«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі
құрамының кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 885 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі - Асқар Болатұлы Баталовты;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Болат Әбілқасымұлы Палымбетовті сайлау ұсынылсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 885 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат).
2. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы № 1662 қаулысы.
3. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 582 қаулысы.
4. «Қазақстанның Даму банкі» жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 1343 қаулысының 1-тармағы, 2-тармағының 2) тармақшасы мен 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші абзацтары.
5. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 6 тамыздағы № 787 қаулысы.
6. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы № 1143 қаулысы.
7. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 933 қаулысы.
8. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 қаулысы.
9. «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 3 сәуірдегі № 229 қаулысы.