Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенциядан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1994 Қаулысы
(2024.05.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.28.01. № 22 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.05.02. № 37 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда түрлері туралы конвенция (бұдан әрі - Конвенция) бойынша өсімдіктер мен жануарлар дүниесі (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) бөлігінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Конвенция бойынша балық ресурстары және басқа да су жануарлары бөлігінде Қазақстан Республикасындағы әкімшілік орган болып тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі депозитарийді - Швейцария Конференциялық Үкіметін Қазақстан Республикасында Әкімшілік органның тағайындалғаны туралы хабардар етсін.
ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 қарашадағы № 1239 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2013.23.08. № 825 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2020.05.02. № 37 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2024.05.02. № 68 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Конвенция бойынша міндеттемелерді орындау үшін:
1) жануарлардың жер бетіндегі түрлері мен құстар мәселелері бойынша - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) балық және басқа да су жануарлары мәселелері бойынша - «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғылыми ұйымдар болып бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі