11) 92-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«92-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың құқықтық жағдайы
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның атауы осы ұйым мүшелерiнiң негiзгi қызмет түрiн көрсетуге, сондай-ақ «қауымдастық», «одақ» немесе «бiрлестiк» деген сөздерді қамтуға тиiс.»;
12) 107-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«107-бап. Уәкiлеттi органның ақпарат алу құқығы
Уәкiлеттi органға жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ ақша-кредит статистикасын қалыптастыру, экономикалық ахуалды талдау мақсатында ол өз құзыретi шегінде эмитенттен, лицензиаттан және өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардан қажеттi (оның iшiнде бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрайтын) ақпаратты алады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Осы Заңда белгiленген жарияланған акциялар шығарылымын тiркеу мерзiмдерiнiң сақталуын бақылау мақсатында әдiлет органдары уәкiлеттi органға оның сұрау салуы бойынша акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында тiркелген заңды тұлғалар туралы ақпарат ұсынады.».
34. «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат, № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы»;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.»;
3) 1-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;»;
4) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.»;
5) 3-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары, қағидаттары мен мiндеттерi»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың мақсаттары:»;
2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың қағидаттары:
1) реттеудің ресурстары мен құралдарын тиімді пайдалану;
2) қаржы ұйымдары қызметінің және қаржылық қадағалаудың ашықтығы;
3) қаржы ұйымдарының жауапкершілігі болып табылады.»;
3-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың міндеттері:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін, сондай-ақ тұтынушылар үшін қаржы ұйымдарының қызметі және олар көрсететін қаржылық қызметтер туралы ақпараттың толықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.»;
6) 7-бап алып тасталсын;
7) 8-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қаржы ұйымдарының қызметiн реттеу, бақылау және қадағалау стандарттары мен әдiстерiнiң деңгейiн арттыру, олар қабылдаған мiндеттемелердiң уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды пайдалану болып табылады.»;
8) 9-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Уәкiлеттi органның функциялары мен өкiлеттiктерi»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарының қызметiн мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау мақсатында:»;
7) тармақша алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Уәкiлеттi орган осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген функциялар мен өкiлеттiктерден басқа, осы Заңның 10-13-баптарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, қаржы ұйымдарын, банк және сақтандыру холдингтерін, банк конгломераттарын және сақтандыру топтарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.»;
9) 9-1-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкілетті орган бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның өз қызметкерлері ішінен тағайындалатын өзінің өкілін банктерге, банк холдингтеріне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру холдингтеріне жібереді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өкілдің негізгі міндеті уәкілетті органның бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.»;
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өкіл өзінің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, зейнетақы жинақтары, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде уәкілетті органда жұмысын тоқтатқаннан кейін де үш жыл бойы жауаптылықта болады.»;
10) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Банк қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган банк қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:»;
11) 11-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган сақтандыру қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:»;
12) 12-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:»;
14-1) тармақша алып тасталсын;
13) 13-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың ерекшелiктерi»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн мемлекеттік реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында:»;
5) тармақша алып тасталсын;
14) 13-1-бап алып тасталсын;
15) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Ақпарат алу жөніндегі өкiлеттiктер
Уәкiлеттi органға жүктелген қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын сапалы және уақтылы орындауды қамтамасыз ету, осы Заңның талаптарын iске асыру мақсатында уәкiлеттi орган жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттiк органдардан өзiнiң қадағалау функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратты өтеусіз алуға құқылы, бұл ретте алынған мәлiметтер жария етуге жатпайды.
Уәкiлеттi органның қызметкерлерi өздерiнің бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтiк, коммерциялық, банктiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткені үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»;
16) 15-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
17) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-бап. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.».
35. «Туроператордың және турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат):
1) 5-баптың 2-тармағындағы «сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-1-баптың 2-тармағындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздер «уәкілетті органның» деген сөздермен ауыстырылсын.
36. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 5, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 16, 100-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 5-бапта:
2-тармақтың 12) тармақшасындағы «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi және қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган» деген сөздер «Ұлттық Банк» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Агентке өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен агент арасында жасалатын шарт негiзiнде өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретін қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшін Ұлттық Банкте ағымдағы шот ашылады.
Уақытша бос қаражат Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттан Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырылуы мүмкін.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың табыс бөлiгi өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шарт негiзiнде беретін бюджет қаражаты және уақытша бос қаражатты Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастырудан түсетін кiрiстер есебінен қалыптасады.
Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттың шығыс бөлiгiне Ұлттық Банктегі депозиттерге және мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру сомалары, сақтандырушыларға және қоғамдарға сақтандыру төлемiнiң бір бөлiгiн өтеу шығыстары кіреді.
Қаржы жылының соңына есептелетін Ұлттық Банктегі ағымдағы шоттағы қаражат қалдығы өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органға және тиiсiнше бюджетке қайтаруға жатпайды.»;
3) 14-баптың 2-тармағының алтыншы абзацы алып тасталсын;
4) 17-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның» деген сөздер «Ұлттық Банктің» деген сөздермен ауыстырылсын.
37. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат):
1) 1-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;
2) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жетпіс бес немесе одан да көп пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады.».
38. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 33-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; 2011 ж., № 24, 196-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
2) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау
1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы.
4. Инвестициялық қор активтерiнің бухгалтерлік есебін жүзеге асыру және олар бойынша қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
3) 42-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық пай қоры активтерiнің бухгалтерлік есебін бөлек жүргiзудi және олар бойынша қаржылық және өзге де есептемені берудi жүзеге асыруға;».
39. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат):
7-баптың 1-тармағындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын;
40. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
4-баптың 1-тармағындағы, 17-1-баптың төртінші бөлігіндегі, 19-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі және 23-баптың 5-тармағындағы «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган», «қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның», «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі», «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
41. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкілетті ұйымдарды құру тәртібін, шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметке қойылатын талаптарды, сондай-ақ айырбастау пункттерін тіркеу (ашу) тәртібін қоса алғанда, Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау пунктiн тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтайшылардың құрамына, ұйымдық-құқықтық нысанына, жарғылық капиталды қалыптастыру мөлшері мен тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу бойынша шектеулер қосымша белгіленедi.»;
2) 17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Уәкілетті банктер ішкі валюта нарығында сұраныс пен ұсыныс көздеріне, сондай-ақ шетел валютасын пайдалану бағыттарына мониторингті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен есептеме беруге міндетті.».
42. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат):
6-баптың 2-тармағындағы «қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» деген сөздермен ауыстырылсын.
43. «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат):
1) 1-баптың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«20) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;
2) 6-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «уәкiлеттi органның рұқсатымен» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы қаржы компаниясының бухгалтерлік есепті жүзеге асыру және қаржылық есептілікті жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.»;
4) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
2. Уәкілетті орган реттелуі өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтаған жағдайларда, уәкілетті орган арнайы қаржы компаниясына ықпал етудің мынадай шектеулі шараларының бірін қолданады:
1) анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқама береді;
2) міндеттеме-хат талап етеді;
3) арнайы қаржы компаниясымен жазбаша келісім жасайды.
3. Анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған, орындалуы міндетті түзету шараларын қабылдау туралы арнайы қаржы компаниясына нұсқау жазбаша нұсқама болып табылады.
Сотта уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына шағым жасалуы оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
4. Арнайы қаржы компаниясының міндеттеме-хатында орын алған кемшiлiктердi мойындау фактiсi және жоспарланған іс-шаралар тiзбесiн көрсете отырып, арнайы қаржы компаниясы басшылығының оларды қатаң белгiленген мерзiмде жою бойынша кепiлдігi болуға тиiс.
5. Анықталған кемшіліктерді дереу жою қажеттігі туралы және оған байланысты бірінші кезектегі шараларды бекіту туралы арнайы қаржы компаниясы мен уәкілетті орган арасында жазбаша келісім жасалады.
6. Арнайы қаржы компаниясы жазбаша нұсқаманы, міндеттеме-хатты немесе жазбаша келісімді оларда белгіленген мерзімдерде орындау туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге міндетті.
7. Шектеулі ықпал ету шараларын қолдану тәртібі уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.».
44. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 51-құжат; 2007 ж., № 17, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
2) 3-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы орталығын құрудың мақсаттары бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның капиталдың халықаралық нарықтарымен ықпалдасуын қамтамасыз ету, бағалы қағаздар нарығы арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту және қаржы орталығының арнайы сауда алаңына шетелдік эмитенттердің қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.»;
4) 5-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «дамыту болып табылады.» деген сөздер «дамыту;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) халықтың инвестициялық мәдениет және қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.»;
2-тармақта:
1-1) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау;»;
5) 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Өз міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында уәкілетті органның мынадай:
1) қаржы орталығының қатысушысы - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беру;
2) қаржы орталығының қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын бекіту;
3) бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжанған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу;
4) рейтингтік бағаларын уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктерге қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
5) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің рейтингтік бағаларына қойылатын талаптарды белгілеу;
6) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне шығындарды өтеу тәртібін белгілеу;
7) қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген бағалы қағаздар эмитенттерінің қаржылық есептілік аудитіне арналған шығындарды өтеу;
8) қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық қызмет саласындағы реттеу және аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметін бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;
9) уәкілетті орган танитын қор биржаларына қойылатын талаптарды белгілеу және олардың тізбесін бекіту;
10) қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы нысанасына тексеру жүргізу;
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктері болады.»;
6) 7-бап алып тасталсын;