«Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар
кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 3 сәуірдегі № 229 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды
«Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы акционерлерінің жалпы жиналысымен оның директорлар кеңесінің құрамына сайлауға Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Асқар Раушанұлы Елемесовтің және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Болат Әбілқасымұлы Палымбетовтің кандидатуралары белгіленсін.
2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1149 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі - Қайрат Медібайұлы Әйтекеновті;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі - Ғани Нұрмұханбетұлы Өзбековті;» деген жолдар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |