18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысына, сақтандыру холдингіне тиесілі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары санының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сатып алған акцияларын шегере отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы он немесе жиырма бес пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысының, сақтандыру холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факт анықталған күннен бастап екі ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру холдингі мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
4) 30-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары уәкiлеттi органның оны құруға рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.»;
5) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар
Құрылтай құжаттарына енгiзiлетін, әдiлет органдарында қайта тiркеудi талап ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркеуден кейiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қайта тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға тiркеген әдiлет органының белгiсiмен және мөрiмен құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тiркеудi талап етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы әдiлет органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының хатын қабылдағандығы туралы белгiсi қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аталған хатының көшiрмесiн, құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.»;
6) 32-бапта:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) өтініш берген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) сақтандыру холдингіне және (немесе) сатып алу болжанып отырған еншілес ұйымға қатысты уәкілетті органның қолданыстағы шектеулі ықпал ету шарасының және (немесе) қолданған санкциясының болуы;»;
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның капиталына қомақты қатысуға берілген рұқсатты қайтарып алу кезінде уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі рұқсатты қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
7) 37-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1) барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру мәселелері бойынша іс-шараларды орындағаны туралы куәландыратын құжаттарды;»;
8) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру қызметін мемлекеттiк реттеу, бақылау мен қадағалау»;
9) 41-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру нарығын реттеу, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалау;»;
10) 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«42-бап. Уәкілетті орган
Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктерге сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырады.
Уәкілетті органның құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен айқындалады.»;
11) 43-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сақтандыру нарығын реттеудің қағидаттары мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды;»;
12) 46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оларға қатысты шоғырландырылған негізде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын бақылау және қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе сақталуын бақылау мен қадағалау арқылы жүргізіледі.»;
13) 53-2-баптың 8-тармағы алып тасталсын;
14) 67-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын өз еркімен таратылуына рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.»;
15) 70-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.»;
4-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін өткізуді тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.»;
16) 73-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
17) 74-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептіліктi қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қаржылық және өзге де есептiлігінің тiзбесін, нысандарын не нысандарына қойылатын талаптарды, оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкілетті орган белгілейдi.»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
18) 79-баптың 2-тармағындағы «Ұлттық Банк», «Ұлттық Банктің» деген сөздер тиісінше «уәкілетті орган», «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
23. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат):
22-баптың екінші бөлігіндегі «Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
24. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат):
1) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Даму Банкі бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.»;
2) 24-баптың 1-тармағындағы және 25-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 28-баппен толықтырылсын:
«28-бап. Шектеулі ықпал ету шаралары
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының
заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Даму Банкіне мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолданады:
1) анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмдерде жою туралы орындалуға мiндеттi жазбаша нұсқама береді;
2) мiндеттеме-хат талап етеді;
3) Даму Банкімен жазбаша келiсiм жасайды.
Даму Банкі жазбаша нұсқаманың, мiндеттеме-хаттың немесе жазбаша келiсiмнiң оларда белгіленген мерзiмдерде орындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етуге мiндеттi.».
25. «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 17-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 5, 35-құжат):
1) 4-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «бағалы қағаздар рыногын реттеу жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 6) тармақшасындағы және екінші бөлігіндегі «қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
26. «Кредиттiк серiктестiктер туралы» 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат):
1) 3-баптың 4-тармағындағы «қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша» деген сөздер алып тасталсын.
27. «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат):
1) 1-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) корпоративтік веб-сайт - қоғамға тиесілі және уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін интернет-ресурстағы ресми электрондық сайт. Жария компаниялар үшін корпоративтік веб-сайттың болуы міндетті;»;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«22) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;
2) 4-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоғамнан жария компания мәртебесін қайтарып алған кезде уәкілетті орган жария компания мәртебесін қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған немесе қоғам жария компания мәртебесін қайтарып алу туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде қоғамды жария компания деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
3) 5-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ уәкілетті органды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.»;
4) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Дивидендтер оларды төлеу үшін белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда акционерге дивидендтердің негізгі сомасы және ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындау күніне уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелетін өсімпұл төленеді.»;
5) 23-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер қоғамның жарғысында осындай төлем көзделген жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу тек қана қоғамның тиісті кезең үшін қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін және акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылады. Жалпы жиналыстың жай акциялар бойынша тоқсан немесе жартыжылдық қорытындылары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімінде бір жай акцияға төленетін дивиденд мөлшері көрсетіледі.»;
6) 68-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) нәтижесінде құны қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мүлікті қоғам сатып алатын немесе иеліктен шығаратын (сатып алуы немесе иелiктен шығаруы мүмкiн) мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;»;
7) 75-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоғамның бухгалтерлік есебін жүргізу мен қаржылық есептілігін жасау тәртібі Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасымен және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарымен белгіленеді.»;
8) 76-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептiлiктi, ал еншiлес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есептiлiктi және аудиторлық есептi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және мерзiмдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға мiндеттi.».
28. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы алып тасталсын;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының (бұдан әрі - Қор) қызметін мемлекеттік реттеу мен бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
3) 5-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қордың банк шоттары уәкілетті органда ашылады. Қордың ағымдағы қаржылық-шаруашылық және инвестициялық қызметті жүзеге асыруы үшін Қордың банк шоттары екінші деңгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.»;
4) 12-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін Қор уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының Үкіметінен, өзге де ұйымдардан қарыздар тартуға не уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлеме бойынша олардың кепілдік беруімен қарыз алуға құқылы. Қарыздар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жатады.».
29. «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы «заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
30. «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы «заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
31. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
1) 6-баптың 1-тармағындағы «заңдарына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 8-баптың 2-тармағында:
«уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздер «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
32. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат):
1) 1-баптың 1) тармақшасындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 6-баптың 1-тармағындағы «заңдарына сәйкес қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)» деген сөздер «заңнамасына сәйкес уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 8-баптың 2-тармағында:
«уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік тілде және орыс тілінде» деген сөздер «қазақ және орыс тілдерінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
33. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының шығарылуы, орналастырылуы, айналысы және өтелуi процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды, бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң құрылуы мен олардың қызметiнің ерекшелiктерiн реттейдi, бағалы қағаздар нарығының қауiпсiз, ашық және тиiмдi жұмыс iстеуiн, инвесторлардың және бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарының қорғалуын, бағалы қағаздар нарығына қатысушылардың адал бәсекелестігін қамтамасыз ету мақсатында бағалы қағаздар нарығын реттеу, бақылау және қадағалау тәртiбiн айқындайды.»;
2) 1-бапта:
49) тармақша «банк кепілдігімен» деген сөздерден кейін «толық немесе ішінара» деген сөздермен толықтырылсын;
88) тармақша алып тасталсын;
3) 3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (уәкілетті орган) жүзеге асырады.»;
2-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«19) өз құзыретi шегiнде эмитенттердiң, орталық депозитарийдiң, бірыңғай тіркеушінің және лицензиаттардың қызметiн бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың қызметiне тексеру жүргiзедi;»;
4) 3-1-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
5) 31-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының Yкiметi, уәкілетті орган немесе жергiлiктi атқарушы органдар шығарған мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс төлеудi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленедi.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Эмитенттiң кiнәсiнен эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша табыс және (немесе) оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құны төленбеген, сондай-ақ толық төленбеген жағдайда, эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға негiзгi мiндеттеме сомасын және әрбір мерзiмi өткен күн үшiн ақшалай мiндеттеменi немесе оның тиiстi бөлiгiн орындау күнiне уәкілетті органның қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін негiзге ала отырып есептелетін өсiмпұл төлеуге мiндеттi.»;
6) 32-3-баптың 6-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 32-6-бапта:
1-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Исламдық арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
8) 52-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес бағалы қағаздар нарығының субъектілері уәкілетті органға бастапқы статистикалық деректерді беруге міндетті.»;
9) 64-1-баптың 2-тармағындағы, 78-баптың 2-тармағының бірінші және екінші бөліктеріндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне» деген сөздер тиісінше «Уәкілетті орган», «уәкілетті органның» және «уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 84-бапта:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың екінші бөлігіндегі «Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын;