- аграрлық рыноктың дамуын талдау және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқару органдары, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері және ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылының тиімділігін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/c | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың біріккен автоматтандырылған жүйесін құру: «Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешеннің салаларын біріккен автоматтандырылған басқару жүйесінің кіші жүйесін әзірлеу және дамыту; пилотты аймаққа енгізу және жүйені көбейту; жүйені пайдаланушылар мен әкмшіліктерді оқыту; бюджеттік бағдарламаның міндеттерін шешу үшін есептеуіш техниканы, желілік және телекомуникациялық құралдарды, пайдаланушылар лицензиясын және бағдарламамен қамтамасыз ету үшін сатып алу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларда - пилоттық аймақтарда «Е-Agriculture» 14-кіші жүйені 213 автоматтандырылған жұмыс орнына енгізу.
Түпкі нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) аграрлық азық-түлік рыноктың тауар айналымын 1,7% ұлғайту;
2) өнімді өткізу барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шығындарын 3-5% төмендету.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында шаралар Жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ басқаруда қабылданатын шешімдердің сапалылығы және жеделділігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
148-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу»
деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара); 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 349 мың теңге (үш жүз қырық тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктердің және жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсімін молайтудың, кеңейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін жасау, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді ; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу | Конкурстық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізгені үшін қызметтерге ақы төлеу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597(бұр.ред.қара) Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді; 2007.06.11. № 1052 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: конкурстық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу.
Түпкі нәтиже: кешен құрылысын аяқтаған соң және оны пайдалануға берген соң өсімдіктер мен жануарлардың гендік қоры жүйелерін жасау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өсімдіктердің жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарының, жануарлардың тұқымдар, сүлелері мен түрлерінің құрылынған және сақталып жатқан гендік қорын пайдалану арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: шартқа сәйкес.
Сапасы: Сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысы).