«Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамының Директорлар
кеңесі құрамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 19 желтоқсандағы № 1662 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1343 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.20.09. № 885 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстанның Даму Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 23.12.02 ж. № 1343 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі Даму Банкі) акционерлерінің жалпы жиналысына:
1) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамына:
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты сайлау;
2) Даму Банкі Директорлар кеңесінің құрамынан Мұрат Ермұқанұлы Аманбаевты шығару ұсынылсын.
2. "Қазақстанның Даму Банкі" жабық акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Досаев Ерболат Асқарбекұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі