«Қазақстанның Даму Банкi» жабық акционерлік қоғамының кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 1343 қаулысы
(2006.20.09. берілген өзгерістерімен)
«Қазақстанның Даму Банкi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңының 24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасының кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлiмде:
реттiк нөмiрi 217-1-жол алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлiммен және мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 268-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне:
268. "Қазақстанның Даму Банкi" ЖАҚ";
ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) "Қазақстанның Даму Банкi" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 18, 232-құжат):
5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
3) ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |