теңізінде жиіліктер тағайындау осы жолақтағы жаңа теңіздік және
әуелік радионавигациялық қызметтер станцияларына мүдделі
әкімшіліктер арасында алдын ала кеңеспен шешілсе.
S5.76 410 кГц жиілігі теңіздік радионавигациялық қызметтеріндегі
радиоторуылға арналған. 405 - 415 кГц жолағы бөлінген басқа
радионавигациялық қызметттер 406.5 - 413.5 кГц жолағындағы
радиоторуылдауға зиянды бөгеуілдер тудырмауы тиіс.
S5.77 Қызметтің басқа категориясы: Австралия, Қытай, Францияның теңіз
ар жағындағы 3 Аймағындағы елдерінде, Индия, Индонезия, Иран
Ислам Республикасы, Жапония, Пакистан, Папуа-Жаңа Гвинея және
Шри-Ланкада 415 - 495 кГц жолағы әуелік радионавигациялық
қызметке үйлестіру бірінші реттік негізде атқарылған.
Бұл елдердің әкімшіліктері, жағалық станциялардың кемелік
станциялардан, оларға бүкіл дүниежүзілік негізде (4237/S52.39
Бапты қара) бөлінген жиілік таратуларында сигналдарын
қабылдауына, әуелік радионавигациялық станциялардың 435 - 495 кГц
жолақта бөгеуілдер тудырмауы үшін бар мүмкіншілікті шараларды
қолдануы керек.
S5.78 Қызметтің басқа категориясы: Куба, Америка Құрама Штаттары мен
Мексикада 415 - 435 кГц жолағы әуелік радионавигациялық қызметке
бірінші реттік негізде үлестірілген.
S5.79 415 - 495 кГц және 505 - 526.5 кГц (2 Аймақта 505 - 510 кГц)
жолақтарын пайдалану теңіздік жылжымалы қызметтегі
радиотелеграфиямен шектеледі.
S5.79А 490 кГц, 518 кГц және 4209.5 кГц жиіліктерде жұмыс істейтін
NAVTEX қызметінің жағалық станцияларын орнатқанда, әкімшіліктерге
пайдалану сипаттамаларын үйлестіру Халықаралық теңіздік ұйымның
(ХТҰ) процедураларына (339 Қарарды қара (Қайта қаралған ДРК-97))
сәйкес жүргізулері ұсынылады.
S5.80 2 Аймақта 435 - 495 кГц жолағын әуелік радионавигациялық қызметке
пайдалану дауыс хабарларын пайдаланбайтын бағытталмаған
радиомаяктармен шектелген.
S5.81 490 - 495 кГц және 505 - 510 кГц жолақтары S13 Қосымшаның 15(1)
параграфы А2-Бөлімі ережелеріне сай пайдаланылуы керек.
S5.82 490 кГц жиілігі теңіздік жылжымалы қызметте, АҚГТЖ (331 Қарарында
(Қайта қаралған, ДРК-97)) толық енгізілу күнінен бастап, жағалық
станциялармен кемелерге, қысқа жолақты әріпбасушы телеграф
арқылы, тек қана навигациялық және метеорологиялық ескертулер мен
шұғыл ақпараттарды таратуға пайдаланылады 490 кГц жиілікті
пайдалану шарты S31 және S52 Баптарында анықталған. Әуелік
радионавигациялық қызметте 415 - 495 кГц жолағын пайдалануда
әкімшіліктерге 490 кГц жиілікте зиянды бөгеуілдер болдырмауын
қадағалауды ұсынады.
S5.83 500 кГц жиілік Морзе радиотелеграфының халықаралық апатқа ұшырау
және шақыру жиілігі болып танылады. Бұл жиілікті пайдалану шарты
N38/S31 мен 60/S52 және S13 Қосымшасының 37 және 38 Баптарында
анықталған.
S5.84 518 кГц жиілігін пайдалану шарты S13 Қосымшасының S31 және S52
Баптарында анықталған.
S5.85 Пайдаланылмайды.
S5.86 525 - 535 кГц жолақтағы 2 Аймақта радиотаратқыш станция қуаты
күндіз 1 кВт, түнде 250 Вт-тан артпауы керек.
S5.87 Қосымша таратылу: Ангола, Ботсвана, Лесото, Малави, Мозамбик,
Намибия, Оңтүстік Африка Республикасы, Свазиленд, Замбия және
Зимбабведе 526.5 - 535 кГц жолағы жылжымалы қызметке, сонымен
қатар, екінші реттік негізде.
S5.87А Қосымша таратылу: Өзбекстанда 526.5 - 1606.5 кГц жолағы, сонымен
қатар, радионавигациялық қызметке де бірінші реттік негізде
бөлінген. Мұндай пайдалану, мүдделі әкімшіліктердің 14/S9.21 Бабы
бойынша келісім алған Жер бетіне 1997 жылдың 27-қарашасына
қойылған радиомаяктардың өмір сүру мерзімімен шектеледі.
S5.88 Қосымша таратылу: Қытайда 526.5 - 535 кГц жолағы, сондай-ақ,
әуелік радионавигациялық қызметке де екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.89 2 Аймақта 1605 - 1705 кГц жолағы Аймақтық әкімшілік
радиоконференциясы (Рио-де-Жанейро, 1988 жыл) жасаған Жоспар
бойынша радиотаратқыш қызмет станцияларымен пайдаланылуы керек.
1625 - 1705 кГц жолағында бекітілген және жылжымалы қызметтер
станцияларына тағайындалатын жиіліктерді қарағанда, Аймақтық
әкімшілік радиоконференциясы (Рио-де-Жанейро, 1988 жыл) жасаған
Жоспарда көрсетілген бөліністер ескерілуі керек.
S5.90 1605 - 1705 кГц жолағында, егер 2 Аймақтағы белгілі бір
радиотаратқыш станция мүддесіне қатысы болса, 1 Аймақтағы
теңіздік жылжымалы қызмет станциясының қызмет көрсету аймағы
беттік толқындар таралуымен қамтамасыз ететін зонамен шектелуі
тиіс.
S5.91 Қосымша таратылу: Филиппин және Шри-Ланкада 1606.5 - 1705 кГц
жолағы, сондай-ақ, радиохабар қызметіне де екінші реттік негізде
үлестірілген.
S5.92 Егер 14/п. S9.21 Бабы бойынша алынған келісім болса, 1 Аймақтың
кейбір елдерінде радиоанықтама жүйесі 1606.5 - 1625 кГц, 1635 -
1800 кГц, 1850 - 2160 кГц, 2194 - 2300 кГц, 2502 - 2850 кГц және
3500 - 3800 кГц жолақтарын пайдаланады. Бұл станциялардың орташа
сәулелену куаты 50 Вт-тан аспауы тиіс.
S5.93 Қосымша таратылу: Ангола, Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Болгария, Грузия, Венгрия, Қазақстан, Латвия, Литва, Молдова,
Моңғолия, Нигерия, Өзбекстан, Польша, Қырғыстан, Словакия, Чех
Республикасы, Ресей, Тәжікстан, Чад, Түркменстан және Украинада
1625 - 1635 кГц, 1800 - 1810 кГц және 2160 - 2170 кГц жолағы
бекітілген және құрылықтық жылжымалы қызметтерге қызметке бірінші
реттік негізде үлестірілген, егер 14/п. S9.21 Бабы бойынша
алынған келісім болса.
S5.94 Пайдаланылмайды.
S5.95 Пайдаланылмайды.
S5.96 Германия, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Дания, Эстония,
Финляндия, Грузия, Венгрия, Ирландия, Израиль, Иордания,
Қазақстан, Латвия, Литва, Мальта, Молдова, Норвегия, Өзбекстан,
Польша, Қырғыстан, Словакия, Чех Республикасы, Біріккен
Корольдіктер, Ресей, Швеция, Тәжікстан, Түркменстан және
Украинада әкімшілік өзінің әуесқойлық қызметіне 200 кГц-ке дейін
1715 - 1800 кГц және 1850 - 2000 кГц жолақтарында бөле алады.
Бірақ өзінің әуесқойлық қызметіне осы аралықта жолақтар бөлгенде,
көрші елдердің әкімшіліктерімен кеңес жүргізе отырып, өздерінің
әуесқойлық қызметтерінің басқа елдердің бекітілген және жылжымалы
қызметтеріне зиянды бөгеуілдер тудырмау бағытына қажетті шаралар
қолдануы қажет. Кез келген әуесқой станциясының орташа қуаты 10
Вт-тан аспауы тиіс.
S5.97 3 Аймақта Лоран жүйесі не 1850 кГц, не 1950 кГц жиілікте
сәйкесінше 1825 - 1875 кГц және 1925 - 1975 кГц жолақтарда қамти
отырып жұмыс жасайды. 1800 - 2000 кГц жолағы бөлінген қалған
қызметтер осы жолақтың кез келген жиілігін пайдалануы мүмкін,
егер олар 1850 немесе 1950 кГц жиілікте жұмыс істейтін Лоран
жүйесіне зиянды бөгеуілдер тудырмаса.
S5.98 Ауыстырылымды таратылу: Ангола, Армения, Әзербайжан, Беларусь,
Бельгия, Болгария, Камерун, Конго, Дания, Египет, Эритрея,
Испания, Эфиопия, Грузия, Греция, Италия, Қазақстан, Ливан,
Литва, Молдова, Нидерланд, Сирия, Қырғыстан, Ресей, Сомали,
Тәжікстан, Тунис, Түркменстан, Түркия және Украинада 1810 - 1830
кГц жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге, әуелік
жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.99 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Босния мен Герцеговина, Ирак,
Ливия, Өзбекстан, Словакия, Чех Республикасы, Румыния, Словения,
Чад, Того және Югославияда 1810 - 1830 кГц жолағы бекітілген және
жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.100 1 Аймақта 1810 - 1830 кГц жолақты, толығымен немесе
0
жарым-жартылай солтүстікке қарай 40 солтүстік ендікте орналасқан
елдердің әуесқойлық қызметіне пайдалануға рұқсат беру, S5.98 және
S5.99 п. сәйкес жұмыс істейтін әуесқойлық қызмет станциялары және
басқа да қызмет станциялары арасында зиянды бөгеуілдер тудырмау
бағытына қажетті шаралар қолдану мақсатымен, S5.98 және S5.99 п.
көрсетілген елдермен кеңес жүргізілгеннен соң ғана берілуі тиіс.
S5.101 Ауыстырылымды таратылу: Бурундий мен Лесотода 1810 - 1850 кГц
жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы
қызметті қоспағанда бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.102 Ауыстырылымды таратылу: Аргентина, Боливия, Чили, Мексика,
Парагвай, Перу, Уругвай және Венесуэлада 1850 - 2000 кГц жолағы
бекітілген және жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті
қоспағанда, радиолокациялық және радионавигациялық қызметтерге
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.103 1 Аймақта 1850 - 2045 кГц, 2194 - 2498 кГц, 2502 - 2625 кГц және
2650 - 2850 кГц жолақтарында бекітілген және жылжымалы қызмет
станцияларына жиіліктер тағайындағанда әкімшіліктер теңіздік
жылжымалы қызметтерге қойылатын талаптарды ескерулері қажет.
S5.104 1 Аймақта 2025 - 2045 кГц жолағын қосалқы метеорология қызметімен
пайдалану мұхиттық станция-қалқыма белгілерімен шектелген.
S5.105 2 Аймақта, Гренландияны қоспағанда, радиотелефонда 2065 - 2107
кГц жолақты пайдаланатын жағалық және кемелік станциялар J3Е
класты сәулеленуді пайдаланумен шектеледі, оның үстіне орай
жанауыштың шыңдық қуаты 1 кВт-тан аспауы керек. Пайдалануда:
2065.0 кГц, 2079.0 кГц, 2082.5 кГц, 2086.0 кГц, 2093.0 кГц,
2096.5 кГц, 2100.0 кГц және 2103.5 кГц тасылмал жиіліктерін
қолданған дұрыс. Аргентина мен Уругвайда бұл мақсаттарда 2068.5
кГц және 2075.5 кГц тасымал жиіліктерін пайдаланады, ал 2072 -
2075.5 кГц жолақтағы жиіліктер 4323BD/S52.165 п. бойынша
ескерілгендей қолданылады.
S5.106 2 және 3 Аймақтарда, теңіздік жылжымалы қызметке зиянды
бөгеуілдер тудырмаған жағдайда, 2065 және 2107 кГц жиіліктер
аралығы, байланыс тек ұлттық шекаралар төңірегінде болғанда, орта
қуаты 50 Вт-тан аспайтын бекітілген қызмет станцияларымен
пайдаланылады. Жиіліктерді ұсынғанда Бюроның назарын осы
жағдайларға аудару керек.
S5.107 Қосымша таратылу: Сауд Арабиясы, Ботсвана, Эритрея, Эфиопия,
Ирак, Лесото, Ливия, Сомали, Свазиленд және Замбияда 2160 - 2170
кГц жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге, әуелік
жылжымалы (R) қызметті қоспағанда, бірінші реттік негізде
бөлінген. Бұл қызмет станцияларының орташа қуаты 50 Вт-тан аспауы
тиіс.
S5.108 2182 кГц тасымал жиілік радиотелефондағы халықаралық апаттық және
шақыру жиілігі болып табылады. 2173.5 - 2190.5 кГц жолағын
пайдалану шарты N38/S31 және 60/S52 Баптарында және S13
Қосымшасының 37 және 38 Баптарында көрсетілген.
S5.109 2187 кГц, 4207.5 кГц, 6312 кГц, 8414.5 кГц, 12577 кГц және
16804.5 кГц жиіліктері цифрлық таңдамалы шақырудың халықаралық
апаттық және шақыру жиілігі болып табылады. Бұл жиіліктерді
пайдалану шарты N38/S31 Бабында көрсетілген.
S5.110 2174.5 кГц, 4177.5 кГц, 6268 кГц, 8376.5 кГц, 12520 кГц, 16695
кГц, 16804.5 кГц жиіліктері қысқажолақтық әріпбаспа телеграфының
халықаралық апатқа ұшырау жиілігі болып табылады. Бұл жиіліктерді
пайдалану шарты N38/S31 Бабында көрсетілген.
S5.111 2182 кГц, 3023 кГц, 5680 кГц, 8364 кГц және 121.5 МГц тасымал
жиіліктерін және 156.8 МГц, 243 МГц жиіліктерін, сондай-ақ, жер
бетіндегі радиобайланыс қызметінің әрекеттегі процедураларына
сәйкес ұшқыштармен басқарылатын ғарыш кемелерін табу және құтқару
үшін пайдалануға болады. Бұл жиіліктерді пайдалану шарттары
N38/S31 Баптарында және S31 Қосымшасының N38 Бабында көрсетілген.
Жоғарыда айтылған жағдай 10003 кГц, 14993 кГц және 19993 кГц
жиіліктеріне де қатысты, бірақ аталған жағдайлардың
әрқайсысындағы сәулелену көрсетілген жиіліктің + - 3 кГц
жолағымен шектелуі тиіс.
S5.112 Ауыстырылымды таратылу: Босния және Герцеговина, Кипр, Дания,
Франция, Греция, Исландия, Италия, Мальта, Норвегия, Шри-Ланка,
Түркия және Югославияда 2194 - 2300 кГц жолағы бекітілген және
жылжымалы қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда,
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.113 2300 - 2495 кГц (1 Аймақта 2498 кГц), 3200 - 3400 кГц, 4750 -
4995 кГц және 5005 - 5060 кГц жиілік жолақтарын пайдалану
шарттарын радиохабар қызметінің S5.16 - S5.20. S5.21 және
2666/S23.3 - 2673/S23.10 п. қараңыз.
S5.114 Ауыстырылымды таратылу: Босния мен Герцеговинада, Кипр, Дания,
Франция, Греция, Ирак, Италия, Мальта, Норвегия, Түркия және
Югославияда 2502 - 2625 кГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік
негізде бөлінген.
S5.115 Іздеу және құтқару әрекеттерін үйлестіруге қатысушы теңіздік
жылжымалы қызмет станцияларында N38/S31 Бабына және S13
Қосымшасының 38 Бабына сәйкес 3023 кГц және 5680 кГц тасымал
(эталондық) жиіліктері пайдаланылуы мүмкін.
S5.116 Әкімшіліктер 3155 - 3195 кГц жолақтарын жалпы бүкіл дүниежүзілік
аз қуатты сымсыз есту аппараттарын қамтамасыз ету мақсаттарында
пайдалануға рұқсат беруі керек. Жергілікті қажеттіліктерді
қамтамасыз ету үшін әкімшіліктер бұл аппараттарға қосымша
арналарды 3155 кГц және 3400 кГц аралығындағы жолақтарда
тағайындауы тиіс.
3000-нан 4000 кГц аралығындағы жиіліктер индукция өрістерінің
шеңберінде, аз қашықтарда жұмыс істейтін есту аппараттарына
арналғанын атап өту керек.
S5.117 Ауыстырылымды таратылу: Босния және Герцеговина, Кипр,
Кот-д'Ивуаре, Дания, Египет, Франция, Греция, Исландия, Италия,
Либерии, Мальта, Норвегия, Шри-Ланка, Того, Түркия және
Югославияда 3155 - 3200 кГц жолағы бекітілген және жылжымалы
қызметтерге, әуелік жылжымалы қызметті қоспағанда, бірінші реттік
негізде бөлінген.
S5.118 Қосымша таратылу: Америка Құрама Штаттары, Жапония, Мексика, Перу
және Уругвайда 3230 - 3400 кГц жолағы радиолокациялық қызметке
екінші реттік негізде бөлінген.
S5.119 Қосымша таратылу: Гондурас, Мексика, Перу және Венесуэлада 3500
- 3750 кГц жолағы бекітілген және жылжымалы қызметтерге де,
бірінші реттік негізде бөлінген.
S5.120 Әуесқойлық қызметтерге бөлінген 3.5 МГц, 7.0 МГц, 10.1 МГц, 14.0
МГц, 18068 МГц, 21.0 МГц, 24.89 МГц және 144 МГц жолақтарды
күтпеген апаттық жағдайларда пайдалану туралы 640 Қарарды қара.
S5.121 Пайдаланылмайды.
S5.122 Ауыстырылымды таратылу: Аргентина, Боливия, Чили, Эквадор,
Парагвай, Перу және Уругвайда 3750 - 4000 кГц жолағы бекітілген