Көшпелі кедендік тексеру мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ, кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімде (нұсқама) оны жүргізуді тоқтату туралы тиісті жазба енгізіледі және тексерілетін тұлғаға хабар беріледі.
13. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізген кеден органының лауазымды тұлғалары екі данада жасайтын және қол қойылатын, кедендік тексерудің нәтижелері бойынша ресімделген құжатты құрған күн көшпелі кедендік тексерудің аяқталу күні есептеледі.
Мұндай құжаттың бірінші данасы көшпелі кедендік тексерудің материалдарына қосылады, екінші данасы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап 5 (бес) күннен кешіктірілмей тексерілетін тұлғаға тапсырылады немесе тапсыру туралы хабарламамен тапсырыстық пошталық жөнелтумен жіберіледі.
133-бап. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне кеден органы лауазымды тұлғаларының қол жетімділігі
1. Тексерілетін тұлға кеден органының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді тағайындау туралы акт) шешімді (нұсқаманы) және қызметтік куәліктерін көрсеткен кезде көшпелі кедендік тексеру жүргізу үшін тексерілетін тұлғаның объектісіне (тұрғын жайларды қоспағанда) көрсетілген тұлғалардың қол жетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.
2. Егер, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен жеке объектілерге мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қол жетімділігінің арнайы тәртібі көзделсе, онда мұндай қол жетімділік осы заңнамалық актілермен анықталатын тәртіпте жүргізіледі.
3. Тексерілетін тұлға, егер:
1) шешім (нұсқама, тексеруді тағайындау туралы акт) және (немесе) қызметтік куәліктері ұсынылмаса;
2) шешімде (нұсқама, тексеруді тағайындау туралы актіде) кеден органының лауазымды тұлғалары көрсетілмесе;
3) лауазымды тұлғалардың объектіге қол жетімділігіне арнайы рұқсаты болмаса, егер мұндай рұқсат кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қажет болса кеден органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге қол жетімділігіне мына жағдайларда бас тартуға құқылы.
4. Тексерілетін тұлға көшпелі кедендік тексеру жүргізетін кеден органдарының лауазымды тұлғаларының объектіге қол жетімділігінен бас тартқан кезде кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес акт (хаттама) жасалады.
Тексерілетін тұлға кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қол жетімділігін қамтамасыз етуден негіздемесіз бас тартқан жағдайда, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар лауазымды тұлғаларының жеке объектілерге қол жетімділігінің басқа тәртібі белгіленбеген болса, 2 (екі) куәгердің қатысуымен қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық жайларды ашу арқылы олар объектіге кіруге құқылы. Кеден органдары қарсыласудың жолын кесе отырып және жабық жайларды ашу арқылы объектіге кірудің барлық жағдайлары туралы 24 (жиырма төрт) сағат ішінде прокурорға хабарлайды.
134-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғаларының құқықтары мен міндеттері
1. Кеден органдарының лауазымды тұлғалары кедендік тексеру жүргізу кезінде:
1) тексерілетін тұлғадан коммерциялық, көліктік құжаттарын, бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарын, сондай-ақ оның ішінде электрондық тасымалдағыштағы тексерілетін тауарларға қатысты ақпаратты талап етуге және алуға;
2) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тексерілетін тұлғалардан тауарлардың ұсынылуын талап етуге;
3) кедендік бақылау мақсаттары үшін есептілікті ұсынуды талап етуге;
4) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кедендік тексеру жүргізу үшін қажетті, ұйымдардың шоттары бойынша ақша қаражатының қозғалысына қатысты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты банктерден және өзге де несиелік ұйымдардан талап етуге және алуға;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес салық, және өзге мемлекеттік органдардан, оның ішінде коммерциялық, банктік, салықтық және заңнамамен қорғалатын құпияны құрайтын қажетті ақпаратты және құжаттарды сұрау салуға және алуға;
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарларға түгендеу жүргізуге (түгендеу жүргізуді талап етуге);
7) кедендік тексерулерді жүргізуге байланысты халықаралық сұрау салуларды жіберуге;
8) кедендік тексеруді жүргізу туралы (тексеруді тағайындау туралы актті) шешімді (нұсқаманы) және қызметтік куәліктерді көрсете отырып тексерілетін тұлғаның объектісіне қол жетімділігіне;
9)көшпелі кедендік тексерулерді жүргізу кезінде тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеу туралы акт жасай отырып тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуды жүзеге асыруға;
10) көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезінде алу актісін жасай отырып тексерілетін тұлғадан құжаттарды немесе олардың көшірмелерін алуға;
11) оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілдермен иелік етуге бағытталған әрекеттердің жолын кесу үшін көшпелі кедендік тексеру жүргізу мерзіміне кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген тәртіпте тауарларға тыйым салуға немесе алуға;
12) тауарлар орналасқан үй-жайларды мөрлеуге;
13) кеден одағының заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған өзге де әрекеттерді жүргізуге құқығы бар.
2. Кедендік тексерулер жүргізу кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары:
1) тексерілетін тұлғаның құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауға, заңсыз шешімдермен және әрекеттермен (әрекетсіздігімен) тексерілетін тұлғаларға залал келтіруге жол бермеуге;
2) көшпелі кедендік тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлғаның белгіленген жұмыс режимін бұзбауға;
3) кедендік тексерулер барысында алынған кез келген ақпаратты тек кеден мақсаттары үшін пайдалануға;
4) кедендік тексеруді жүзеге асыру кезінде құпиялы мәліметтерді және белгілі болған салықтық, банктік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламауға;
5) көшпелі кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының ережелері туралы қажетті ақпаратты тексерілетін тұлғаның талабы бойынша ұсынуға;
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған жағдайда қоспағанда, кедендік тексерулер жүргізу барысында алынған және жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, тексерілетін тұлғаның келісімінсіз олардың мазмұнын жарияламауға;
7) тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау жүргізу кезінде, соның ішінде сараптаманы (зерттеу) белгілеу және жүргізу кезінде, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алу кезінде тексерілетін тұлғаны оның құқықтары және міндеттері туралы ақпараттандыру;
8) кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
135-бап. Кедендік тексеру жүргізу кезінде тексерілетін тұлғаның құқықтары мен міндеттері
1. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
1) кедендік тексеру жүргізу тәртібіне қатысты кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының ережелері туралы ақпаратты кеден органдарынан сұрау салуға және алуға;
2) оның иелігіндегі тауарлардың шығу фактісін растайтын барлық бар құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға, сондай-ақ, кеден одағының кеден заңнамасын және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын сақтауға;
3) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кеден органдарының шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдануға;
4) кеден одағының заңнамасында және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
2. Тексерілетін тұлға кедендік тексеру жүргізу кезінде:
1) кедендік тексеру жүргізілуге қатысты тауарларды көрсетуге;
2) қағаз тасымалдағышта қосымша беру арқылы, ол қандай ақпарат тасымалдағышта орналасқанынан тәуелсіз, кеден органының талабы бойынша белгіленген мерзімдерде мәліметтерді және құжаттарды ұсынуға;
3) тексерілетін тұлғаның объектісіне көшпелі кедендік тексеру жүргізетін лауазымды тұлғалардың кедергісіз қол жетімділігін қамтамасыз етуге және жұмыс орнын ұсынуға;
4) кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің (нұсқама) түпнұсқасында алу туралы белгі жасауға;
5) егер, кедендік тексеру мақсаттары үшін қажетті құжаттама кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілінен өзге тілде жасалса, кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына аталмыш құжаттаманың аудармасын ұсынуға;
6) кедендік тексеру жүргізу туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімді (нұсқама) ұсынған күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей кеден органының тексеруші лауазымды тұлғаларына ақпаратты ұсынуға жауапты тұлғалар шеңберін анықтауға;
7) кеден одағының заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
136-бап. Кедендік тексеру жүргізу мақсаттары үшін құжаттарды және мәліметтерді ұсыну
1. Кеден одағына мүше мемлекеттердің салық және өзге де мемлекеттік органдары кеден органдарының сұрау салуы бойынша заңды тұлғаларды тіркеу, салықтарды төлеу және есептеу, бухгалтерлік есептілікке қатысты қажетті құжаттар және мәліметтерді, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық, банктік, салықтық қорғау бойынша кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасының талаптарын және заңнамамен қорғалатын құпияны сақтау арқылы өзге де құжаттар және мәліметтерді ұсынады.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің банктік және өзге де несиелік ұйымдары кеден органының сұрау салуы бойынша кедендік тексеру жүргізу үшін ұйымдардың шоттары бойынша ақшалай қаражаттардың қозғалысына қатысты, соның ішінде банктік құпияны құрайтын құжаттарды және мәліметтерді ұсынады.
20-тарау. Кедендік бақылау жүргізу кезіндегі кедендік сараптама
137-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер
Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
1) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы - кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген, жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін және қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде кедендік сараптаманың қорытындыларын құрайтын құжат;
2) үлгі - тауардың (өнімнің) құрылымына, құрамына және барлық партияның қасиеттеріне, сериясына сәйкес келетін тауар (өнім) бірлігі, немесе белгіленген тәртіпте келешекте зерттеу мақсатында іріктеп алуы белгіленетін, көрінудің жазбаша және өзге де нысандарында ұсынылған ұқсас объект;
3) сынама - ұсынылатын және зерттелетін тауардың барлық көлемінің құрамын және қасиеттерін сипаттайтын, ықтимал қажетті, стандартизация бойынша құжаттамада белгіленген тауар немесе тауардың бөлігі;
4) кедендік сараптаушы - кедендік сараптамалар жүргізуге уәкілетті кеден органының лауазымды тұлғасы;
5) кедендік сараптама - кедендік реттеу саласында тапсырмаларды шешу үшін арнайы және (немесе) және ғылыми танымдарды пайдалану арқылы кедендік сараптаушылармен және (немесе) өзге де сараптаушылармен жүзеге асырылатын зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу.
138-бап. Кедендік сараптама тағайындау
1. Кедендік сараптама кедендік операциялар жасау кезінде арнайы танымдарды талап ететін пайда болушы мәселелерді түсіндіру үшін тағайындалады.
2. Кедендік сараптаманы кеден органдары тағайындайды және кедендік сарапшылар, сондай-ақ өзге де уәкілетті ұйымдардың сарапшылары жүргізеді.
Кедендік сараптаманы өзге уәкілетті ұйымдарға тағайындауды мұндай сараптаманы кедендік сараптаушылардың жүргізуіне мүмкіншілігі болмаған жағдайда ғана жүргізіледі.
Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін қажетті арнайы танымдарға ие кез келген тұлға сараптаушы ретінде бола алады.
Кеден органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес сараптау жүргізу үшін тартылады.
3. Кедендік сараптама кедендік операциялар жүргізу және оларды бірдейлендіру құралдары үшін қажетті тауарларға қатысты, соның ішінде көлік құралдары, кедендік, көліктік (тасымалдаушы), коммерциялық және өзге де құжаттарға тағайындалады.
4. Кеден органының уәкілетті лауазымды тұлғасы сараптау жүргізу үшін негіздеме, кедендік сарапшының тегі, аты және әкесінің аты немесе сараптама жүргізілетін ұйымның не кеден органының атауы, сарапшының алдына қойылған мәселелері, кедендік сараптаушының иелік етуіне ұсынылған материалдардың және құжаттардың тізімі және сараптаманы жүргізу және кеден органына қорытындыны көрсетудің мерзімі көрсетілетін кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімді жазбаша нысанда қабылдайды.
Шешімде, сондай-ақ, біле тұра сарапшының, кедендік сарапшының (сарапшының), жалған қорытындысын бергені үшін жауапкершілік туралы сараптаушыны ескерту жөнінде көрсетіледі.
5. Кедендік сараптаманы жүргізуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін:
1) кедендік сараптаманы жүргізу үшін ақпараттың жеткіліксіздігі;
2) кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімнің дұрыс ресімделмеуі;
3) сынамалар немесе үлгілер орамы сақталуының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімде көрсетілген сипаттамаға сәйкес келмеуі;
4) кедендік сараптаманы жүргізу үшін қажетті материалдық-техникалық базаның, арнайы жағдайлардың болмауы;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де жағдайлар.
6. Бас тартудың себептерін көрсету арқылы кедендік сараптаманы өткізуден бас тарту жазбаша түрде ресімделеді. Ұсынылған материалдар, құжаттар, сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.
7. Кеден органы кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен кешіктірмей жазбаша түрде декларантты немесе кедендік сараптама тағайындау туралы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлғаға хабарлайды.
8. Кедендік сараптаманы жүргізуге кеткен шығыстар кеден одағына мүше мемлекеттердің, кедендік сараптама тағайындалған кеден органының бюджеті есебінен өтеледі.
139-бап. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі және мерзімі
1. Кедендік сараптама жүргізудің тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
2. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында одан неғұрлым аз мерзім белгіленбесе, кедендік сараптаманы жүргізу мерзімінің ұзақтығы кедендік сарапшы (сарапшы) материалдарды өндіріске қабылдаған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Кедендік сараптама жүргізу мерзімі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен ұзартылуы мүмкін.
3. Кедендік сараптаманы жүргізу мерзімі мынадай жағдайларда тоқтатылады:
кедендік сарапшының (сарапшы) кедендік сараптаманы белгілеген кеден органдарына оған қосымша материалдар, сондай-ақ сынамалар мен үлгілер ұсыну туралы қолдаухатының болуы;
кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген өзге жағдайларда;
4. Кедендік сараптама нәтижесі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беріледі.
140-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) құқықтары мен міндеттері
1. Кедендік сарапшы (сарапшы) мыналарға:
1) кедендік сараптаманы өткізуге қатысты материалдармен танысуға;
2) кеден органының рұқсатымен кедендік сараптама өндірісіне өзге де кедендік сарапшыларды (сарапшыларды) тартуға;
3) кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған кезден бастап 1 (бір) күн ішінде егер қойылған сұрақтар өз құзыретінен шығатын. болса немесе өз құзыретіне жатпайтын сұрақтардың жауаптарын ұсыну кедендік сараптамадан бас тартуға;
4) кедендік сараптама өткізу үшін материалдарды алған кезден бастап 3 (үш) күннің ішінде жазбаша түрде кедендік сараптама өткізу үшін қосымша материалдарды сұрауға;
5) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын беру үшін керекті материалдар мен құжаттарды алу, оның ішінде зерттеу үшін сынамалар мен үлгілерді алуға;
6) өзінің арнайы танымы және құзыретіне сәйкес оның алдына қойылған сұрақтарды анықтау;
7) арнайы және өзге де деректерде шығарылған ғылыми техникалық ақпараттарды пайдалануға;
8) өзінің сынаулары және зерттеулерінің нәтижелерін және (немесе) басқа зерттеу немесе сараптама ұйымдары жүргізген сынамалар мен үлгілерді зерттеу нәтижелерін пайдалануға;
9) кедендік бақылауды жүргізуге қатысуға құқылы.
2. Кедендік сарапшы (сарапшы):
1) кедендік сараптамаға қатысты материалдармен танысуға;
2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысына кедендік мақсаттар үшін маңызға ие, олар бойынша сұрақтар қойылмаған жағдайлар туралы тұжырымдама қосуға;
3) Кедендік сараптамаға ұсынылған сынамалар мен үлгілерді рұқсат етілуі мен дұрыстығын сақтау кезінде зерттеулер жүргізуге, зерттеу нәтижесінің толық, жан-жақты және әділдігін бағалау негізінде кедендік сараптаманың (сараптаманың) қорытындысын ұсынуға;
4) Кедендік сараптаманы өткізу нәтижесінде алынған мәліметтерді жарияламауға, кеден одағының кедендік заңнамасымен көрсетілген жағдайлардан тыс өзге де мақсаттарда пайдаланбауға және үшінші тұлғаларға бермеуге;
5) кедендік сараптаманы өткізудің белгіленген уақытын сақтауға міндетті.
3. Өзінің міндеттерін тиісті орындамау және тиіссіз орындау кезінде кедендік сарапшы (сарапшы) кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
141-бап. Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу кезінде декларанттың, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлғаның және олардың өкілдерінің құқықтары
1. Кедендік сараптама тағайындау және жүргізу кезде декларант, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлға және олардың өкілдері:
1) олар бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын алу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) қосымша сұрақтар қою туралы қолдаухат ұсынуға;
2) кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен танысуға және кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органында осындай қорытындының көшірмесін алуға;
3) кедендік сараптама жүргізу үшін кеден органдарының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алуына қатысуға;
4) қосымша немесе қайтадан кедендік сараптама өткізуге қолдаухат жазуға құқылы.
2. Декларанттың, тауарларға қатысты уәкілетке ие өзге тұлғаның немесе олардың өкілдерінің қолдаухаты қанағаттандырылған жағдайда сараптама белгілеген кеден органының лауазымды тұлғасы тиісті шешім шығарады.
Қолдаухатты қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы бұл туралы қолдаухат берген тұлғаны жазбаша түрде хабардар етуге тиіс.
142-бап. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы
1. Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысында көрсетіледі:
1) кедендік сараптаманың басталуы мен аяқталуының орны, күні мен уақыты;
2) кедендік сараптама үшін негіздеме;
3) кедендік сараптаманы жүргізген кедендік сарапшының (сарапшының) аты жөні, тегі, және оның біліктілігі;
4) кедендік сарапшының (сарапшының) кедендік сараптама өткізген кезде біле тұра жалған кедендік сарапшының (сарапшының) жалған қорытындысын бергені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертілгені туралы оның қолымен куәландырылған белгі;
5) кедендік сарапшыға қойылған сұрақтар;
6) Кедендік сараптама жүргізу үшін кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған құжаттардың, материалдардың тізімі, сынамалар мен үлгілер;
7) қолданылған әдістерді көрсетіледі зерттеулердің мағынасы және нәтижесі, зерттеулердің нәтижесін бағалау, қойылған сұрақтар бойынша қорытынды және олардың дәлелдеуі.
2. Кедендік сарапшының (сарапшының) немесе бірнеше сарапшылардың қорытындысын бейнелейтін материалдар мен құжаттар қорытындыға қосымша ұсынылады және оның құрамдас бөлігі болып қызмет етеді.
Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысындағы тұжырымдар қойылған сұрақтарға жауаптар түрінде жазылады, бұл ретте жауаптардың дәйектілігі қойылған сұрақтардың дәйектілігіне сәйкес келуі тиіс.
Егер кедендік сараптама бірнеше сарапшының қатысуымен өткізілген болса, қорытындыға барлық сарапшылар қол қояды және егер кеден одығына қатысушы мемлекеттердің заңнамасына сәйкес осындай ұйымның мөртаңбасы болуға тиісті болса, кедендік сараптаманы өткізген ұйымның мөртаңбасымен куәландырылады.
3. Сарапшының қорытындысы жазбаша түрде екі данада дайындалады, бір данасы кедендік сараптама өткізген ұйымда қалады, екінші дана кедендік сараптама тағайындаған кеден органына жіберіледі.
143-бап. Кедендік сараптама түрлері
1. Кедендік бақылау мақсаттары үшін мына кедендік сараптамалар жүргізіледі: сәйкестендіру, тауар танушылық, материал танушылық, технологиялық, қылмыстық және өндірісінде қажеттілік туындайтын өзге де сараптамалар.
2. Тартылатын кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) санына байланысты сарапшылар тағайындалады: дербес, комиссиондық және кешендік кедендік сараптама.
Дербес кедендік сараптама - кедендік сарапшысы (сарапшы) дербес жүргізетін кедендік сараптама.
Комиссиялық кедендік сараптама - бір мамандықтағы кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) жүргізетін кедендік сараптама. Кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) арасында келіспеушіліктер кезінде олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы беруге құқығы бар.
Кешенді кедендік сараптама- жұмыс үшін маңызға ие жағдайларды белгілеу үшін кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) компетенциясы шегінде әр түрлі мамандықтағы білімдерді пайдалану негізінде зерттеуге қажетті кедендік сарапшылардың (сарапшылардың) комиссиясы жүргізетін кедендік сараптама. Әрбір кедендік сарапшы (сарапшы) өзі кедендік сараптама жүргізген кедендік бөлігі бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы жазады.
3. Кедендік сараптама мынадай түрлерге бөлінеді: біріншілік, қосымшалық және қайта тағайындалған.
Бастапқы кедендік сараптама - объектілерді, сынамаларды және үлгілерді іріктеп алуды зерделеу үшін кеден органының өтініші бойынша жүргізілетін кедендік сараптама.
Қосымша кедендік сараптама - жаңадан ашылған жағдайлар бойынша тағайындалатын кедендік сараптама. Қосымша кедендік сараптама өндірісі сол немесе басқа кедендік сарапшыға (сарапшыға) тапсырылады.
Қайталама кедендік сараптама - декларант келіспеген жағдайда, сондай-ақ, Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамалардың нәтижелері бойынша кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысымен кедендік сараптаманы тағайындаған кедендік орган жүргізетін кедендік сараптама.
Қайталама кедендік сараптама бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшыны (сарапшыларды) қоспағанда, 2 (екі) және одан көп кедендік сарапшылардан (сарапшылардан) тұратын комиссияға тапсырылады. Бастапқы және (немесе) қосымша кедендік сараптамаларды жүргізген кедендік сарапшылар (сарапшылар) қайталама кедендік сараптама жүргізген кезде қатысуы және комиссияға түсіндірмелер беруі мүмкін, алайда кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысын зерттеуге және жасауға олар қатыспайды.
Кеден одағының кедендік аумағында қайта тағайындалған сараптаманы жүргізу тәртібі Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалады.
Қосымша және қайталама кедендік сараптамаларды жүргізу кезінде кедендік сарапшы (сарапшы) міндетті түрде кедендік сараптаманың нәтижелерін көрсетеді.
144-бап. Сынамалар мен үлгілер
1. Кеден органдарының лауазымды адамдары кеден одағына қатысушы мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік сараптаманы жүргізу үшін тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алады.
2. Сынамалар мен үлгілер олардың зерттеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ең аз мөлшерде алынады. Тауарлардың сынамасы және үлгісін алу кезінде Кеден Одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша 2 (екі) данада акт жасалады.
Актінің екінші данасы тауарларға қатысты уәкілетке ие басқа тұлға, декларантқа немесе егер олар анықталған болса олардың өкіліне табыс етіледі.
3. Декларант, тауарларға қатысты уәкілеттілікке ие басқа тұлға немесе олардың өкілдері кеден органдарының лауазымды тұлғаларының сынамалар мен үлгілерді іріктеп алу көзіне қатысады. Көрсетілген тұлғалар кеден органдарының лауазымды тұлғаларына тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға көмек көрсетуге, соның ішінде өз есебінен қажетті жүктік және басқа да операцияларды жүзеге асыруға міндетті.
Кеден органдары тауарлардың сынамалары мен үлгілерін осы Кодекстің 116-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда, декларант тауарларға қатысты уәкілетке ие басқа тұлғалар немесе олардың өкілдері болмаған кезде іріктеліп алынуы мүмкін.
Бұл жағдайларда тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу 2 (екі) куәгердің қатысуымен жүзеге асырылады.
4. Кеден органдары декларанттың, тауарларға қатысты уәкілетке ие басқа тұлғаның немесе олардың өкілдерінің тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алу нәтижесінде туындаған шығындарын өтемейді.
5. Кедендік сараптама аяқталғаннан кейін сынамалар мен үлгілер декларантқа, тауарларға қатысты уәкілетке ие басқа тұлғаға немесе олардың өкілдеріне немесе мұндай сынамалар мен үлгілер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жою немесе кәдеге жаратуға жататын жағдайлардан тыс кедендік сараптаманы тағайындаған кеден органына қайтарылады.