18-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Банк акцияларының саны банктің орналастырылған акцияларының (артықшылықты және банк сатып алған акциялары шегеріле отырып) санына және (немесе) дауыс беретін акцияларының санына пайыздық арақатынасы банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне тиесілі он немесе жиырма бес пайыздан кем болатын санға дейін өзгерген жағдайда уәкілетті орган банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің өтініші бойынша не көрсетілген фактіні өз бетінше анықтаған жағдайда оны анықтаған күннен бастап екі ай ішінде банктің ірі қатысушысының немесе банк холдингінің мәртебесін иеленуге келісім беру үшін көзделген тәртіппен бұрын берілген жазбаша келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдайды.»;
13) 24-баптың 1-тармағы г-1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар болса;»;
14) 26-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен бередi.»;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сай келетін үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға, содан соң уәкілетті органға мынадай құжаттарды:»;
2) тармақша алып тасталсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ең төменгі мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін беруге тиіс.»;
3, 4 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен беруге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін құжаттар берілген күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде қарауға тиiс.»;
«8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.»;
15) 28-баптың 1 және 2-тармақтары алып тасталсын;
16) 29-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «қолданбауы;» деген сөз «қолданбауы міндетті шарттар болып табылады.» деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақшасы алып тасталсын;
17) 30-бапта:
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) тапсырма шарты негізінде сенім білдірушінің (қызметті берушінің) атынан және оның тапсырмасы бойынша іс-әрекет жасайтын сенім білдірілген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетілетін қызметтер үшін төлеуге тұтынушылардан қолма-қол, оның ішінде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенім білдірілген адамның төлемдерді сенім білдірушінің (қызметті берушінің) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушіге оның талап етуі бойынша танысу үшін берілуге тиіс.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 2-тармағында тізбеленген банк операциялары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.»;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңында көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген;»;
7, 7-1, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар, кредиттік серіктестіктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкі уәкілетті органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
7-1. Уәкілетті органның лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоспағанда, қызметтің өзге түрлерімен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.»;
«9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
10. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде банктерге және жекелеген қызмет түрлеріне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.»;
18) 34-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Банктiк қарыз операциялары банктiң, ипотекалық ұйымның немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымының басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
19) 36-баптың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен, қарыз алушының талабы бойынша ашылған банк шоттарындағы, қарыз алушы мемлекеттік бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылары мен әлеуметтік төлемдер түрінде алатын ақшаны қоспағанда, қарыз алушының кез келген банк шоттарындағы ақшаны даусыз (акцептсіз) тәртіппен өндіріп алуға (егер мұндай өндіріп алу банктік қарыз шартында ескертілген болса);»;
20) 40-3-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қарыз алушы - жеке тұлғалардың ипотекалық қарыз шарттары жөніндегі міндеттемелерді орындау шарттарын өзгертуге қатысты өтініштері бойынша банк омбудсманы тараптардың осы бапта көзделген шешімді қабылдамай-ақ, кездесулер өткізу және ұсынымдар беру жолымен өзара қолайлы шешімге қол жеткізуіне жәрдемдеседі.
Өтінішті қарау нәтижелері мүдделі тараптар немесе олардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделіп, қарыз алушының және банктің назарына жеткізіледі.»;
21) 46-баптың 9-тармағы алып тасталсын;
22) 47-баптың 6-1-тармағы алып тасталсын;
23) 48-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн негiздер»;
1-тармақтың ж) және з) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«ж) уәкiлеттi органға есептер мен мәлiметтер бермеу немесе оларды көрінеу анық емес етiп беру;
з) уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерін үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу не жазбаша нұсқаманы үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;»;
мынадай мазмұндағы 1-4-тармақпен толықтырылсын:
«1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтату «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және лицензиатты барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға жататын тұлғалар тізбесінен алып тастаған кезде жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Уәкiлеттi орган бұзушылықтың сипатына қарай барлық не жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрады не одан айырады.
Уәкілетті органның барлық не жекелеген банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру не одан айыру туралы шешімдеріне шағым жасау осы шешімдердің орындалуын тоқтата тұрмайды.»;
24) 50-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігінде:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) банктердің дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, резидент еместі қоса алғанда, заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуі;»;
9) тармақшадағы «мәліметтер беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.» деген сөздер «мәліметтер беруі;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) банктік қарыз беру фактісін растайтын құжаттарды басқа банктерге беруі;
11) банкроттық саласындағы уәкілетті органға және конкурстық басқарушыға оған қатысты соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаның банк шоты бойынша мәліметтерді беруі банк құпиясын ашу болып табылмайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмiрлерi туралы анықтамалар банк басқармасының төрағасы немесе оның орынбасарлары қол қойған жазбаша сұрау салу негізінде, оған қатысты шоттың (шоттардың) иесi қарыз алушы, кепілгер, кепiлдік берушi, лизинг алушы немесе кепiл берушi болып табылатын банкке кредит алынғанын растайтын, тізбесі мен ұсыну тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін құжаттарды ұсынған жағдайда, берiледi.»;
6-тармақта:
д) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат, жеке сот орындаушысы ретінде тіркеу есебінде тұрған тексерілетін жеке тұлғаға қатысты салық салуға байланысты мәселелер бойынша;»;
төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;
д-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«д-2) жеке сот орындаушыларына: олардың жүргізіп жатқан атқару істері бойынша жеке сот орындаушысының жеке мөрімен расталған және сот санкция берген қаулысы не оның жеке мөрмен расталған көшірмесі негізінде.»;
6-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен» деген сөздер «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1. Егер осы баптың 6-1-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы баптың 6 және 7-тармақтарында көзделген клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы анықтамалар клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме нысанында беріледi. Клиенттiң банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзiндi көшірмеде болуға тиiс мәлiметтер уәкілетті органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.»;
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Осы баптың талаптары банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға да қолданылады.»;
25) 51-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігіндегі «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен» деген сөздер «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«54-бап. Банктердегi есепке алу және есептілік
1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, қаржылық және өзге де есептiлiктiң тізбесін, нысандарын не нысандарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ оларды беру мерзiмдерi мен тәртiбiн уәкiлетті орган белгілейдi.
Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Банктер уәкiлеттi органның сұрау салуы бойынша өздерiнiң қаражаттары, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шегiнен тысқары жердегi қаражаттары, қабылданған депозиттер мен берiлген кредиттердiң мөлшерi, жасалған және жасалып жатқан банк операциялары туралы кез келген ақпаратты және банк құпиясын құрайтын мәлiметтердi қоса алғанда, өзге де мәлiметтердi беруге мiндеттi.
3. Банктер уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен ірі қатысушылары банктер болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына тікелей және жанама қатысуы жөнінде уәкілетті орган сұратқан кез келген ақпаратты беруге міндетті.
4. Уәкілетті органның қызметкерлері осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген құқықтарды іске асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткені не үшінші тұлғаларға бергені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
27) 55-баптың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Банктер - жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды.
Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық растауынсыз-ақ жариялап отырады.»;
28) 57-баптың 3-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жүргiзiлген банк операцияларының осы Заңның және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi;»;
29) 59-3-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Банк соттың қайта құрылымдау туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын кемінде екі мерзімді баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде тиісті хабарландыру жариялау арқылы депозиторларға, кредиторларға және өзге де клиенттерге қайта құрылымдау туралы хабарлайды.
Банк соттың қайта құрылымдау туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.»;
мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:
«13-1. Банктер соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы заңды күшіне енген шешімінің көшірмесін алған күннен кейінгі күннен кешіктірілмейтін мерзімде оны корреспондент-банктерге жібереді.»;
30) 61-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Активтер мен міндеттемелерді тұрақтандыру банкіне бергеннен кейін сыйақыны есептеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Жеке және заңды тұлғалардың жедел салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен уәкілетті орган алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктер алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындалу мерзімі басталған міндеттемелерді тұрақтандыру банкі орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.»;
31) 73-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Таратылатын банктің мүлкін өткізуді банкті тарату комиссиясы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізеді.»;
32) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктің істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.»;
33) 74-4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлімше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.»;
34) 75-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.»;
3-тармақ алып тасталсын;
35) 77-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.».
11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 15, 208-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 142-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 15-16, 63-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 16, 128-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат):
21-баптың 1-тармағының 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лауазымды адамдарын қоспағанда) банк құпиясын құрайтын құжаттарға қол жеткiзуіне;».
12. «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 18, 143-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
1) 1-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.»;
2) 5-4-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 2) тармақшасындағы «нұсқама беру шектеулі шараларын қолдануға құқылы.» деген сөздер «нұсқама беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жазбаша ескерту жасау;
4) ипотекалық ұйыммен жазбаша келісім жасау шектеулі шараларын қолдануға құқылы.»;
мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган ипотекалық ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда немесе егер орын алып отырған кемшiлiктер уәкілетті орган белгiлеген мерзiмде жойылмаса, жазбаша ескерту ипотекалық ұйымға осы баптың 4-тармағында көзделген санкцияларды қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы болып табылады.
Жазбаша келiсiм ипотекалық ұйым мен уәкiлеттi орган арасында анықталған кемшiлiктердi дереу жою қажеттiгi туралы және осыған байланысты бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы жасалады.»;
3) 25-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) негiзгi мiндеттеменiң орындалмағаны және жеке тұлға болып табылатын ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепіл беруші ипотека тіркелген жердегі органда тіркелген ипотеканы өткізуді сот тәртібінен тыс жүргізуден жазбаша бас тартуды бермегені туралы хабарламадан туындайтын талаптар қанағаттандырылмаған кезде, бiрақ аталған хабарлама кепiл берушiге осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес тапсырылған немесе жiберiлген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен ерте болмағанда, сенiм бiлдiрген тұлға кепiлге берiлген мүлiкке сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жасап, оны ипотека тіркелген органда тiркейдi, кепiл берушiге, сондай-ақ кепiл ұстаушыға тапсырады немесе кепіл шартында көрсетілген мекенжай бойынша тапсырыс хатпен жібереді және осы Заңның 28-бабына сәйкес сауда-саттық туралы ресми хабарландыру жариялайды;».
13-тармақ 2012 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді
13. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 437-құжат; 1999 ж., № 8, 237-құжат; № 23, 925-құжат; 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 1, 1-құжат; № 23-24, 198-құжат; 2003 ж., № 1-2, 9-құжат; № 11, 56-құжат; № 15, 139-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 11, 39-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 69-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 28, 30-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 140-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; 2012 жылғы 23 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға және ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің мақсаттарын, стратегияларын, талаптарын және шектеулерін, зейнетақы активтерін хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын айқындайтын құжат;»;
45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«45) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;»;
2) 22-4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр мерзімі өткен күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) уәкілетті орган белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиіс.»;
3) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«29-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақылық қағидалары және инвестициялық декларациялары
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) зейнетақы шарттарын өзгерту немесе тоқтату тәртiбiн;
2) зейнетақы жарналары мен төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбi мен талаптарын;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларының алушылар мен салымшылар алдындағы мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгiн;
4) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру тәртiбiн;
5) зейнетақы жинақтарын бiр жинақтаушы зейнетақы қорынан екiншiсiне аудару талаптарын;
6) салымшыларға жинақтаушы зейнетақы қорының акционерлері, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және кастодиан банк туралы мәліметтер ұсынуды;
7) жинақтаушы зейнетақы қоры қалыптастыратын инвестициялық портфельдер туралы мәліметтерді;
8) жинақтаушы зейнетақы қорлары, салымшылар мен алушылар арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн қамтитын зейнетақылық қағидаларды белгiлейдi.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбір қалыптастырылатын инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялар қабылдайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрбір инвестициялық портфель бойынша инвестициялық декларациялары, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мерзімді баспа басылымдарында олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жариялануға тиіс.
Инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
3. Зейнетақылық қағидаларды және инвестициялық декларацияларды, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды акционерлердің жалпы жиналысы уәкiлеттiк берген жинақтаушы зейнетақы қорының органы бекiтедi.
4. Зейнетақылық қағидалар мен инвестициялық декларациялар жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының (алушыларының) мүдделерiне қысым жасамауға және оларды нашарлатпауға тиiс.»;