7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы өндірісін қамтамасыз ету үшін агрометеорологиялық мониторинг жөнінде 191 дана және ауыл шаруашылығы алқаптарының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің ғарыштық мониторингі жөнінде 7 дана ақпарат алу, топырақтың агрохимиялық құрамы туралы шынайы мәліметтерді алу үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық инспекцияларымен бірге 20-30 мың бақылау топырақ үлгілерін іріктеуді және талдауды жүргізетін»"Республикалық агрохимия қызметі ғылыми-әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - РАҚҒӘО ММ) 4 аймақтық филиалын құру, топырақ агрохимиялық жұмыстарының және топырақ құнарлылығы мониторингінің сапасына ғылыми-әдістемелік басшылық жасау, Агрохимиялық мәліметтер банкін және алқаптарға электрондық карталар құру, 4,2 мың данаға жуық топырақтың гумуспен және қоректік заттардың жылжымалы нысандарымен қамтамасыз етілуі жөніндегі агрохимиялық картограммалар әзірлеу, РАҚҒӘО ММ-ін 4 бірлік»Нива жеңіл автомобильдерімен, 4 бірлік УАЗ микроавтобустарымен, 4 бірлік сканерлермен, 4 бірлік көшіру аппараттарымен, 4 бірлік факсимильдік аппараттармен, 13 бірлік компьютерлермен (комплектте), 60 бірлік зертханалық жабдықпен, 40 бірлік зертханалық жиһазбен, 1 бірлік мультимедиилік проектормен, АА-6200 (атомдық-абсорбциялық спектрометр) үшін катодтық лампалармен жабдықтау.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің барынша көлемін агрометеорологиялық мониторинг жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету, негізгі ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдерін, ауыл шаруашылығы өнімін өндіру технологиясын және көлемін болжау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелерін ауыл шаруашылығы алқаптарының ғарыштық мониторингі және топырақ құнарлылығы жағдайы жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір агрометеорологиялық ақпараттың орташа құны 117,5 мың теңгені, IRS спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 80,0 мың теңгені, канадалық RADARSAT-1 барлық ауа-райылық спутнигінен космостық суретке түсірудің бір көрінісінің құны 130,0 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: агрометеорологиялық, ғарыштық мониторингті және агрохимиялық мониторингті жүргізу жөніндегі ақпаратпен белгіленген мерзімдерде қамтамасыз ету.
Сапасы: агрометеокөрсеткіштер болжамдарының 85% шынайылығы мен дәлдігін, егістік алқаптар мен егістіктердің жағдайы туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету. Агрохимиялық қызметті ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді және агроөнеркәсіп кешені ұйымдарын агрохимиялық ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
121-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің жергілікті бөлімшелері үшін ғимараттар және құрылыстар сатып алу»
деген 022 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 357000 мың теңге (үш жүз елу жеті миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 8-бабы; "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсандағы Заңының 7-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аумақтық органдардағы мемлекеттік қызметшілерді еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аумақтық органдардың қызметін меншікті әкімшілік ғимаратын иелікке алу арқылы қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 022 | | Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің жергілікті бөлімшелері үшін ғимараттар және құрылыстар сатып алу | Әкімшілік ғимаратпен: Оңтүстік-Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясын және Павлодар облыстық аумақтық инспекциясын қамтамасыз ету. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: әкімшілік ғимаратпен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекциясының қызметкерлерін еңбек жағдайымен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бюджет қаржысын жеке меншікті жалдаудан үнемдеу.
Уақтылығы: белгіленген мерзімге сәйкес іс-шараларды орындау.
Сапасы: іс-шараларды толық көлемде орындау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
122-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану»
деген 023 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 346640 мың теңге (үш жүз қырық алты миллион алты жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 46, 57, 59-баптары; «Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытуды және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қаңтардағы № 71 қаулысы; «Мемлекеттік су кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1378 қаулысы; «Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың басты және бассейндік схемаларын және су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлеу әрі бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 159 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикадағы су ресурстарын тұрақты және теңгерімді пайдалануды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экономика саласымен халықтың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін негізгі бағыттар мен шараларды айқындау; экономика саласын су ресурстары мен олардың пайдалануы туралы қажетті мәліметтермен қамтамасыз ету, Шідерті өзенінің сағасында табиғи көктемгі гидрологиялық режімді қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 023 | | Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану | | | |
2 | | 100 | Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы схемаларды, су шаруашылығы баланстарын және нормативтерін әзірлеу | 1. Орал өзені саласы бассейні су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің сұлбаларын әзірлеуді аяқтау; су ресурстарын пайдалануды реттеу және сумен қамтамасыз ету, су көздерін қорғау және суға келетін кері әсерлердің алдын-алу бойынша болашақ және кезек күттірмейтін іс-шаралар кешенін әзірлеу. 2. Сырдария өзені саласы және Іле өзені саласы бассейні су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің сұлбаларын әзірлеуді бастау: экономика салалары мен меншік түрлері бойынша суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылар құрылымын, су ресурстарының көлемін және олардың сапасын нақтылау; су ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы деңгейін бағалау және су тұтыну мен су пайдалану кесінінде алыс болашақтағы және жақын арадағымен болашақтағы өзгеруін болжау; суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылардың көзқарасынан судың сапасын бағалау және оның өзгеруіне болжау жасау. 3. Талас өзені және Шу өзені саласы бассейні су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің сұлбаларын әзірлеуді бастау: экономика салалары мен меншік түрлері бойынша суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылар құрылымын, су ресурстарының көлемін және олардың сапасын нақтылау; су ресурстарын пайдаланудың қазіргі заманғы деңгейін бағалау және су тұтыну мен су пайдалану кесінінде алыс болашақтағы және жақын арадағымен болашақтағы өзгеруін болжау; суды тұтынушылар мен суды пайдаланушылардың көзқарасынан судың сапасын бағалау және оның өзгеруіне болжау жасау; су ресурстарын пайдалануды реттеу және сумен қамтамасыз ету, су көздерін қорғау және суға келетін кері әсерлердің алдын-алу бойынша қызығушы мемлекеттік органдарымен жобаны болашақ және кезек күттірмейтін іс-шаралар кешенін әзірлеуді келістіру. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 101 | Мемлекеттік су кадастрын жасау | Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту, Мемлекеттік су кадастрын құрастыру бойынша әдістемелік нұсқау: Қазақстан Республикасы мен облыстарында, экономика салаларында, су шаруашылық учаскелерінде, теңіз және өзен кесінділеріндегі белгіленген су жинау лимиттері, нақты судың жиналуы, суды қайталап, өтеусіз пайдалану, жер үсті, жер асты, коллекторлық-дренаждық және теңіз суларын тастау бойынша ақпараттар базасына енгізу және жинау, өңдеу, жаңарту, сондай-ақ су пайдалану құрылымы мен көлемі бойынша материалдар әзірлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
4 | | 102 | Табиғат қорғау су жіберу | Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін қамтамасыз ету: «Қаныш Сәтпаев» атындағы каналдан Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында судың жіберілуін жүргізу; табиғат қорғау мақсатында жіберілген судың нәтижелерін тексеру үшін Шідерті өзенінің жайылмасын зерттеу. | Сәуір-мамыр | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелері: Орал, Талас және Шу өзені саласы бассейні су ресурстарын қорғау және пайдалану кешенінің негізгі үш сұлбаларын әзірлеуді аяқтау; Іле, Сырдарья өзені саласы бассейні су ресурстарын қорғау және кешенді пайдаланудың сұлбалардың негізгі жағдайларын әзірлеуді бастау; Мемлекеттік су кадастрының суды пайдалану бөлімін жаңарту; Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 50 млн. текше метр су жіберу.
Түпкілікті нәтижелері: әзірленген су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларымен Қазақстан Республикасы аумағының 80 пайызын қамту; экономика саласының тұрақты дамуы үшін, халықтың қажеттілігін кешенді есепке алу үшін су ресурстарының пайдалануын мемлекеттік есепке алу; табиғат қорғау мақсатында Шідерті өзенінің жайылмасына су жіберу.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: 2007 жылға су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларының құны Орал өзені арнасымен - 39865 мың теңге, Іле өзені бассейнінде - 30502 мың теңгені, Сырдарья өзені - 30502 мың теңге, Талас өзені - 24569 мың теңге, Шу өзені арнасымен - 36810 мың теңге, Мемлекеттік су кадастрын құрастырудың бір айлық құны 991 мың теңгені құрайды;
Шідерті өзенінің жайылмасындағы Қаныш Сәтпаев атындағы каналдан берілетін судың бір текше метрі қосымша құн салығын қоса алғанда 3,45 теңгені құрайды.
Уақыттылығы: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларын қызмет көрсету жоспарларына сәйкес құру; Шідерті өзені жайылмасына су жіберу 2007 жылғы сәуір-мамыр айларына арналған жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Сапасы: су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану сұлбаларын су шаруашылығы баланстары мен су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану бас және бассейндік пайдалану сұлбаларын бекіту және әзірлеу Ережесіне сәйкес құру; су объектілеріне мемлекеттік мониторинг жүргізу, суды және оны пайдалануды мемлекеттік есепке алу
Ережелеріне сәйкес су кадастрын құру; табиғатты қорғау мақсатында су жіберу негіздемесіне сәйкес Шідерті өзені жайылмасының табиғи жағдайын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
123-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сатып алу операцияларын және бағалық интервенцияларды өткізу» деген 024 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000000 мың теңге (бір миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 12-бабы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі рынокта әлеуметтік маңызды мал өнімдерінің түрлерін (сиыр еті) тұрақтандыру және ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мал шаруашылығы өнімдеріне баға интервенциясын және сатып алу операциясын жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 024 | | Сатып алу операцияларын және бағалық интервенцияларды өткізу | Мал өнімдерінің (сиыр еті) мемлекеттік ресурстарын 2,4-3,0 мың тонна көлемінде сақтау және құру. Мамандандырылған ұйымға комиссиялық сыйақы төлеу. | Тамыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: сиыр еті мемлекеттік ресурстарын 2,4 - 3,0 мың тонна көлемінде құру.
Түпкі нәтиже:
- мал өнімдері ішкі нарығын реттеу;
- отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
- мал өнімдері ішкі нарығын реттеу механизмін құру;
- ішкі нарықта инфляция қарқынын ұстау.
Уақтылығы: жаппай өндіру кезеңінде сиыр етін сатып алуды ұйымдастыру (тамыз - желтоқсан - 2007 жыл)
Сапасы: (МЕМСТ 779-55»Сиыр еті жарты бөлікте және төрт бөлікте) мемлекеттік стандартына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті сиыр етін сатып алу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
124-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерлерді қалпына келтіру» деген 025 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3768 мың теңге (үш миллион жеті жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы қарыз туралы келісімдерді (Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында тұрақты суармалы егіншілікті дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: экологиялық нормалар мен талаптарды енгізуді, қайта жаңғыртылған суару және дренаж жүйелерін су пайдаланушылар бірлестіктеріне беру, пайдалану және техникалық қызмет көрсету, агротехника мен суару тәсілдерін үйретуді ескере отырып суару және дренаж жүйелерін қайта жаңғырту және жақсарту арқылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 39,2 мың гектар алқапта суармалы егіншілікті қалпына келтіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 025 | | Су ресурстарын басқаруды жетілдіру және жерлерді қалпына келтіру | | | |
2 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Ақау кезеңінде құрылыс жұмыстарын қадағалайтын құрамы 2 маманнан тұратын жергілікті сарапшылардың қызметін, операциялық шығындарды қоса есептегенде төлеу (байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, Астана қаласындағы ғимаратты күтіп-баптау бойынша қызметтерге, Жетісай қаласында ғимаратты жалға алуға, іссапар шығындарына, әлеуметтік аударымдар мен екінші деңгейдегі банктің комиссиясына байланысты төлемдерді төлеу). | Қаңтар -маусым | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: суару және дренаж жүйелерін қайта құру, бұл жұмыстар 39,2 мың гектар суармалы жерде 100 пайыз орындалды.
Түпкі нәтиже: өнімділіктің жоғарылауы, жобалық есеп бойынша таза пайданың 28 пайыз өсуі, халықты жұмыспен қамтудың 21 пайыз артуы, капиталдық салымдардың тиімділігі жобалық есеп бойынша 26 пайыз құрайды, әр гектардан түсетін дақылдар өнімділігінің артуы (центнер): мақта - 15,5-тен 25-ке, күздік бидай - 25-тен 36-ға, дәндік жүгері - 17-ден 54-ке, жоңышқа 34,3-тен 89,0-ға дейін құрайды, су ресурстарын үнемдеу жылына 16,9 миллион текше метрден 23,1 текше метрге дейін құрайды.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Су ресурстарын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы бойынша капиталдық салымдар 1 гектарға 153,3 мың теңгені құрайды, жүйенің ПӘК-ті - 0,60-тан 0,80-ге дейін жоғарылайды.
Уақтылығы: мердігерлермен бекітілген келісім-шартқа сәйкес іске қосылған жобаның Фаза 2 жер суландыру және дренаж жүйелері жөніндегі ақау кезеңінің 2007 жылы аяқталуы жоспарлануда.
Сапасы: 100 пайыз фермер шаруашылықтарының атқарылған жұмыс нәтижелеріне қанағаттануы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
125-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау»
деген 027 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 312100 мың теңге (үш жүз он екі миллион бір жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы заем туралы келісімді (Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 кезең) жобасы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1-кезең) жобасын қаржыландыруға Халықаралық Қайта құру және Даму Банкін тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 қазандағы № 1342 қаулысы; «Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі № 915 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалуды қамтамасыз ету, Сырдария өзені атырауының су ресурстарын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және балық шаруашылығын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі су деңгейін тұрақтандыру, Сырдария өзені арнасынан су өтімін реттеу үшін гидротехникалық құрылыстар салу арқылы Арал өңірінде орналасқан елді мекендерді су басу мүмкіндігін төмендету.
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 027 | | Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | а) Солтүстік Арал теңізі бөгетінің және Ақлақ кешенінің құрылысын салу: - бөгетше; - су қашыртқысы; - Ақлақ су торабы; - реттеуіш-шлюздер; - жолдар мен көпірлер. б) Шардара бөгетін қалпына келтіру: - Қызылқұм суландыру каналын қалпына келтіру; - геотехникалық зерттеулер бағдарламасы; - бөгетті жабдықтау; жоғарғы беткейдің тұрақтылығын қалпына келтіру; - бөгет астына жаңа дренаж салу; - Арнасай бөгетінің төменгі беткейін бекіту. в) Қызылорда су торабын жөндеу. г) Қазалы су торабын жөндеу. д) Банкілік операциялар жүргізгені үшін екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық алым төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
3 | | 016 | Жобаны республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыру | Құрылыс жұмыстарының қосымша құнына келісім-шарттары бойынша салықтарды төлеу. Құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары құнының бөлігін төлеу. Операциялық шығындармен қоса, жергілікті 8 адамнан тұратын кеңесшілердің қызметін төлеу, оның ішінде: жалақы; іс-сапар шығындары; автокөлік иелерін міндетті азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға жарналар; кеңсе тауарларын сатып алу; жанар-жағар майлар сатып алу; мерзімдік басылымдарды сатып алу; байланыс қызметтерін төлеу; автокөлік қызметтерін төлеу; автобөлшектер сатып алу және ұйымдастыру техникаларына техникалық қызмет көрсету; 2 жүргізушінің қызметтерін төлеу, оның ішінде: жалақы; іс-сапар шығындары; техникалық аудармашының қызметтерін төлеу; әлеуметтік аударымдар; Нақтыланған жобалауға және құрылысқа қадағалау жасайтын кеңесшілердің қызметіне ақы төлеу; Жобаға мониторинг және бағалау жасайтын кеңесшілердің қызметіне ақы төлеу; Кеңесшілік қызметтерге келісім-шарттар бойынша салықтарды төлеу; Екінші деңгейдегі банктерге комиссиялық алым төлеу; Қамыстыбас көлдер жүйелерінде құрылыстарды жобалауды және бақылауды жүргізу үшін кеңесшілер қызметін төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |
ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1052 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: солтүстік Арал теңізі бөгетін, Ақлақ және Айтек 2 су тораптарын салу, Қызылорда және Қазалы су тораптарын жөндеу, қорғаушы бөгетшелерді күшейту.
Түпкі нәтиже: сырдария өзенінің су өткізу қабілетін арттыру. Арал теңізін 42 метр абсолюттік балтық жүйесіне дейін толтыру (жыл сайын, жоба аяқталғаннан кейін).
Қаржылық-экономикалық нәтиже: жүргізілген шығындардың құны 1000 адамға шаққанда - 2462 мың теңге.
Уақтылығы: құрылыс жұмыстары 80-90% орындалады.
Сапасы: жоба шеңберінде атқарылған жұмыс тұрғындардың 85% қанағаттандырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
126-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Арал теңізі өңірінің елді мекендерін сумен жабдықтау және санитариясы» деген 028 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 19503 мың теңге (он тоғыз миллион бес жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Араб Экономикалық Дамуының Кувейт қоры арасындағы Арал қаласын (Арал теңізінің аймағы) сумен жабдықтау жобасы бойынша заем туралы келісімді бекіту туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы.