(S5.33 п. қара).
S5.207 Қосымша таратылу: Австралияда 137 - 144 МГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар үшін аймақтық үлестірулермен ескерілгенше, радиохабар
қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.208 137 - 138 МГц жиілік жолақтарын жер серіктік жылжымалы қызметке
пайдалануда 46 Қарарда (Қайта қаралған ДКР-97)/S9.11А п.
баяндалған үйлестіру процедуралары қолданылуы керек.
S5.208А 137 - 138 МГц, 387 - 390 МГц және 400.15 - 401 Мгц жолақтарында
жер серіктік жылжымалы қызметтің ғарыш станцияларына жиіліктер
тағайындағанда, әкімшіліктер радиоастрономиялық қызметтерді
150.05 - 153 МГц, 322 - 328.6 МГц, 406.1 - 410 МГц және 608 - 614
МГц жолақтарында керексіз сәулеленулердің зиянды бөгеуілдерінен
қорғауға іс жүзінде шаралар қолдануы керек. RA.769-1 ХЭҰ-Р
Ұсынысының 1 Кестесінде радиоастрономиялық қызметтерге зиянды
бөгеуілдердің шектік деңгейлері келтірілген.
S5.209 137 - 138 МГц, 148 - 150.05 МГц, 399.9 - 400.05 МГц, 400.15 - 401
МГц, 454 - 456 МГц және 459 - 460 Мгц жолақтарын жер серіктік
жылжымалы қызметке пайдалану геостационарлық емес жер серіктік
жүйелерімен шектелген.
S5.210 Қосымша таратылу: Австрия, Франция, Италия, Лихтенштейн,
Словакия, Чех Республикасы, Біріккен Корольдіктер және
Швейцарияда 138 - 143.6 МГц пен 143.65 - 144 МГц жолағы,
сондай-ақ ғарыштық зерттеулер (ғарыш-Жер) қызметіне бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.211 Қосымша таратылу: Германия, Сауд Аравиясы, Австрия, Бахрейн,
Бельгия, Босния мен Герцеговинада, Дания, Біріккен Араб Эмираттары,
Испания, Финляндия, Греция, Ирландия, Израиль, Кения, Кувейт,
бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн,
Люксембург, Мали, Мальта, Норвегия, Нидерланд, Катар, Біріккен
Корольдіктер, Словения, Сомали, Швеция, Швейцария, Танзания,
Тунис, Түркия және Югославияда 138 - 144 МГц жолағы, сондай-ақ
теңіздік және құрылықтық жылжымалы қызметке бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.212 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Ботсвана, Бурунди, Камерун,
Орталық Африка Республикасы, Конго, Габон, Гамбия, Гана, Гвинея,
Ирак, Иордания, Лесото, Либерия, Ливия, Малави, Мозамбик,
Намибия, Нигерия, Оман, Руанда, Сьерра-Леон, Оңтүстік Африка
Республикасы, Свазиленд, Чад, Того, Заир, Замбия және Зимбабведе
138 - 144 МГц жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.213 Қосымша таратылу: Қытайда 138 - 144 МГц жолағы радиолокациялық
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.214 Қосымша таратылу: Босния мен Герцеговина, Хорватия, Эритрея,
Эфиопия, Кения, бұрынғы Югославия Республикасы Македония, Мальта,
Словения, Сомали, Судан, Танзания және Югославияда 138 - 144 МГц
жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.215 Пайдаланылмайды.
S5.216 Қосымша таратылу: Қытайда 144 - 146 МГц жолағы әуелік жылжымалы
(OR) қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.217 Ауыстырылымды таратылу: Ауғанстан, Бангладеш, Куба, Гайана мен
Индияда 146 - 148 МГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.218 Қосымша таратылу: 148 - 149.9 МГц жолағы, сонымен қатар, 14/п.
S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, ғарыштық пайдаланым
қызметіне (Жер-ғарыш) бірінші реттік негізде бөлінген. Жеке
таратудағы жолақ ені + - 25 кГц-тен аспауы тиіс.
S5.219 148 - 149.9 МГц жолағын жер серіктік жылжымалы қызметке
пайдалануда 46 Қарарда (Қайта қаралған ДКР-97)/S9.11А п.
баяндалған үйлестіру процедуралары қолданылуы керек. Жер серіктік
жылжымалы қызмет бекітілген, жылжымалы және ғарыштық пайдаланым
қызметтерінің 148 - 149.9 МГц жолақтағы дамуы мен пайдалануын
шектемеуі тиіс.
S5.220 149.9 - 150.05 МГц және 399.9 - 400.05 МГц жолақтарын жер
серіктік құрылықтық жылжымалы қызметке пайдалануда 46 Қарардың
(Қайта қаралған ДКР-97)/S9.11А п. негізіндегі үйлестіру
процедуралары қолданылуы керек. Жер серіктік құрылықтық жылжымалы
қызмет радионавигациялық жер серіктік қызметтің 149.9 - 150.05
МГц және 399.9 - 400.05 МГц жолақтарындағы дамуы мен пайдалануын
шектемеуі тиіс.
S5.221 Жер серіктік жылжымалы қызмет станциялары 148 - 149.9 МГц
жолағында бекітілген немесе жылжымалы қызмет станцияларына
үлестіру Кестесіне сай жиілік жолақтары бөлінген келесі елдерден:
Албания, Алжир, Германия, Сауд Аравиясы, Австралия, Австрия,
Бахрейн, Бангладеш, Барбадос, Беларусь, Бельгия, Бенин, Босния
мен Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Болгария, Камерун, Қытай,
Кипр, Конго, Корей Республикасы, Хорватия, Куба, Дания, Египет,
Біріккен Араб Эмираттары, Эритрея, Испания, Эстония, Эфиопия,
Финляндия, Франция, Габон, Гана, Греция, Гвинея, Гвинея-Бисау,
Венгрия, Индия, Иран Ислам Республикасы, Ирландия, Исландия,
Израиль, Италия, Ямайка, Жапония, Иордания, Қазақстан, Кения,
Кувейт, Латвия, бұрынғы югославия Республикасы Македония, Ливан,
Ливия, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мали, Мальта,
Мавритания, Молдова, Монғолия, Мозамбик, Намибия, Норвегия, Жаңа
Зеландия, Оман, Уганда, Өзбекстан, Пакистан, Панама, Папуа-Жаңа
Гвинея, Парагвай, Нидерланд, Филиппин, Польша, Португалия, Катар,
Сирия, Қырғызстан, Словакия, Румыния, Біріккен Корольдіктер,
Ресей, Сенегал, Сьерра-Леона, Сингапур, Словения, Шри-Ланка,
Оңтүстік-Африка Республикасы, Швеция, Швейцария, Свазиленд,
Танзания, Чад, Таиланд, Того, Тонга, Тринидад пен Тобаго, Тунис,
Түркия, Украина, Вьетнам, Йемен, Югославия, Замбия және
Зимбабведе зиянды бөгеуілдер тудырмауды немесе олардан қорғауды
талап етпеуі керек.
S5.222 149.9 - 150.05 МГц және 399.9 - 400.05 МГц жолақтарындағы
радионавигациялық жер серіктік қызметтің сәулеленуі ғарыштық
зерттеудің жердегі қабылдау станцияларымен де пайдаланылуы мүмкін.
S5.223 149.9 - 150.05 МГц жолағын бекітілген және жылжымалы қызметтермен
пайдалануда радионавигациялық жер серіктік қызметке зиянды
бөгеуілдер тудыру мүмкіндігін мойындай отырып, әкімшіліктерге бұл
жолақтарды 342/S4.4 п. сәйкес табандылықпен рұқсат етпеуді
ұсынады.
S5.224 Пайдаланылмайды.
S5.224А 149.9 - 150.05 МГц және 399.9 - 400.05 МГц жолақтарын жер
серіктік жылжымалы қызметте (Жер-ғарыш) пайдалану, 2015 жылдың 1
қаңтарына дейін құрылықтық жылжымалы жер серіктік қызметімен
(Жер-ғарыш) шектеледі.
S5.224В 149.9 - 150.05 МГц және 399.9 - 400.05 МГц жолақтарын жер
серіктік радионавигациялық қызметке пайдалану, 2015 жылдың 1
қаңтарына дейін күшіне енуі керек.
S5.225 Қосымша таратылу: Австралия мен Индияда 150.05 - 153 МГц жолағы
радиоастрономиялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.226 156.8 МГц жиілігі АЖЖ диапазонында теңіздік жылжымалы
радиотелефондық қызметтің халықаралық апаттық, қауіпсіздік және
шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиілікті пайдалану шарттары
N38/S31 Бабында және S13 Қосымшасының 38 Бабында айтылған.
156 - 156.7625 МГц, 156.8375 - 157.45 МГц, 160.6 - 160.975 Мгц
және 161.475 - 162.05 Мгц жолақтарында әрбір әкімшілік теңіздік
жылжымалы қызметтің тек теңіздік жылжымалы қызмет станцияларына
тағайындаған жиіліктеріне ғана артықшылық беруі керек (N38/S31
және 60/S52 Баптарын және S13 Қосымшасының 38 Бабын қара).
Бұл жолақтардағы жиіліктерді, АЖЖ диапазонында теңіздік жылжымалы
радиобайланыс қызметіне зиянды бөгеуілдер тудыратын аймақтарда,
бұл жиіліктер бөлінген кез келген басқа қызмет станцияларының
пайдалануынан қашқақтау керек.
Бірақ 156.8 МГц жиілігі мен теңіздік жылжымалы қызметке
артықшылық беретін жиіліктерді өзара мүдделі және қызығушылықты
әкімшіліктердің өзара келісушіліктерімен ішкі теңіздік жолдарда
күнделікті жиілік пайдалануларын және күші бар келісімдерді
ескере отырып пайдалануларына болады.
S5.227 АЖЖ диапазонындағы 156.525 МГц жиілігі теңіздік жылжымалы
қызметтің тек қана апат болғанда, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге
және шақыруды (323 Қарарды (Жылжымалы-87) қара) ұйымдастыруда
пайдалануы тиіс цифрлық таңдамалы шақыруына халықаралық апаттық,
қауіпсіздік және шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиілікті
пайдалану шарттары N38/S31 және 60/S52 Баптарында және S13
Қосымшасының 38 Бабында және 18/S18 айтылған.
S5.228 Пайдаланылмайды.
S5.229 Ауыстырылымды таратылу: Мароккода 162 - 174 МГц жолағы қызметіне
бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл жолақтарды пайдалану Кестеге
сай бөлінген істегі немесе жоспардағы немесе оларға әсері тиетін
қызмет әкімшіліктерінің келісіміне сәйкес орындалуы керек. Бұл
1981 жылдың 1 қаңтарына дейінгі станцияларға, олардың сол кездегі
техникалық сипаттамаларына қатысты емес.
S5.230 Қосымша таратылу: Қытайда 163 - 167 МГц жолағы, сондай-ақ 14/п.
S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, ғарыштық пайдаланым
(ғарыш-Жер) қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.231 Қосымша таратылу: Ауғанстан, Қытай және Пакистанда 167 - 174 МГц
жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде
үлестірілген. Радиохабар қызметін бұл жолақта енгізу,
қызметтеріне әсері болатын 3 Аймақ елдерінен келісім алу
негізінде жүргізілуі тиіс.
S5.232 Қосымша таратылу: Жапонияда 170 - 174 МГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.233 Қосымша таратылу: Қытайда 174 - 184 МГц жолағы, сондай-ақ 14/п.
S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, ғарыштық зерттеулер
(ғарыш-Жер) және ғарыштық пайдаланым (ғарыш-Жер) қызметтеріне
бірінші реттік негізде үлестірілген. Бұл қызметтер істегі және
жоспардағы радиохабар станцияларына зиянды бөгеуілдер тудырмауы
немесе олардан қорғанысты талап етпеуі тиіс.
S5.234 Қызметтің басқа категориясы: Мексикада 174 - 216 МГц жолағы
бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде
бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.235 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Бельгия, Дания, Испания,
Финляндия, Франция, Израиль, Италия, Лихтенштейн, Мальта, Монако,
Норвегия, Нидерланд, Біріккен Корольдіктер, Швеция және
Швейцарияда 174 - 223 МГц жолағы, сонымен қатар, құрылықтық
жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген. Бірақ
құрылықтық жылжымалы қызмет станциялары зиянды бөгеуілдер
тудырмауы немесе осы ескертпедегі көрсетілген елдердің істегі
немесе жоспардағы радиохабар станцияларынан қорғанысты талап
етпеуі тиіс.
S5.236 Пайдаланылмайды.
S5.237 Қосымша таратылу: Конго, Эритрея, Эфиопия, Гамбия, Гвинея, Ливия,
Малави, Мали, Сенегал, Сьерра-Леон, Сомали, Танзания және
Зимбабведе 174 - 233 МГц жолағы, сонымен қатар, бекітілген және
жылжымалы қызметтерге екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.238 Қосымша таратылу: Бангладеш, Индия, Пакистан және Филиппинде 200
- 216 МГц жолағы, сондай-ақ, әуелік радионавигациялық қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.239 Пайдаланылмайды.
S5.240 Қосымша таратылу: Қытай мен Индияда 200 - 216 МГц жолағы,
сондай-ақ әуелік радионавигациялық қызметке бірінші реттік, ал
радиолокациялық қызметке - екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.241 2 Аймақтағы 216 - 225 МГц жолағында ешқандай жаңа радиолокациялық
қызмет станциясын пайдалануға рұқсат етілмейді. 1990 жылдың 1
қаңтарына дейінгі уақытта рұқсат алған станциялар жұмыстарын
екінші реттік негізде жалғастыруға болады.
S5.242 Қосымша таратылу: Канадада 216 - 220 МГц жолағы, сондай-ақ
құрылықтық жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.243 Қосымша таратылу: Сомалиде 216 - 225 МГц жолағы басқа елдердің
істегі немесе жоспардағы радиохабар қызметтеріне зиянды
бөгеуілдер тудырмаған жағдайда, сонымен қатар, әуелік
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.244 Қолданылмайды.
S5.245 Қосымша таратылу: Жапонияда 222 - 223 МГц жолағы, сондай-ақ
әуелік радионавигациялық қызметке бірінші реттік және
радиолокациялық қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.246 Ауыстырылымды таратылу: Испания, Франция, Израиль және Монакода
223 - 230 МГц жолағы радиохабар және құрылықтық жылжымалы
қызметке бірінші реттік негізде (S5.33 п. қара) үлестірілген.
Бірақ құрылықтық жылжымалы қызмет станциялары зиянды бөгеуілдер
тудырмауы немесе осы ескертпедегі көрсетілген елдердің істегі
немесе жоспардағы радиохабар станцияларынан қорғанысты талап
етпеуі тиіс.
S5.247 Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Бахрейн, Біріккен Араб
Эмираттары, Иордания, Оман, Катар және Сирияда 223 - 235 МГц
жолағы, сондай-ақ әуелік радионавигациялық қызметке бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.248 Пайдаланылмайды.
S5.249 Пайдаланылмайды.
S5.250 Қосымша таратылу: Қытайда 225 - 235 МГц жолағы, сондай-ақ
радиоастрономиялық қызметке екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.251 Қосымша таратылу: Нигерияда 230 - 235 МГц жолағы, 14/п. S9.21
Бабы бойынша келісім алған жағдайда, сондай-ақ әуелік
радионавигациялық қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.252 Ауыстырылымды таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик,
Намибия, Оңтүстік-Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және
Зимбабведе 230 - 238 МГц және 246 - 254 МГц жолағы, 14/п. S9.21
Бабы бойынша келісім алған жағдайда, радиохабар қызметіне бірінші
реттік негізде үлестірілген.
S5.253 Пайдаланылмайды.
S5.254 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, 235 - 322 МГц
және 335.4 - 399.9 МГц жолағы жер серіктік жылжымалы қызметтерде
пайдаланылуы мүмкін, егер бұл қызметтің станциялары басқа
қызметтердегі істегі немесе жоспарланған станцияларға зиянды
бөгеуілдер тудырмаса.
S5.255 9400 - 9500 кГц, 11600 - 11650 кГц, 12050 жиілік жолақтары, 312 -
315 МГц (Жер-ғарыш) 387 - 390 МГц (ғарыш-Жер) жолақтары жер
серіктік жылжымалы қызметтерде, сонымен қатар, геостационарлық
емес жер серіктік жүйелермен пайдаланылуы мүмкін. Мұндай
пайдаланымда 46 Қарардағы (Қайта қаралған ДКР-95) S9.11А п.
сәйкес үйлестіру процедуралары пайдаланылуы керек.
S5.256 Бұл жолақтағы 243 МГц жиілігі құтқару мақсаттарында қолданылатын
құтқару жабдықтары мен аппаратура станцияларымен (S13 Қосымшаның
38-Бабын қара) пайдаланылады.
S5.257 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алған жағдайда, 267 - 272 МГц
жолағы әкімшіліктермен өз елдеріндегі ғарыштық телеметрияға
бірінші реттік негізде пайдаланылады.
S5.258 328.6 - 335.4 МГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметтің
пайдалануы қондыруды аспаптар бойынша атқару жүйелерімен
шектелген (глиссада).
S5.259 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Кипр, Корей Республикасы,
Дания, Египет, Испания, Франция, Греция, Израиль, Италия,