4. Әкелу кедендік баждар, салықтар кедендік баждардың, салықтардың ставкалары, кедендік құн, олардың табиғи көріністегі физикалық сипаты (мөлшері, массасы, көлемі немесе өзге де сипаттамасы) және кедендік баждар мен салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің тауарларды кедендік шекарадан өткізу күні, егер бұл күн анықталмаса, тауарларды келу жеріне жеткізбеу, оларды келу жерінен жоғалту не уақытша сақтауға орналастырмастан немесе оларды келу жерінде кедендік рәсімге орналастырмастан, кеден одағының кедендік аумағына келу жерінен әкету фактісі анықталған күні қолданыста болған заңнамасына сәйкес белгіленетін валюта бағамы негізінен есептелетін, тауарларды ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімінде орналастырған кезде төленуге тиіс әкелінім кедендік баждарының сомаларына сәйкес келетін көлемде төленуге тиіс.
24-тарау. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы
162-бап. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығу орны мен уақыты
1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі - шығу орындары) және кеден органдарының осы жерлерде жұмыс жасауы кезінде жүзеге асырылады.
Тауарлардың жекелеген санаттары кеден одағының кедендік аумағынан тек қана кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған кету орындарында шығуы мүмкін.
Тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан кету орны болып табылмайтын басқа орындардан кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалған жағдайлар мен тәртіпте шығуы мүмкін.
Шығу орындарының тізбесін кеден органдары жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, Кеден одағының комиссиясына жолданады.
2. Кеден органдары шығу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, ұсынуға міндетті.
3. Осы тараудың ережелері су немесе әуе кемелерімен тасымалданатын, кеден одағының кедендік аумағын кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портта немесе әуежайда тоқтамай кесіп ететін, сондай-ақ құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға таралмайды.
163-бап. Шығу орындарында жасалатын кедендік операциялар
1. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін тасымалдаушы кеден органына кедендік декларацияны не оларды кеден одағының кедендік аумағынан шығаруды рұқсат ететін басқа құжатты, сондай-ақ тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне байланысты, егер осы Кодекспен басқадай көзделмеген жағдайда, осы Кодекстің 159-бабында қарастырылған құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін, тауарлар тасымалы жүзеге асырылатын көлік түріне қарамастан, кеден органына тыйымдар мен шектеулердің сақталуын растайтын құжаттар осы Кодекстің 152-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынылады.
Кедендік декларация, не тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан шығаруды рұқсат ететін басқа құжат, егер осы тауарлар кеден одағының кедендік аумағына келгеннен кейін кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнынан кетпеген жағдайда, тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы үшін ұсынылмайды.
2. Тасымалдаушы құжаттарды электрондық құжат түрінде ұсынуға құқылы.
3. Тасымалдаушының атынан, егер бұл кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес рұқсат етілген жағдайда, құжаттарды кедендік уәкіл не тасымалдаушының тапсырмасы бойынша әрекет ететін басқа тұлғалар ұсынуы мүмкін.
4. Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуы кеден органының рұқсат етуімен жүзеге асырылады.
Тауарлардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуын рұқсат ету кедендік декларацияда, не олардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуына рұқсат ететін басқа құжатта және көліктік (тасымал) құжаттарында кеден органының тиісті белгілерін қою арқылы ресімделеді.
164-бап. Тауарларға кеден одағының кедендік аумағынан шығатын кезде қойылатын талаптар
1. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер осы тауарлар кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орнынан әкетілмеген болса, тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан олар белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған сәттегідей не кеден одағының кедендік аумағына келген сәттегідей санда және жай-күйде әкетілуге тиіс.
Тасымалдаудың, көлікпен тасудың және сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың тозуының немесе кемуінің салдарынан не табиғи қасиеттерінің өзгеруі салдарынан осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санының және (немесе) жай-күйінің өзгеруіне, сондай-ақ көлік құралында төгілмей қалатын қалдықтардың болуы салдарынан тауарлар санының өзгеруіне жол беріледі.
2. Тұлғалар, тауарлардың кемуі не қалпының өзгеруі, апаттың не еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан болған жағдайда, ал кеден одағына мүше мемлекеттерде әрекет ететін техникалық регламент пен стандарттарда қарастырылған - өлшеу әдістеріндегі олқылықтар салдарынан тауарлар саны туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, осы баптың ережелері сақталмағаны үшін жауапты болмайды.
3. Кеден одағының тауарлары кеден одағының кедендік аумағынан олар белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған кезде мәлімделген мөлшерінен аз мөлшерде, тауарлар санының азаю себептеріне қарамастан, әкетілуі мүмкін.
165-бап. Апаттың не еңсерілмейтін күштің әсері немесе басқа жағдайлар кезінде қолданылатын шаралар
1. Егер тауарларды шығу орнынан кедендік шекараны нақты кесіп өткен жеріне дейін жеткізу апаттың, еңсерілмейтін күштің не тауарды осылай жеткізуге кедергі келтіретін басқа жағдайлардың салдарынан тоқтап қалса, тасымалдаушы тауарлардың бүтіндігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануға, осы жағдайлар және тауарлардың тұрған орны туралы ең жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды ең жақын кеден органына немесе кеден органы көрсеткен өзге орынға тасуға немесе тасымалдауды (егер олардың халықаралық тасымалдау көлік құралы бұзылған жағдайда) қамтамасыз етуге міндетті.
2. Тасымалдаушыларда немесе басқа тұлғаларда осы баптың талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарын кеден органдары өтемейді.
166-бап. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шыққан кездегі кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шыққан кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме кеден органы тауардың кеден одағының кедендік аумағынан шығуына рұқсат берген сәттен пайда болады.
2. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шыққан кезде тасымалдаушыда кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
1) тауарлар кедендік шекараны нақты кесіп өткен кезде;
2) осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда тоқтатылады.
3. Шетелдік тауарлар кеден одағының кедендік аумағынан шыққан кезде, егер кедендік шекараны нақты кесіп өткенге дейін тауарлар жоғалған болса, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн - кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі болып саналады, ал егер ол күн белгісіз болса - кеден одағының кедендік аумағынан тауардың шығуына рұқсат берген күн болып саналады.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар тауарды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімге орналастыру кезінде төленетін, кедендік баж алымдарының, салықтардың, кедендік құнның, олардың заттай мәндегі оның физикалық сипаттамасы (саны, массасы, көлемі немесе басқа сипаттамасы) және валюталар бағамы тұрғысынан есептелген кедендік әкелу бажының, салықтардың сомаларына сәйкес, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін тауар жоғалған күні, ал ол күн белгісіз болған жағдайда - тауардың кедендік аумақтан шығуына кеден органы рұқсат берген күні қолданыста болған мөлшерде төленуге тиіс.
25-тарау. Тауарларды уақытша сақтау
167-бап. Тауарларды уақытша сақтау туралы жалпы ережелер
1. Тауарларды уақытша сақтау - шетелдік тауарларды кедендік бақылауға алып, уақытша сақтау орындарында мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес кеден органы шығарғанға дейін не кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа әрекеттерді жасағанға дейін кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз сақтау.
2. Тауарларды уақытша сақтау құбыр тасымалымен және электр беру желілері арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасында көзделген басқа жағдайларда қолданылмайды.
3. Тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалардың, немесе олардың өкілдерінің уақытша сақтауда тұрған тауарларды қолдануға, оның ішінде оларды уақытша сақтау аумағынан мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарғанға дейін не осы Кодексте көзделген басқа әрекеттер жасалғанға дейін құқығы жоқ.
168-бап. Тауарларды уақытша сақтау орындары
1. Уақытша сақтау қоймалары және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес басқа орындар уақытша сақтау орындары болып табылады (бұдан әрі - уақытша сақтау орындары).
Уақытша сақтау орындары олардың орналасуы, жайғастырылуы және жабдықталуы бойынша кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуы қажет.
2. Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймағы болып табылады.
3. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе ерекше сақтау жағдайларын талап ететін тауарлар, ондай тауарларды сақтауға арнайы бейімделген уақытша сақтау орындарында сақталуы қажет.
4. Тауарлардың уақытша сақтау орындарында орналасуы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған тәртіппен расталады.
169-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы, тауарларға қатысты уәкілеттілігі бар тұлғалар, олардың өкілдері кеден органына көлік (тасымал), коммерциялық және (немесе) тауар, тауарды жөнелтуші (алушы), жөнелтуші (межелі) елі туралы мәліметтері бар кедендік құжаттарды ұсынады.
Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрінде ұсынылуы мүмкін.
2. Кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды мұндай құжаттарды кеден органына тапсырғаннан кейін 1 (бір) сағаттан аспайтын мерзімде тіркейді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттарды тіркеу туралы растауды береді.
3. Кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күнінен бастап тауарлар уақытша сақтауда орналасқан болып есептеледі.
170-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі 2 айды құрайды.
2. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның, немесе оның өкілінің жазбаша жүгінуі бойынша кеден органы көрсетілген мерзімді ұзартады.
Тауарларды уақытша сақтаудың шекті мерзімі 4 (төрт) айдан, ал халықаралық почталық алмасу орындарында (мекемелерінде) сақтаудағы халықаралық почта жөнелтімдеріне, сондай-ақ жолаушы алмаған немесе талап етпеген, әуе көлігімен тасымалданатын багажға қатысты - 6 (алты) айдан аспауы тиіс.
Тауардың жекелеген санаттары үшін Кеден одағы комиссиясының шешімімен осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімнен аз уақытша сақтау мерзімі белгіленуі мүмкін.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күнінен кейінгі күннен бастап есептеледі.
4. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғаннан соң кедендік рәсімге орналастырылмаған тауарларды осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес кеден органы кідіртеді.
171-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар
1. Тауарларға қатысты өкілеттілігі бар тұлғалар, немесе олардың өкілдері уақытша сақтауда тұрған тауарлармен оларды өзгермейтін қалпында сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет кәдімгі операцияларды, оның ішінде тауарларды қарау, өлшеу, оларды уақытша сақтау орны шегінде ауыстыруды жасауға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу, бұзылған ораманы түзету, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға дайындау үшін қажет операциялар кеден органының рұқсатымен жүргізілуі мүмкін.
Егер оларды жүзеге асыру тауарды жоюға немесе оның қалпын өзгертуге әкеп соқтыратын болса, кеден органы мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.
172-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттемелердің пайда болуы мен тоқтатылуы және оларды төлеу мерзімі
1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты уәкілеттігі бар басқа тұлғада -кеден органы бұл құжаттарды тіркеген сәттен бастап;
2)уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған сәттен бастап;
3)уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада - кеден органы тауарды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен бастап пайда болады.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу бойынша міндеттеме:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты өкілеттігі бар басқа тұлғада, -тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезде не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда уақытша сақтауға басқа тұлға қабылдаған кезде;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарды уақытша сақтау қоймасынан кедендік рәсімге орналастыруға байланысты берген кезде;
3) тауарды кедендік рәсімге орналастырған кезде - уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада;
4) осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда - тауарлар осы Кодекстің 21-тарауына сәйкес, сондай-ақ осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда ұсталғанда тоқтатылады.
3. Тауарларды уақытша сақтаған кезде кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі:
1) тасымалдаушыда немесе тауарларды уақытша сақтау үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген сәтте тауарларға қатысты уәкілеттігі бар басқа тұлғада - бұл құжаттарды тіркеген сәттен бастап:
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға дейін жоғалған, не оларды тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн - кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркелген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасында орналастырғанға дейін, не оларды тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, - оларды тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркеу күні;
2) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орындарда тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада:
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу (тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органында тіркелген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға алған жағдайда, - осы тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттар кеден органында тіркелген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесінде, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарды уақытша сақтауды жүзеге асырушы тұлғада:
уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталып тұрған тауарлар жоғалған жағдайда, апаттың немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жойылған (қайтарымсыз жоғалған), не тасу (тасымалдау) мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи кему салдарынан жойылуын қоспағанда, тауар жоғалған күн, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылған күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар алушыға немесе басқа тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға берген жағдайда, - осы тапсырған күн, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтау қоймасында, не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылған күн;
тауарларды алушының қоймасында сақталып тұрған тауарларды уақытша сақтау мақсатынан басқаша пайдаланған жағдайда - осылай қолданған күні, ал егер ол күн белгісіз болса - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттар кеден органында тіркелген күн болып есептеледі.
4. Кедендік әкелу баждары, салықтар, осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларда, тауарды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастыру кезінде төленетін, кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді есепке алмастан, кедендік баж алымдарының, салықтардың, кедендік құнның, олардың табиғи көріністегі физикалық сипаты (саны, массасы, көлемі немесе басқа сипаттамасы) және валюталар бағамы тұрғысынан есептелген кедендік әкелу бажының, салықтардың сомаларына сәйкес, кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік әкелу бажын, салықтарды төлеу мерзімінің күні қолданыста болған, сәйкесінше осы баптың 3-тармағында белгіленген мөлшерде төленуге тиіс.
5-бөлім. ТАУАРЛАРДЫ КЕДЕНДІК РӘСІМГЕ ОРНАЛАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР
26-тарау. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты
кедендік операциялар туралы жалпы ережелер
173-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі
1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар кеден одағының кеден заңнамасында, ал осы Кодексте немесе кеден одағына қатысушы мемлекеттердің өзге халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларда - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіпте және шарттарда жасалады.
2. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлардың түрлеріне, осындай өткізулер үшін пайдаланылатын көлік (автомобиль, әуе жолы, темір жол, теңіз, өзен және басқа) түріне қарай, сондай-ақ тауарлардың өткізетін тұлғалардың санаттарын кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында айқындалатын кедендік операцияларды жасау тәртібі мен технологиясы кедендік әкелу баждарын төлеуден және тарифтік емес реттеу шараларынан, демпингке қарсы, өтемақылық және арнайы қорғау шаралары қолданудан толық немесе ішінара босатуға әкеп соқпауға тиіс.
3. Кеден органдарының атынан тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды мұндай кедендік операцияларды жасауға уәкілетті кеден органдарының лауазымды тұлғалары, өздерінің лауазымдық міндеттеріне (функционалдық) сәйкес жасайды.
4. Кеден органдарының тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезіндегі талаптары негізделген болуы және кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет талаптармен шектелуі тиіс.
5. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операциялар тауардың шыққан, жөнелткен, межелі еліне және арналуына қарамастан бірдей қолданылады.
174-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру
1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кеден органына кедендік декларацияны және (немесе) осы Кодексте көзделген жағдайларда тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті құжаттарды тапсырған сәттен басталады.
2. Ветеринарлық, фитосанитарлық және мемлекеттік бақылаудың басқа түрлеріне жатқызылатын тауарлар тиісті бақылаудан өткен соң ғана кедендік рәсімге орналастырылады.
3. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру тауарларды мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес шығарумен аяқталады.
175-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастырумен байланысты кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты
1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастырумен байланысты кедендік операциялар, кеден органдарының тұрған жерінде және олардың жұмыс кезінде жасалады.
2. Декларанттың, не кедендік өкілдің дәлелді сұранысы бойынша тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты жекелеген кедендік операциялар кеден органдарының тұрған жері мен жұмыс кезінен тыс уақытта жасалуы мүмкін.
176-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер
1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыру кезінде осы Кодекспен белгіленген тұлғалар кеден органына тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасаған кезде, кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет және оларды ұсыну кеден одағының кеден заңнамасында көзделген құжаттар мен мәліметтерді ғана ұсынуды талап етуге құқылы.
2. Тауарларды шығару үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, және оларды ұсыну мерзімі осы Кодекспен белгіленеді.
3. Кеден органдары құжаттардағы кеден органының тауарларды шығару туралы шешім қабылдауына әсер ететін мәліметтерді өзгертпейтін, жаңылыс қателердің, техникалық немесе грамматикалық қателердің болуына байланысты құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
4. Тауарларды шығаруға қажетті құжаттар осы Кодекске сәйкес электронды құжат нысанында ұсынылуы мүмкін.
5. Кедендік құжаттардың нысандары Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
Кедендік құжаттар, егер осы Кодекске сәйкес өзге белгіленбеген болса, орыс тілінде толтырылады.
6. Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық келісімдеріне және кеден одағына мүше мемлекеттердің шетел мемлекеттерімен жасасқан халықаралық келісімдеріне сәйкес, тауарларды шығаруды оңайлату мен жеделдету мақсатында кедендік мақсатта қолданылатын басқа мемлекеттердің кедендік құжаттары қолданылуы мүмкін.
177-бап. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалардың немесе олардың өкілдерінің қатысуы
1. Тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері қатысуға құқылы.
2. Кеден органының талабы бойынша мүдделі тұлғалар немесе олардың өкілдері тауарларды кедендік рәсімге орналастыруға байланысты кедендік операцияларды жасау кезінде, кеден органына оны жасауға көмек көрсету үшін қатысуға міндетті.
178-бап. Тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімге бірінші кезекте орналастыру тәртібі
Табиғи апаттар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қажет тауарлар, бейбітшілікті қолдау акцияларын не оқыту-жаттығуларын өткізуге қажетті әскери мақсаттағы өнімдер, сондай-ақ тез бұзылуға бейім тауарлар, тірі жануарлар, радиоактивті материалдар, жарылғыш заттар, халықаралық пошта жөнелтілімдері, экспресс-жүктер, гуманитарлық және техникалық көмек, бұқаралық ақпарат құралдары үшін хабарламалар мен материалдар, қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығыс материалдары, халықаралық тасымалдың көлік құралдарын жөндеу үшін қажет жабдықтар мен құрал-саймандар және басқа ұқсас тауарлар кедендік рәсімге бірінші кезектегі тәртіппен орналастырылады.
27-тарау. Тауарларды кедендік декларациялау
179-бап. Тауарларды кедендік декларациялау туралы жалпы ережелер
1. Тауарлар кедендік рәсімге орналастырылған кезде, не осы Кодекске сәйкес белгіленген басқа жағдайларда кедендік декларациялауға жатқызылады.