеріндегі тиісті бөлімшеге хатпен өтініш жасайды, онда сотталушының тегін, атын, әкесінің атын, оның бұрынғы тұрған мекен-жайын, оған зейнетақының немесе жәрдемақының қай кезең үшін төленгенін, сондай-ақ жазасын өтеу мерзімі мен түзеу мекемесінің деректемелерін көрсетеді.
28. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі бөлімшелер түзеу мекемесінен хабарлама алған соң, сотталған зейнеткердің немесе жәрдемақы алушының бұрынғы (сотталғанға дейін) тұрған жеріндегі бөлімшеден оның зейнетақы ісін cұратады.
Зейнетақы немесе жәрдемақы алушының бұрынғы тұрған жеріндегі уәкілетті мемлекеттік орган/бөлімше Орталықтың бөлімшесіне осы Ережеге 10, 11-қосымшаларға сәйкес алушының түзеу мекемесінде болуына байланысты төлемнің тоқтатыла тұрғаны туралы 1-Б/BC, 1-Б/BC пос нысанындағы хабарламаны ұсынады.
Түзеу мекемесі орналасқан жердегі уәкілетті мемлекеттік орган/бөлімше зейнетақы ісін немесе жәрдемақы алушының ісін алып, оны есепке қояды және үзінді-көшірмені зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуге Орталықтың бөлімшесіне жібереді.
29. Орталықтың бөлімшесі үзінді-көшірменің негізінде тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақыны түзеу мекемесінің арнайы шотына аудару үшін деректемелерді көрсете отырып, сотталған зейнеткерді немесе жәрдемақы алушыны ОДҚ-ға енгізеді.
6. Тұрғылықты жері өзгерген кезде азаматтарға зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу
30. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететін зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға зейнетақы мен жәрдемақы тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркеуден шыққан айы қоса төленеді.
31. Төлемнен алып тастау уәкілетті мемлекеттік орган/бөлімше ұсынатын 1-Б/ВС, 1-Б/ВС пос нысанындағы хабарлама негізінде жүргізіледі.
32. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге кетушілерге зейнетақы немесе жәрдемақы төлеу жүргізілгеннен кейін Орталықтың бөлімшелері ОДҚ-да белгі соғады.
7. Орталықтан жерлеуге берілетін біржолғы төлемді және қайтыс болған адамның отбасына
берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеу тәртібi
33. Зейнетақылар немесе жәрдемақылар алушылар қайтыс болған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органнан/бөлімшеден келіп түскен 1-Б/ВС, 1-Б/ВС пос нысанындағы хабарламаның негізінде жерлеуге берілетін біржолғы төлемді және қайтыс болған адамның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеуге арналған өтінімдер Орталыққа оның бөлімшелерінен филиалдар арқылы күн сайын жіберіледі.
34. Жерлеуге берілетін біржолғы төлемді және отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыны тағайындау үшін жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға тұратын жеріндегі бөлімшеге қажетті құжаттар мен олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті ұсынады. Құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін бөлімшенің бастығы куәландыруға тиіс. «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған құжаттардың көшірмелерін қабылдауға жол беріледі.
35. Жерлеуге берілетін біржолғы төлем мен отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақы мынадай құжаттардың негізінде төленеді:
1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері;
2) ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары берген сақтандыру анықтамасы;
4) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі.
Бұдан басқа, отбасы мүшелеріне берілетін біржолғы жәрдемақыны төлеу үшін қайтыс болған адаммен туыстық қатынастары туралы куәландыратын құжаттардың көшірмесі ұсынылады.
36. Орталықтың бөлімшесі жерлеуге берілетін біржолғы төлемді және қайтыс болған адамның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны алушылардың тізім-ведомосын осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.
37. Өтінімдердің негізінде Орталық жерлеуге берілетін біржолғы төлемнің және қайтыс болған адамның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақының мөлшерін алушылардың көрсетілген шоттарына қаржыландыруды жүзеге асырады.
Орталық зейнетақылар мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымда ашылған шоттарға жерлеуге берілетін біржолғы төлемді және қайтыс болған адамның отбасына берілетін біржолғы жәрдемақыны жеке тұлғаларға аударуды жүргізеді.