Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгі Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетiнiң жекелеген мемлекеттік мекемелерiн қайта
ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 22 қаңтардағы № 75 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604; 2005.06.04. № 310 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
"Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңына сәйкес, маңызды қорғану функцияларын орындайтын әрi ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық құндылығы бар Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының Ертіс өңiріндегі бiрегей қарағайлы ормандарды сақтау және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бегенев, Бородулиха, Бөкебай, Долон, Жаңасемей, Жарма, Канонер, Морозов, Новошульба және Семей орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесi;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң Бесқарағай және Шалдай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерiн қосу жолымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" мемлекеттік мекемесi болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) құрылатын мемлекеттік мекемелердiң ережелерiн бекiтсiн және оларды әдiлет органдарында мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Құрылатын мемлекеттік мекемелердiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына, ал осы аумақтардағы ормандар "мемлекеттік табиғи резерваттардың ормандары" - қорғалу санатына жатқызылсын.
4. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен құрылатын мемлекеттік мекемелер жерiнiң шекараларын айқындауды қамтамасыз етсiн.
5. Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкiмдiктерi құрылатын мемлекеттік мекемелердің жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету мақсатында осы аймақ шегiнде мемлекеттік табиғи қорық қоры объектiлерiн сақтауға және өсiмiн молайтуға терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, көрсетiлген жерлердiң сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн.
6. Құрылатын мемлекеттік мекемелердi қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға тиiстi жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 604 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. ҚР Үкіметінің 2005.06.04. № 310 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |