4) 31-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жинақтаушы зейнетақы қорлары Орталықтың зейнетақы жинақтарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы хабарламасын орындамағаны, уақтылы орындамағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерін уақтылы жүзеге асырмағаны үшін құқықтары бұзылған адамның пайдасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (төлеу күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшеріндегі төлем сомасында өсімпұл төлеуге міндетті.
Орталық жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жинақтарын уақтылы аудармағаны үшін құқықтары бұзылған салымшының (алушының) пайдасына аударылуға жататын зейнетақы жинақтары сомасына әрбір мерзімі өткен күн үшін (аудару күнін қоса алғанда) уәкілетті органның қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.»;
5) 36-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 36-1-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе ірі қатысушылар осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда осындай шара қолданылатын тұлға жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның өзіне тиесілі акцияларының санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;
16-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның акциялары санының жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алынған акциялары шегеріле отырып) санына пайыздық арақатынасы жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысына тиесілі он пайыздан кем болатындай санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысының өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда осы факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы қорының немесе зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
7) 37-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттiк тiркеудi әдiлет органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаты болған кезде жүзеге асырады.»;
8) 41-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен және мерзімдерде қаржылық есептілік пен аудиторлық есепті және уәкiлетті орган айқындаған тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте, жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;»;
9) 42-бапта:
8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақылық қағидаларында және (немесе) инвестициялық декларациясында көзделген ережелерді жүйелі түрде (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және одан да көп жағдайларда) бұзуы;»;
14-тармақ алып тасталсын;
10) 42-7-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) жинақтаушы зейнетақы қоры немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым мен оның ірі қатысушысының, ірі қатысушы белгілерін иеленуші тұлғаның арасында уәкілетті органның осы Заңда көзделген бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруына кедергі келтіретін қатынастар болған;»;
11) 43-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру уәкiлеттi органның рұқсатымен акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша қосылу нысанында жүзеге асырылады. Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Мемлекет, Ұлттық әл-ауқат қоры және (немесе) уәкiлеттi орган қатысатын жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзу ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.
Уәкiлеттi органның қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсаты ол берілген күннен бастап тоғыз ай бойы қолданыста болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргiзуге рұқсат алу туралы өтінішхатқа мынадай құжаттар:
1) жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлерi жалпы жиналысының оны қайта ұйымдастыру туралы шешiмi;
2) жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастырудың белгіленетін болжамды талаптары, тәртібі мен мерзiмдерi;
3) жинақтаушы зейнетақы қорының оны қайта ұйымдастырғаннан кейiнгi есептiк балансын қоса алғанда, қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамы қоса беріледi.
Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруға рұқсат алу туралы өтінішхатты құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап екі ай iшiнде қарауға тиiс.»;
12) 45-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорының ерікті түрде таратылуға рұқсат алу туралы өтінішхатын уәкілетті орган тиісінше ресімделген құжаттарды алған күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.»;
13) 45-2-баптың 7-тармағында:
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының істерін және мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорының мүлкін өткізуді оның тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.»;
14) 45-3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
15) 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлiк есепті жүргiзедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қаражаты және зейнетақы активтері бойынша қаржылық есептемені және бастапқы статистикалық деректерді бөлек береді.».
14. «Ақша төлемi мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 177-құжат; № 24, 445-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 10, 49, 51-құжаттар; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 13, 116-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) клиентіне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі - Салық кодексі) 581-бабының 13) тармақшасында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда жаңа банк шотын ашуға;»;
2-1-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) клиентке ақшаны (салымды) банк салымы шартында және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптармен, оның iшiнде оны клиенттiң басқа банк шотына аудару жолымен қайтаруға;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңдарында және (немесе) шартта көзделген негіздер бойынша үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімін орындауға байланысты операцияларды орындау үшiн банктiң клиентке ашатын банк шоты.»;
2) 13-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер ақша жөнелтушінің акцептін талап етпейтін төлемдік талап-тапсырманы жасалған банктік қарыз шартына, кредиттік желі ашу туралы келісімге немесе қарыз операциясының не кепілдік беру фактісін растайтын өзге де құжатқа сәйкес қарыз алушының қарыз бойынша мерзімі өткен берешегі болған жағдайда, берешекті қарыз алушыдан, кепілгерден өндіріп алу үшін қолданады және ақша жөнелтушінің өз банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қоюға келісімі бар құжаттар қоса тіркеліп, ақшаны жөнелтуші банкке береді.»;
3) 15 және 34-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Инкассолық өкiм берiлген кезде пайдаланылатын құжаттар
Ақша жөнелтушiнің келiсiмiнсiз ақшаны алып қоюға арналған инкассолық өкiм соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, ұйғарымдары және қаулылары бойынша берiлетiн атқару құжаттары немесе бұйрықтары немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрығы негiзiнде берiледi.»;
«34-бап. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару
1. Аударым жасау кезiнде ақшаны қайтару:
1) ақша аудару арқылы жүзеге асырылатын төлемнiң санкцияланбау фактiсi анықталған;
2) ақша жалған төлем құжаты негiзiнде аударылған;
3) қате берiлген нұсқау орындалған жағдайларда жүзеге асырылады.
2. Бенефициар банк қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың ақша қате есепке жатқызылған банк шотынан ақшаны акцептсіз алып қою жолымен жүзеге асырады.
3. Бенефициар банк қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды бенефициардың банк шотындағы ақша есебінен, оның ішінде, егер банк шоты бойынша уәкілетті мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның банк шотындағы ақшаға тыйым салу және (немесе) банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешімі және (немесе) белгіленбеген мерзімдерде орындалуға жататын орындалмаған нұсқаулар болған жағдайда жүзеге асырады.
4. Бенефициардың банк шотында ақша жеткіліксіз болған не ақша болмаған жағдайда қате нұсқау бойынша ақшаны қайтаруды қате нұсқауға жол берген жөнелтуші Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде өз ақшасы есебінен жүзеге асырады.
5. Ақшаны қайтару санкцияланбаған немесе қате нұсқау орындалған күннен бастап үш жыл өткеннен кейін жүргізілмейді.
6. Ақшаны қайтарған кезде ақша аударуға қатысушы әрбiр жөнелтушiнiң (оның iшiнде делдал банктiң) осындай ақша аударымына байланысты және ақшаны қайтару салдарынан шеккен нақты шығыстарды өтетуге құқығы бар.»;
4) 38-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау кезеңінде алушы банк қайта құрылымдау тоқтатылғанға дейін банктің олар бойынша міндеттемелерін тоқтата тұрған және қайта құрылымдау жоспарында бар нұсқауларды қабылдауға және сақтауға міндетті. Банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда алушы банк мұндай нұсқауды орындамастан, оны жөнелтушіге қайтарып беруге міндетті.
Олар бойынша міндеттемелері тоқтатыла тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына кірмеген нұсқаулар осы Заңда, Қазақстан Республикасының Салық және Азаматтық кодекстерінде белгіленген тәртіппен орындалады.».
15. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; 2012 ж., № 4, 30, 32-құжаттар; № 8, 64-құжат):
1) 3-баптың 3-тармағы 4) тармақшасындағы «атқаратын адамдар теңестіріледі.» деген сөздер «атқаратын адамдар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері теңестіріледі.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай ішінде лауазымдарға тағайындалғандарына дейін сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.».
16. «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 7-баптың 1-2) тармақшасындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 18-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Ұлттық Банкке беру мерзімдері Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.»;
2, 3 және 4-тармақтардағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға», «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер тиісінше «Ұлттық Банкке», «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 21-баптың 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға» деген сөздер «Ұлттық Банкке» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мыналар:
1) техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері мен техникалық қызметшілері мемлекеттiк қызметшiлерге жатпайды.»;
2) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары аталған лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай мерзімде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға беруге және оларды сенімгерлік басқаруға арналған, нотариат куәландырған шарттың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кадр қызметіне ұсынуға міндетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға құқылы емес.»;
3) 21-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен төленедi.».
18. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 247-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
10-баптың бірінші бөлігіндегі «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
19. «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 378-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат):
13-баптың 5-тармағындағы «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
20. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.».
21. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 7-8, 22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4, 37-құжат; № 16, 128-құжат):
4-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі, 5-баптың 1 және 2-тармақтарының бірінші абзацтарындағы, 8-баптың 3-тармағындағы «қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның», «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның», «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның», «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат):
1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңмен реттелетін қатынастар
1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерiн құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерi сақтандыру нарығының барлық қатысушылары үшін мiндеттi болады.»;
2) 21-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 26-бапта:
13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Келісім беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған немесе өтініш беруші ірі қатысушы немесе сақтандыру холдингі мәртебесін иелену салдарынан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын бұзған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары немесе сақтандыру холдингі осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда уәкілетті орган келісімді қайтарып алуға негіз болып табылатын факті анықталған күннен бастап екі ай ішінде осы бапқа сәйкес берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдай отырып, оны қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда оған осындай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын алты ай ішінде осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін азайтуға міндетті.»;