бүкіл әлем бойынша өлшемнің сәйкестілігіне, дәлдігіне және тұрақтылығына кепіл беретін халықаралық стандарттарға сәйкес мақта талшығының сапасын бағалау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын 5%-ға дейін арттыру;
мақта талшығын экспортқа шығарған жағдайда 7,0-8,4 млн. АҚШ долларына ысырапты төмендету.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізу бойынша халықаралық талаптарға сәйкес қызметтер көрсету;
қазақстандық мақта талшығын кешенді, объективті және тәуелсіз талдауды қамтамасыз ету;
қажетті сапа көрсеткіштерімен талшық бумасын дәл таңдап алу есебінен тоқыма фабрикалары өндіретін тауарлардың сапасын арттыру;
көрсетілген бағдарламаға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөгетсіз қатысуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
110-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1122233 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма екі миллион екі жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеткілікті көлемде, сапалы ауыз суына тұрғындардың қолын жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, аса маңызды сумен жабдықтау топтық жүйелерінен ауыз су беруде көрсетілген қызметтердің құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Көкшетау өнеркәсіптік су құбыры, Орда, Каменск, Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов, Преснов, Арыс, Шәуілдір, Сарыағаш, Жиделі, Октябрь, Арал-Сарыбұлақ, Қазба-Ақшымырау-Қызан, Атырау-Мақат топтық су құбырлары бойынша және Қаныш Сәтпаев атындағы канал бойынша ауыз су беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің құнын субсидиялаудың дифференцияланған мөлшері бойынша арзандату. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: субсидиялаудың дифференцияланған мөлшерлері бойынша саны жағынан 267 және 34697,487 мың текше метр көлемдегі елді мекенді қамти отырып, ауыз суды үздіксіз беру.
Түпкі нәтиже: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл және қала тұрғындарын қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету (қолайлы баға бойынша).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыз судың бір текше метрінің нақты құны төмендейді, 2007 жылдың орташа арзандатылған тарифі орта есеппен 32,34 теңге/м3 құрайды.
Уақтылығы: ауыз су беруде қызметтердің құнын су беру кестесіне сәйкес субсидиялау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының 10 облысының тұрғындары үшін ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын арзандату, республикалық топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз сумен қамтамасыз етілу пайызы 5% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
111-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ветеринарлық лабораториялар объектілерін дамыту»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 450400 мың теңге (төрт жүз елу миллион төрт жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8 , 11, 12, 20, 24, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 35-баптары; «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ветеринариялық лабораториялар мен объектілерді салу, қайта жаңғырту, ветеринариялық лабораторияларды материалды-техникалық жарақтандыру және ветеринариялық лабораториялардағы ветеринариялық мамандарды халықаралық нормалар, стандарттар мен ұсыныстар талаптарына сәйкес қайта дайындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ветеринариялық лабораториялар мен объектілерді салу, қайта жаңғырту, ветеринариялық лабораторияларды материалды-техникалық жарақтандыру және білікті мамандарды дайындау.
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1086 Қаулысымен 6-тпрмақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Ветеринарлық лабораториялар объектілерін дамыту | Жобалау-смета құжаттамалар әзірлеу және оның: - «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінде биоқойма салу; - «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекеменің ғимараттарын және қосалқы үй-жайларын қайта жаңғырту; - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бір типті модульдік облыстық ветеринариялық зертханаларын салу; - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бір бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларын салубойынша мемлекеттік сараптамаларын жүргізу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.15.11. № 1086 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінде биоқойма салуға, ғимаратын және қосалқы үй-жайларды қайта жаңғыртуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының 11 бір типті модульдік облыстық ветеринариялық зертханаларда жануарларға арналған 11 үй-жайларымен салуға және 115 бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларды 26 үй-жайларымен салуға жобалау-смета құжаттамалар әзірленетін болады.
Түпкі нәтиже: жобалау-смета құжаттамаларын және оның мемлекеттік сараптамасын толық әзірлеу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстан Республикасында ветеринариялық лабораториялардың ғимараттары мен құрылыстарын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестендірудің бірінші кезеңін іске асыру.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: республикадағы ветеринариялық лабораториялардың ғимараттары мен құрылыстарының халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес болуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
112-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең)»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 137 931 мың теңге (бір жүз отыз жеті миллион тоғыз жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең) жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 195 Жарлығы;»"Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін алу (САРАТС-2).
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жобаны әлеуметтік бағалауды жүргізу, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу үшін жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (2-кезең) | | | |
2 | | 006 | Жобаны республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | «САРАТС-2» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге келісім-шарттардың жартылай құнын төлеу. Жобаны әлеуметтік бағалауды жүргізу. Сатылып алынатын ұйымдастыру техникасы бойынша келісім-шарттар құнының бір бөлігін төлеу Жобаның қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды жүргізу; Консультациялық қызметтер мен оргтехниканы сатып алудың келісім-шарттары бойынша салықты және баж салығын төлеу. Операциялық шығындарды қоса 2 адамнан тұратын жобаны басқару бойынша жергілікті консультанттардың қызметін төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 018 | Жобаның грант есебінен іске асыру | «САРАТС-2» жобасының 2-кезеңінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге консультациялық қызметтердің ақысын төлеу. Әлеуметтік бағалауды және қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалауды жүргізу. Жергілікті 2 консультант үшін ұйымдастыру техникасын сатып алу | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бір техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу.
Түпкі нәтиже: САРАТС 2-кезең»кең ауқымды жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін алу (жобаның соңында).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Арал өңіріндегі 600 мың адамның тұрмысын жақсартуға 1 техникалық-экономикалық негіздемесін алу.
Уақтылығы: жұмысты 75 пайыз орындау.
Сапасы: техникалық-экономикалық негіздемеге оң қорытынды алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
113-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 131268 мың теңге (бір жүз отыз бір миллион екі жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-бабы; «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы;»Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Селекциялық жетістіктерді сынау және қорғау республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 ақпандағы № 204 қаулысы; «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикамыздың ауыл шаруашылығы өндірісіне ауыл шаруашылығы өсімдіктердің отандық және шетел селекциясының жаңа жоғары өнімді сорттарын енгізу. Отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіске Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқымын пайдалануы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: өнімді және сапасы жөнінен бағалы сорттарды анықтау, селекциялық жетістіктің патенттік қабілеті мен шаруашылықтық пайдалылығы шарттарына сәйкестігі туралы қорытынды беру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынақтан өткізу | Мемлекеттік мекемені ұстау: Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген сапасы жағынан өнімді сорттарды енгізу мақсатымен 6550 сорт сынау өткізумен 115 ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша сапалы және өнімді сорттарды анықтау үшін 16000 гектар алаңда агротехникалық іс-шаралардың кешенін орындау жолымен ауыл шаруашылығы дақылдарының патенттік қабілеті мен шаруашылық пайдалылығына мемлекеттік сорт сынауды жүргізу үшін штат саны 37 адамнан тұратын «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссияны», штат саны 212 адамнан тұратын ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі 12 облыстық және 3 өңірлік инспектураны. Автомашиналар, астық жинайтын комбайн, шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар, кеңселік жиһаздар, ұйымдастыру техникасын және лабораториялық құрал-жабдықтар сатып алу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне анықталған сапасы жағынан ең өнімді сорттарды енгізу мақсатымен 115 ауыл шаруашылық дақылдары бойынша барлығы 890 сорт сынақтан өтеді.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі Мемлекеттік комиссияны, өңірлік және облыстық инспектураларды жарақтандыру: автомашина - 2 бірлік, астық жинаушы комбайн - 1 бірлік, шынжыр табанды трактор - 1 бірлік, дөңгелекті трактор - 1 бірлік, лабораториялық құрал-жабдық - 11 бірлік, ұйымдастыру техникасы - 12 бірлік, кеңсе жиһазы - 16 бірлік.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау нәтижелері бойынша 45-50 сорт өндіріске жіберіледі және республика облыстарында аудандастырылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдарының 1 сорттық тәжірибесіне жұмсалатын жалпы шығындар 20 041 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылық дақылдарының сорттарын пайдаланудың меншікті салмағы кемінде 85% құрайды.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 113-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
113-1-ҚОСЫМША
212-Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарлама әкімшілігі
2007 жылға арналған
014 "Жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 560 мың теңге (тоғыз миллион бес жүз алпыс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Жерді суару және дренаж жүйелерін жетілдіру» жобасының екінші кезеңін дайындауға грант бөлу туралы келісім-хатқа қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 тамыздағы № 804 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы 2006 жылғы 2 тамыздағы № ТҒ054 598 грант туралы келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: республикалық бюджеттің қаражаттары.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаттары: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экономикалық және қаржылық орнықтылығын арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: "Жерді суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Бағдар- лама тарма- ғының коды | Бағдарлама- ның (кіші бағдарлама- ның атауы) | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар | Жүзеге асыру мерзімі | Орындалуына жауаптылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Жерді суару және дренаждық жүйелерді жетілдіру | | | |
2 | | 018 | Грант есебінен | a) техника- лық-экономи- калық негіз- деме әзірлеу жөніндегі консультация-лық қызмет- терді сатып алу. б) екінші деңгейлі банктердің комиссиялық алымды төлеу. | шілде- желтоқсан шілде- желтоқсан | Қазақстан Республика- сы Ауыл шаруашылығы министрлі- гінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: жобаның әзірленген техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша барлық оң сараптамаларды алу;
түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің экономикалық және қаржылық орнықтылығын арттыру;
қаржылық-экономикалық нәтиже: ТЭН-ге енгізілген жобалық жердің әрбір 1000 мың теңгеге шығуы кемінде 2500 га;
уақтылығы: жоспарланған жұмыстың 100%;
сапасы: "Жерді суландыру және дренаждық жүйелерді жетілдіру" жобасының екінші фазасының техникалық-экономикалық негіздемесін ескертулерін ескере отырып пысықтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
114-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіп ағындыларын тазарту»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2130 мың теңге (екі миллион бір жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы»Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіптік сарқынды суларды тазарту»жобасын дайындауға грант бөлу туралы келісім-хатты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 қаңтардағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жер асты суларының сапасын жақсарту бойынша шаралар жүргізу, Ертіс өзеніне улы металдардың түсуін болдырмау және Астана, Қарағанды, Өскемен, Павлодар қалалары тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жер асты суларының ластану деңгейін бағалау және олардың таралу жерлерін анықтау, сондай-ақ жер асты суларының қозғалысына болжам жасау бойынша іс-шараларды анықтау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Өскемен қаласында жер асты суларын қорғау және өнеркәсіп ағындыларын тазарту | | | |
2 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Жоба щеңберінде аудит жүргізу қызметін төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: жоба шеңберінде жүргізілген операциялар бойынша аудиторлық тексеру жүргізу.
Түпкі нәтиже: есептеме кезеңінің аудиторлық есебі.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: аудиторлық қызметтің құны - 2 130 мың теңге.
Уақтылығы: қызмет ұсынудың кестеге сәйкестігі.
Сапасы: грант қаражатын мақсатсыз және тиімсіз пайдалануды болдырмау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
115-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 130299 мың теңге (бір жүз отыз миллион екі жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылдағы 14 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасында Қарыз туралы Келісім (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) жасау туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың, қаржылық қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауылдық қаржылық консультациялық қызметке қол жеткізетін ауылдық аудандар тұрғындарының пайызын барынша арттыру; ауыл жайында ауылдық аудандағы азаматтардың барлығын сапалы консультациямен қамтамасыз ету; лизингтік компаниялар мен екінші деңгейлі банктерде оқылатын кредиттік офицерлердің пайызын барынша ұлғайту; ауылдық қаржылық консультациялық қызмет жүйесін дамыту; ауыл шаруашылығын кредиттеу тәуекелділігін кеміту; коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың ұзақ мерзімді ауыл шаруашылық инвестицияларын бағалау жөніндегі функционалдық мүмкіндіктерін нығайту; микроқаржылық ұйымдарды институционалды дамыту, жаңа микроқаржылық нәтижелерді дамыту, микроқаржылық ұйымдардың коммерциялық банктермен қарым-қатынастарын нығайту.