Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 қаулысы
(2005.06.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар бекiтілсін.
2. Мыналар:
1) 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерi (бұдан әрі Мекемелер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын олардың ұйымдық-құқықтық нысанын, функциялары мен өкiлеттiктерiн сақтау шартымен, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншiкке беру құқығынсыз облыстардың коммуналдық меншігіне;
2) «Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» және «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарауына;
3) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Қызыл жиде» республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесi» мемлекеттік мекемесi Алматы облысының коммуналдық меншiгiне берiлсiн.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Жасыл Аймақ» республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Ақмола ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi» мемлекеттік мекемесiн қосу жолымен;
2) «Ақсу Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы» мекемесi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесi етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Мына мемлекеттік мекемелер:
1) Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Сандықтау ормандарды және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесi» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы»;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Талдықорған аудандық аумақтық басқармасы» «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ескелдi аудандық аумақтық басқармасы» болып қайта аталсын.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және Қаржы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, 1-қосымшада көрсетiлген мемлекеттік мекемелердi қабылдау-беру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын;
2) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бiрге «Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» және «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi» мемлекеттік мекемелерiн қабылдау-беру және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау облыстық аумақтық басқармаларын қайта ұйымдастыру жөнiнде қажеттi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың әкiмдерi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 22.01.03 ж. № 75; 23.02.04 ж. № 213; 01.03.04 ж. № 249 қаулыларымен тізбе өзгертілді
Үкіметінің 2005.06.04. № 310 қаулысына сәйкес күші жойылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 22 қарашадағы
№ 1239 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгерістер:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тізбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлiм:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 44-87, 44-88, 44-89, 44-90,
44-91, 44-92, 44-93, 44-94, 44-95, 44-96, 44-97, 44-98, 44-99, 44-100,
44-101-жолдармен толықтырылсын:
»44-87 | «Бұқтырма уылдырық шашу-өсiру Шығыс Қазақстан шаруашылығы» қазыналық облысы, кәсiпорны Күршiм ауданы |
44-88 | «Жоғарғы Тобыл балық питомнигi» Қостанай облысы, қазыналық кәсiпорны Лисаковск қаласы |
44-89 | «Жезқазған балық питомнигi» Қарағанды облысы, қазыналық кәсiпорны Жезқазған қаласы |
44-90 | «Зерендi балық питомнигi» Ақмола облысы, қазыналық кәсiпорны Зерендi ауданы |
44-91 | «Қамыстыбас балық питомнигi» Қызылорда облысы, қазыналық кәсiпорны Арал ауданы |
44-92 | «Қапшағай уылдырық шашу-өсiру Алматы облысы, шаруашылығы» қазыналық Еңбекшiқазақ ауданы кәсiпорны |
44-93 | «Қазақ өндiрiстiк бейiмдеу Алматы қаласы станциясы» қазыналық кәсiпорны |
44-94 | «Қарағанды балық питомнигi» Қарағанды қаласы қазыналық кәсiпорны |
44-95 | «Қашыр балық питомнигi» Павлодар облысы, қазыналық кәсiпорны Қашыр ауданы |
44-96 | «Майбалық балық питомнигi» Астана қаласы қазыналық кәсiпорны |
44-97 | «Петропавл балық питомнигi» Петропавл қаласы қазыналық кәсіпорны |
44-98 | «Шардара балық питомнигі» Оңтүстік Қазақстан қазыналық кәсiпорны облысы, Шардара қаласы |
44-99 | «Шідертi уылдырық шашу-өсіру Павлодар облысы, шаруашылығы» қазыналық Екiбастұз ауданы кәсiпорны |
44-100 | «Орал-Атырау бекiре балық өсiру Атырау қаласы зауыты» қазыналық кәсiпорны |
44-101 | «Атырау бекiре балық өсiру зауыты» қазыналық кәсiпорны Атырау қаласы»; |
«Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
министрлігінiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi» деген
бөлiмде атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетi»;
реттiк нөмiрлерi 305-1, 305-2, 305-3, 305-4, 305-5, 305-6, 305-7,
305-8, 305-9, 305-10, 305-11, 305-12, 305-13, 305-14 және 305-15-жолдар
алынып тасталсын.
2. «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен
халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының
міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 58,
569-құжат):
1, 3-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және
қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер «Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды
3. «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 229 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiнде:
«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген 2-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: «Балқаш биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi 175 Солтүстiк Каспий биоресурстарды қорғау жөніндегі аймақтық мекемесi 378 Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы 28 Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 36 Ақсу Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы 42 Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 14 Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы 32 Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы 34 Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы 24 Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы 37 Үстiрт мемлекеттік табиғи қорығы 29 «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 58 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 43 Iле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 256 Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 93 Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 186 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркi 147 Қазақ мемлекеттік республикалық ағаш тұқымы мекемесi 28 «Сандықтау оқу-өндiрiстiк орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесi 39 Ормандар және жануарлар дүниесін қорғау жөнiндегі мемлекеттік мекемелер 586»;
«Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген 4-бөлiм алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесiнiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөнiндегі ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 маусымдағы № 969 қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жануарлар дүниесінiң жекелеген түрлерiн ерекше жағдайларда пайдалану тәртібі жөніндегі ережеде:
2, 7-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» және «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
4, 13-тармақтардағы «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң» және «Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген сөздер тиiсiнше «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң» және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ алынып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармалары және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармалары оларды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармаларына қосу жолымен.»;
мынадай мазмұндағы жаңа қосымшамен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң
2002 жылғы 7 қазандағы
№ 1096 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармалары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармаларының және Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мемлекеттік мекемелерi - облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармаларының Тізбесі
Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердiң атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитет мемлекеттік мекемелерiнiң атауы |
Ақмола облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақмола облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақмола облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Ақтөбе облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Ақтөбе облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Ақтөбе облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Алматы облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Алматы облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Атырау облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Атырау облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Атырау облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |
Шығыс Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасы Шығыс Қазақстан облыстық жануарлар және өсiмдiктер дүниесiн мемлекеттік бақылау аумақтық басқармасы | Шығыс Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығының аумақтық басқармасы |