және жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.123 Қосымша таратылу: Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия,
Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және Зимбабведе
3900 - 3950 кГц жолағы радиохабар қызметіне де, бірінші реттік
негізде бөлінген, егер 14/п. S9.21 Бабы бойынша келісім алынса.
S5.124 Қосымша таратылу: Канадада 3950 - 4000 кГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл
жолақтарда жұмыс істейтін радиотаратқыш станцияларының қуаты, бұл
елдің шекараларына дейінгі ұлттық қызметтерді қамтамасыз етуге
қажетті қуаттан аспауы керек және де Кесте бойынша жұмыс істейтін
басқа қызметтерге зиянды бөгеуілдер тудырмауы керек.
S5.125 Қосымша таратылу: Гренландияда 3950 - 4000 кГц жолағы, сондай-ақ
радиохабар қызметіне де бірінші реттік негізде бөлінген. Бұл
жолақтарда жұмыс істейтін радиотаратқыш станцияларының қуаты бұл
елдің ұлттық қызметтеріне қажетті қуаттан аспауы керек және еш
уақытта 5 кВт-тан аспауы тиіс.
S5.126 3 Аймақтағы 3995 - 4005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары
стандартты жиіліктер мен уақыт сигналдарын бере алады.
S5.127 4000 - 4063 кГц жолақ жиіліктерін теңіздік жылжымалы қызметтерде
пайдалану кемелік радиотелефондық станцияларымен шектеледі
(4374/S52.220 п. және 16/S17 Қосымшаны қара).
S5.128 Ауғанстан, Аргентина, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ботсвана,
Буркина-Фасо, Орталық Африка Республикасы, Қытай, Грузия, Индия,
Қазақстан, Мали, Нигер, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Чад,
Түркменстан және Украинада 4063 - 4123 кГц, 4130 - 4133 кГц және
4408 - 4438 кГц жолақтарында шектелген қуатты және жағадан
құрғанда 600 км орналасқан бекітілген қызметтердің станциялары
жұмыс істей алады, егер теңіздік жылжымалы қызметке зиянды
бөгеуілдер тудырмайтын болса.
S5.129 4063 - 4123 кГц және 4130 - 4438 кГц жолақтағы жиіліктер ерекше
жағдайларда, байланысты өздері орналасқан елдердің шекараларында
қамтамасыз ететін және орташа қуаты 50Вт-тан аспайтын бекітілген
қызмет станцияларында пайдаланыла алады да, олар теңіздік
жылжымалы қызметтерге зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.130 4125 кГц және 6215 кГц тасымал жиіліктерін пайдалану шарттары
N38/S31 және 60/S52 Баптарында және S13 Қосымшасының 37 және 38
Баптарында көрсетілген.
S5.131 4209,5 кГц жиілігі жағалық станциялармен тек қана метеорологиялық
және навигациялық ескертулер мен жедел ақпараттарды кемелерге
қысқа жолақты әріпбасу тәсілмен жеткізу үшін пайдаланылады.
S5.132 4210 кГц, 6314 кГц, 8416.5 кГц, 12579 кГц, 16806.5 кГц, 19680.5
кГц, 22376 кГц, 26100.5 кГц жиіліктері теңіздегі қауіпсіздік
ақпараттарын таратудың халықаралық жиіліктері болып табылады
(MSI) (333 (Жылжымалы-87) Қарарды және 31/S17 Қосымшаны қара).
S5.133 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан,
Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 5130 - 5250 кГц
жолақтары жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы қызметті
қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.134 5900 - 5950 кГц, 7300 - 7350 кГц, 9400 - 9500 кГц, 11600 - 11650
кГц, 12050 - 12100 кГц, 13570 - 13600 кГц, 13800 - 13870 кГц,
15600 - 15800 кГц, 17480 - 17550 кГц және 18900 - 19020 кГц
жолақтарын радиотаратқыш қызметтің пайдалануы радиобайланыс
Регламентінің S11 Қосымшасымен немесе XЭҮ-Р ұсынған кез келген
спектральді-тиімді модуляция әдісімен шектелген. Бұл жолақтарға
енім компоненті конференцияның шешімдерімен рұқсат етіледі.
S5.135 Пайдаланылмайды.
S5.136 5900 - 5950 кГц жолақ 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген
қызметке бірінші реттік негізде келесі қызметтерге таратылған: 1
Аймақта - құрылықтық жылжымалы қызметке бірінші реттік негізде, 2
Аймақта - әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, жылжымалы
қызметке (R) бірінші реттік негізде және 3 Аймақта - әуелік
жылжымалы қызметті қоспағанда, жылжымалы қызметке, (R) 21 Қарарда
(Қайта қаралған ДКР-95) көрсетілген процедураны пайдаланған
жағдайда екінші реттік негізде бөлінген. 2007 жылдың 1 сәуірінен
соң бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда көрсетілген қызмет
станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер байланысты тек
орналасқан елдің шекарасында және олар радиохабар қызметіне
зиянды бөгеуілдер тудырмаса. Бұл қызметтерге жиіліктерді
пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты
пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс
Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын
ескеруі қажет.
S5.137 6200 - 6213.5 кГц және 6220.5 - 6525 кГц жолақтары ерекше
жағдайларда байланысты өздері орналасқан елдердің шекараларында
ғана қамтамасыз ететін және орташа қуаты 50 Вт-тан аспайтын
бекітілген қызмет станцияларында пайдаланыла алады да, олар
теңіздік жылжымалы қызметтерге зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
Бұл жиіліктерді жарияларда Бюроның назары жоғарыда аталған шартта
болуы керек.
S5.138 Келесі жолақтар:
6765 - 6795 кГц (орталық жиілік 6780 кГц),
433.05 - 434.79 МГц (орталық жиілік 433.92 МГц) 1 Аймақта S5.280
п. көрсетілген елдерді есептемегенде
61 - 61,5 ГГц (орталық жиілік 61.25 ГГц)
122 - 123 ГГц (орталық жиілік 122.5 ГГц)
244 - 246 ГГц (орталық жиілік 245 ГГц)
өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) қолдануларға
арналған. Бұл жолақтарды ӨҒМ-да пайдалану әкімшіліктің арнайы
рұқсатымен, радиобайланыс қызметтеріне қатысы бар басқа
әкімшіліктердің келісімімен жасалынуы керек. Осы тәртіптерді
пайдаланатын әкімшіліктер ХЭҰ-Р-дың осыған сәйкес соңғы
Ұсыныстарын ескеруі керек.
S5.139 Қызметтің басқа категориясы: Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Грузия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова, Монғолия, Өзбекстан,
Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада 6765 -
7000 кГц жолақтары құрылықтық жылжымалы қызметке бірінші реттік
негізде бөлінген (S5.33 п. қара).
S5.140 Қосымша таратылу: Ангола, Ирак, Руанда, Сомали және Тогода 7000 -
7050 кГц жолағы, сондай-ақ бекітілген қызметке де бірінші реттік
негізде бөлінген.
S5.141 Ауыстырылымды таратылу: Египет, Эритрея, Эфиопия, Гвинея, Ливия
және Мадагаскарда 7000 - 7050 кГц жолағы бекітілген қызметке
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.142 7100 - 7300 кГц жолақты 2 Аймақта әуесқойлық қызметке пайдалану 1
және 3 Аймаққа пайдалануға арналған радиохабар қызметіне шек қоюы
керек.
S5.143 7300 - 7350 кГц жолақ 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген
қызметке бірінші реттік негізде және құрылықтық жылжымалы
қызметке екінші реттік негізде, 21 Қарарда (Қайта қаралған
ДКР-95) көрсетілген процедураны пайдаланған жағдайда бөлінген.
2007 жылдың 1 сәуірінен соң бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда
көрсетілген қызмет станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер
байланысты тек орналасқан елдің шекарасында және олар радиохабар
қызметіне зиянды бөгеуілдер тудырмаса. Бұл қызметтерге
жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты
пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс
Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын
ескеруі қажет.
S5.144 3 Аймақта 7995 - 8005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары,
стандарт жиіліктер мен уақыттық сигналдарын бере алады.
S5.145 8291 кГц, 12290 кГц және 16420 кГц тасымал жиіліктерін пайдалану
шарттары N38/S31 және 60/S52 Баптары мен S13 Қосымшаның 38
Бабында көрсетілген.
S5.146 9400 - 9500 кГц, 11600 - 11650 кГц, 12050 - 12100 кГц, 15600 -
15800 кГц, 17480 - 17550 кГц және 18900 - 19020 кГц жиілік
жолақтары 2007 жылдың 1 сәуіріне дейін бекітілген қызметке
бірінші реттік негізде, 21 Қарарда (Қайта қаралған ДКР-95)
көрсетілген процедураны пайдаланған жағдайда бөлінген. 2007
жылдың 1 сәуірінен соң бұл жолақтағы жиіліктер бекітілген қызмет
станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер олар тек өздері
орналасқан елдің шекарасында байланысқа қолданылып, радиохабар
қызметіне зиянды бөгеуілдер тудырмаса. Бекітілген қызметтерге
жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты
пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс
Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын
ескеруі қажет.
S5.147 9775 - 9900 кГц, 11650 - 11700 кГц және 11975 - 12050 кГц
жолақтағы жиіліктер бекітілген қызмет станцияларымен
пайдаланылулары мүмкін, егер олар тек өздері орналасқан елдің
шекарасында ғана байланысқа қолданылып, радиохабар тарату
қызметіне зиянды бөгеуілдер тудырмай, оның жалпы сәулелену қуаты
24 дБВт-тан аспаса.
S5.148 Пайдаланылмайды.
S5.149 Төмендегі жиілік жолақтары:
13360 - 13410 кГц. 4950 - 4990 МГц. 93.07 - 93.27 ГГц*.
25550 - 25670 кГц. 4990 - 5000 МГц. 97.88 - 98.08 ГГц*.
37.5 - 38.25 МГц. 6650 - 6675.2 140.69 - 140.98 ГГц*.
73 - 74.6 МГц МГц* 144.68 - 144.98ГГц*
1 және 3 Аймақта. 10.6 - 10.68 ГГц. 145.45 - 145.75 ГГц*.
150.05 - 153 МГц 14.47 - 14.5 ГГц*. 146.82 - 147.12 ГГц*.
1 Аймақта. 22.01 - 22.21 ГГц*. 150 - 151 ГГц*.
322 - 328.6 МГц*. 22.21 - 22.5 ГГц. 174.42 - 175.02 ГГц*.
406.1 - 410 МГц. 22.81 - 22.86 ГГц*. 177 - 177.4 ГГц*.
608 - 614 МГц 23.07 - 23.12 ГГц*. 178.2 - 178.6 ГГц*.
1 және 3 Аймақта. 31.2 - 31.3 ГГц 181 - 181.46 ГГц*.
1330 - 1400 МГц*. 31.5 - 31.8 ГГц 186.2 - 186.6 ГГц*.
1610.6 - 1613.8 МГц*. 1 және 3 Аймақта. 250 - 251 ГГц*.
1660 - 1670 МГц. 36.43 - 36.5 ГГц*. 257.5 - 258 ГГц*.
1718.8 - 1722.2 МГц*. 42.5 - 43.5 ГГц. 261 - 265 ГГц.
2655 - 2690 МГц. 42.77 - 42.87 ГГц*. 262.24 - 262.76 ГГц*.
3260 - 3267 МГц*. 43.07 - 43.17 ГГц*. 265 - 275 ГГц.
3332 - 3339 МГц*. 43.37 - 43.77 ГГц*. 265.64 - 266.16 ГГц*.
3345.8 - 3352.5 МГц* 48.94 - 49.04 ГГц*. 267.34 - 267.86 ГГц*.
4825 - 4835 МГц*. 72.77 - 72.91 ГГц*. 271.74 - 272.26 ГГц*.
бөлінген басқа қызмет станцияларына жиіліктер тағайындалғанда,
әкімшіліктер радиоастрономиялық қызметті зиянды бөгеуілдерден
қорғаудың барлық жүзеге асырылатын шараларын қарастыруы керек.
Әсіресе, радиоастрономиялық қызметке бөгеуілдер тудырудың қауіпті
көздері ғарыштық және әуелік станциялардың сәулеленулері болуы
мүмкін (343/S4.5 және 344/S4.6 п. және 36/S29 Бапты қара).
S5.150 Келесі жолақтар:
13533 - 13567 кГц (орталық жиілік 13560 кГц),
26957 - 27283 кГц (орталық жиілік 13560 кГц),
40.66 - 40.70 МГц (орталық жиілік 40.68 МГц),
902 - 928 МГц 2 Аймақта (орталық жиілік 915 МГц),
2400 - 2500 МГц (орталық жиілік 2450 МГц),
5725 - 5875 МГц (орталық жиілік 5800 МГц),
24 - 24.25 ГГц (орталық жиілік 24.125 ГГц).
өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық (ӨҒМ) қолдануларға
арналған. Бұл жолақтардағы радиобайланыс қызметтерімен жұмыс
істейтіндер мұндай пайдаланымдағы пайда болатын зиянды
бөгеуілдерге төзулері керек. Өнеркәсіптік, ғылыми және
медициналық жабдықтар бұл жолақтарда 1815/S15 п. ережелеріне
сәйкес жұмыс істейді.
______________________________
* Радиоастрономиялық қызметті спектр жолдарын бақылауға пайдалануды
көрсетеді.
S5.151 13570 - 13600 кГц және 13800 - 13870 кГц жолақтары 2007 жылдың 1
сәуіріне дейін бекітілген қызметке бірінші реттік негізде және
жылжымалы қызметке, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда (R), 21
Қарарда (Қайта қаралған ДКР-95) көрсетілген процедураны
пайдаланған жағдайда, екінші реттік негізде бөлінген. 2007 жылдың
1 сәуірінен соң бұл жолақтағы жиіліктер жоғарыда көрсетілген
қызмет станцияларымен пайдаланылулары мүмкін, егер байланысты тек
өздері орналасқан елдің шекарасында және олар радиохабар
қызметіне зиянды бөгеуілдер тудырмаса. Бұл қызметтерге
жиіліктерді пайдаланғанда әкімшіліктер қажетті ең төменгі қуатты
пайдаланулары керек және радиохабар қызметтерінің радиобайланыс
Регламентіне сай жарияланатын маусымдық жиілік пайдалануларын
ескеруі қажет.
S5.152 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Қытай, Кот-д'Ивуара,
Грузия, Венгрия, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан, Молдова,
Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және
Украинада 14250 - 14350 кГц жолағы бекітілген қызметтерге
қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген. Бекітілген қызмет
станциясының сәулелену қуаты 24 дБВт-тан аспауы тиіс.
S5.153 3 Аймақта 15995 - 16005 кГц жолағы бөлінген қызмет станциялары,
стандарт жиіліктер мен уақыттық сигналдарын бере алады.
S5.154 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан,
Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан
және Украинада 18068 - 18168 кГц жолағы бекітілген қызметке
бірінші реттік негізде, олардың өз шекараларында, шыңдық орай
жанауыштық қуат 1 кВт-тан аспаған жағдайда, пайдалануға
үлестірілген.
S5.155 Қосымша таратылу: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария,
Грузия, Венгрия, Қазақстан, Молдова, Монғолия, Өзбекстан,
Қырғыстан, Словакия, Чех Республикасы, Ресей, Тәжікстан,
Түркменстан және Украинада 21850 - 21870 кГц жолағы әуелік
жылжымалы (R) қызметке бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.155А Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Венгрия,
Қазақстан, Молдова, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Словакия,
Чех Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан және Украинада
21850 - 21870 кГц жолағын бекітілген қызметтің пайдалануы ұшу
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген.
S5.155В 21870 - 21924 кГц жолағын бекітілген қызметтің пайдалануы ұшу
қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметтерімен шектелген.
S5.156 Қосымша таратылу: Нигерияда 22720 - 23200 кГц жолағы қосымша
метеорология қызметіне (радиозондтар) бірінші реттік негізде