7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 3000,0 - 3200,0 мың гектар алаңда және 100 кәсіпорындарда карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын айқындау;
195 - 220,0 мың гектар алаңда анықталған карантиндік зиянкестердің, өсімдік аурулары мен арамшөптердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою;
карантиндік объектілердің бар болуына жүргізілген шамамен 35 мың лабораториялық сараптама нәтижесінде деректер алу;
Республикалық карантиндік зертхананы, 7 бірлік оргтехникамен, 27 бірлік зертханалық приборлармен және құрал-жабдықтармен жарақтау;
шамамен 240 сорт үлгілеріне және 4000 дана әртүрлі жеміс-жидек дақылдарының және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық жеміс-жидек дақылдардың интродукциялық-карантиндік питомнигін ауыл шаруашылығы техникасымен жарақтау (бауға арналған фреза - 1 бірлік);
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантинге жатқызылған материалдың шамамен 70 сорт үлгілеріне жүргізілген зерттеулер кезінде деректер алу;
Республикалық дәнді дақылдарын интродукциялық-карантиндік питомнигін 2 бірлік ұйымдастыру техникасымен, 4 бірлік ауыл шаруашылығы техникасымен, 5 бірлік зертханалық жабдықтармен жарақтау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасы аумағына карантиндік объектілердің таралуын алдын алу.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық күрес жүргізу іс-шараларына жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 3131,3 теңгені құрайды;
ауыл шаруашылығы дақылдары мен 1 гектар егістік жердегі карантиндік зиянкестер мен арамшөптердің ошақтарын анықтау жөніндегі іс-шаралар жүргізуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 39,5 теңгені құрайды;
1 кәсіпорынды зерттеуге жұмсалатын жалпы шығындар шамамен 16192,0 теңгені құрайды;
карантиндік объектілердің бар болуына 1 зертханалық сараптама жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 631 теңгені құрайды;
дәнді дақылдардың өсу кезеңінде карантиндік материалдың 1 сорт үлгісіне зерттеу жүргізуге жалпы шығын 141,9 теңгені құрайды;
1 сорт үлгісіне және 1 дана жеміс-жидектер және басқа дақылдардың өсірілген тірі өсімдіктеріне зерттеу жүргізуге жұмсалатын жалпы шығын 914 теңгені құрайды.
Уақтылығы: ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы оңтайлы мерзімдерде жүргізілген химиялық өңдеу - 100%.
Сапасы: карантиндік зиянкестер мен арамшөптерге қарсы химиялық өңдеулердің уақтылы және сапалы жүргізілуімен қанағаттанған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер - 90% астам.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
105-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу
сапаларын анықтау» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 177840 мың теңге (бір жүз жетпіс жеті миллион сегіз жүз қырық мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; "Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 454 бұйрығымен бекітілген Сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру ережесі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелді 2004 жылғы 22 қыркүйекте № 3082).
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін арттыру, өсімдік шаруашылығы өнімнің сапасын жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бүкіл алқапқа егілу сапасы тексерілген тұқымдар себуді қамтамасыз ету, барлық отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы өсімдік тұқымының сапасына дер кезінде және білікті сараптама жүргізу, олардың қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін айқындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Тұқымдық және көшет материалының сорттық және себу сапаларын анықтау | Тиісті мемлекеттік стандарттармен көзделген барлық сапа көрсеткіштері бойынша (өнгіштігі немесе өмірге бейімділігі), ылғалдылығы, 1000 дәннің салмағы, тазалығы, зиянкестермен жайлануы, аурулармен дерттенуі) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, элиталық және бірегей тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілер, мемлекеттік сортсынау учаскелері мен станциялар, мемлекеттік тұқым ресурстары үшін ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының сорттық және егістік сапасына 255,0 мың зерттеу жүргізу | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 2,0-2,1 миллион тонна көлемінде тұқымдық және көшет материалының сорттық және егу жағдайының шынайы нәтижелерін алу.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер пайдаланатын ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының сапасын 100% дейін тексеруді қамтамасыз ету, кондициялы тұқымдармен себуді (90% тәртіппен) жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тұқым сапасын сараптау бойынша 1 зерттеудің құны 697,4 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау, ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының сапасын дер кезінде сараптау: жазғы дақылдарды - көктемгі егіске дейін, ал күздік дақылдарды - күзгі егіске дейін.
Сапасы: егілетін тұқымдардың сапасының жақсару нәтижесінде, кондициялы тұқымдардың үлесі тәртіппен 90% құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
106-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1569080 мың теңге (бір миллиард бес жүз алпыс тоғыз миллион сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 9 және 12-баптары; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 9 , 11-баптары; «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдауға арналған бюджет қаражатын басқару үшін агентті айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 997 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі шаралардың жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы; «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін қаржыны игерудегі кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 1133 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін көтеру және қолдау; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу салаларын дамытуды ынталандыру және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу жөніндегі отандық кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; өнімнің табиғаттың қолайсыз әсерінен толық немесе ішінара жойылуына әкелетін сақтандыру төлемдерін төлеудің кепілдігін арттыру арқылы өсімдік шаруашылығы өнімін өндірушілердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін және қайта өңделген өнімнің ішкі және сыртқы рынокта бәсекелестігін арттыру мақсатында, халықаралық стандарттар базасында кәсіпорынның агроөнеркәсіп кешенінің салаларына өнімнің қауіпсіздігі және сапа менеджменті жүйесіне жедел көшуіне жәрдем беру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: лизинг алушылар төлейтін және кейіннен республикалық бюджетке қайтарылатын сыйақы бөлігінің сомасына ауыл шаруашылығы техникасы лизингісінің шығыстарын арзандату; ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындардың лизингісіне берілетін құрал-жабдықтың құнын Кредиттік келісім бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің тиісті сыйақы (мүдде) сомасына арзандату; міндетті сақтандырушыға төленген сақтандыру төлемінің бөлігін өтеу жолымен өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау; өндірістік мақсаттар үшін айналымдағы қаражатты толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу кәсіпорындары төлейтін төлемдердің сомасын ішінара арзандату; сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау және халықаралық стандарттар базасында өнім қауіпсіздігі бойынша агроөнеркәсіптік кешен салалары кәсіпорындарының шығындарын арзандату жолымен ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және рыногын басқару жүйесін дамытуға жәрдемдесу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау | | | |
2 | | 103 | Ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит берудің және оны субсидиялаудың мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекітілген Лизингтік негізде 2003 жылы ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесінде айқындалған тәртіпте қарыз алушыға сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу. | Желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі |
3 | | 105 | Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындарға арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу | «Агроөнеркәсіп кешеніне кредит кәсіпорындарға берудің және оны субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 259 қаулысымен бекіткен Лизингтік негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кәсіпорындарды жабдықтармен қамтамасыз етуге кредит беру және сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу ережесіне сәйкес қарызгер-банктерге сыйақы (мүдде) ставкасын өтеу. | Қараша -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
4 | | 106 | Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау | Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолайсыз табиғат құбылыстардан мемлекеттік қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіпте қаражат бөлу. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіпте бюджет қаражаттарын басқару үшін агент қызметтерін төлеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі |
5 | | 107 | Екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретін кредиттер бойынша сыйақы мүдде ставкасын субсидиялау | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналымды қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесіне сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үшін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттері бойынша банктік сыйақыны ішінара өтеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі |
6 | | 111 | Ауылшаруашылық өнімдері өндірісі жүйесін дамытуды субсидиялау | Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Субсидиялау ережесіне сәйкес Агроөнеркәсіптік кешен базасында кәсіпорындар салаларының халықаралық стандарттар сапа менеджментін әзірлеу, енгізу және сертификаттау жүйесі қызметі құнының (50 % дейін) ішінара өтеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
1. ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша шығыстарды 158 194,0 мың теңгеге арзандату.
2. технологиялық құрал-жабдықтар лизингі бойынша шығыстарды 10 886,0 мың теңгеге арзандату.
3. сақтандырушылар (ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер) алдындағы сақтандыру жағдайлары бойынша өзінің міндеттемелерін жүзеге асыратын сақтандыру компанияларының сақтандыру төлемдері кепілділігінің 50% қамтамасыз ету;
- 2007 жылы сақтандыру төлемдерін алған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күтілетін саны 500-1000 ауылшаруашылық құрамын құрайды.
4. ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға беретін банктік кредиттер бойынша қызмет көрсету шығындарын төмендету.
5. агроөнеркәсіп кешендері салаларының 45-55 кәсіпорындарына халықаралық стандарттар негізінде өнім қауіпсіздігін және сапа менеджмент жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификациялау; өнім сапасы және қауіпсіздігі менеджменті жүйесін енгізу өнім қауіпсіздігіне сын қауіпті және өнім тұтынушыға қатер тигізбейтініне кепілдік болатын өндірістің процестері мен жағдайларының сатыларына назар аударуға мүмкіндік береді; ДСҰ-на елдің кіруі кезінде отандық кәсіпорындардың жұмыс істеуі және тиімділігінің сапалы жаңа кезеңіне шығу, олардың өту бойынша процесін тездету, ауылшаруашылық шикізатты өндіру және қайта өңдеу өнімі сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Түпкілікті нәтиже:
1. лизинг негізінде алынатын ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық құрал-жабдықтарды арзандату есебінен ауыл шаруашылығы өндірушілердің және қайта өңдейтін кәсіпорындардың табыстылығын арттыру;
2. ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін шикізаттарды өндіру мен сатып алуды дамыту; отандық өндірілген ауыл шаруашылығы шикізаттарының қайта өңдеу үлесін көбейту, шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейту; ішкі рынокты ауыл шаруашылығы шикізаттарынан қайта өңделген жоғары сапалы өнімдермен қанықтыру, ішкі рыноктан импортты біртіндеп ығыстыру; еліміздің ДСҰ кіруде отандық кәсіпорындардың тиімділігін және әрекет ету деңгейін жаңа сапаға шығару және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3. ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің 100% сақтандырылумен қамтылуы және осы негізде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші деңгейдегі банктердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
4. ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін шикізаттарды өндіру мен сатып алуды дамыту; отандық өндірілген ауыл шаруашылығы шикізаттарының қайта өңдеу үлесін көбейту, шығарылатын өнімдердің түрлерін кеңейту; ішкі рынокты ауыл шаруашылығы шикізаттарынан қайта өңделген жоғары сапалы өнімдермен қанықтыру, қайта өңдеуші салалардың өнімдерінің жекелеген түрлері импортын ығыстыру; ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша екінші деңгейлі банктерге төленетін төлемдердің сомасын төмендету жолымен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың табыстылығын арттыру.
5. агроөнеркәсіп кешені саласындағы отандық кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеті мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу, ішкі және сыртқы рыноктарда өткізу рыногы үшін бәсекелестік күреске қатысу, экспорттық әлеуетін, өнімдер сапасын арттыру; азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бюджетке түсетін салықты және жұмыс орнын көбейту (әлеуметтік салық, жеке тұлғадан алынатын салық және т.б.); өнімнің»"өмірлік циклы" кезеңіндегі шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімінің жоғары сапасын қалыптастыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1. ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының негізгі қаражаттарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің сыйақы ставкасын өтеу сомасына арттыру;
2. технологиялық құрал-жабдықтар лизингіне төлем сомасын төмендету арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындардың табыстылығын арттыру;
3. болжаммен 2007 жылы өсімдік шаруашылығын бір реттік сақтандыру төлемдер мөлшері - 819-1639 мың теңге.
4. айналым қаражатын толықтыруға беретін банктік кредиттер бойынша қызмет көрсету және технологиялық жабдықтардың лизингтік төлем сомаларын арзаңдатумен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының пайдасын жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнімді өндіру үшін кәсіпорындардың айналым қаражаттарын босату, халықаралық деңгейде стандартталған, сенімділігі мен қауіпсіздігі талаптарға сай, рынокта барынша талап етілетін және тұтынушылар сенімімен қолданатын.
5. нарықта талабы үлкен және тұтынушылардың сенімінен шыққан, қауіпсіздік және сенімділік талабына сәйкес, халықаралық деңгейге стандартталған өнім өндіру үшін, сапа менеджменті жүйесін сертификациялау және енгізу, әзірлеу бойынша агроөнеркәсіп кешені саласындағы кәсіпорындардың шығынын 50% төмендету жолымен ауыл шаруашылығы өнімін өндіру бойынша кәсіпорындардың өндірістік емес шығындарын кеміту күтілетін ауыл шаруашылығы отандық шикізат өнімін өңдеудің бәсекелестігін арттыру.
Уақтылығы: көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы:
1. сыйақы ставкасын өтеу есебінен қайта өңдеуші кәсіпорындардың технологиялық құрал-жабдықтарын жаңарту үшін қажетті кредиттік ресурстарға қол жетімдігін арттыру.
2. сыйақы ставкасын өтеу есебінен аграрлық сектордың машина-тракторлық паркін жаңартуға қажетті қаржылық қызметтердің қолайлығын арттыру; импорт алмастыратын және экспортқа бағытталған ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу өнімдерінің өндіріс кезеңдерін жетілдіру және дамыту, өндіру мен бағаларды төмендету есебінен оның бәсекеге қабілеттігін арттыру.
3. Агроөнеркәсіптік кешен салаларының өнімдерін өндіру мәдениетін көтеру, өнімнің сапасын арттыру, еліміздің ДСҰ кіру аясында отандық кәсіпорындардың тиімділігі.
3. сақтандыру қызметтерінің нарығын тұрғызу және дамыту, өсімдік шаруашылығы өнімін өз тұқымынан өсіру кепілділігін арттыру.
4. ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді сақтандыруды жүз пайыздық қамту және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің екінші деңгейлі банктердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. агроөнеркәсіптік кешен салаларының өндірістік мәдениетін арттыру, еліміздің ДСҰ-ға кіру кезіндегі 40-55 отандық кәсіпорындары өнімдерінің сапасы мен тиімділігін жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
107-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
007 «Ауыл шаруашылығы саласындағы білім беру объектілерін дамыту»
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 274 675 мың теңге (екі жүз жетпіс төрт миллион алты жүз жетпіс бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жекелеген мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 300 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: инженерлік сала мамандарын, магистранттар, аспиранттар және докторанттарды дайындау сапасын жоғарлату; студенттерді сапалы оқыту, әлемдік талаптарға сай ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін қазіргі заманғы оқу-ғылыми және инновациялық инфрақұрылымдарды (агроөнеркәсіптік кешен саласында оқу-ғылыми орталықтар құру) қалыптастыру; ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үшін ауыл шаруашылығы техникаларының, машиналардың эксперименталды үлгілерін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау үшін жағдай жасау.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті техникалық факультетінің оқу корпусын салу. | «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің техника факультетінің оқу корпусын салу» жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалы-сметалы құжаттамаға сәйкес алу (Мемлекеттік сараптама 4 қазан 2006 жыл № 2-524/06) С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жатақханасын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу (06.09.2006 ж. № 2-480/06 мемлекеттік сараптама); С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің студенттік жатақханасын салуға жобалау-сметалық құжаттамаға мемлекеттік сараптама жүргізу | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің техника факультетінің оқу корпусы құрылысының құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу. С. Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жатақханасын салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және сараптама жүргізу.
Түпкі нәтиже: 570 студенттерді оқыту үшін кестеге сәйкес С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің техника факультетінің оқу корпусының 5 қабатты ғимараты құрылысының белгілі циклдің құрылыс-монтажды жұмыстарын жүргізуді аяқтау. С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің жатақханасын салуға әзірленген және белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама.