Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қарашадағы № 1086 Қаулысы
Ветеринариялық зертханаларды халықаралық стандарттардың және нормалардың талаптарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 111-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 1-жолда:
«кәсіпорнының» деген сөзден кейінгі «типті» деген сөз «бір типті модульдік облыстық» деген сөздермен ауыстырылсын;
«типті ветеринариялық зертханаларын қайта жаңғырту» деген сөздер «бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларын салу» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта «типті ветеринариялық зертханалар салуға және ветеринариялық зертханалардың 115 типті ғимараттарын қайта жаңғыртуға және жануарлар үшін 37 үй-жайлар салуға» деген сөздер «бір типті модульдік облыстық ветеринариялық зертханаларда жануарларға арналған 11 үй-жайларымен салуға және 115 бір типті модульдік аудандық ветеринариялық зертханаларды 26 үй-жайларымен салуға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |