үлестірілген.
S5.156А 23200 - 23350 кГц жолағын бекітілген қызметтің пайдалануы ұшу
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген.
S5.157 23350 - 24000 кГц жолағын жылжымалы теңіздік қызметтің пайдалануы
кемелер арасындағы радиотелеграф байланысымен шектелген.
S5.158 Пайдаланылмайды.
S5.159 Пайдаланылмайды.
S5.160 Қосымша таратылу: Ботсвана, Бурунди, Лесото, Малави, Намибия,
Руанда, Свазиленд және Заирде 41 - 44 МГц жолағы, сондай-ақ
әуелік радионавигациялық қызметке де бірінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.161 Қосымша таратылу: Иран Ислам Республикасы мен Жапонияда 41 - 44
МГц жолағы, сондай-ақ радиолокация қызметіне де екінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.162 Қосымша таратылу: Австралия мен Жаңа Зеландияда 44 - 47
МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне де бірінші реттік
негізде үлестірілген.
S5.162А Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Бельгия, Босния мен
Герцеговинада, Қытай, Ватикан, Дания, Испания, Эстония,
Финляндия, Франция, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, бұрынғы
Югославия Республикасы Македония, Лихтенштейн, Литва, Люксембург,
Молдова, Монако, Норвегия, Нидерланд, Польша, Португалия,
Словакия, Чех Республикасы, Біріккен Корольдіктер, Ресей, Швеция,
Швейцария және Түркияда 46 - 48 МГц жолағы радионавигациялық
қызметке екінші реттік негізде үлестірілген. Бұл пайдаланым жел
пішінінің радарлар жұмысымен 217 (ДКР-97) Қарарына сәйкес
шектеледі.
S5.163 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Эстония,
Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы, Ресей,
Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 47 - 48.5 МГц және 56.5 -
58 МГц жолақтары бекітілген және құрылықтық жылжымалы қызметтерге
екінші реттік негізде үлестірілген.
S5.164 Қосымша таратылу: Албания, Германия, Австрия, Бельгия, Босния мен
Герцеговинада, Болгария, Кот-д'Ивуара, Дания, Испания, Финляндия,
Франция, Габона, Греция, Ирландия, Израиль, Италия, Иордания,
Ливан, Ливия, Лихтенштейн, Люксембург, Мадагаскар, Мали, Мальта,
Марокко, Мавритания, Монако, Нигерия, Норвегия, Нидерланд,
Польша, Сирия, Біріккен Корольдіктер, Сенегал, Словения, Швеция,
Швейцария, Свазиленд, Того, Тунис, Түркия және Югославияда 47 -
68 МГц жолағы, Румынияда 47 - 58 МГц жолағы, Чех Республикасында
66 - 68 МГц жолағы құрылықтық жылжымалы қызметке бірінші реттік
негізде үлістірілген. Бірақ осы ескертпедегі әрбір жолақтарға
байланысты көрсетілген елдердегі құрылықтық жылжымалы қызметтері
зиянды бөгеуілдер тудырмауы және де бұл жолақтарда көрсетілмеген
елдердің қызметтегі немесе жоспарланған радиохабар станцияларынан
қорғанысты талап етпеуі тиіс.
S5.165 Қосымша таратылу: Ангола, Камерун, Конго, Мадагаскар, Мозамбик,
Сомали, Судан, Танзания және Чадта 47 - 68 МГц жолағы бекітілген
және жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.166 Ауыстырылымды таратылу: Жаңа Зеландияда 50 - 51 МГц жолағы
бекітілген, жылжымалы және радиохабар қызметтеріне бірінші реттік
негізде бөлінген; 53 - 54 МГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.167 Ауыстырылымды таратылу: Бангладеш, Бруней-Даруссалам, Индия,
Индонезия, Иран Ислам Республикасы, Малайзия, Пакистан, Сингапур
және Таиландта 50 - 54 МГц жолағы бекітілген, жылжымалы және
радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.168 Қосымша таратылу: Австралия, Қытай және Корей Халық-Демократиялық
Республикасында 50 - 54 МГц жолағы, сондай-ақ радиохабар
қызметтеріне де бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.169 Ауыстырылымды таратылу: Ботсвана, Бурунди, Лесото, Малави,
Намибия, Руанда, Оңтүстік-Африка Республикасы, Свазиленд, Заир,
Замбия және Зимбабве 50 - 54 МГц жолағы әуесқойлық қызметке
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.170 Қосымша таратылу: Жаңа Зеландияда 51 - 53 МГц жолағы бекітілген
және жылжымалы қызметтерге бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.171 Қосымша таратылу: Ботсвана, Бурунди, Лесото, Малави, Мали,
Намибия, Руанда, Оңтүстік-Африка Республикасы, Свазиленд, Заир
және Зимбабведе 54 - 68 МГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметке, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік
негізде бөлінген.
S5.172 Қызметтің басқа категориясы: Француздың теңіз арғы
департаменттерінде, 2 аймақта, Гайана, Ямайка және Мексикада 54 -
68 МГц жолақтары бекітілген және жылжымалы қызметке бірінші
реттік негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.173 Қызметтің басқа категориясы: Француздың теңіз арғы
департаменттерінде, 2 аймақта, Гайана, Ямайка және Мексикада 68 -
72 МГц жолақтары бекітілген және жылжымалы қызметке бірінші
реттік негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.174 Ауыстырылымды таратылу: Болгария, Венгрия, Польша және Румынияда
68 - 73 МГц жолағы радиохабар қызметтеріне бірінші реттік негізде
бөлінген және Арнайы аймақтық конференцияның (Женева, 1960 жыл)
Қорытынды актілерінің шешімдеріне сай пайдаланылады.
S5.175 Ауыстырылымды таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Эстония,
Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия, Өзбекстан,
Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 68 - 73
МГц және 76 - 87.5 МГц жолағы радиохабар қызметтеріне бірінші
реттік негізде бөлінген. Осы жолақтар бөлінген басқа елдердегі
қызметтер, сондай-ақ жоғарыда аталған елдердің радиохабар қызметі
мүдделі көрші елдермен келісулері керек.
S5.176 Австралия, Қытай, Корей Республикасы, Филиппин, Корей
Халық-Демократиялық Республикасы және Батыс Самоа 68 - 74 Мгц
жолағы радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.177 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Эстония, Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия,
Өзбекстан, Польша, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және
Украинада 73 - 74 МГц жолағы радиохабар қызметіне бірінші реттік
негізде, S9.21 п. алынатын келісім шартына байланысты бөлінген.
S5.178 Қосымша таратылу: Колумбия, Коста-Рика, Куба, Сальвадор,
Гватемала, Гайана, Гондурас және Никарагуада 73 - 74.6 МГц жолағы
бекітілген және жылжымалы қызметке екінші реттік негізде
бөлінген.
S5.179 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Қытай, Грузия, Қазақстан, Молдова, Монғолия, Қырғызстан,
Словакия, Чех Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және
Украинада 74.6 - 74.8 МГц және 75.2 - 75.4 МГц жолақтары,
сондай-ақ әуелік радионавигациялық қызметке тек қана жерде
орналасқан таратқыштарға пайдалануға бірінші реттік негізде
бөлінген.
S5.180 75 МГц жиілік әуелік маркерлік маяктерге бөлінген. Әкімшіліктер
қорғаныс жолақтарының шектеріне жақын орналасқан, өзінің қуатының
себебінен немесе географиялық орнына байланысты зиянды бөгеуілдер
тудыруы мүмкін немесе басқа да бір жағдаймен маркерлік маяктердің
жұмысына шек қоятын жиіліктерді басқа қызметтер станцияларына
таратудан тартынуы керек.
Барлық күшті әуелік станциялардың қабылдағыштарының
сипаттамаларын одан ары арттыруға және таратқыш станциялардың
қуаттарын 74.8 және 75.2 МГц жиілік шеттерінде шектеуге арнау
керек.
S5.181 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Кипр, Дания, Египет,
Франция, Греция, Израиль, Италия, Жапония, Иордания, Ливан,
Мальта, Марокко, Монако, Норвегия, Сирия, Швеция және Швейцарияда
74.8 - 75.2 МГц жолағы, сондай-ақ жылжымалы қызметке екінші
реттік негізде, S9.21 п. сай келісім алу жағдайында үлестірілген.
Әуелік радионавигациялық қызметтің станциялары зиянды
бөгеуілдерден зардап шекпес үшін, жылжымалы қызмет
станцияларының, әуелік радионавигациялық қызметтің кейбір
әкімшіліктеріне қажеттілігі S9.21 п. сәйкес процедура бойынша
анықталмайынша, бұл жиілік жолақтарына енгізілмеуі тиіс.
S5.182 Қосымша таратылу: Батыс Самоада 75.4 - 87 МГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.183 Қосымша таратылу: Қытай, Корей Республикасы, Жапония, Филиппин
және Корей Халық-Демократиялық Республикасында 76 - 87 Мгц
жолағы, сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде
бөлінген.
S5.184 Қосымша таратылу: Болгария мен Румынияда 76 - 87.5 МГц жолағы,
сондай-ақ радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген
және Арнайы аймақтық конференцияның (Женева, 1960 жыл) Қорытынды
актілерінің шешімдеріне сай пайдаланылады.
S5.185 Қызметтің басқа категориясы: Америка Құрама Штаттары, Француздың
теңіз арғы департаменттері 2 Аймағында, Гайана, Ямайка, Мексикада
және Парагвайда 76 - 88 МГц жолақтары бекітілген және жылжымалы
қызметке бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.186 Пайдаланылмайды.
S5.187 Ауыстырылымды таратылу: Албанияда 81 - 87.5 МГц жолағы радиохабар
қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген және Арнайы аймақтық
конференцияның (Женева, 1960 жыл) Қорытынды актілерінің
шешімдеріне сай пайдаланылады.
S5.188 Қосымша таратылу: Австралияда 85 - 87 МГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген. Радиохабар
қызметін Австралияда енгізу мүдделі әкімшіліктер арасында арнайы
келісімді қажет етеді.
S5.189 Пайдаланылмайды.
S5.190 Қосымша таратылу: Монакода 87.5 - 88 МГц жолағы, сондай-ақ
жылжымалы құрылықтық қызметіне бірінші реттік негізде бөлінген,
егер S9.21 п. сай келісім алынса.
S5.191 Пайдаланылмайды.
S5.192 Қосымша таратылу: Қытай және Корея Республикасында 100 - 108 МГц
жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметтерге бірінші
реттік негізде.
S5.193 Пайдаланылмайды.
S5.194 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Қазақстан, Ливан, Молдова, Монғолия, Өзбекстан, Сирия, Қырғызстан,
Ресей, Сомали, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Украинада 104
- 108 МГц жиілік жолағы, сондай-ақ жылжымалы қызметке, әуелік
жылжымалы қызметті қоспағанда (R), екінші реттік негізде
бөлінген.
S5.195 Пайдаланылмайды.
S5.196 Пайдаланылмайды.
S5.197 Қосымша таратылу: Германия, Австрия, Кипр, Дания, Египет,
Франция, Италия, Жапония, Иордания, Ливан, Мальта, Марокко,
Монако, Норвегия, Пакистан, Сирия және Швецияда 108 - 111.975 МГц
жолағы, сондай-ақ жылжымалы қызметке екінші реттік негізде, S9.21
п. бойынша келісім алынған жағдайда бөлінген. Әуелік
радионавигациялық қызметтің станциялары зиянды бөгеуілдерден
зардап шекпес үшін, жылжымалы қызмет станциялары әуелік
радионавигациялық қызметтің кейбір әкімшіліктеріне қажеттілігі
S9.21 п. сәйкес процедура бойынша анықталмайынша, бұл жиілік
жолақтарына енгізілмеуі тиіс.
S5.198 Қосымша таратылу: 117.975 - 136 МГц жолағы, сондай-ақ жер
серіктік жылжымалы қызметке екінші реттік негізде бөлінген, егер
14/п. S9.21 Бабына сай келісім алынса.
S5.199 121.45 - 121.55 МГц және 242.95 - 243.05 МГц жолақтары, сондай-ақ,
жылжымалы жер серіктік қызметке, жер серіктерінің бортына 121.5
және 243 МГц жиіліктерінде жұмыс істейтін (S13 Қосымшасының 3259
және 3267 п. қара) апаттық радиомаяктар-бақытсыздық болған
жерлерді көрсеткіштер сәулеленулерін алуға бөлінген.
S5.200 117.975 - 136 МГц жолағындағы 121.5 МГц жиілігі әуелік апаттық
жиілік болып саналады, және, егер қажет болған жағдайда, 121.5
МГц жиілігіне 123.1 МГц жиілігі қосымша болып саналады. Жылжымалы
теңіздік қызмет станциялары бұл жиіліктерде жылжымалы әуелік
қызмет станцияларымен апат болған жағдайларда және қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін N38/S31 Бабында және S13 Қосымшасының 38
Бабында келтірілген шарттарға сай байланыс орната алады.
S5.201 Қосымша таратылу: Ангола, Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Эстония, Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы,
Ирак, Жапония, Қазақстан, Латвия, Молдова, Монғолия, Мозамбик,
Өзбекстан, Папуа-Жаңа Гвинея, Польша, Қырғызстан, Словакия, Чех
Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 132 -
136 МГц жолағы, сондай-ақ жылжымалы әуелік (OR) қызметке бірінші
реттік негізде үлестірілген. Жылжымалы әуелік (OR) қызмет
станцияларына жиіліктер тағайындағанда, әкімшіліктер жылжымалы
әуелік (R) қызмет станцияларына белгіленген жиіліктерді
ескерулері қажет.
S5.202 Қосымша таратылу: Сауда Аравиясы, Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Біріккен Араб Эмираттары, Грузия, Иран Ислам
Республикасы, Иордания, Қазақстан, Латвия, Молдова, Оман,
Өзбекстан, Польша, Сирия, Қырғызстан, Словакия, Чех Республикасы,
Румыния, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Түркия және Украинада 136
- 137 МГц жолағы, сондай-ақ жылжымалы әуелік (OR) қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген. Жылжымалы әуелік (OR) қызмет
станцияларына жиіліктер тағайындағанда, әкімшіліктер жылжымалы
әуелік (R) қызмет станцияларына белгіленген жиіліктерді
ескерулері қажет.
S5.203 136 - 137 МГц жолақта жұмыс істейтін метеорологиялық жер
серіктері S4.4 п. анықталған жылжымалы әуелік қызметтерге қатысты
шарттарды орындаған жағдайда жұмыстарын 2002 жылдың 1 қаңтарына
дейін жалғастыра берулеріне болады. Әкімшіліктер бұл жолақта,
метеорологиялық жер серіктік қызмет станцияларына жаңа жиіліктік
тағайындауларға рұқсат бермеулері керек.
S5.203А Қосымша таратылу: Израиль, Мавритания, Катар және Зимбабведе 136
- 137 МГц жолағы, сондай-ақ бекітілген және жылжымалы қызметке,
жылжымалы әуелік (R) қызметті қоспағанда, екінші реттік негізде
2005 жылдың 1 қаңтарына дейін үлестірілген.
S5.203В Қосымша таратылу: Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Эмираттары,
Иордания, Оман және Сирияда 136 - 137 МГц жолағы, сондай-ақ
бекітілген және жылжымалы қызметке, жылжымалы әуелік (R) қызметті
қоспағанда, екінші реттік негізде 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін
үлестірілген.
S5.204 Қызметтің басқа категориясы: Ауғанстан, Сауд Аравиясы, Бахрейн,
Бангладеш, Босния мен Герцеговина, Бруней-Даруссалам, Қытай,
Куба, Біріккен Араб Эмираттары, Индия, Индонезия, Иран Ислам
Республикасы, Ирак, Малайзия, Оман, Пакистан, Филиппин, Катар,
Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Йемен және Югославияда 137 - 138
кГц жолақтары бекітілген және жылжымалы қызметке, әуелік
жылжымалы қызметті қоспағанда (R), бірінші реттік негізде
бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.205 Қызметтің басқа категориясы: Израиль мен Иорданияда 137 - 138 МГц
жолақтары бекітілген және жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы
қызметті қоспағанда (R), бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33
п. қара).
S5.206 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Австрия, Әзербайжан,
Беларусь, Болгария, Египет, Финляндия, Франция, Грузия, Греция,
Венгрия, Қазақстан, Ливан, Молдова, Монғолия, Өзбекстан, Польша,
Қырғызстан, Сирия, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Ресей,
Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 137 - 138 кГц жолақтары
әуелік жылжымалы (OR) қызметке бірінші реттік негізде бөлінген