5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының атынан, соның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өзiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруға ықпал ететiн және (немесе) қаржы нарығы инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттiң акционерлiк қоғамды және жауапкершілігі шектеулі серіктестікті басқаруға акционер (қатысушы) ретiнде қатысу құқығын жүзеге асырады, сондай-ақ осы акционерлiк қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің акциясына (қатысу үлесіне) ие болу не иелiктен шығару туралы шешiм қабылдайды;».
2-бап.
1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 13-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
2. Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» 2014 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Екінші абзац 2015 ж. 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 1-бабы 8-тармағы 7) тармақшасының елу жетінші абзацында және 49-тармағында көзделген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өздеріне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алу субъектілерінен шығаруға қатысты нормалар 2015 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Екінші деңгейдегі банктер болып табылмайтын және осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 17) тармақшасының оныншы абзацында, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 6-1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілмеген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір ай ішінде осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиялардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қайтарылуын қамтамасыз етеді.
4. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 635-бабының және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының мәтіні бойынша «сәйкестендіру нөмірі» деген сөздер «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер болып есептелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2012 жылғы шілденің 5-і
№ 30-V ҚРЗ